Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 15:49, реферат

Краткое описание

Осы әдістемелік ұсынымдар «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қаржылық есептіліктің халықаралық стандаттарын (ҚЕХС) қолдануда практикалық көмек көрсету үшін әзірленді. Әдістемелік ұсынымдар есепке алу тәртібін, сондай-ақ 20 «Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (ІАS) сәйкес мемлекеттік субсидиялар туралы және мемлекеттік көмектің басқа нысандары туралы ақпаратты ашу тәртібін түсіндіреді. Осы ұсынымдардағы бірде-бір ереже БЕҚС (ІАS) 20 жоққа шығармайды.

Содержание

Кіріспе



Мақсаты, мәртебесі және қолданылу саласы



Анықтаулар



Мемлекеттік субсидиялар



Монетарлық емес мемлекеттік субсидиялар



Активтерге жататын субсидиялар туралы ақпаратты беру



Кіріске жататын субсидиялар туралы ақпаратты беру



Мемлекеттік субсидияларды қайтару



Мемлекеттік көмек



Ақпаратты ашу

Вложенные файлы: 1 файл

мем субсидия.doc

— 130.50 Кб (Скачать файл)

 
 
 
«МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК КӨМЕК ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СТАНДАРТЫН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ  ӘДІСНАМАЛЫҚ ҰСЫНЫМДАР 
 
 
 
 
МАЗМҰНЫ

 
Кіріспе

 

 

 
Мақсаты, мәртебесі және қолданылу  саласы

 

 

 
Анықтаулар

 

 

 
Мемлекеттік субсидиялар

 

 

 
Монетарлық емес мемлекеттік субсидиялар

 

 

 
Активтерге жататын субсидиялар  туралы ақпаратты беру

 

 

 
Кіріске жататын субсидиялар туралы ақпаратты беру

 

 

 
Мемлекеттік субсидияларды қайтару

 

 

 
Мемлекеттік көмек

 

 

 
Ақпаратты ашу

 

 

 
 
 
Кіріспе 
 
Осы әдістемелік ұсынымдар «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қаржылық есептіліктің халықаралық стандаттарын (ҚЕХС) қолдануда практикалық көмек көрсету үшін әзірленді. 
 
 
Мақсаты, мәртебесі мен қолдану саласы  
 
1. Әдістемелік ұсынымдар есепке алу тәртібін, сондай-ақ 20 «Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (ІАS) сәйкес мемлекеттік субсидиялар туралы және мемлекеттік көмектің басқа нысандары туралы ақпаратты ашу тәртібін түсіндіреді. Осы ұсынымдардағы бірде-бір ереже БЕҚС (ІАS) 20 жоққа шығармайды. 
 
2. Осы ұсынымдар:  
 
а) гиперинфляция жағдайларында мемлекеттік субсидияларды есепке алу кезінде туындайтын ерекше проблемаларға; 
 
б) салық салынатын кірісті анықтау кезінде жеңілдіктер немесе пайдаға салынатын салық жөніндегі міндеттемелердің негізінде анықталатын жеңілдіктер нысанында ұйымға берілген мемлекеттік көмекке; 
 
в) 41 «Ауыл шаруашылығы» БЕҚС (ІАS) қаралатын мемлекеттік субсидияларға; 
 
г) ұйымның капиталындағы мемлекеттік қатысуына қатысты емес.  
 
 
Анықтаулар 
 
Осы ұсынымдарда мынадай анықтаулар қолданылады: 
 
3. Мемлекет – бұл мемлекет, мемлекеттік мекемелер және ұқсас жергілікті, ұлттық немесе халықаралық органдар. 
 
4. Мемлекеттік көмек – бұл нақты ұйымның немесе жекелеген өлшемдерге жауап беретін бірқатар ұйымдарға экономикалық пайда келтіруге бағытталған мемлекеттің іс-әрекеті. Стандарттың мақсаттары үшін мемлекеттік көмек сауданың жалпы шарттарына, мысалы, дамушы аудандарда инфрақұрылымды қамтамасыз ету немесе бәсекелестер үшін сауда шектеулерін белгілеуга әсер ететін іс-әрекеттер арқылы жанама ғана ұсынылатын пайдаларды қоспайды. 
 
5. Мемлекеттік субсидиялар - бұрын немесе келешекте ұйымның операциялық қызметіне қатысты жекелеген шарттарды орындауға айырбасқа ұйымға ресурстар беру нысанындағы мемлекеттік көмек. Мемлекеттік субсидияларға негізсіз бағалануы мүмкін емес мемлекеттік көмектің нысандары, сондай-ақ ұйымның қарапайым сауда операцияларынан айыра алмайтын мемлекетпен жасалатын операциялар жатпайды.  
 
6. Активтерге жататын субсидиялар – оларды берудің негізгі шарты мынадай мемлекеттік субсидиялар, оларды алуға арналған өлшемдерге жауап беретін ұйым сатып алуы, салуы немесе өзгеше жолмен ұзақ мерзімді активтерді сатып алуы тиіс. Сондай-ақ активтердің үлгісін немесе орналасқан орнын немесе оларды сатып алған немесе ұстаған жөн мерзімді шектейтін қосымша шарттар белгіленуі мүмкін. 
 
7. Кіріске жататын субсидиялар – бұл активтерге жататын субсидиялардан ерекшеленетін мемлекеттік субсидиялар. 
 
8. Әділетті құн – жақсы хабарландырылған, осындай мәміле жасауға ниет білдірген, бір-бірінен тәуелсіз сатып алушы мен сатушы арасында мәміле жасау кезінде актив айырбасталатын сома. 
 
9. Шартты-қайтарымсыз қарыздар – кейбір белгіленген шарттарды орындау кезінде кредит беруші оларды өтеуді талап етуге міндеттенбейтін қарыздар. 
 
10. Мемлекеттік субсидиялар басқа терминдермен, мысалы, дотациялар, субвенциялар немесе сыйлықтармен белгіленеді. 
 
 
Мемлекеттік субсидиялар 
 
11. Мемлекеттік субсидиялар, оның ішінде әділ құн жөніндегі монетарлық емес субсидиялар мыналарға сенімділік болған кезде ғана мойындалуы мүмкін: 
 
а) ұйым субсидияларды алуға арналған талаптарға сәйкес келеді; 
 
б) субсидиялар алынатын болады. 
 
Субсидияларды арналған талаптарға сәйкес келу ұйымның субсидияларды беруге байланысты шарттарды орындау мүмкіндігіне (мысалы, спорт орталығын салу) және оларды орындауға келісімге (мысалы, жаңа тазалау жабдығын қондыру және іске қосу) негіздей отырып, анықталады.  
 
12. Мемлекеттік субсидиялар бұл субсидия ақшалай (кіріс) нысанда немесе ұйымның мемлекет алдындағы міндеттемелерін азайту нысанында немесе актив (монетарлық емес мемлекеттік субсидиялар) нысанында алынды ма, тәуелсіз бірдей ескеріледі.  
 
13. Субсидияларды бөлу туралы хабарлама алған кезде ұйым есепке алуда оны алу жөніндегі дебиторлық берешекті көрсетеді. 
 
 
Мысалы 
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды дамытуды қолдау туралы шешіміне сәйкес уәкілетті орган Республиканың медициналық жоғары оқу орындарының жас түлектерін ауылдық жерлерде коммерциялық негізде жұмыс істейтін медициналық орталықтарға тарту және көшіру үшін өтемақы ретінде субсидиялар төлеуді жүргізеді. Әрбір жас маманды тарту және көшіруге жұмсалатын шығындарды өтеу ретінде уәкілетті орган медицналық орталыққа бір жолғы 60 000 теңге төлейді. Уәкілетті орган жас мамандарды жинаудың 2 айлық кезеңі аяқталғаннан кейін ғана барлық өтемақыларды төлеуді жүргізеді. Бұл кезең ішінде орталық 2 жас маманды жұмысқа тартты және еңбек шарттарын жасасты.  
 
мемлекеттік субсидияны бөлуді және 2 маманның көшуі жөніндегі шығындарды өтеуді мойындау:

 
Дm Дебиторлық берешек  
 
Кm Болашақ кезеңдердің кірісі (мем.субсидия)

 
120 000

 
Дm Болашақ кезеңдердің кірісі (мем.субсидия)

 
120 000

 
Кm Өзге кіріс (мем.субсидия)

 
120 000

 

 

 
120 000

 
Ақша қаражатының түсімі:

 

 

 
Дm Ақша қаражаты  
 
Кm Дебиторлық берешек

 
120 000 
 
120 000


 
 
14. Шартты-қайтарымсыз қарыз (кредит  беруші жекелеген шарттар орындалған  кезде кредитті қайтарудан бас тартуға дайын) кредитті «қайтармау» шартының орындалатындығына негізді сенімділік болған кезде субсидия ретінде қарастырылады. 
 
15. Мемлекеттік субсидиялармен шартты міндеттеменің туындауы байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ұйымда егер қандай да бір операцияларды орындау болмаса, немесе белгілі бір мерзімде тоқтатылған жағдайда субсидияның бір бөлігін қайтару жөніндегі міндеттеме туындауы мүмкін. Мемлекеттік субсидияны мойындағаннан кейін оған байланысты кез келген шартты міндеттемелер немесе шартты активтер 37 «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» БЕҚС (ІАS) ескеріледі.  
 
16. Мемлекеттік субсидиялар олар өтеуге танылған тиісті шығыстармен ара қатынастыру үшін қажет кезеңдер ішінде жүйелі негізде кіріс ретінде танылуы тиіс. Олар акционерлердің жеке капиталына тікелей кредиттелмеуі тиіс. 
 
17. Есепке алуға екі көзқарас бар: 
 
а) капитал тұрғысынан: субсидия еңбекпен табылмағандықтан акционерлердің жеке капиталына тікелей қатысты; 
 
б) кіріс тұрғысынан: субсидия бір немесе одан да көп кезеңдердің кірісі ретінде танылады, өйткені ол акционердің жарнасы болып табылмайды және өтеуі тиіс шығындармен байланыстырылуы тиіс. 
 
18. Кіріс әдісін пайдалану кезінде мемлекеттік субсидиялар тиісті шығындармен байланыстыру үшін қажет кезеңдер ішінде жүйелі және ұтымды негізде кіріс ретінде танылғандығы өте мыңызды. Мемлекеттік субсидияларды алған сәтте кіріс ретінде тану есептеу қағидатына сәйкес келмейді (1 «Қаржылық есептілікті беру» БЕҚС қараңыз) және олар алынғаннан басқа кезеңдерге субсидияларды бөлу үшін база болмайтын жағдайда ғана қолданылады.  
 
19. Амортизацияланатын активтермен байланысты субсидиялар осы активтердің амортизациясы есептелетін кезеңдерде және көлемде кіріс ретінде танылады.  
 
20. Амортизацияланбайтын активтерге жатқызылатын субсидиялар жекелеген міндеттемелердің орындалуын талап етуі мүмкін және осы міндеттемелердің орындалуына іс жүзінде шығындар жұмсалған кезеңдерде кіріс ретінде танылатын болады. Айталық, жер телімі нысанында субсидиялар беру осы учаскеде ғимаратты тұрғызу шартымен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда кіріс ғимарат қызметінің мерзімі ішінде танылады.  
 
21. Мемлекеттік субсидиялармен шартты міндеттеменің туындауы байланысты болуы мүмкін. Мәселен, ұйымда егер қандай-да бір операцияларды орындау болмаса немесе жекелеген мерзімде тоқтатылған жағдайда субсидиялардың бір бөлігін қайтару жөнінде міндеттеме туындауы мүмкін. Шартты активтер мен міндеттемелер баланстан тыс баптар сияқты ескеріледі, сонымен қатар оларды баланс шоттарында көрсету қажеттілігі тұрғысынан жағдайды қадағалау болады. 
 
22. Шеккен шығындарды немесе жоғалтуларды өтеу ретінде берілген немесе келешекте қандай-да бір тиісті шығындарсыз мерзімді қаржылық қолдау түрінде алынған мемлекеттік субсидиялар егер орынды болса, төтенше бап ретінде берілген кезеңде кіріс ретінде танылады (8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер мен қателер» БЕҚС қараңыз). 
 
23. Өткен кезеңдердің шығстарын өтейтін субсидиялар өзге кірістер ретінде олардың түсуі кезеңінде толық танылуы тиіс. 
 
Монетарлық емес мемлекеттік субсидиялар 
 
24. Мемлекеттік субсидия жер немесе басқа ресурстар сияқты монетарлық емес активті беру пішінін алуы мүмкін. Бұл жағдайларда әдетте монетарлық емес актив әділ бағасы бойынша бағаланады, субсидия да, актив те осы әділ құн бойынша есепке алынады. Әділ құнды сенімді анықтау мүмкін болмаған өте сирек жағдайларда субсидиялар мен активтерді есепке алуда көрсету үшін осы субсидияны алуға байланысты іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып атаулы шама мәнін пайдалану мүмкін. 
 
 
Мысалы. 
 
«Здоровье» дәрілік препараттарын өндіруге лицензиялық келісімін екі жақты ынтымақтастық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасына шетелдік ұйым берді. Осы дәрілік препараттарды өндіру бір фармацевтикалық ұйымда ғана бар жоғары технологиялық жабдықтардың болуын талап етеді. Үкіметтің өкімімен лицензиялық келісім осы фармацевтикалық ұйымға халықтың осы дәріге қажеттілігін қанағаттандыру шартымен тегін берілді. Осы жағдайда лицензиялық келісімнің бұл түріне активтік рынок жоқ. Фармацевтикалық ұйым лицензиялық келісімді құны 1000 теңге деп бағалайды, ол есепке қою үшін атаулы болып табылады, өйткені белсенді рынокқа сілтеме жасай отырып оның құнын рас анықтау мүмкін емес. 
 
 
Активтерге жатқызылатын субсидиялар туралы ақпаратты беру  
 
25. Активтерге жатқызылатын мемлекетік субсидиялар және әділ құны бойынша монетарлық емес субсидиялар баланста екі әдіспен беріледі: 
 
а) кейінге қалдырылған кіріс ретінде көрсету жолымен; 
 
б) активтің теңгерімдік құнын есептеу кезінде есептен шығару жолымен. 
 
26. Бірінші әдісте субсидия кейінге қалдырылған кіріс ретінде есептеледі, ол активті тиімді пайдалану мерзімі ішінде жүйелі және ұтымды негізде кіріс ретінде танылады. 
 
27. Екінші әдісте субсидия активтің теңгерімдік құнынан оны шығару жолымен беріледі. Субсидия активтің теңгерімдік құнын азайту нәтижесінде амортизациялық есептеулерді азайту жолымен амортизацияланатын активті тиімді пайдалану мерзімі ішінде кіріс ретінде танылады.  
 
28. Осы екі әдіс қолайлы баламалар ретінде қаралады.  
 
29. Активтерді сатып алу және осыған байланысты субсидияларды сатып алу кезінде ұйымда ақша қаражатының қозғаласында елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте мұндай өзгерістер жеке баппен ашылады. Бұл ретте теңгерімде беру мақсатында тиісті активтің құнынан субсидия есептен шығарылады ма жоқ па тәуелді емес.  
 
 
Мысалы. 
 
«А» ұйымы 15% ҚҚС ескере отырып 1 150 000 теңгеге компьютерлер сатып алады. Компьютерлерді сатып алуға 200 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік субсидиялар беріледі. Ұйым 4 жыл ұйғарылатын пайдалы қызмет мерзімімен амортизацияны есептеудің тікелей желілі әдісін пайдаланады. Мемлекеттік субсидия 4 жыл ішінде де кіріс ретінде танылады.  

 
Бірінші әдіс: 
 
Компьтерлер сатып алу және субсидиялар беру 
 
Дm Жылжымайтын мүлік, ғимарат пен жабдық

 
 
 
1 000 000

 
Дm Есепке ҚҚС

 
150 000

 
Кm Ақша қаражаты

 
1 150 000

 
Дm Дебиторлық берешек 
 
Кт Болашақ кезеңдердің кірісі (мем.субсидия)

 
200 000 
 
200 000


 
 
Алынған субсидияның, компьютерлерді пайдаланудың 1 жылында тепе-тең есептелген амортизацияның есебінен амортизацияға арналған шығыстарды азайту

 
 
 
Дm Амортизация жөніндегі шығыстар

 
 
250 000

 
Кm Амортизация

 
250 000

 
Дт Болашақ кезеңдердің кірісі (мем.субсидия) 
 
Кт Кіріс ( мем.субсидия)

 
50 000 
 
50 000


 
 
Теңгерім күніне компьютерлердің теңгерімдік құны: 
 
750 000 теңге (1 000 000 теңге – 250 000 теңге). 

 
Екінші әдіс: 
 
Компьтерлер сатып алу және субсидиялар беру 
 
Дm Жылжымайтын мүлік, ғимарат пен жабдық

 
 
 
1 000 000

 
Дm Есепке ҚҚС

 
150 000

 
Кm Ақша қаражаты

 
1 150 000

 
Дm Дебиторлық берешек 
 
Кт Жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдық

 
200 000 
 
200 000


 
 
Алынған субсидияның, компьютерлерді пайдаланудың 1 жылында тепе-тең  есептелген амортизацияның есебінен амортизацияға  арналған шығыстарды азайту

 
 
 
Дm Амортизация жөніндегі шығыстар

 
 
200 000

 
Кm Амортизация

 
200 000


 
Теңгерім күніне компьютерлердің  теңгерімдік құны : 
 
600 000 теңге (1 000 000 теңге – 200 000 теңге – 200 000 теңге). 
 
 
Кіріске жатқызылған субсидиялар туралы ақпаратты беру  
 
30. Мемлекеттік субсидиялар кіріске жатқызылған жағдайда табыстар мен шығындар туралы есепте мыналар берілуі мүмкін: 
 
а) жеке немесе жалпы баптың құрамында, мысалы, «Өзге кірістер», 
 
б) немесе балама ретінде есептілікте тиісті шығысты көрсеткен кезде олар есептен шығарылады. 
 
31. Осы әдістер кіріске жатқызылған субсидиялар туралы ақпаратты берген кезде қолайлы. Бұл ретте жекелеген ашылуды талап ететін кірістердің немесе шығыстардың кез келген бабына субсидиялардың әсерін ашқан жөн.  
 
Мысалы. 
 
«В» ұйымы үкіметтен өндіріс құруға субсидия алды. Субсидиялар мен тиісті шығыстар туралы мынадай деректер барү

 

 

 
субсидия

 
шығыстар

 
ескерту

 
Зауыттың құны

 
25 000 000

 
800 000

 
40 жыл тиімді пайдаланған мерзімде  нөлдік жою құны 
 
Бірінші жылы толық жылдық көлемде амортизациялық есептеу жүргізіледі.

 
Жаңа жұмыс орындары

 
100 000

 
400 000

 
Жұмыс орындарын құруға және бос  тұрғанға жұмсалатын шығындар бірінші  жылы өтелетін болады

 
4 жылдың ішінде жұмыс орындарын  сақтау 

 
120 000

 
-

 

 

 
Шешім

 
субсидия

 
үйлесім

 
пайдалар мен шығындар туралы есеп

 
бірінші жыл

 

 

 

 

 

 

 
зауыт

 
25 000 000

 
2,5%

 
625 000

 
жұмыс орындарын құру

 
100 000

 
100%

 
100 000

 
жұмыс орындарын сақтау

 
120 000

 
25%

 
30 000 
 
_________ 
 
755 000

 
екінші жыл

 

 

 

 

 

 

 
зауыт

 
25 000 000

 
2,5%

 
625 000

 
жұмыс орындарын құру

 
100 000

 
-

 
-

 
жұмыс орындарын сақтау

 
120 000

 
25%

 
30 000 
 
_________ 
 
655 000


 
Мемлекеттік субсидияларды қайтару 
 
32. Қайтаруға жататын мемлекеттік субсидиялар БЕХС (IAS) 8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателер» сәйкес бухгалтерлік есептеулерді қайта қарау ретінде ескеріледі: 
 
а) қайтаруға жататын және кіріске жатқызылған субсидия ең алдымен осы субсидияның мерзімі өткен түсімінің қалған амортизацияланбаған шамасынан қарсы қойылуы (есептен шығарылуы) тиіс; 
 
б) осы субсидияға қатысты мерзімі өткен түсімнен қайтару сомасының асып түсуі тез арада шығыс деп танылуы тиіс; 
 
 
Мысалы. 
 
«Б» ұйымы 2003-2004 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының облыстарының бірінде бухгалтерлер мен аудиторларды оқытуға 2 000 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік субсидия алды. Уәкілетті мемлекеттік орган жыл сайынғы аудитті жүргізу жөніндегі шығыстарды белгілейді және төлейді.  
 
Субсидияны алуды және 2003 жылда оқыту жөніндегі шығындарды өтеуді тану:

 
Дm Ақша қаражаты 
 
Кт Болашақ кезеңдердің кірісі (мем.субсидия)

 
2 000 000 
 
2 000 000

 
Теңгерім күніне 
 
Дт Болашақ кезеңдердің кірісі (мем.субсидия)  
 
Кт Кіріс (мем.субсидия)

 
 
1 000 000  
 
1 000 000

 

 

 

 

 
Дт Өзге шығыстар 
 
(оқыту жөніндегі шығыстар – көрсетілген қызметтердің өзіндік құны)

 
1 000 000

 
Кт Ақша қаражаты

 
1 000 000


 
2004 жылдың ішінде тәуелсіз аудитор  қаржы бөлу жөніндегі шарттың  жекелеген ережелерінің толық  сақталмауы туралы пікірін білдіреді,  нәтижесінде шарттың тоқтатылуына  байланысты «Б» ұйымы алынған  мемлекеттік субсидияның 1 200 000 теңгесін қайтаруы тиіс.  
 
Нәтижесінде мемлекеттік субсидиялар бойынша болашақ кезеңдер кірістерінің 1 000 000 теңгесі тоқтатылуы тиіс, ал 200 000 теңге шығыстар ретінде танылуы тиіс.  

 
Дm Болашақ кезеңдердің кірісі (мем.субсидия)

 
1 000 000

 
Дт Өзге шығыстар 
 
(оқыту жөніндегі шығыстар – көрсетілген қызметтердің өзіндік құны)

 
 
 
200 000

 
Кт Ақша қаражаты

 
1 200 000


 
 
в) активтерге жатқызылатын субсидияларды  қайтару активтердің теңгерімдік  құнын арттыру жолымен немесе кейінге қалдырылған кірістің сальдосын қайтару сомасына азайту жолымен есептелінеді. Субсидия болмаған кезде шығыс ретінде есепті күнге есептелінуі мүмкін жинақталған қосымша амортизация тез арада шығыс ретінде есептелінеді.  
 
Мысалы.  
 
«С» ұйымы халық тұтынатын тауарларды өндіру үшін ғимаратты пайдалану мақсатында 15% ҚҚС ескере отырып құны 1 380 000 теңге ғимарат сатып алады. Сондай-ақ «С» ұйымы 200 000 теңге сомаға жергілікті өнеркәсіпті дамытуды қолдауға бағытталған мемлекеттік субсидияны алады. Субсидия егер «С» ғимаратты ұйғарылатын тиімді пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғимаратты мақсатты пайдалануды өзгертсе қайтаруға жатады. «С» ұйымы мемлекеттік субсидияларға қатысты есеп саясатына сәйкес активтің теңгерімдік құнын есептеу кезінде есептен шығару жолымен теңгерімде субсидиялар ұсынады. Ғимаратты тиімді пайдаланудың үйғарылатын мерзімі 20 жылды құрайды. Амортизацияны есептеудің тікелей желілік әдісіні пайдалана отырып амортизация жөніндегі жыл сайынғы шығыстар 50 000 теңгені құрайды.  
 
Ғимаратты сатып алу, субсидиялар ұсыну және алу және бірінші жылда амортизация есептеу

 
 
Дm Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдық

 
 
1 200 000

 

 

 
Дт есептеуге ҚҚС

 
180 000

 

 

 
Кт Ақша қаражаты  

 

 

 
1 380 000

 
Дm Дебиторлық берешек

 
200 000

 

 

 
Кт Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдық

 

 

 
200 000

 
Дт Ақша қаражаты

 
200 000

 

 

 
Кт Дебиторлық берешек

 

 
200 000

 
Дт Амортизация жөніндегі шығыстар

 
60 000

 

 

 
Кт Амортизация

 

 

 
60 000


 
Алайда өндірістік қызметтің бір  жылынан кейін ұйымның басшылығы  бұл ғимаратты сауда орталығына қайта жабдықтау тиімдірек болады деген шешім қабылдайды, осыған байланысты ұйым мемлекеттік субсидия алуға үміттене алмайды. Осылайша, амортизациялық есептеулер ғимаратты тиімді пайдаланудың 20 жыл мерзіміне сәйкес 50 000 теңгеден 60 000 теңгеге дейін артады.

 
Субсидияларды қайтару

 

 

 

 

 
Дт Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдық

 
200 000

 

 

 
Кт Ақша қаражаты

 

 

 
200 000

 
Бірінші жылда амортизацияны жете есептеу (60 000 – 50 000)

 

 

 
Дт Амортизация жөніндегі шығыстар

 
10 000

 

 

 
Кт Амортизация

 

 

 
10 000

 
Екінші және әрбір келесі жылда амортизация

 

 

 
Дт Амортизация жөніндегі шығыстар

 
60 000

 

 

 
Кт Амортизация

 

 

 
60 000


 
 
 
Мемлекеттік көмек 
 
33. Мемлекеттік көмек мыналарды қамтиды:  
 
а) техникалық және маркетингтік мәселелер жөнінде тегін консультация беру; 
 
б) кепілдіктер беру; 
 
в) ұйым сататын өнімнің бір бөлігіне қатысты мемлекеттің сатып алу саясаты; 
 
г) пайызсыз немесе төмен пайызды несиелерді беру (бұл ретте пайда қолданыстағы пайыздық ставканы қолдану жолымен өлшенбейді). 
 
34. Мемлекеттік көмек ретінде жалпы көліктік және коммуникациялық желіні жақсарту жолымен инфрақұрылымды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты және нақты анықтамасы жоқ негізде қол жетімді ирригация немесе сумен жабдықтау сияқты қамтамасыз етудің неғұрлым жетімді жүйелеріне қатынауды ұсыну қаралмайды. 
 
 
Ақпаратты ашу 
 
35. Қаржылық есептілікте мынадай ақпарат ашылуы тиіс: 
 
а) мемлекеттік субсидиялар үшін қабылданған есеп саясаты, оның ішінде қаржылық есептілікте қабылданған ұсыну әдістері; 
 
б) қаржылық есептілікте танылған мемлекеттік субсидиялардың сипаты мен мөлшері, сондай-ақ ұйым тікелей пайда алған мемлекеттік көмектің басқа нысандарын көрсету; 
 
в) орындалмаған шарттар және танылған мемлекеттік көмекпен байланысты өзге шартты оқиғалар.


 


Информация о работе Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу