Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 20:32, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорын негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдары .doc

— 894.00 Кб (Скачать файл)

Күрделі  жөндеуде негізгі  қорлардың  объектісін  тұтастай алғандағыны  салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады.

Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі  жөндеуі де бір жылдан  астам  мерзімде  агрегатты толық бөлшектен  барлық  тозған  детальдары  мен  бөлшектерін  ауыстыратын  немесе  қалпына  келтіріп  агрегатты қайта жинауды  және сынақтан  өткізуді, жүйелі  түрде  жүргізіліп   отыратын жөндеуді айтады.

Негізгі қорлардың тозу ысырабын  азайту  оларды  жақсылап пайдалану жолымен, негізгі көрсеткішінің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коэффициенті, жабдықтау жіктемесінің коэффициентін арттыруы  мүмкін.

Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр  түрлі бос  тұрып қалуын  қысқарту,  өндірісті  және  еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің  жаңа  нысанын дамыту есебінен мүмкін  болады.

Амортизация  – негізгі  қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер  мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде  олар  тозады,  өзінің  тұтыну  құнын  жоғалтады.

Нарықтық  қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы  төмендейді,  алатын  пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті  кәсіпорынның  экономикалық дамуының  ауқымды  деңгейі  қысқарады.

Екінші  жағынан,  амортизациялық аударымның  кемітілген  үлесі негізгі   қорды   сатып  алуға құралған  қаржының  айналым  мерзімін  ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы  жайғасымы  ысырап         болады.

Амортизациялық  аударымды өтелім  мөлшеріне  және  өзінің балансында  тұрған   негізгі   құрал-жабдықтардың  баланстық   құнына   сәйкес  кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын  өтеудің  жылдық  проценті  болып  табылады  және  өтелім  мөлшерінің  жылдық  сомасын  анықтайды.  Басқаша  айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың  құнына  процент  есебіндегі  қатынасы.

Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен анықталады.

Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:

М А  = *100 %       (15)

Мұнда: 
М А  − негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %

Қ бқ  − негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,

Қ ж  − жойылу құны,

М қ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:

−Негізгі қорлардың төзімділігі;

−Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);

−Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;

−Жабдықтау балансы;

−Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.

Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдауы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту. 
Амортизациялық қор – негізгі қорлардың жұмыс істеу үшін арналған ерекше ақшалай резерв болып табылады. Ол капиталдық салымдардың қаржылық  ресурсы  ретінде  есептеледі. Амортизациялық  қор негізгі қорладың  қарапайым  жұмыс  істеуіне  арналған, ескі негізгі қорларды  жаңа құралдармен ауыстыру, әрине, құнына тең болатын құралдармен ауыстырады. Алайда, ғылыми-техникалық  прогрестің жылдам өзгеруіне байланысты   амортизация   негізгі  қорлардың  жұмыс істеуін кеңейтілген қайнар көзі ретінде  қабылданады.

Жылдам техникалық прогрестің шарттарында әрдайым жаңа техникалардың жаңартулары болып жатады, жаңа және жоғары өндірістік механизмдер мен  аппараттардың  түрлері  ескі  техникаларды  ауыстырып тұрады.

Негізгі құралдар, айтып өтелік, өндірістік үрдісте саны көп өндірістік циклдарға қатысып, ұзақ уақыт бойы қызмет етеді, уақытысымен тозу процесіне ұшырап, табиғи нысанын сақтай отырып, бөліктермен өз құндылығын  дайындалатын   өнімге  ауыстырады.  Осындай  негізгі қорлардың ерекшелігі оларды неғұрлым қажетті және пайдалануға тиімді етіп жасалынады.

Негізгі қорларды өндірістік процесінде жұмыс істеуі мен қарапайым кеңейтілуі гармониялық түрде бірігеді және өзіндік ерекшелігі бар шартты түрде сипаттамасы болады.  Келесі формулаларды пайдалана отырып, біз негізгі қорлардың амортизациялық мөлшерін, шығындарын, жылдық сомасын есептей аламыз.

Толық қалпына келтіру амортизациясы:

Н қк = 100% =                                    (16)

мұнда,

Т н – НҚ-дың мөлшерлі қызмет жасау мерзімі.

Негізгі қорлардың тозуына қарай күрделі жөндеуге, модернизациялауға кететін  амортизация  мөлшерін  осы  формула  арқылы  есептеп  таба  аламыз.

Амортизациямен басқарудың маңызды тетігі – амортизациялық қорды пайдаланудағы бекітілген тәртіпті ұстанумен сипатталады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар өз еркімен амортизациялық қорды пайдалалану туралы сұрақтарды шеше алады.

Амортизациялық қорды бейберекет пайдалану кәсіпорынның негізгі қорларының ары қарай  жүргізілуіне,  жұмыс  істеуіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да бұл мәселені шешу барысында, мемлекет өндірісті тұрақтандырып,  қаржылық  ресурстардың  өсуіне  жол  беруі  абзал.  Тек сонда ғана  кәсіпорындарды негізгі капиталы өсіп, жоғары  тиімділікке апаруы мүмкін.

Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу.

Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.

Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.

Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:

1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);

2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы  машиналар мен жабдықтарды пайдалану  мүмкін емес);

3. Шығарылған өнім номенклатурасының  жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);

4. Тауар өндіруге арналған машиналар  мен жабдықтардың санын азайтуға  субъектіден талап ететін, кейбір  тауалар сұраныстың азаюы;

5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің  еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;

6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы  шикізат құрамының жиынтығындағы  өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.

Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.

Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады.  Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады.  Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.

Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.

Амортизацияның әдістері

Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі.  Кіріске алынған негізгі құралдар  келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар  келесі айдан бастап есептеуі  тоқтатылады.

Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.

№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:

•құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;

•өндірістік әдіс;

•кумулятивтік әдіс;

•кемімелі-қалдық әдісі.

Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.

Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп  шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

 

 

1.3  Қорлар есебінің кіріске  алынуының және шығыстарының  есебі

Шарушылық ұйымда материалды – техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар кәсіпорын бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген  өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Шаруашылық кәсіпорынның жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасмалдау жолдама құжаты, теміржол накладнойы, транспорттық накладнойы, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар жабдықтау  бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар түрлі  “келген жүкті есептеу” журналына тіркелді. Одан кейін бұл құжаттарды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен катар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүк құжаттары мен сенімхатты алғаны үшін “келген жүкті есептеу” журналына қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және номерін жазады. Материалдар мен жабдықтаушы мекемеден және жүк тасмалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін шаруашылық кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамдарға сенімхат беріледі.  Сенімхаты лауазымды адамның материалдық запастарды қабылдап алуға кәсіпорынның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады.

Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхат жабдықтаушы кәсіпорыннан берілген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. Сенімхат алдын ала нөмірленген барлық парағы жіп өткізіп тігілген “берілген сенімхаттарды есептеу” журналына тіркеу керек. Шаруашылық кәсіпорынның экспедиторы немесе басқа да қызметкері сенімхатты алған үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған  уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық запастарға осы материалдарға жауапты адам сол күні “кіріс ету” ордерін бір дана етіп толтырады.

Материалды қорлар келіп түскен және істен шығарған кезде төмендегідей шоттар корреспонденциясы беріледі:

Информация о работе Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы