Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 05:23, реферат

Краткое описание

Банктер - нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық буындарының бірі. Олардың қызметінің дамуы - нарық механизмін нақты құрудың қажетті шарты. Экономикалық қайта құру процесі банктік жүйені реформалаудан басталды. Бұл сфера динамикалық түрде қазір де дамуда.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар банктердің ұйым ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 28.61 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Банктер - нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық буындарының бірі. Олардың қызметінің дамуы - нарық механизмін нақты құрудың қажетті шарты. Экономикалық қайта құру процесі банктік жүйені реформалаудан басталды. Бұл сфера динамикалық түрде қазір де дамуда. 

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар банктердің ұйым ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.

Нарықтық қатынастар жағдайында банктегі бухгалтерлік есеп үлкен мәнге ие. Бухгалтерлік есеп арқылы банк басқару жүйесін,ағымдағы жоспарлар мен экономикалық болжауларға қол жеткізе алады.

Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, шетел валютасын сатып, алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелендіру, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау табылады. Банктің активтік операцияларың операцияның маңызды бөлігін құрайды. Өйткені, банк тиімділігі, пайдалылығы, қаржылық жағынан  сенімділігі және тұрақтылығы оның активтердің дұрыс өз мәнінде жүргізілуіне де байланысты болады. 

Бухгалтерлік қорытынды есеп мынадай міндеттерді шешуді қарастырады:

- шаруашылық жүргізіп отырған және потенциалды инвесторлар мен кредиторларға түсінікті ақпараттарды ұсыну;

- күнелтіп отырған және мол мүмкіндікті инвесторлар мен несие берушілерге, күтіліп отырған табыстарға байланысты сомалар, уақыт және қауіп-қатерлер жөнінде шешім қабылдауға көмектесетін ақпараттарды ұсыну; 

- банктердің шаруашылық қорлары, оның міндеттемелері, қаржылары мен құралу көздерінің құрамдары, сонымен қатар олардың өзгерістері жөніндегі ақпараттарды ұсыну. 

Қаржылық есептілік – бұл өзара байланысқан көрсеткіштің топтасқан кешені. Инвесторға, кредиторға, ұлттық банкке, банк қызметкерлеріне қажетті материалдар, оларды сатып алуға және төлем тәртібінің жарлығы туралы талап ететін нұсқаулардың орындалуы үшін, бюджеттің орындалуына, несиелік ресурстардың пайдалануын бақылауға қолданылады. Есеп беру формаларының негізгі сұрақтары бойынша Ұлттық банк қаржы және статистикалық ұйымдардың келісімімен қарастырады. Қаржылық жағдайды талдау банктің қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады.Банктің қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді,себебі Қазақстан Республикасында соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып, реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және банк үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша, сондай-ақ банктің болашақтағы ақша ағымдарын және осы банкке сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы ұйымдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. 

      Осыған байланысты диплом жұмысымның мақсаты - банктегі қаржылық есептіліктердіңдұрыс жүргізілуінің, бухгалтерлік есепте дұрыс есепке алу мен талдауын толық меңгеру болып табылады.  

Осыдан диплом жұмысымның міндеттері:

1)  банктік қаржылық есеп берулердің түрлері мен дайындау жұмыстарына тоқталу;

2)  банк ұсынатын қаржылық есептіліктердің сапасын анықтайтын көрсеткіштерге нақты материалдар негізінде талдау жасау.

Жұмысты жазу барысында «Қазақстан Республикасының Банктер және Банктік қызметң туралы Заң күші бар Қазақстан Республика Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ отандық және шетелдік оқу әдебиеттері мерзімді басылымдар және жұмыстың ішінде талдау жасалатын банктің қаржылық есеп құжаттары пайдаланылады. 

 

 


Информация о работе Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздер