ҚР макроэкономикалық саясаты еңбек рыногын мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 19:48, курсовая работа

Краткое описание

Тоталитаризмді қабылдамау, либералды-демократиялық құндылықтар жүйесіне бағдар ұстау абстрактылық "мемлекетсіз"рыноктық үлгіге көшу керек екенін білдірмнйді. Қазақстанда саяси бостандығы мен демократияның негізі толығымен либерализацияланған рыноктар екенін білдіретін ой-пікір көпшілік үшін аксиома ретінде алынған еді. Бірақ та бұл тұжырымдама шетелдік тәжірбиені бұрғылаумен қатар, көп ғасырлық қазақ халқының орталықтандырылған билік менталитіне қайшы келеді(алайда, бұл ерекшелік ХХ ғ. әлеуметтік тәжірбиесі барысында шекті нысандарына жеткен еді).
Толығымен laіssez faіre-ға (мемлекеттің араласпауына) негізделген жүйе жоқ, ХIХ ғ. дейін де, кейін де болған емес. ХХ ғ. дамыған рыноктық экономикасы, сонымен қатар, дамып келе жатқан рыноктық экономикасы бар елдер сәттілігінің маңызды құрамдасы- бұл мемлекеттің реттіушілік рөлі.

Содержание

Кіріспе

I.Рынокты мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикадағы қалыптасу механизмі
1.1 Рынокты мәні, құрылымы
1.2 Рыноктық экономикадағы мемлекеттік реттеудің мәні, әдістері және жүргізілу құралдары
1.3 Рынокты мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикадағы қалыптасу механизмі

II. ҚР макроэкономикалық саясаты еңбек рыногын мемлекеттік реттеу
2.1 ҚР-ғы еңбек рыногының ерекшелігі
2.2 Халықты жұмыспен қамтудағы мемлекеттің әрекеттері
2.3 Рынок жағдайындағы баға. Бағаның мәні және атқаратын қызметтері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

ПОСТСОЦИАЛИСТІК.DOC

— 173.50 Кб (Скачать файл)

 Мемлекеттің тағы бір  атқаратын қызметі – экономикалық тұрақтылықты аса ауқымды мөлшерде/макроэкономикалық/ сақтаумен байланысты. Бұл экономикалық циклдің шарықтап өсуін және оның құлдырап төмендеуін реттеу және бақылаумен байланысты. Мұнда мемлекеттің қолданатын басты тәсілі: өндіріс, жұмыссыздық және құнсыздану деңгейін қаржылау және салық салу арқылы реттеу.

Нарықтық экономикаға  көшу процесіндегі мемлекеттің атқаратын  экономикалық қызметі және оған әсер ететін әдістері көп. Ме,млекет бұл бағытта әр түрлі тәсілдер қолданады. Олар: құқықтық мөлшерлер, ақпарат хабарларымен қамтамасыз ету, қаржы бөлу- экономикалық /салық, несие, процент, баға, т.б./ тетіктер: мемлекеттік тапсырыс, заттай салық, лимиттер мен квоталар және т.б.

 Мемлекеттің маңызды қызметі- шаруашылық жүргізу туралы бекітілген шешімдерді заңдылық- құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Ол үшін нақты заңдар және заңға сәйкес актылар қабылдайды.

Нарықты экономика жағдайында мемлекеттің жоспар жасаудағы әрекеті  түпкілікті өзгереді. Жоспарлаудың жаңа құрамына мыналар кіреді: ұзақ мерзімді болжау, әлеуметтік- экономикалық дамуды индикаторлық әдіспен жоспарлау: экономика дамуының өзекті проблемаларын анықтау және оны шешу концепцияларын жасау. Нарықтың қалыптасуына ақша және қаржы- кредит жүйелері маңызды рөл атқарады. Олар- халық шаруашылығында қолданылатын икемді салық жүйесін қалыптастыру, экономикаға тиімді әсер ететін несие саясатын жүргізу, республикада ақша айналымын тұрақтандырып, оны сауықтыру. Мемлекет саладағы саясатын өзгертеді. Бұл процесс екі бағытқа бөлінеді. Біріншіден, білім беру, денсаулық сақтау, экология сферасында күрделі мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама бекітіліп жүзеге асырылуда, ал екіншіден, нарыққа көшуге  байланысты халықты әлеуметтік жағынан қорғау шаралары да енгізілуде.

 Мемлекеттік экономикалық  қызметі кәсіпкерлердің /жеке, шағын,  кәсіпорындар, фирмалар және мемлекеттік  кәсіпорындардың/ экономика саласындағы  әрекетін тәртіпке келтіру реттеп  отыруға саяды. Бірақ ешбір  жағдайда кәсіпкерлердің іс- әрекетіне  араласпайды. Нарық механизмі- бағаны және өндірісті анықтайды; мемлекет- салық- салуды, шығындарды реттеп отыру арқылы нарықты үйлесімді пайдалану жолдарын іздестіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ҚР макроэкономикалық  саясаты еңбек рыногын мемлекеттік  реттеу

 

2.1 ҚР-ғы еңбек рыногының ерекшелігі

 

Біздің мемлекетте енбек  нарығы туралы статистикалық база жеткілікті.Бұл  өз кезегінде жұмысбастылық пен  еңбек рыногының дамуын бағалау  және  болжау жасауға көмектеседі.

Көптеген адамдар экономиканың ресми емес  секторында жұмыс істеуге мәжбүр болады,өйткені әлеуметтік төлемдер кішкентай және экономиканың ресми секторында жалақының үлкен еместігі.Оның салдарлары салық төлемдердің азаюы және зейнетақы қорларына қаржылырының азаюы.

 Ресми емес (легалды  емес) жұмыс істейтіндер көбінесе қол еңбегі қолданылатын салаларда қызмет етеді. Олар -  құрылыс,шағын бизнес,уй шаруашылығы  (уборка,бау-бақша  қарау,балаларға қарау) , оларға сонымен қатар компьютерлік техниканы қолданып үйде жұмыс істейтін және қызмет саласында  (шаштаразылық қызметтер,жөндеу,қоғамдық тамақтану,аяқ – киімді тазарту,қоқысты жинаушылар,көшелердегі сатушылар) жұмыс істейтін  адамдар жатады

 Легалды емес жұмыстарының  бір форманың бірі нашақорлық  пен адамдарды сату,сонымен қатар  салықты төлемеу.Оған қоса арнайы  рұқсаты жоқ шетел жұмысшыларының жұмыс істеуі.Легалды емес еңбекті негізгі экспорттаушылар Қазақстанның оңтүстік шекарасында орналасқан мемлекеттер.Көбінесе легалды емес жұмысшылар Оңтүстік Қазақстан,Алматы,Қызылорда облыстарының темекі,күріш,мақта және жүзім плантацияларға жалданады.Ресми емес мәліметтерге сәйкес тек Алматы,Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына шамамен 10 – 15 мың азаматтар келеді. Әдетте, Алматы облысында темекі плантацияларында қырғыз және өзбек азаматтары,Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істейді және республикада заңсыз тұрып жатқан және ресми рұқсатпен рыноктағы саудамен айналысатын КНР азаматтары.

 ҚР-ң халқын әлеуметтік  қорғау және еңбек Министрлігінің  мемлекеттік инспекторлардың жүргізілген  тексерулерге сәйкес: Оңтүстік Қазақстан облысына заңсыз 51 шетел азаматтары жұмысқа алынды.Олардың 47 - Өзбекстаннан,Жамбыл облысындағы  Аракет ЖШС – де – 4, ал Қызылорда облысының  Қуат Амлон Мұнай – ға – 3 адам министрлігінің рұқсатынсыз жұмысқа алынды.

Тіркелген жұмыссыздардың елеулі бөлігін 30 – 50 жастағы – 60,3% (116.8 мың адам) ұзақ мерзім бойы жұмыс істейтіндердің  (бір жылдан астам ) үлесі – 62,9% .

Тіркелген жалпы жұмыссыздардың 14,2 мың адам (7,3%) жоғары білімге, 37,5 мың (19,4%) – орта кәсіптік; 23,9 мың бастапқы кәсіптік білімге; 103,5 мың (53,4%) – жалпы орта білімге; 14,5 мың адам (7,5%)-і негізгі жалпы білімге ие.

 

 

2.2 Халықты  жұмыспен қамтудағы мемлекеттің  әрекеттері

Рынок жағдайындағы баға. Бағаның мәні және атқаратын  қызметтері

 

Есептік периодта кедейшілік, жұмыссыздық және жұмыспен қамтумен байланысты нормативтік және заңды актілеріне өзгерістер енгізілді. Оның ішінде квотаны анықтау және ҚР- на шетел азаматтарын әкелуге байланысты жұмыс берушілерге рұқсат ету туралы ережелер және "ауыл шаруашылық жұмыспен айналысатын мигранттардың әлеуметтік қорғау және еңбек қызметі туралы ҚР Үкіметі мен Қырғыз Респиблика Үкіметінің арасындағы келісімлі бекіту туралы"

 Жұмыс күші сұранысы  және ұсынысы туралы республикалық  мәліметтер банкі құрылды, жұмыспен  қамту жүйесі жетілдірілді, мамандарды даярлау және қосымша жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер базасы қалыптасқан.

Жұмыспен қамтудың ең кішкентай деңгейі Қызлорда облысы- 16% және Атырау - 21,3 % облыстарға тиесілі. Қайта даярлаудан өткен жұмысссыздарды жұмыс пен қамту жұмыстары нашар жүргізіледі. Өйткені еңбек нарығының қажеттілігі есепке алынбайды.

Жергілікті органдар оралмандарды жұмыспен қамту туралы мәселелерге аз көңіл бөледі. Мысалы, Алматы қаласындағы жұмыспен қамту  органдарына ішінде тек 12% ғана жұмыспен қамтамасыз етілген.

Бірқатар облыстарда бір маманды специялистердің саны көп, бірақ басқа облыстарда бұл мамандар жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу үшін басқа региондардағы вакансиялар туралы жұмыссыздарды мәліметтермен қамтамасыз ететін "республикалық мәліметтер банкі" құрылды.

Жұмыспен қамту бойынша  негізгі міндеттері мемлекеттің  әлеуметтік- экономиакалық дамуының индикативті жоспармен анықталады.

-жұмыспен қамтудағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру(халықты жұмыспен қамту туралы Заңына өзгерістер енгізу).

- ішкі еңбек нарығын қорғау,еңбек миграциясын реттеу.

- республикаға шетел  жұмыс күшін Тарту урқылы қазақ  азаматтарын даярлау және қайта  даярлау 

- еңбек қатынастарын  легализациялау, жұмыс орындарын құру және еңбек нарығындағы азаматтарды кәсіби дайындаудың деңгейін көтеру.

Бүкіл әлемдік экономикалық маңызды бөлігін халықаралық  жұмысшы күшінің миграциясы, жұмыс  іздеген еңбекшілердің басқа  елдерге жылжуы құрады.

Мысылы, батыстың дамыған  елдерінің кәсіпкерлері жұмыссыздыққа  қарамастан, экономикалық жағынан дамуы  төмен және жұмысшы күші арзан елдерден келген шетел жұмыскерлерін көп пайдаланады. Өйткені бұлар жұмыс шарттарының қандайы болса, соған келіседі, жалақының төмен болғандығына да келіседі. Олар ауыр, қауіпті және жаман жергілікті тұрғындар келіспейтін жұмыстардан бас тартпайды. Бұндай шетелдіктер осы елде қабылданған жұмыс күнінің мерзімінен артық еңбек етеді жйне олар әлеуметтік қорғаумен жетімді қамтылмайды. Шетел жұмыскерлерін, керек болған жағдайда, жұмыстан босату қиын емес. Жұмысшы күшінің миграциясының басты мотиві- жалақының көбірек болуы.

Жұмыскерлердің шетелден келуі, осы дамыған елдегі жұмыспен қамту мәселесін шиеленістіре түседі, осы елдегі еңбекшілердің экономикалық жағдайына теріс ықпал етеді, солардың біреуі- жергілікті тұрғындар  мен шетелдіктер арасында конфликт туып, шиеленіседі.

Жұмысшы күші дамып кететін,  келе жатқан елде де жағдай шиеленіседі. Бұлар мобильді, ең жақсы еңбек  ресурстарынан айрылады. Сондықтан  дамып келк жатқан елдердің біразы квалификациясы жоғары жұмыскерлердің шетелге кетуіне кедергі келтіретін саясат жүргізеді.

 ҒТР кең өріс  алған сайын, миграциялық процестерде  жоғары квалификациялы жұмыскерлердің  бір елден басқа елдерге алмалмасуы  елеулі өсіп келеді.

Қандай да болмасын, жұмыссыздық  белгілі әлеуметтік және экономикалық шығындармен байланысты. Қоғамның экономикалық шығындары өндірілмеген тауарлар мен қызметтердің құнымен, мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің азаюымен, жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақының өсуімен, мемлекеттік еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарына жұмсалатын қаражаттармен өлшенеді. Жұмысссыздық әлеуметтік- негативтік процестерді күшейтеді, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіреді. Американдық ғалым М. Харвей Бренер 1970ж АҚШ-ң халқы туралы көрсеткіштерді талдау негізінде мына жағдайға назар аударды. 30ж бойы жұмыссыздық 1% өсіп отыпса, онда ол әлеуметтік поталогия көрсеткіштерін былай өсіреді: жалпы өнімді 2%-ке, өзін-өзі өлтіру санын 4,1  %, кісі өлтіру санын 5,7%, абақтыдағы сотталғандардың санын 4%, психикалық ауру адамдар санын 4% өсіреді.

 

2.3 Мемлекеттік  рыноктық жағдайыдағы баға.

 

Рынок пен баға ажыратылмайтын ұғымдар. Олардың бір қалыпты "өмір сүру ортасы"- нарықсыз баға өзінің экономикалық мазмұнын жоғалтады, экономикалық байланыстарды пәрменді түрде реттеуші мүмкіндігінен айырылады, сөйтіп біздің жай ғана шығын деңгейін тіркейтін құралға айналады.

Рынокты экономиканың қалыпты  жұмыс жасауы үшін көптеген дамыған  елдердің мемлекеттері экономиканың осы  маңызды саласын реттеп отыруда  бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Рынок жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі.

Үкімет органдарының тарапынан бағаларды бақылап  отыру.Оның мақсаты- еңбек ақы мен  зейнетақының жылма- жылғы номинальды көтерілуінен индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен  қатар бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететін анықтау. Бақылау мен орталық статистика басқармасы айналысады.

Бағаны жанама әсер ету. Оның мәні- сыртқы сауда да белгілі  бір сандық және кедендік шектеулерді  немесе алып тастауда, есеп рыногын өзгертуде /процентті/, салықтардың түрін өзгертуде/варияциялауда/ақша эмиссиясының/ақша шығару/ мөлшерін көбейтуге немесе азайтуда тұр.

Баға белгілеу процесіне  мемлекеттік араласу. Бұл арада  мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялық шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.

Бағаны жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар мен қызметтерді  өндіретін мемлекеттің үлесі  едәуір салаларда сайқалады. Бұндай жағдайда, мемлекеттік органдарда тауарлар мен қызметтерді өндіру өндіруші фирмалармен келісім бойынша "шаруа /контрактілік/ баға" белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін /оған кіретін кәсіпорындардың қандай меншік формасында болуына қарамастан/ базалық баға болады.

Бағаға тікелей мемлекеттік  әсер ету. Оны, жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік  жәрдем ақша құрайды. Осындай жәрдем ақшаның бір түріне өндірушілер  немесе тұтынушыларға ерекше қосымша  төлем төлеу арқылы қол жеткізілетін, кейбір тауарлар мен қызметтерге бағаны төмендету немесе тұрақтандыру жатады

Және де- дамыған батыс  елдерде бағаның 10 процентінен 50 процентіне дейін мемлекетпен реттеліп отыпады. Оның шамасы АҚШ- та 5-10, Жапонияда- 20, Австрияда-10, Швейцарияда- 50-ге жуық, Испанияда- 10 процент құрайды.

Олар негізінен фермерлерді  қолдау мақсатында ауыл шаруашылық өнімдеріне, газға, электроэнергиясына, транспорттық қызметтерге, қара металл қалдықтарына, фармацевтикалық шикізаттарға, дәрі- дәрмектерге, темекі бұйымдарына, спирттік ішімдіктерге, телефон және телеграф, точта қызметтеріне және тағы басқа тауарлар мен қызметтерге қойылады.

Сыртқы сауда бағаларына әсер ету- мемлекеттің баға саясатының ерекшк бағыты болып табылады. Ол экспортерлерді салықтан босату, экспорттық жәрдем ақша, жеңілдетілген несие және транспорттық тарифтер беру сияқты экспортты мемлекеттік көтермелеу арқылы жүзеге асырылады. Ішкі бағаны тікелей мемлекеттік реттеудің ең тиімді құралдарының бірі- сандық және сапалық тұрғыдан импортты шектеу, сонымен бірге кедендік баж салағы.

Экономиканың мемлекеттік  секторында өндірілетін тауарлар мен  қызметтерге белгіленген жеңілдетілген  баға мен тарифтерді қою. Оған соның  ішінде, мемлекеттік кәсіпорында  өндіретін минералдық шикізатқа, мемлекеттік электростанцияның электроэнергиясына қойылатын бағалар, теміржол, почта- телеграф тарифтері мысал бола алады. Бұл жасанды түрде іркілген бағалар мен тарифтер жеке шаруашылықтардың өндіріс шығындарын азайтуға және ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін нығайтуға жағдай жасайды.

Тіркеу немесе көтерілу шегін белгілеу формасындағы бағаның  үстінен қойылатын мемлекеттік  бақылау. Бұл әкімшілік- шаруашылық реттеудің құралы. Ол әдетте, рыноктық шаруашылықта тиімсіз деп есептеледі, көбінесе әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі сияқты төтенше жағдайда ғана қолданылады.

Бедгілі бір тауарлар түріне баға қою және бақылау құқын  ұлт үстінен қарайтын органдарға беру. Оған Европалық көмір мен  темір бірлестігінің көмір мен  қара металға қойған бағасы. Европалық  экономикалық қоғамдастықтың /ЕЭС/ ауылшаруашылық тауарларына уақытша белгіленген бағасы, интеграциялық бірлестіктер ішіндегі үйлестірілген транспорттық тарифтер, баға белгілеудің маңызды факторы болып табылатын салықтарды үйлестіру мысал бола алады.

Информация о работе ҚР макроэкономикалық саясаты еңбек рыногын мемлекеттік реттеу