Шоттар жүйесі және екіжақты жазу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2012 в 09:01, практическая работа

Краткое описание

Шоттар баланспен өзара байланысты. Актив және пассивтің әрбір бабына сәйкесінше аталатын шот ашылады.
Шоттың ең қарапайым үлгісі үш элементтен тұрады: (1) аты, шоттың активке, міндеттемеге немесе капитал есебіне қатысын сипаттайды; (2) сол жағы дебет деп аталады; (3) оң жағы, кредит деп аталады. Т-шот деп аталу себебі ол құрылысы бойынша Т әрпінің нысанына ұқсайды, әдетте кәсіби бухгалтерлер ортасында «самолетик» деп те аталады.

Вложенные файлы: 1 файл

3 такырып Шоттар жүйесі және екі жақты жазуЖ.pptx

— 125.95 Кб (Скачать файл)

Шоттар  жүйесі және екі жақты жазу

 

3-тақырып

Шот құрылысы

 

    • Шоттар баланспен өзара байланысты. Актив және пассивтің әрбір бабына сәйкесінше аталатын шот ашылады.  
    • Шоттың ең қарапайым үлгісі үш элементтен тұрады: (1) аты, шоттың активке, міндеттемеге немесе капитал есебіне қатысын сипаттайды; (2) сол жағы дебет деп аталады; (3) оң жағы, кредит деп аталады. Т-шот деп аталу себебі ол құрылысы бойынша Т әрпінің нысанына ұқсайды, әдетте кәсіби бухгалтерлер ортасында «самолетик» деп те аталады.

 

 

 

    • Айдың басында шоттар өткен айдағы баланс негізінде ашылады. Шаруа-шылық қорлары мен олардың қорлану көздерінің әрқайсысына жеке шот ашылады. 

 

 

Шоттың аты

Дебет

Кредит


 Барлық бухгалтерлік  шоттар келесідей жіктеледі:

 

    • активті және пассивті;
    • жинақтамалы және талдамалы;
    • баланстық және баланстан тыс;
    • капиталдандырылатын және капиталдандырылмайтын
    • Шоттардың бірінші тобы: активті және пассивті. Олардың аты баланстың екі жағының аттарына сәйкес және солардың мазмұнын көрсетеді. Шотты ашу дегеніміз оған ай басындағы қалдығын (сальдоны) жазу дегенді білдіреді.

Активті шоттар

 

    • Активті шоттар негізгі құралдардың, материалды емес активтердің, материалдық және ақша қаражаттарының, дебиторлармен есеп айырысу есебін жүргізу мен бақылауға арналған. Олардың құрылыстары бірдей, тек дебеттік сальдо ғана болуы мүмкін. Шоттың дебетінде материалдық және ақша қаражаттарының бастапқы және соңғы қалдықтары, келіп түсуі көрсетілсе, кредитінде олардың есептен шығарылуы көрсетіледі.

 

Негізгі пассивтік шоттар

 

    • Негізгі пассивтік шоттар капиталдар мен қорлардың өзгерісінің алынған қаржыландырудың, несиенің, қарыздың, ұйым міндеттемелері мен кредиторлармен есеп айырысулардың есебін жүргізуге арналған.  Сальдо тек кредиттік болуы мүмкін, ол меншікті және қарыздық қорлану көздері мен басқа ұйымдар мен жеке адамдар алдындағы борыш сомасын көрсетеді. Бұл шоттардың кредитінде қорлану көздері мен борыштардың нақты бары мен артуы, ал дебетінде олардың азаюы көрсетіледі.

 

    • Ай соңындағы қалдық келесі түрде есептеледі:
    • Активті шот бойынша       Сқ =Бқ (Д) + А (Д) – А (К)
    • Пассивті шот бойынша    Сқ = Бқ (К) + А (К) – А (Д)
    • Бқ –бастапқы сальдо; Сқ – соңғы сальдо.

 

    • Бухгалтерлік есепте ақпаратты жинақтау дәрежесіне немесе көрсеткіштерді әртүрлі дәрежесіне қарай бөлшектеп көрсетуге байланысты шоттардың екі түрі қолданылады: синтетикалық және аналитикалық.
    • Синтетикалық шоттар шаруашылық қорлары мен олардың қозғалыс-тары жөнінде жалпылама көрсеткіштерді береді. Олар кодталған түрде Типтік шоттар жоспарында көрсетіледі және тек қана ақшалай өлшемде ғана жүргізіледі.
    • Аналитикалық шоттар синтетикалық шоттарда есепке алынған мәліметтерді бөлшектеп, сәйкес есеп объектілеріне жан-жақты сипаттама береді. Материалдық құндылықтар есебін жүргізуші аналитикалық шоттар тек ақшалай ғана емес, натуралды өлшем бірлігінде де жүргізіледі.

 

Екі жақты жазу жүйесі

 

    • Екі жақты жазу жүйесінде барлық операциялар бір шоттың дебетінде екінші шоттың кредитінде дебеттік жалпы сома кредиттік жалпы сомаға өзара тең болатындай етіп көрсетілуі қажет. Осы ерекшелікке байланысты жүйеде жалпы әрқашан баланс сақталады..
    • Шоттар арсындағы байланыс шоттар корреспонденциясы деп, шаруашылық операциялары арқылы өзара байланысатын шоттар корреспонденцияланатын шоттар деп аталды. Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды және шаруашылық операциясының сомасын көрсету бухгалтерлік жазу деп аталады және ол тек құжаттар негізінде құрастырылады.  Корреспонденцияланатын шоттар бойынша қарапайым және күрделі бухгалтерлік жазуларды ажыратады.
    • Бір Дт және бір Кт шоттардан тұратын жазу қарапайым деп аталады.                       Дт  3350    Кт 1010
    • Бір Дт және бірнеше Кт шоттардан тұратын және керісінше жазуды күрделі жазу деп атайды.   Дт 1320, 1420       Кт 3310

Бухгалтерлік  есептің шоттар жоспары және негізгі  бөлімдердің қысқаша сипаттамалары

 

    • Шоттар жоспары – бұл активтер мен олардың қорлану көздерінің ағымдағы бухгалтерлік есебін жүргізу үшін, қаржылық және басқарушылық есептіліктерді құрастыру мен бақылау үшін қолданылатын шоттардың жүйелендірілген тізімі.
    • Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі бухгалтерлік есеп объектілерінің топтасуына негізделеді:
    • - Актвитерді немесе мүліктерді құрамы мен орналасуына қарай есепке алу шоттары;
    • Капитал көрсеткіштерін алуға қолданылатын шоттар;
    • Міндеттемелер көрсеткіштерін алуға қолданылатын шоттар;
    • Жабдықтау, өндіру және сату кезеңдеріндегі шаруашылық операциялары бойынша көрсеткіштер алуға қолданылатын шоттар.
    • Мақсаты мен құрылымына қарай шоттар негізгі, реттеуші, бөліп-таратушы, калькуляциялық, операциялық-нәтижелік, қаржылық-нәтижелік, баланстан тыс шоттар болып бөлінеді

 


Информация о работе Шоттар жүйесі және екіжақты жазу