Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 21:13, курсовая работа
Қазақстан Рсепубликасының нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.
Кіріспе ........................................................................................................... 3-4
1 бөлім. Несиенің жүйесі және сипаттамасы.
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы ......................................5-7
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері ...........................................8-10
2 бөлім. Несие бойынша есеп айырысу есебі.
2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу..........................................................................................................11-13
2.2.Банк мекемелері несиелерінің есебі...............................................14-18
2.3.Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі...................................19-21
Қорытынды............................................................................................22-23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................24
Қарыз алушы пайдаланғаны үшін төлемді есепке ала отырып, несиені дер кезінде қайтаруды қамтамасыз етудің кепілі ретінде банк арқылы қолданылып жүрген заңға сай кепілдік бергеннен, кепілдікке алғаннан, несиені өтеу үшін қарыз алушының жауапкерлігін сақтандыру келісімімен өндіріп алуға бағытталуы мүмкін. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салудан бос мүліктерді кепілге салу бойынша міндеттемелерін немесе банк тәжірибесінде қабылданған қамтамасыз етудің басқа да нысандарын ұсынған жағдайда банк несие береді.
Қарыз алушының мүлкін банктің кепілге алу құқығы борышкер келісімді бұзған жағдайда банктің басқа несие берушілердің алдындағы артықшылығын, яғни кепілге салынған мүліктің құнынан қанғат ал құқын банктерге беретін мүліктерді кепілге алу келісімі арқылы рәсімделеді. Кепілге салу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшырады деп жариялаған жағдайда кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жіберу құқығын береді.
Кепілге салу жөніндегі келісім жазбаша түрде, тұрғын үйді кепілге салу жөніндегі келісімді қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жасалынады. Қарыз алушыға тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге салу, кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар, әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды тбасқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда, сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, ол банкке сақтауға беріледі, несие толық өтеліп, ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда «кепілге салынған» мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандыру соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Банк мүлікті кепілге
салуға қабылдаған кезде, әсіресе,
кепілге салынған мүлікті
2.3.Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі
Мемлекет кәсіпорындарын қаржыландыру, банкілерден тыс басқа да мекемелер мен кәсіпорындар қаржыландыра алады.
Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үшінші тұлғаның кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полисі және т.б. болады. Кепілдеменің және кепілге салудың мәнін қарастырайық.
Кепілдеме кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге борышкерден алынуға тиісті соманың уақытында төлеуін қамтамасыз етуі үшін беріледі. Кепілдемелер банктер, кәсіпорындар және мекемелер арқылы беріле алады. Кепілдеменің мәні борышкер-кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде төлей алмаған жағдайда банк, кәсіпорын немесе мекеме, төлемді өз есебінен төлеу міндеттемесін мойындарына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсіл ретінде, кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі өндірістік және коммерциялық қызметтерінде кеңінен қолданылып жүр.
Кепілдемеге қарай кепілгердің ортақ жауапкершілігі емес, жәрдем ету жауапкершілігі туындайды.
Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресустар-дың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері жинақ ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірбие бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елдермен салыстырғанда тез, әрі өседі.Сонымен қатар бұл елдер эконоимикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан,экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі – банктің емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.
Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай каражатты пайдалануды мемлекет тарапын, қайтадан тараудың бірі бюджеттен тысқордың формасы болып көрінеді.
Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шығып алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:
• Зейнетақы қоры
• Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры
• Әлеуметтік сақтандыру қоры
• Міндетті медициналық сақтандыру қоры(ММСҚ)
Зейнетақы қоры. Олардың негізі мідеті:
• Балаларға жәрдемақы мен зейтетақы төлеу үшін мақсаты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
• Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
• өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы кеңейту.
1993 жылдан бастап ол
Еңбек және әлеуметтік қорғау
министірлігі бағынышты. 1994 жылы
зейнетақы қоры бюджетке
Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың,сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады.
Банк және банктен тыс мекемелердің қарыздары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Алынған банк несиелері кассаға немесе есеп айырысу шотына келіп түсті |
1011, 1031 |
3010 |
2 |
Жабдықтаушы мердігерлерге банк несиесінің есебінен қойылған аккредитивтер |
1060 |
3010 |
3 |
Жабдықтаушы мердігерлерге қарыз сома банк несиесінің есебінен төленді |
3310 |
3010 |
4 |
Жабдықтаушы мердігерлерге алдағы уақытта алынатын материалдық қорлар үшін банк несиесінің есебінен берілген аванс |
1610 |
3010 |
5 |
Көрсететін қызметі немесе орындайтын жұмысы үшін жабдықтаушы ұйымға банк несиесінің есебінен берілген аванс |
1610 |
3010 |
6 |
Есептелген салық бойынша ұйымның бюджетке қарыз сомасы банк несиесінің есебінен аударылды |
3110-3190 |
3010 |
7 |
Вексельге алынған банк несиелері |
1031, 1011 |
3010 |
8 |
Кәсіпорынның банк мекемелерінен алған несиелері бойынша қарызы есеп айрысу шотынан өтелінді |
3010 |
1031 |
9 |
Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер(еншілес, тәуелді серіктестіктерден, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан және басқа да заңды тұлғалардан) |
1011, 1031 |
4020 |
10 |
Банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебінен жабдықтаушы мердігерлерге қарыз сома төленді |
4110, 3390 |
4020 |
11 |
Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер бойынша қарыз есеп айырысу шотынан төленді |
4020 |
1031 |
Қорытынды
Еліміздің экономикасында несиелік жүйенің атқаратын рөлі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік орындардың тарапынан мұқият қадағалау мен реттеу объектісі болып табылады.
Несиелік іс – мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын шоғырландыру мен тартуға және оларды несиелеу қағидасына сәйкес белгілі бір буындар арасында үлестіруге бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы болып табылады.
Осы орайда, салымшылардың мүдделерін қорғау, барлық несие жүйесінің өтімділігі мен төлем қабілетін және жөнді қызмет етуін сақтау үшін мемлекет жекелей алғанда несиелік мекемелердің және тұтас несие жүйесін мұқият қадағалайды, бақылайды және реттеп отырады.
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалану қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді.
Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР-ның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда.
Қазақстан Республикасының қарқынды өсіп дамуы қаржы мекемелерінің қызметтеріменен тығыз байланысты болып отыр. Өйткені, экономикадағы қаржы секторының дамуы негізінде экономиканың өндіріс секторын ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие боламыз. Кісіпкерлер және ірі кәсіпорындар банктің несиесінсіз өз қызметтерін толығымен дұрыс жолға қоя алмайды. Оларды әр уақытта ақша қаражатына деген қажеттілік туып отырады. Ол қажеттілікті банк несиесі арқылы қанағаттандыру мүмкіншілігі бар.
Бірақта банктер өз практикасында үнемі тұрақсыздық пен сенбеушіліктерді кездестіреді.Олардың әр түрлі себептері бар, квалификациялы банктің жұмыскерлер дефицитінен бастап, сауатты бизнесті жүргізу көзқарастары бойынша тәжірибелі және адал қарыз алушы клиенттермен аяқтайды.
Соңғы жылдары қазақстандық банктердің қызметіне несиелік тәуекелдің әсер ету дәрежесі анық көрініп отыр. Несиелік тәуекелді басқару олардың жұмысында үлкен қиыншылықтар туғызатын негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Мысалы, егер АҚШ пен Германия несиелік салымдардың жалпы көлемінде проблемалы неиелердің өзіндік сомасы – 5-6% болса, ал ол Қазақстан Республикасында 40-45%-ке дейін жетеді. Елдегі несиелік тәуекелдің шамасына макро және микроэкономикалық факторлар әсер етеді.
Несиелеу процесіне қатысушы Қазақстан Республикасының банктері бүгінгі таңда сыртқы және ішкі сындармен алысуда. Сондықтан несиелік саясат қаншалықты жақсы болса да олар несиелер бойнша жоғалтуларға тап болып отыр. Бір жағынан қарағанда, банктің өзі алдын ала «жаман» несиелер бермеуі тиіс-ақ, бірақ несиелердің жартысына жуық бөлігі кейіннен олардың қатарына қосылып жатады. Проблемалы несиелер үлесінің көбеюі банктің репутациясына теріс әсер етеді, ал ол болса өз кезегінде несиелік ресурстар нарығындағы банк позициясына үлкен әсер етуі мүмкін.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек;
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.
Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды.
Информация о работе Қарыз және несие бойынша есеп айырысу есебі және жетілдіру