Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 08:03, курсовая работа
Еліміздің кәсіпорындарында экономиканың нарыққа көшуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде көптеген өзгерістер болды.
Нарықтық эокономика ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің қалаулы нәтижесін қамтамасыз ететін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімділігін болжайды.
Кіріспе....................................................................................................................3
I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері.................................................14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.........................................................................17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі...........................................................20
II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері..............................................................................................22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28
III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау...............................................31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.......................................................37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау...................................................................................44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау..............................................................................................................48
Қорытынды...........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................58
Қосымша
Кестеден көргендей активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 11149897 теңгеге азайғанын көруге болады.Бұл кәсіпорын қызметінің нәтижесі төмендегенін байқатады. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік патенциалы мен оның негізгі құралдары жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильдігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.
Кесте мәліметтері көрсеткендей мүлік құныныңда негізінен көп үлес салмақты мобильдік қаражаттар алады, жекелеп айтқанда жыл басында 55,6 пайыз, жыл соңында ағымдағы активтер 54,2 пайызды алады.. Айналым капиталының азаюы компанияның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау үшін ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсәпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды.Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі.
«Келешек» компаниясында бұл коэффициенттің деңгейі:
К іске тартылу жыл басы = (54087845 / 97349214) * 100% = 55,6 %
К іске тартылу жыл соңы = (46689702 /86199317) * 100% = 54,2%
Кәсіпорын активтерін тарату тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш –мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті.Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі:
К моб және иммоб.қараж.қатынасы жыл басы = 54087845 / 43261369 = 1,25
К моб және иммоб.қараж.қатынасы жыл соңы = 46689702 / 39509615 = 1,18
Бұл коэффициент деңгейі мобильдік те және иммобильдік те қаражаттардың сомасының төмендеуі нәтижесінде азайып отыр.Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталымен меншікті капитал қатынасы коэффициентінен артық болуы керек.
Бұдан әрі қарай компанияның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Ол үшін кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлар болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу керек.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруін анықтау қажет.Бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтайды. Біздің талданып отырған компания бойынша бұл коэффициент жыл басында 0,44 (43261369\97349214) жыл соңында 0,46-ны (39509615\86199317) құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне сәйкес келмейді.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл негізгі құралдардың тозу сомасының, оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті және жарамдылық коэффициенті.
Бұл кәсіпорында негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында –
17,7% (9309269\52570638), жыл соңында – 24,5% (12833434\52343049) құрайды, бұл есептеулер негізгі құралдар техникалық жағдайы бойынша халықаралық тәжірибе талабына сай екенін көрсетеді. Бұдан әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымына талдау жүргіземіз.
6 кесте
Келешек» ЖШС-нің ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы.
Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
өсуі (+); кемуі (-) | ||
Сомасы, теңге |
Үлес салмағы, % |
Сомасы, теңге |
Үлес салмағы, % | ||
Ағымдағы активтер,барлығы оның ішінде: |
54087845 |
100 |
46689702 |
100 |
(7398143) |
Тауарлы-материалдық қорлар |
28789900 |
53,2 |
26505487 |
56,7 |
(2284413) |
Дебиторлық қарыздар |
9870889 |
18,2 |
9032446 |
19,3 |
(838443) |
Ақша қаражаттары және инвестициялары |
1427056 |
2,63 |
5981653 |
12,8 |
4554597 |
Басқа да ағымдағы активтер |
14000000 |
25,97 |
5170116 |
11,2 |
(8829884) |
Мәліметтер компанияның активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Мобильдік қаражаттар ішінде көп үлес салмақты өткен жылмен салыстырғанда тауарлы-материалдық қорлар алады. Өткен жылмен салыстырғанда ТМҚ 3,5 %-ға артқан. Бұл дегеніміз компанияда сұранысы төмен ТМҚ-ға бар екенін көрсетеді. Сондықтан ТМҚ-ларға түгелдеу жүргізіп, тұтынушылардың сұранысы жоқ тауарларды анықтау қажет.
Келесі көп үлес салмақты дебиторлық борыштар алады. Дебиторлық борыштар 1,1 %-ға өскен, оған себеп мыналар болуы мүмкін:
1.Өндіріс келемінің бірден өсуі
2.Компанияда баға саясатының нашарлығы.
Талдаудың келесі сатысы баланс активінің құрылу көздерін талдау. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемін белгіленіп, оларға баға беріледі. Сонымен қатар олардың жалпы капиталдағы үлес салмағын анықтау қажет.Ол үшін тәуелсіздік, тәуелділік, қаржыландыру коэффициенттері есептелінеді. «Келешек» компаниясы үшін бұл коэффициенттер:
Есептеулердің нәтижесі компанияның тәуелсіздігінің өте төмен екенін көрсетеді. Тәуелсіздік коэффициенті 0,6-дан төмен болмағаны дұрыс. Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын маңызды көрсеткіш қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Талданып отырған кәсіпорын үшін бұл коэффициент жыл басында 0,079 (7741448+0 / 97349214), жыл соңында 0,12 (10895602,0+0 / 86199317). Бұл есептеуге қарап компанияның қаржылық жағдайының нашарлап бара жатқанын көруге болады, батыс елдері тәжірбиесіне сүйенсек, коэффициенттің қалыпты мәні 0,9 айналасына тең.
Меншікті капиталды талдау. №2-ші БЕС сәйкес меншікті капиталға жарғылық капитал, резервтегі капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражатындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік ситпаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады.
Меншікті айналым қаражаттары көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан ұзақ мерзімді активтердің жалпы сомасын алып тастау керек.
Жыл басында «Келешек» компаниясының айналым қаражаттарының көлемі (35519921) теңге (7741448- 43261369), жыл соңында ( 10895602– 39509615) (28614013) теңгені құрады, яғни талданып отырған компанияда меншік қаражаттарының барлығы иммобильдік сипатта екенін көрсетеді. Егер мұндай тенденция келесі жылы да орын алса, онда компания қаржылық қиыншылыққа тап болуы мүмкін, сонымен қатар уақытында жеткізушілермен, жұмыскерлерге жалақы төлеуге, салық комитетімен уақытында есеп айырыса алмайды.
Меншікті капиталды талдау кезінде негізгі бір көрсеткіш маневрлік коэффициенті:
К маневрлік = таза айналым капиталы / меншікті капитал =
(ағымдағы активтер – қысқа мерзімді міндеттемелер) / меншікті капитал
Талдап отырған кәсіпорын үшін маневрлік (жұмсау) коэффициенті жыл басында (5,9%), яғни (7741448 – 54087845) / 7741448, ал жыл соңында (3,28) % яғни (10895602 – 46689702) / 10895602 құрайды. Бұл денгеніміз компанияда меншікті капиталдың мүлдемге қозғалыссыз, яғни меншікті капитал негізігі құралдарға салынғанын және олардың ешқандай пайда әкелмегенін көрсетеді
Кәсіпорынның ТМҚ мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылыққа талдау үшін басты роль атқарады, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткішінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол біздің талдап отырған кәсіпорын үшін есептеуге тұрмайды, өйткені компанияда меншікті айналым қаражаттары жоқ:
К ТМҚ-мен шығындарды жабу жыл басы = меншікті айналым капиталы / ТМҚ
Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде ТМҚ мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғаныны және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.
Кәсіпорынның
төлем қабілеттілігі оның
Төлем қабілеттілігі компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды.
Ұзақ мерзімді
қарыздарды өтеу мерзімі
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады.Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда,теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтермен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарызды өтеуге ғана емес,сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді.Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса,онда бұл кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді.Егер коэффициент 1-ден аз болса,онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын,қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады.Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар, банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта,жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалы. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады..
Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек. Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын-ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді білдіреді.