Қорларды жіктеу және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 15:21, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------4

1. Қорларды жіктеу және бағалау -------------------------------------------------------6
1.1 Қорлар жайлы түсінік ----------------------------------------------------------------6
1.2 Қорлардың жіктелуі -------------------------------------------------------------------8
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ------------------13
1.4 Қорларды бағалау әдістері ---------------------------------------------------------18

2. Қорлардың есебі -----------------------------------------------------------------------21
2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС -------------------------------------------------------------21
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ------------------------------------ 27
2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі ---------------------------------------30
2.4 Материалдық қорларды түгендеу ------------------------------------------------33

3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау -----------------38

Қорытынды --------------------------------------------------------------------------------47

Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------49

Қосымшалар -------------------------------------------------------------------------------50

Вложенные файлы: 1 файл

слайд.doc

— 369.00 Кб (Скачать файл)

 

                                                 Мазмұны

 

 

 Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------4

 

1. Қорларды жіктеу және бағалау -------------------------------------------------------6

1.1  Қорлар жайлы түсінік ----------------------------------------------------------------6

1.2 Қорлардың жіктелуі -------------------------------------------------------------------8

1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ------------------13

1.4 Қорларды бағалау әдістері ---------------------------------------------------------18

 

2. Қорлардың есебі -----------------------------------------------------------------------21

2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС -------------------------------------------------------------21

2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ------------------------------------ 27

2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі ---------------------------------------30

2.4 Материалдық қорларды түгендеу ------------------------------------------------33

 

3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау -----------------38

 

Қорытынды --------------------------------------------------------------------------------47

 

Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------49

 

Қосымшалар -------------------------------------------------------------------------------50

 

 

 

 

 

                                           Кіріспе

         Нарықтық экономиканың қай саласында  да өндірістік запастар кәсіпорынның  айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда  өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.

Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс  процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің  құнына толығымен алып барады.

ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде «Тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі және аудиті» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебін теориялық  жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.

Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.

Қаржы және есеп жұмысының  көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін  тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.

Шаруашылық тауарлы-материалды құнды бұйымдардың есебін бекітілген нұсқаулықтар, ұсыныстар  бойынша  жүзеге асырады. Жалпы алғанда материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес құжаттармен жабдықталады.

Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.                       

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

                        1. Қорларды жіктеу және бағалау

                            1.1  Қорлар жайлы түсінік

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің  өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
  2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
  4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
  5. Мтериалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
  6. Дйындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған  есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс  сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

  • тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
  • материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын  жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.

Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

  • материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
  • құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
  • біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар материалдарды  алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

 

                                      1.2 Қорлардың жіктелуі

Еңбек заттары бір  тектес емес.  Олардың бір-бірінен  өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық  қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары  бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

  • шикізат;
  • негізгі материалдар;
  • көмекші материалдар;
  • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.

Негізгі материалдар  мен шикізаттар өндірілетін өнімнің  құрамына кіріп, оның материалдық негізін  жасайды.

Шикізаттар деп бұрын  азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын  құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.

Өндірістік үдерістің  бір сатысынан толық өтіп әрі  қарай өңдеуді қажет ететін материалдар  жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі  қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен  айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатрына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа  да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың  ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы  бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Материалдық босалқы  қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнімдер», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай босалқылар», 1360 «Босалқыларды есептен шығару резерві».

1310 «Шикізаттар мен  материалдар» шотында шығарылған  өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

1311 «Сатып алынған  жартылай фабрикаттар және құрастырушы  бұйымдар» шотында сатып алынған  жартылай фабрикаттар және өндірілген  өнімді құрастыру үшін алынған  дайын құрастырушы бұйымдар және  жинауға немесе өңдеуге кеткен  шығындар есепке алынады.

1312 «Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын  түрлері есепке алынады.

1313 «Ыдыс және ыдыстық  заттар» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған  материалдар есепке алынады.

1314 «Қосалқы бөлшектер» жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға  (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.) аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады.

1315 «Өзге материалдар» өндіріс  қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер,  негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. алынады.

1316 «Өңдеуге берілген материалдар»  шотында сыртқа өңдеуге берілген  материалдардың және өңдеуден  алынған бұйымның өзіндік құнға  енгізілгені есепке алынады.

1317 «Құрылыс материалдары» құрылыс  бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер  қажеттігінше әрбір шоттар бойынша  субшоттар және материалдық есебі  бойынша аналитикалық шоттар аша  алады.

Мысалы, «Шығыс» ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1 дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасасқаннан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері   35555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны  800000 теңге және түсіру шығыны (Түсірушәлердәі жалақысы – 300000 және әлеуметтік - 56700-(300000-300000*10%*21%)=356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймадасақтау шығыны 630000теңге құраған. «Шығыс» ААҚ теріне өңдейтін тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген. Нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы  16,67% төмендеген.

Біз бұл мысалда алынған терінің  өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм2-ты 127,84 теңге құраған:

Информация о работе Қорларды жіктеу және бағалау