Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 07:54, курсовая работа
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі......................................5
1.2 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер......11
ІІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары...........15
2.2 Жауапкершілік түрлері..................................................................................19
2.3 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік....................23
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................27
Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асырған кезде борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен егер оған дүлей күштер себепші болса басы босатылады.
Кейбір жағдайларда борышқор үшінші жаққа несие берушінің алдында өзінің міндеттемесін толығымен немесе бөліктей орындауды тапсырады. Арбитраждық тәжірибеде мынадай жағдайболған, жеткізіп беруші сатып алушыға бірнеше жұмысшы тракторын әперген. Шартта трактордың барлық құралдарының тізімі көрсетілген.Басқа тарап бекіткен тасымалдау шартынан шығатын егер міндеттемені тікелей орындаушы бұзса, орындаушының іс-әрекеті үшін жеткізіп беруші, яғни шартты бекіткен тарап жауап береді. Міндеттемені негізге ала отырып, несие берушінің алдында үшінші жақтың іс-әрекеті үшін борышқор жауап береді.Өйткені осы іс-әрекетті орындаушыға жүктеуді борышқордың өзі тапсырады. [24]
Үшінші жақтың іс-әрекеті үшін міндеттеме бойынша несие берушіге борышқор тиісті ақша сомасын төлеуі мүмкін. Басқаадамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы.
Үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеу талап етуге құқылы.
Сонымен қатар үшінші тараптың жауапкершілікте болуы заңмен белгіленуі мүмкін. Бұндай ретте борышқор үшінші жақтың әрекеті үшін жауап бермейді. Борышқордың үшінші жақтардың әрекеттері үшін жауапкершіліктерінен борышқордың өз қызметкерлері үшін жауапкершілігін ажыратуымыз қажет. (Азаматтық Кодекс 362-бапқа сәйкес). Борышқордың міндеттемесін орындау жөніндегі лауазымды адамдардың немесе өзге қызметкерлерінің әрекеттері борышқордың әрекеттері болып есептеледі.
«Борышқор бұл әрекеттері үшін, егер олар міндеттемені орындамауға немесе тиісті дәрежеде орындамауға әкеліп соқтырса, жауап береді». Борышқордың қызметкерлері болып онымен еңбек қатынастарын құрған азаматтар танылады. Борышқордың қызметкерлерінің міндеттеменің орындалуына іс-әрекеттері борышқордың өзінің жасаған іс-әрекеті болып саналады. Малдәрігерлік шарт бойынша заңдытұлға қызметкерлерінің шарт талабын тиісті дәреже орындалмағаны үшін заңды тұлға жауапкершілікте болады. Бұлжерде борышқорға қатысты жұмысшылар үшін жақ болып есептелмейді. Кезкелген заңды тұлға өзінің қызметкерлері арқылы азаматтық айналымға қатыса алады. Осыған байланысты заңды тұлға қызметкерлерінің өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттемелерін орындау әрекеттері заңды тұлғаның өзінің іс-әрекеті ретінде қатыстырылады.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады. [25]
Азаматтық кодекстің 353-бабында ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін жауапкершілік көзделген.
Жалпы ережеге сүйене отырып Азаматтық Кодекстің 365-бабы борышқордың мерзімі өткізіп алғандығы үшін жауапкершілікті белгілейді:
Азаматтық айналымда несие берушінің мерзімді өткізіп алуы да кездеседі. Азаматтық Кодекстің 366-бабы осыны көрсетеді: [26]
1. Егер несие беруші борышқор ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда не шартта көзделген, не іскерлік айналым дәстүрлерінің немесе аяқталғанға дейін борышқор өзміндетін атқара алмаған міндетінің мәнінен туындайтын әрекеттерді жасамаған болса ол мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.
Борышқордың міндеттемені орындамағанын тиісті түрде растаудан бас тартқан жағдайдада несие беруші мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.
Мерзімді өткізіп алған несие берушіге мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының қолайсыз салдары жүктеледі.
Заңды тұлғаның міндеттеме тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін қажетті шара қолданбағаны үшін кінәсі оның қызметкерлерінің кінәсән көрсетеді. Алайда заңдытұлға өзінің қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін ғана жауап береді: тауарларды қабылдап алу, банкке ақшалай төленетін құжаттарды уақытылы жіберіп отыру және т.б. Егер қызметкер қызмет істеу барысында құқыққа қарсы әрекет жасаса (мысалы өзіне алған мебельге ақша төлемесе) заңды тұлға бұндай әрекетке жауап бермейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ролі артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құруды алға мақсат етіп қойды. Ал құқықтық мемлекет құру заңдылықты оқу, білу және заң бұзушылыққа жол бермеу қажет. Заң бұзушылықты болдырмау үшін жауапкершілікті қолданамыз.
Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі. Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті құқықтық актілерді жауапкершілік шегі көрсетіледі.
Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы және субсолидарлы деп бөлудің өзіндік себептері бар. Несие берушінің құқығын қорғауда жан-жақты қарастырылып отырған жауапкершілік түрлерінің маңызы артады. Яғни несие берушінің құқығы бұзылған кезде борышқордың кез келгенімен өндіріп алу артықшылығы туындайды.
Қылмыстық заңда көрсетілгендей кінәсіз адамды жауапкершілікке тартуға болмайды. Қашан соттың үкімі шықпағанынша ол кінәсіз деп танылады. Осыны кінәсіздік презумпциясы дейді. Ал азаматтық заңдылықта кінәсіздік презумпциясы қолданылмады. Борышқордың кінәсін бар-жоғына қарамастан келтірілген зиян үшін несие берушінің алдында жауап береді. Бұл да азаматтық құқықтық жауапкершіліктің артықшылығын көрсетеді. Азаматтық Кодексте көрсетілгендей материалдық және материалдық емес игіліктер заңмен қорғалады. Материалдық емес игіліктерге азаматтың рухани залалын айтуға болады. Ал несие берушінің жеке басына, денсаулығына зиян келсе, онда рухани залал орын алады. Онда екі залал да өтелуі тиіс.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік шартты және шарттан тыс жауапкершілікті белгілейді. Шарттан тыс жауапкершілік шартты жауапкершілік көзделмеген кезде туындайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылық алдын алу шарасы. Жауапкершілікке тартылатынын білген борышқор құқық бұзушылыққа жол бермейді. Тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кеңінен жол ашады. Бұл ретте Президент тарапынан бірнеше игі шаралар жасалды. Атап айтқанда, «Кәсіпкерлік қызмет» туралы Президент Жарлығы. Көбіне кәсіпкерлік жүзеге асырғанда азаматтардың құқығына нұқсан келеді. Кәсіпкердің жаупкершілігі ол кәсіпкерлік қызметті орындауда тәуекелге буған кезде пайда болады.
Азамматтық құқықтық жауапкершілікке тарту үшін оның шарттарына сүйенеміз. Жауапкершілікке тарту үшін осы шарттардың бар болуы жеткілікті. Бұл шарттар туралы жоғарыда біз айтып өттік. Азамматтық құқықтық жауапкершілік мағынасы жылдан - жылға арта береді. Осы түсінік туралы пікірлер тәжірибеде және теорияда ғалымдардың жаңа түсініктерін қалыптастыруға бастау болады.
Библиографиялық тізім:
А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996 г.
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.