Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 04:50, курсовая работа

Краткое описание

Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің рефертатымның бастапқы мақсаты болып келеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Содержание

Кіріспе
1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.
Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.
Кәсіпкерлік қызмет түрлері.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру.docx

— 52.50 Кб (Скачать файл)

Қаражатты келісіп орналастыру  Бағдарламасы Қазақстан Респуб-ликасындағы  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін  қаржылай қолдау жөніндегі мемлекет саясатын іске асырудағы бірден-бір  құрал болып табылады.

Бағдарлама Қордың қаржы ресурстарын (қорландыру) кейіннен ШОК субъектілеріне кредит ретінде берілетін қаражатты  белгілі бір шарттармен (мақсатты және шектеуші) екінші деңгейдегі банктерге  ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Әріптес-банктермен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарының бірі Қордың олардың ішкі рәсімдеріне  және кредит үдерісіне араласпау  саясаты, сонымен қатар олардың  қабылданған шешімдерінің тәуекелдігіне  толық жауапкершілігі болып табылады.

Бағдарлама ШОК қаржылай қолдау жөніндегі мемлекет шара-ларының  тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.

Әріптес-банктердің осы Бағдарлама бойынша ШОК субъектілерін қаржыландруы Қазақстан Республикасының заңымен  тыйым салынбаған қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрін шектеусіз жүзеге асырылады.

«Даму-Көмек» бағдарламасы

«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға  олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсетуге мақсатталған.

«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық  ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік  қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап  жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың  біліктілік деңгейлерін арттыруға  жәрдемдеседі .

Арақашықтықтан оқыту өз бизнесін ашу және оны әртүрлі бағытта  дамыту бойынша «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде арнайы әзірленген оқу курстарын  Қордың корпоративтік сайтына орналастыру  арқылы іске асырылатын болады. Одан бөлек , мүгедек- кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік  негіздер бойынша экспресс-курсын тыңдаушылар  қатарына қосылады.

«Даму» Қоры қаржыландырмайды, алайда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар  арасында байланыстырушы буын болып  әрекет етеді.

Қаражатты кейіннен әйелдер кәсіпкерлігіне микрокредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 05.03.2009 ж. Қазақстан әйелдерінің V Форумында берген тапсырмасына сәйкес іске асырылады. Бағдарламаның мақсаты  кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін  жұмыс істеп жүрген және кәсібін  жаңадан бастайтын әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерінің жобаларына жеңілдікпен  кредит беру арқылы ынталандыру болып  табылады.

Тіркелген және өз қызметін ҚР заңына сәйкес жүзеге асырып жүрген жеке кәсіпкер әйелдер бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады.

Бағдарламаға мынадай банктер қатысады:

«Банк ЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк»  АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Delta Bank»  АҚ, "AsiaCredit Bank" АҚ, "Темірбанк" АҚ.

ШОКС-н Бағдарлама аясында негізгі несиелендіру талаптары: қаражатты мақсатты пайдалану – қолданыстағы кредиттерді қайтақаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру; соңғы қарыз алушы үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдығы 14,0% пайыздан көп емес;

 қарыз бойынша кредит беру  мерзімі: айналым қаражатын толықтыру  - 36 айға дейін; негізгі қаражат  сатып алуға және жаңалауға  - 60 айға дейін; қарыз валютасы  – теңге; бір қарыз алушыға  берілетін қаржыландыру лимиті  – 8 000 айлық есепті көрсеткішке  дейін; жобаларды салалық бағыттылығына  қарай қаржыландыруға шектеу  жоқ; ШКС Бағдарлама қаражаты  есебінен әртүрлі банктерден, қаржы  ұйымдарынан бір уақытта Қарыз  ала алмайды; Қарыз алушы Қарызды  Банктік қарыз шартын / Кредит  желісін ашу туралы келісім  жасасқан күннен бастап, Қор қаражаты  есебінен 2 ай ішінде игеруді бастауға  міндетті; өзге талаптарды Әріптес  банктердің өздері белгілейді.

Бағдарлама бойынша :

салық бойынша берешегі бар және Әріптес банкке қарыз алуға өтініммен  барған күні бюджетке 10 АЕК асатын міндетті өзге төлемдері бар ШКС-н; Қордың өзі тікелей қаржыландырған ШОКС жобаларынан бөлек, қаржыландыру көзі Қор болып табылатын ШОКС-ң  қолданыстағы қарыздарын қайтақаржыландыру  мақсаты үшін ШОКС-не қарыз беруге тыйым салынады

«Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, Қор Бағдарламаны іске асыру операторы  болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде «Стрессті  активтер қоры» АҚ 20 млрд. тенге соманы кейіннен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы  жеке кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі – ЖКС)қаржыландыруға/қайтақаржыландыруға  екінші деңгейдегі банктерге депозитке  орналастырады. Әріптес банктер  қаржыландыруға 70:30 арасалмақта (70 % - «Стрессті  активтер қоры» АҚ қаражаты, 30 % - Әріптес  банктер қаражаты ) өз қаражатымен  қатысады.

Бағдарламаға келесі Әріптес банктер қатысады: «БТА Банк» АҚ; «Казкоммерцбанк» АҚ; «Темiрбанк» АҚ; «Альянс Банк» АҚ; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ .

Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ЖКС кредиттеудің негізгі шарттары: Өңдеуші өнеркәсіптің мынадай сала тармақтарындағы қызметтерге бағытталған ЖКС жобаларын қаржыландыру: Тамақ өнімін өндіру;Сусындар өндіру;Тоқыма өнімдерін өндіру;Киім шығару;Тері өндіру және оған қатысты өнімдер шығару; Жиһаздан бөлек, ағаш және тоз өнімдерін өндіру; сабаннан жасалған және өруге арналған материалдардан жасалған өнім шығару; Қағаз және қағаз өнімдерін шығару; Басу және жазылған материал дарды қалпына келтіру;Химия өнеркәсібі өнімдерін шығару;Негізгі фармацевти калық өнімдер мен препарат тар өндіру;Резіңке және пластмасс алық бұйымдар өндіру;Металл емес өзге минерал ды өнім өндіру;машина мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдерін өндіру;Компьютерлер, электрон дық және опти калық өнімдер шығару;Электр жабдықтарын өндіру;Өзге категорияға кіргізілмеген машин алар мен жабдықтар өндіру;Автокөлік құралдарын, трейлер мен жартылай тіркемелер шығару;Өзге көлік құралдарын шығару;Жиһаз шығару;Өзге дайын бұйымдар өндіру.

Қаражатты мақсатты пайдалану – қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру;

Сыйақының соңғы жылдық мөлшерлемесі – жылдығы 8,0% көп емес;

кредиттеу мерзімі – 84 айға дейін;қарыз валютасы – теңге; бір  ЖКС берілетін ең көп қаржыландыру лимиті - 750 млн. теңгеден көп емес; негізгі  борышты өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі - 24 айға дейін; ЖКС қарызды  Банктік қарыз шартын/Кредит желісін  ашу туралы келісім жасасқан күннен бастап, 2 ай ішінде игеруді бастауға міндетті; Әріптес банктердің ЖКС  негізгі борышты дер кезінде өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін және ЖКС Бағдарлама аясында қайтақаржыландырылатын қарыздары бойынша сыйақылар үшін айыппұл мен төлемақы өсімдерін есептен шығару мүмкіндіктері; ЖКС қаржыландыру/қаржыландыру туралы алдын ала шешімді Әріптес банктер өздері қабылдайды, содан кейін олар ЖКС жобалары бойынша ақпаратты ЖКС жобаларын мақұлдау үшін Қор жанынан құрылған Комиссияның қарауына жібереді. Өзге кредиттеу шарттарын Әріптес банктер өздері белгілейді.

Бағдарлама бойынша ЖКС:

салық бойынша берешегі бар және бюджетке Әріптес банктер  өтінімдерді немесе жобаны қаржыландыру кезінде айлық есептік көрсеткіштің 10- есе мөлшерінен асатын міндетті өзге төлемдері бар ШОКС қаржыландыруға тыйым салынады; заңды тұлғалардың  жарғылық капиталына қатысу мақсаты  бар ЖКС-не қарыз беруге тыйым  салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

        

Қазіргі кездегі жаһандану  жағдайында кез-келген мемлекеттің  негізін бәсекеге қабілетті экономика  мен табысты кәсіпкерлік құрайды. бұл мәселелерге Елбасының өзі  ерекше назар аударып отыр. Соның  нәтижиесінде айтарлықтай жақсы жетістіктерге қол жеткіздік, атап айтқанда:

  • соңғы 4-5жылдың ішінде жалпы ішкі өсімнің өсімі жылына 9-10% құрады;
  • еліміз халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық рейтинг бойынша жоғары бағасын алды;
  • барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша қолайлы динамика байқалады;
  • кәсіпкерлік сектордың, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындардың жоғары белсенділігі байқалады;
  • әртүрлі даму институттары құрылып, табысты қызмет етуге және жоғары нәтижеге жетуге ынталық танытып отыр;

         Қазақстанда  шағын кәсіпорындардың даму перспективасына  және қызмет тиімділігіне оң  әсер ету үшін келесі шараларды  жүзеге асыру қажет: 

  1. нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау кезінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің заңнамамен белгіленген механизмін енгізу;
  2. шағын кәсіпорындарды қолдаудың айқын және нақты жүйелерін жүзеге асыру;
  3. мемлекеттік органдардың шағын кәсіпорындар қызметіне рұқсат ету және қадағалау-бақылау функциялары арқылы әкімшілік қысым жасауын төмендету;
  4. инновациялық жобаларды енгізу мен дамытуды ынталандыру үшін ұйымдастырушылық және заңнамалық деңгейлерде жағдай жасау;
  5. шикізаттық экспортқа тәуелділікті төмендету, өңдеуші өндірістің үлесін арттыру үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмін әзірлеу.

         Шағын кәсіпорындардың  басты айырмашылығы өз бизнесінің  масштабына байланысты әрқашан  да кәсіби бухгалтерлер, заңгерлер,  экономистер, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау т.б. бойынша  мамандар ұстай алмайды. Сонымен  қатар, өндірілетін өнімнің қауіпсіздігіне  қатысты қойылатын талаптар да  кәсіпорындағы жұмыс істейтін  адамдардың санына байланысты  емес. Олар техникалық регламенттермен  белгіленеді және шағын кәсіпорындар  үшін де ірі кәсіпорындар үшін  де бірдей. Осы тұрғыдан алған,  шағын кәсіпорындарды қолдаудың  мамандандырылған инфрақұрылымын  құру мемлекеттің негізгі міндеттерінің  бірі болып табылады.

 

 

 

 

Нормативтік –құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысы
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995жыл;
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);
  4. “Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі Шектеулі серіктестігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы;
  5. “Банкроттық туралы” Қазақстан Республикасының Заңы;от 21.01.2011жыл;
  6. “Қазақстан Республикасы жеке нотариустарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының  Заңы;
  7. 2020 шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы
  8. “Акционерлік қоғам туралы” Қазақстан Республикасының заңы 13.05.2003жыл;
  9. “ Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы,;

 

 Негізгі әдебиеттер:

  1. Кәсіпкерлік құқық, Оқулық. Авторлары: Н.М.Коршунова, Н.Д.Эриашвили;
  2. Азаматтық құқық: түсіндірмелер., Маркова.2000жыл;
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы - 2-том., авторы:  Суханова  М-1998жыл;
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі., Ерекше бөлім 1,2-том авторы: Жаилин  Г.А., Оқулық Данекер;
  5. Салыстырмалы құқықтану негіздері., авторы Табанов С
  6. http://www.damu.kz/

 


Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру