Шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 09:02, лекция

Краткое описание

Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Шағын бизнес.docx

— 88.27 Кб (Скачать файл)

 

 

Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай  міндеттерді атқарулары тиіс:

  1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
  2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
  3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
  5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға

 

Табыс және рентабельділік

 

       Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

       Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Табыстылықтың абсолютті  көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика  жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс  алу болғандықтан, барлық назарды  осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті  көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден  алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың  құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері  алынып тасталып көрсетіледі. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің  осы бабы бойынша негізгі қызметтен  түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен  үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін  табыс сомасына қоймадағы өтпеген  бұйымдар қалдықтарының және сатып  алушының жауапты сақталуындағы  тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері  белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық  құндылықтардың азаюы немесе керісінше  өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде — азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден  түскен табыс жоспарланған тауар  өндірісінен және бұйымдардың (дайын  өнімдер, сатып алушының жауапты  сақталуындағы тауарлар) өтпеген  бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен  шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден  түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық  қорлардың артуы есебінен болатын  жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті  көрсеткіші — жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді  және негізгі қызмет нәтижесінде  өнімді өткізуден түскен табыс пен  өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік  құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік  құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша  талдаумен айналысатын, оны төмендету  жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің  бөлімшелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты  экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы — материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды  төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының  үлес салмағы өнімнің өзіндік  құнында өте жоғары болып келетін  өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте  маңызды.

Кәсіпорынның рентабельділік  көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет де мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында рентабельділіктің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

 

Рентабельділік көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:

-          рентабельділіктің көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

-          таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

-          табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

-          табысты бөлу бағыттарын пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

-          табыстың өсу резервтерін анықтау;

-          кәсіпорынның  даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

-          рентабельділіктің  әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Рентабельділіктің көрсеткіштеріне  нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін  ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметін тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.

Рентабельділік  коэффициеттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын рентабелін  қалыптастырудың  факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Рентабелділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:

- басқару тиімділігінің  көрсеткіштері;

- кәсіпорынның инвестициялау  мақсатында қажетті рентабельді  жеткілікті үрде ала-алу қабілетін  көрсететін өлшеуіш;

- рентабельді болжау әдісі;

- шешім қабілдау және  бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Рентабельділік көрсеткіштерін төмендегілерді сипаттайтын 3 топқа  біріктіруге болады:

- шығындарды өтемі;

- сатудың табыстылығы;

-  капитал және оның бөліктерінің табыстылығы.

1. Өткізілген өнімнің рентабельділігі  (Рөнім) (шығындардың өтем коэффициенті). Жалпы өнімнің, бұйым топтары мен оның жекелеген түрлерінің рентабельділігі, өнім түрлерін өндірудің табыстылығын, әсіресе өнімдердің өте көлемді ассортиментін шығарушы кәсіпорындарда өте маңызды көрсеткіш болып табылады.

2. Сату көлемінің рентабельділігі  (Рсату көлемі). Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнім құрылымының, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жасайды.

Жалпы табыс

3. Авансталған капиталдың  рентабельділігі (Равансталған капитал). Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде авансталған капиталдың рентабельділік деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несие, қарыз берушілердің назарына ие болады.

4. Меншікті капиталдың  рентабельділігі(Рменшікті капитал). Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдыңтабыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табыстының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі.

Таза табыс

Меншікті капиталдың орташа шамасы

5. Ағымдағы активтердің  рентабельділігі(Рағым.актив.). Бұл кәсіпорын ағымдағы активтердің бір теңгесінен қанша табыс көзін алатындығын көрсетеді.

Ағымдағы активтердің  орташа шамасы

Қалған барлық басқа көрсеткіштердің  рентабельділігі осындай ұқсас  жолмен есептеледі. Яғни анықталатын  көрсеткіштің алымында әрқашан таза табыс мөлшері тұрса, ал бөлімінде  анықталатын көрсеткіштің орташа шамасы сипатталады.

Қаражаттың айналымда  болу кезеңі, белгілі-бір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған  тауарлы-материалдық қорларды бағалау  әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің  көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

1. Капиталдың жалпы айналымдылық  коэффициенті. Ол жылына қанша  рет айналу мен өндірудің толық  циклі болатындығын және активтердің  әр бір ақша бірлігі сатылған  өнімнің қанша ақша бірлігін  әкелгеніні көрсетеді. Бұл көрсеткіш  мына формула бойынша анықталады:

Өнімді өткізуден түскен табыс

2. Меншікті капиталдың  айналымдылық коэффициенті. Бұл  көрсеткіш қызметті жан-жағынан  сипаттайды: коммерциялық көзқараспен  қарағанда ол сатудың артықтығын  немесе жеткіліксіздігін анықтайды;  қаржылық жағынан – салынған  меншікті капиталдың айналым  жылдамдығын, ал экономикалық  тұрғыдан – кәсіпорынның меншік  иелері (акционерлер, мемлекет немесе  басқадай меншік иелері) тәуекелдік  етіп салып отырған ақша қаражатының  белсенділігін көрсетеді. Бұл  коэффициент меншікті қаражатты  осы жағдайға сай келетін табыс  көзіне салу қажеттілігін көрсетеді.  Ол мына формула бойынша қаралады:

3. Қысқа мерзімді активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым  капиталының айналымдылық коэффициенті. Бұл коэффициент айналым жылдамдығын,  яғни зерттелген кезеңдегі барлық  айналым қаражатының айналу санын  көрсетеді.    Қысқа мерзімді активтердің айналым жылдамдығы – бұл өзі өндірістік-шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының артуына айналу уақыты мен өндіріс уақытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Өндіріс уақыты технологиялық процесс пен пайдаланылған техниканың сипатымен байланысты. Оны қысқарту үшін технологияны жетілдіріп, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру қажет.

4. Материалдық айналым  қаражатының айналымдылық коэффициенті. Ол кәсіпорынның талдау кезіндегі  шығындары мен қорларының айналым  санын көрсетеді, яғни олардың  сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің  мәні жоғары болған сайын, осы  аз өтімді бапта соғұрлым азырақ  қаражат байланады, кәпорынның  қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым  капиталында көбірек өтімді құрылым болады.

5. Дебиторлық қарыздың  айналымдылық коэффициенті. Дебиторлық  қарыздың айналымдылық коэффициенті  дебиторлық қарыздың сапасы мен  көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық  несиенің ұлғайғандығын немесе  төмендегенін көрсетеді.

Кейбір актив түрлері  әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы  бірқатар әр бағыттағы себептердің  жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші  қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен  реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

Қаражаттың айналымда  болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның  ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен  анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған  тауарлы-материалдық қорларды бағалау  әдістемесіне байланысты кәсіпорын  өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне  ие болады.

Іскерлік белсенділік  коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым  жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым  жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

 

 

    Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін анықтау және талдау әдістері 
 
      Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.  
      Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді.  
     Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.  
      Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация). 
      Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.  
     Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады: 
  σ²==(x-x²)/n, 
мұндағы σ² - дисперсия; 
  x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні; 
  x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;  
  n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік). 
  Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады: 
  v=σ/x•100, 
мұндағы v – вариация коэффициенті; 
  σ – орташа квадраттық ауытқу; 
  x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні. 
  Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі. 
  Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады. 
  Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады.  
  Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады. 
  Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып, рейтингтер анықталады. 
  Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді. 
  Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет. 
  Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады. 
  Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады. 

Информация о работе Шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылары