Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 19:35, курсовая работа
Бюджет функцияларына жататындар: алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау, әр түрлі қызметтер мен жекелеген бөлімшелерді үйлестіру, басшыларды жауапты орталықтарының мақсаттарына қол жеткізуін ынталандыру, ағымдағы қызметтерді бақылау. Бюджеттендіру – бұл кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудың жеке жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.
Кіріспе.
1.Кәсіпорындағы бюджеттік процестің ұйымдастырылуы
2.Бюджеттің функциялары
3.Жалпы және жекелеген бюджеттердің құрылымы
4.Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі
5.Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттің орындалуын талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Бақылаумен қатар басқарудың ең маңызды функциясына жоспарлау жатады. Жоспарлаудың нақтыланған деңгейі – бюджеттік жоспарлау. Ақша түріндегі сандық жоспарды бюджет деп ұғуға болады. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындғанын бағалаудың негізі болып табылады.
Басқару есебінің мақсаты –
басқару шешімдерін қабылдау
үшін компания басшылығына
Компанияда бюджеттің келесі түрлері құрастырылады: ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті (ақша қаражатының қозғалысы туралы бухгалтерлік есеп болжамы); табыстар мен шығыстар бюджеті (кірістер мен шығыстар туралы есеп беру болжамы); баланстық бюджет (болжамдық баланс).
Бюджет
функцияларына жататындар: алға қойған
мақсаттарға қол жеткізуді
Бюджет – кәсіпорынның қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін қаржы жоспары.
Бұл курстық жұмысымда мен кәсіпорында бюджеттендірудің негіздері мен олардың басқару есебіндегі маңызын, бюджеттің атқаратын қызметтерін, жалпы және жекелеген бюджеттердің құрылымын, кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісін қарастырдым.
1.Кәсіпорында бюджеттік процесcтің ұйымдастырылуы.
Бақылаумен қатар басқарудың ең маңызды функциясына жоспарлау жатады. Жоспарлаудың нақтыланған деңгейі – бюджеттік жоспарлау. Ақша түріндегі сандық жоспарды бюджет деп ұғуға болады. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындғанын бағалаудың негізі болып табылады. Бюджеттік жүйе – бұл кәсіпорын жоспарларының теңестірілген жүйесі. Бюджеттендіру жүйесі кәсіпорынның қабілетін бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ шикізаттар мен материалдарға, жұмыс күшіне, босалқы қорларға деген қажеттілікті анықтайды. Сондықтан, бюджеттендіру кәсіпорынның қаржылық көрінісі мен моделі. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өткен кезеңдегі іс қызметінің нәтижесін көрсетеді, яғни нақты лперацияларды жүзеге асырады. Бірақ бұлар басқару қызметін жүргізу үшін жеткілікті емес. Ол үшін атқарылған жұмыстардың жоспарлы нәтижелерін нақты нәтижелермен салыстыру қажет. Бюджеттендіру осындай жоспарлы құжаттарды құрастыруға арналған. Компанияда бюджеттің келесі түрлері құрастырылады: ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті (ақша қаражатының қозғалысы туралы бухгалтерлік есеп болжамы); табыстар мен шығыстар бюджеті (кірістер мен шығыстар туралы есеп беру болжамы); баланстық бюджет (болжамдық баланс).
Бюджеттендіруді жүзеге асырмас бұрын кәсіпорын келесі көрсеткіштерді анықтап алған жөн:
Бюджеттендіру – бұл кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудың жеке жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.
Бюджет – кәсіпорынның қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін қаржы жоспары.
Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді. Бюджетті қолдану мына артықшылықтарға негізделеді:
Бюджет (кірістер мен шығыстар сметасы) – мақсаттары есеп беру көрсеткіштерінде міндеттемелермен, яғни әрбір бөлімшенің осы мақсаттарға қол жеткізудің жауапкершілігімен өзара байланыстағы ақша түрінде көрінетін кәсіпорынның өндірістік қызметімен үндесетін белгілі бір кезеңге арналған қаржы жоспары.
Есепті кезеңнің басында бюджет менеджердің сату, шығын және басталған кезеңдегі басқа да қаржы операцияларына қатысты болжамын қалыптастырушы жоспарды немесе стандартты білдіреді. Есептік кезеңнің соңында бюджет менеджерлерге ауытқуларды басқаруына мүмкіндік беретін өлшеудің ролін атқарады: алынған нәтижелерді жоспарлымен салыстырады, әрі одан ары болатын қызметке түзету енгізеді.
Басқару есебінде бюджеттердің жіктелуі
Белгілері |
Бюджет түрлері |
Мезгілі бойынша |
-Ағымдағы – бір жыл -Оперативті – тоқсан, ай -Сырғымалы |
Тағайындалуы бойынша |
-Операциялық -Қаржылық |
Әзірлену әдісі бойынша |
-Тұрақты -Икемді |
Нақтылау деңгейі бойынша |
-Негізгі – тұтас кәсіпорын бойынша -Жеке – жауапкершілік орталықтары бойынша |
Бюджет басқарушылық бақылау жүйесінің шешуші құралы болып табылады. Барлық кәсіпорындар бюджетті жасаушы болып табылады. Көбінесе жылдық бюджет ретінде жауапкершілік орталықтарының табыс табуына арналған компанияның жоспарлы қызметін көрсететін пайда жоспарын қарастырады.
Бюджетті жасау тұрақты, динамикалық процесс әрі ол тек бірінші тоқсан ғана ай бойынша ғана нақтыланатын және әдетте тоқсан бойынша ірілендіріп әзірленетін жылдық бюджетті қабылдаумен аяқталмайды. Жыл ішінде бюджет жағдайлардың өзгеруіне қарай өзгеруі мүмкін.
Жаңа өнім шығару, қосымша капитал жұмсауды қажет ететін жаңа технологияны немесе жаңа жабдықты енгізу сияқты елеулі өзгерістер болған жағдайда бюджет бес жылға, тіпті, одан да ұзақ жылдарға әзірленеді.
Бюджеттік жоспарлау кезеңдеріне мыналар жатады:
-барлық жауапты орталықтарды жоспарлау;
-қызметті бағалауда пайдаланылатын көрсеткіштерді анықтау;
-жаңа жағдайға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқылау;
-ұсыныстарды
ескеріп жоспарға түзету
2.Бюджеттің функциялары.
Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді. Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынастарда басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:
-ұйымның алдына
қойған мақсатына қол
-әр түрлі
қызмет түрлерін және
-өз жауапты
орталықтардың мақсаттарына
-ағымдағы қызметті
бақылау және жоспарлы
-жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
-ақпарат және басқару;
Жоспарлау. Маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.
Жылдық бюджетті жасау процесі алдағы кезең жоспарларын нақтылай түседі, өйткені басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық жоспарлар жасауы кере. Бюджетті жасау келесі кезеңдердегі қызметтердің ықтимал өзгерістерін назарға алып, алдағы кезеңнің операцияларын жоспарлауды білдіреді және келешекте кездесу і мүмкін өзгерістердің шарттарын жұмсарту үшін бүгінгі күннен кешіктіруге болмайтын шараларды анықтайды.
Күнтізбелік-жоспарлы нормативтердің негізінде әзірленетін бұйымдар мен бөлшектер шығарудың бағдарламасы озық техника мен технологияларды, кәсіпорынның өндірістік қуатын, еңбек өнімділігін арттыратын материалдық және моральдық ынталандыруды толық пайдалануды қарастырады.
Үйлестіру. Әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру қажет. Жоспар нақты тармақтарды қамтиды: қанша тауар мен қызметтерді өндіру қажет; қандай материал мен шикізатты сатып алу қажет, қандай сату бағасын белгілеу керек, болашақта қандай саясатты ұстану керек және қандай шектеулерді қолдану керек, т.б.
Ынталандыру. Бюджетті жасау процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек.
Егер менеджер өз бөлімшесінің бюджетін әзірлеуге белсенді қатысса, бюджеттің ынталандырушы ролі зор болады. Басқарудың барлық деңгейі бөлімшелер немесе функциялар бойынша бюджетті, сондай-ақ алдағы кезеңнің негізгі, жалпы бюджетін әзірлеуге тікелей қатысатын тәжірибе орындаушылардың қатысумен жоспарлау деп аталады.
Бақылау. Бюджет – оны қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет – ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салыстырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.
Нақты деректерді бюджетпен салыстыру қай салаға назар аударып, әрекет ету керектігін көрсетеді. Бюджет деректері мен нақты нәтижелердің арасындағы ауытқуды талдау мыналарға мүмкіндік тудырады:
Бағалау. Ай сайын бюджетте анықталатын ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен оның басшыларының қызметін жыл аяғында бағалаудың басты факторы болып саналады.