Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 14:35, реферат

Краткое описание

Жергілікті бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Жергілікті бюджет.docx

— 26.96 Кб (Скачать файл)

Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктері арасындағы және респ. бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің төмендегідей механизмдері қолданылады:

а) әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын көлемін жоспарлау;

ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық және басқадай түсімдер түрін анықтау;

б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру;

в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;

г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;

ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш. органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру.

Жергілікті бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады.[1][2]

 

Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жергілікті бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады. 
Жергілікті бюджеттердің құрылымы мен бөлімдері республикалық бюджеттің құрылымы мен бөлімдеріне ұқсас. «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді (сызбаны қараңыз):

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, жергілікті атқарушы орғанның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі. 
Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумактағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықты ң салықтық түсімдері (40,9%) құрап отыр (15.1 кестені қараңыз). (2009 жылғы Бұл мэліметтерді қосымшалардан қараңыз).

Қазақстан бойынша орта есеппен жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің жекелеген санаттарының арасындағы ара салмағы 15.1 кестенің мәліметтері бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің басымдығымен (55,8%) қалыптасып отыр; салықтық түсімдер, жоғарыда атып өтілгендей, 40,9%ды құрайды, олардың ішінен әлеуметтік салық - 13,7%, жеке табыс салығы - 14,6% басым болып отыр. Сөйтіп, түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады. Әйтседе, орта есеппен, олар түсімдердің 55,8%-ын құрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстардың (Шымкент, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары) бюджеттерінде әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді қаржыландырудың колайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық және басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 70 пайызға дейін барады. Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты. 
Бұл аспектіде республикалық бюджет арқылы бюджеттік алынымдар мен субвенциялар механизмінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейтесті болып табылады, яғни объективті қағидаттарға негізделген бұл механизмді меңгеріп алуды қажет етеді. Мысалға, Алматы өңірінде айтарлықтай сәйкессіздіктер бар: тек Алматы қаласының табыстық әлуеті бүкіл мемлекеттік бюджеттің 25%-ға жуығын құрайды, бұл уақытта қала бюджетінің шығыстары мемлекеттік бюджет шығыстарының 7%-ын құрайды, бұл қала бойынша жиналатын түсімдердің 2/3-сі республикалық бюджетке жұмылдырылатынды білдіреді. Оның үстіне, қалған 1/3 бөлігінен қала бюджеті республикалық бюджетке бюджеттік алынымдар түрінде түсімдердің тағы жартысын аударады. Қарсы жағдайда Алматы облысының жалпымемлекеттік әлуетте 2,6% салықтық әлуеті бола отырып, мемлекеттік бюджет жиынының 4%-дан жоғары шығынын жасайды, яғни бюджет субвенциялар есебінен 50%-ын қалыптастырады. Жергілікті бюджеттердің проблемасы сондай-ак олардың меншігін құрайтын шаруашылық салалары (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және шығармашылық мекемелері, коммуналдық инфрақұрылым - су құбыры, көлік, тазалау службасы және басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл өздері залалды болып келеді және жергілікті бюджеттер қаражаттарының едәуір бөлігін жеп коятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдықетіпбөлген кездебиліктің жергілікті орғандарыныңбасқаруыназалалды кәсіпорындар немесе шамалы кіріс экелетіндері берілген. 
Жергілікгі бюджеттердетиісті қаржы жылынаарнапған оларды әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін резерв қарастырылады. Облыстық деңгейдің атқарушы орғандарының резерві мыналарды кіріктіреді: төтеншерезерв; шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, ағымдағы қаржы жылында оның болжамы жағдайында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтер. 
Аудан деңгейінің атқарушы орғандарының резерві тетенше резервті, шұғыл шығындар резервін, соттардың шешімдері бойымша міндеттемелерді орындауга арналған резервті кірікгіреді. 
Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеггің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету; қорғаныс, коғамдық тәртіп және кауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; көлік және байланыс; экономикалық қызметтіреттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетінтрансферттер, жергілікті атқарушы орғандардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сэулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді. 
Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды коса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару орғандарының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын жергілікті атқарушы орғандарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады. 
Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында каладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің құрамында каладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді: каладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдықтехникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар. 
Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды - білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру экономикалық салалардан - көлікке және отын-энергетика кешеніне жұмсалған шығыстар басым болып отыр (15.1 кестені қараңыз). Қорғаныска жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уакиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді. 
Трансферттерде - жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық тазасы және тиісінше, салықтық түсімдердің жоғары деңгейі бар облыстард^болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады. Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергуикті бюджеттер шығыстарының үлесінде әлеуметтік-тұрмыстық инфра- құрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады, мысалы: тұрғын Үй коммуналдық шаруашылығы - 100%, білім беру - 81,5%, денсаулық сактау - 87,8%, мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік - 60,4%. Әлеуметтік камсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалынған шығыстар 8,9%-ды алады, бұл олардың басқарудың жоғарғы басым әкімшілік етуімен түсіндіріледі. 
Басқа топтар бойынша шығыстардың көлемдері айтарлықтай әжептэуір: басқару (жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер) - 26,8%, коғамдық тәртіп және қауіпсіздік - 18,6%. Жергілікті бюджеттердің шығыс бөлігінде жалпы экономикалық қаржыландырудың үлес салмағы азғантай - 16,1% (мемлекеттік бюджетте - 18,4%), бірак екі жағдайда қызметтің «Көлік және коммуникация» түрі басым болып отыр-тиісінше 10,6% және 9,3%. Жергілікті деңгейдегі қаражаттық түсімдер мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынандай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы,табиғи ресурстар,әлеуметтік және тұрмыстықинфрақұрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат-климат жағдайлары және т.с.с.[1]

 

[өңдеу]Пайдаланылған әдебиет


  1. ↑ Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет

 

[өңдеу]Пайдаланылған әдебиеттер


        1. ↑ Қазақ энциклопедиясы,3 том

        1. ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

 


Информация о работе Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары