Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 17:45, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

Содержание

І КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері...................4
Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері.....................8
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері..13

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫТ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
Мемлекеттік баж обьектілері.........................................................18
Мемлекеттік баж ставкалары.........................................................19
Мемлекеттік баж төлеуден босату.................................................26
Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі..................................................31
Консулдық алым..............................................................................33

3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж.36
3.2. Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету...........40

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................44

Пайдаланған әдебиеттер............................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 380.00 Кб (Скачать файл)

2) нотариаттық iс-қимылдар  жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат  куәландырған құжаттар көшiрмелерiн  (дубликаттарын) бергенi үшiн; 

3) азаматтық хал актiлерiн  тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға  азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн;

4) шетелге баруға және  Қазақстан Республикасына басқа  мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;

5) шетелдiктердiң паспорттарына  немесе оларды ауыстыратын құжаттарына  Қазақстан Республикасынан кету  және Қазақстан Республикасына  келу құқығына виза бергенi үшiн;

6) Қазақстан Республикасының  азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының  азаматтығын қалпына келтiру және  Қазақстан Республикасының азаматтығын  тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;

7) тұрғылықты жерiн  тiркегенi үшiн; 

8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;

9) жеке басты куәландыратын  құжаттарды бергені үшін;

10) қаруды және оның  оқтарын сақтауға немесе сақтау  мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан  Республикасының аумағына әкелуге  және Қазақстан Республикасынан  әкетуге рұқсат бергенi үшiн;

11) жеке және заңды  тұлғалар азаматтық, қызметтiк  қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс  қаруын, механикалық шашыратқыштарды,  аэрозольдi және көзден жас  ағызатын немесе тiтiркендiретiн  заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;

12) Қазақстан Республикасы  бекіткен халықаралық шартқа  сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;

13) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық  көлік құралдарын мемлекеттік  тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін;

14) зияткерлік меншік  саласындағы уәкілетті органның  заңды мәні бар іс-әрекеттерді  жасағаны үшін мемлекеттік баж  алынады.

Мемлекеттiк баждың тiркелген  проценттiк ставкалары Қазақстан Республикасының заң актiсiмен мемлекеттiк баж төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.

                                                                                                      (блок-схема №2)


 



 

 


 

 

 


 

 

 


 


 


 


 

 

 

 

 

    1. Мемлекеттік баж ставкалары

Сотқа берiлетiн талап  арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша  арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық  шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:

1) мүлiктiк сипаттағы  талап арыздардан:

жеке тұлғалар үшiн - талап  қою сомасының 1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - талап  қою сомасының 3 процентi;

2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 30 процент;

3) мемлекеттiк органдардың  және олардың лауазымды адамдарының  заңды тұлғалардың құқықтарына  нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 500 процент;

4) салық тексеруi актiлерi  бойынша хабарламаларға дауласу  туралы талап арыздардан:

жеке кәсiпкерлер мен  шаруа (фермер) қожалықтары үшiн - хабарламада  көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы соманың 0,1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - хабарламада  көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды  қоса алғанда) даулы соманың 1 процентi;

5) некенi бұзу туралы  талап арыздардан - 30 процент.

6) белгiленген тәртіппен  хабар-ошарсыз кеттi деп немесе  жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң  кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз  деп танылған адамдармен, не үш  жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан  айыруға сотталған адамдармен  неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан;

7) тұрғын үй-жайларды  жалға алу туралы шартты өзгерткенi  немесе бұзғаны туралы, мұраға  қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату  туралы талап арыздардан және  мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;

8) ерекше жүргiзiлетiн  iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент; 

8-1) аралық соттар шешiмдерiн,  төрелiктiң шешiмдерiн жою туралы  өтiнiштерден: 

жеке тұлғалар үшiн - талап  арыз сомасының 1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - талап  арыз сомасының 3 процентi;

9) сот шешiмiне жасалған  апелляциялық шағымдардан - мүлiктiк  емес сипаттағы талап арызды  берген кездегi алынатын мемлекеттiк  баж мөлшерiнен - 50 процент, ал  мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша - арыз берушi дауға салып отырған сома негiзге алына отырып есептелген мемлекеттiк баж мөлшерiнен;

9-1) сот бұйрығын шығару  туралы өтініштерден осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген  мемлекеттік баж ставкасының  50 проценті;

10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін - 500 процент;

11) сот шешiмдерiнен,  үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (дубликаттарды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар берген iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайталап бергенi үшiн - әрбiр құжат үшiн 10 процент және, одан басқа, әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;

12) заңды тұлғаларды  банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент. 

Мүлiктiк сипаттағы  және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар қоса көрсетiлген талап арыздар үшiн  мүлiктiк сипаттағы талап арыздар  мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

Нотариаттық iс-әрекеттер  жасағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың  нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн  бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай  мөлшерлерде алынады:

1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 1000 процент;

құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 100 процент;

басқа адамдарға - 300 процент;

құны 30 айлық есептiк  көрсеткiштен жоғары:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 500 процент;

басқа адамдарға - 700 процент; егер мәміле жылжымайтын мүлікті  ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша  алынған қаражат есебінен сатып  алу мақсатында жасалатын болса 200 процент;

2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын  мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын  үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын  мүлiктi) иелiктен айыру туралы  шарттарды куәландырғаны үшiн: 

егер тараптардың бiрi заңды тұлға  болса - 100 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған  аға-iнілерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 50 процент;

басқа адамдарға - 70 процент;

3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен  айыру туралы шарттарды куәландырғаны  үшiн: 

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 700 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған  аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент;

басқа адамдарға - 500 процент;

4) жалға беру, қарыз (ипотекалық  тұрғын үй заемын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiм-шарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн - 500 процент;

4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы  шарттарын куәландырғаны үшiн - 200 процент;

5) өсиетхаттарды куәландырғаны  үшiн - 100 процент; 

6) мұрагерлiкке құқық туралы  куәлiктi беру үшiн - берiлген әр  куәлiкке 100 процент; 

7) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ  меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi беру үшiн - 100 процент;

8) мүлiктi пайдалану мен иелену  құқығы туралы сенiмхаттарды куәландырғаны  үшiн - 50 процент; 

9) сату құқығынсыз автокөлiк  құралдарын пайдалану және басқару  құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;

10) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенiмхаттарды  куәландырғаны үшiн - 200 процент; 

11) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны  үшiн: 

жеке тұлғаларға - 10 процент;

заңды тұлғаларға - 50 процент;

12) мұраға қалдырылған  мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар  қолданғаны үшiн - 100 процент; 

13) теңiздiк наразылық  бiлдiргенi үшiн - 50 процент; 

14) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің  растығын куәландырғаны үшiн (әр  бетiне):

жеке тұлғаларға - 5 процент;

заңды тұлғаларға - 10 процент;

15) құжаттардағы қойылған  қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр  тiлден басқа тiлге аудармасының  дұрыстығын куәландырғаны үшiн  (әр құжат үшiн):

жеке тұлғаларға - 3 процент;

заңды тұлғаларға - 10 процент;

16) жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;

17) құжаттардың нотариат куәландырған  көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент; 

18) дубликаттарды бергенi үшiн - 100 процент; 

19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):

жеке тұлғаларға - 10 процент;

заңды тұлғаларға - 50 процент;

20) жылжымайтын мүліктің кепiл  шарттарын, ипотекалық тұрғын  үй заемдары бойынша талап  етілетін құқықтарды және ипотекалық  куәліктерді куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;

21) вексель наразылығын жасағаны  үшiн және чектiң төленбегенiн  куәландырғаны үшiн - 50 процент; 

22) құжаттарды және бағалы қағаздарды  сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;

23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын  куәландырғаны үшiн - 50 процент; 

24) Қазақстан Республикасының өзге  де заң актiлерiнде көзделген  басқа нотариаттық әрекеттердi жасағаны  үшiн - 20 процент.

Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, өлiм туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:

2) некеге тұруды тiркегенi үшiн  - 30 процент; 

3) некенi бұзуды тiркегенi үшiн: 

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың  өзара келiсiмi бойынша - 200 процент;

сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың  бiреуiнен немесе екеуiнен);

белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз  кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам  мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде 10 процент;

4) тегiн, атын немесе  әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын  өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 10 процент; 

осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 10 процент;

5) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 10 процент;

6) азаматтық хал актiлерiн  тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап  бергенi үшiн - 100 процент;

Информация о работе Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж