Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 01:16, курсовая работа
Мемлекеттің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясы және ел басшылығы Қазақстанды ең жақсы дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосу жөнінде аса ауқымды міндет белгілеп отыр. Осы міндетті жүзеге асыру үшін отандық кәсіпкерлік қуатты экономикалық серпілістің локомотиві болуға тиіс. Ал ол Қазақстандық бизнестен алда тұрған міндетке сәйкес сапалық тұрғыда түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Кіріспе…………………...……………………………………....................................3
1 тарау. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәні мен маңызы.
1.1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары...................................................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибе...........................................................................................................13
1.3. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері және оның келешекте дамуы ..........................................................18
2 тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.
2.1. «Цесна банк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау...............28
2.2. Ауылшаруашылық саласы бойынша лизингтік несиелендіруді талдау....35
2.3. Шағын және орта бизнесті несиелендіру Ақмола облысы бойынша........46
Қорытынды.................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................
Қосымша
АҚ «Цеснабанк» корпоратив және жеке клиенттерге үлкен секторда қызмет көрсетеді. Банктің активтері 30.09.2006ж. қарағанда 1.099 млрд. АҚШ долларына жетті, ол жеке өзіндік капиталдың көлемі 178,8 млн. АҚШ долларын құрады. 2006 жылы 3 тоқсанында банктің таза пайдасы 15,2 млн. АҚШ долларын құрады. Ал банктің жалпы персонал саны 1400 адамға жетті.
Цеснабанктің лизингтік операциясы АҚ Цеснабанк арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кезде банктің
1сурет. АҚ Цеснабанктің филиалдар жұйесі
Банк өнімдерін сату биылғы жыл
-Ипотека
-Көліктерді несиелендіру
-Орта және шағын бизнесті несиелендіру
-ААҚ «Цеснабанк лизинг»
арқылы технология түрінде
-Т.б. кезек күттірмес несиелер
2005 жылы Цеснабанктің валюталық балансы 1,8 есеге көбейді, ал клиенттің шотындағы қалдықтар 2 есеге, жеке тұлғалардың ссудалық қоржыны 2.4 есеге ұлғайды. Ал 2005 жылы банк пен облигациялық программа жалпы соммасы 30 млд. теңгеге тіркелген. Сонымен қатар, банк облигацияның 3 шығарылымы жалпы соммасы 12 млд. теңгеге тіркелген, сонымен қатар облигацияның бір бөлігі қамтамасыздандырылып шығарылған (ипотекалық облигациялар).
ҚР АФН коммерциялық банкінің тұрақтылығылымен сенімділігін арттырумен байланысты талаптарына сай 2005 жылы «Цеснабанк» акцияларын қоғамының жарғылық капиталы 3,7 млд.-тан 10,363 млд. теңгеге дейін, ал банктің өзіндік капиталы 1 жыл ішінде 5390 млн.теңгеден 14242 млн. теңгеге ұлғайды.
Бұл көрсеткіштер - банктің қаржылық тұрақтылығымен оның айқындылығын көтеруге бағытталған тиімді менеджмент жұмысының нәтижесі т.б.
Банк саяси партиялар
мен біріккен, қаржылық өндірістік
топтар қатынастарында бейтараптылық
қағидасын ұстана отырып алымшыларын
клиенттерімен
Біздің банк - біздің клиенттерімізге өмір сапасын жақсартуға, оны қою және толық сапалы болуына мүмкіндік беретін құрал. Банкіміздің төрт шегі төмендегідей:
Цеснабанк - жеке салымымен қарыз алушы үшін өз банк.
Цеснабанк - бұл корпоративті клиент үшін тірек.
Цеснабанк - бұл мемлекет үшін сүйеніш және көмекші.
Цеснабанк - бұл инвесторлар үшін сенімді серіктес. Ал «Цеснабанк» АҚ болашағына тоқталатын болсақ:
2005 жылдың ортасында банк құрылтайшылары бөлшек бағытын дамыту туралы стратегиялық шешім қабылдады. Осыған байланысты банктің топ-менеджментіне табысты жұмыс тәжірибесі бар мамандардан тұратын жаңа ұйым тартылды.
Банктың мақсаты жеке тұлғаларды несиелеуді, дамыту және клиенттерге қызмет көрсету кезінде сервис деңгейін көтеру.
Банк шағын және орта бизнес үшін өнімдерін кең спектрімен белсенді маркетингтік шараларды өткізуге ниеттеніп отыр.
2008 жылға дейінгі бекітілген даму стратегиясы шегінде Цеснабанк осы жылы 2, ал қызметтердің бөлек ұстанымдарынан 3 есе өсімді жүзеге асыруды болжап отыр.
Қойылған мәселелерге қол жеткізудің басты құралдары болып табылады;
Жеке тұлғалармен шағын және орта бизнес үшін банктің өнім сызығын (линейка) тұрақты жаңарту және кеңейту;
Сонымен АҚ «Цеснабанк» өз жұмысын Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірге жүзеге асыруда. Қазіргі кезде банк Қазақстан бойынша алғашқы банктердің 6-ғына кіреді. «Цеснабанк»АҚ болашақтағы негізгі мақсаты банк негізгі көрсеткіштерді жоғарлатып Мемлекетімізге адал қызмет ету.[WWW.tsb.kz]
«Лизинг» терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ, бірақ ол сол ортақ сөз ретінде айтылады. Соған байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде алып қарағанда, лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады.
Лизинг жеке және заңды тұлғаларға белгілі бip мерзімге келісім-шарт бойынша берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бip түpi ретінде анықталады.
Біздің елімізде 2000 жылдың шілде айында қабылданған «Қаржылық лизинг туралы» Заңға сәйкес лизингтік келісімге қатысушы тұлғаларға анықтамалар берілген.
Яғни, лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизингке алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизингке беруші — бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизингке алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бip мезгілде басқа лизинтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизингке алушы — лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизинтік келісімге қатысушы тұлға.
Лизингке беруші лизингке алушығa негізгi капитал элементтерін келісім-шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бip төлем ақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын icкe асырады. Бipaқ, басқа жағынан алып қарағанда лизингке беруші де және лизингке алушы да ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық-шаруашылықтық мәнін жоғарылатады.
Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тиым салынған негiзгi құралдардың жіктелуіне жататын кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады.
«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез-келген тұтынылмайтын заттар лизингтік келісім-шарттық нeгізi болып санала алады.
Кез-келген лизингтік келісімнің негізгі қаржылық нақты айтқанда несиелік операция болып табылады. Мүлік иeci (лизинг беруші) оны пайдаланушыға (лизинг алушы) қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті толық құнына сатып алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен ол соманың орнын толықтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің экономикалық мәні — ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы лизинг берушінің лизинг алушыға берген несиeci. Сонымен, лизинг сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бipaқ екеуінің арасында өзгешеліктер бар. Бұл өзгешелік ең алдымен меншік қатынастарынан көрінедi. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінше шегіндіріледі.
Сонымен, қаржылық
лизинг банктік несиелеудің
болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың
ерекше формасы. Осы формалардың бipi лизингтік
қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастыру болып табылады. Бұндай жағдайда
лизингтік қатынастар тікелей банктер
немесе банктердің еншілес лизингтік
компаниялары арқылы ұйымдастырылады.
Жалпы банктік тәжірибеде коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы несиелік қатынастар әртүрлі формаларда құрылуы мүмкін:
1. Банктер лизингтік компанияларға олардың жүргізетін әpбip операциялары бойынша клиенттің төлем және несиелік қабілеттігіне толық талдау жасалғаннан кейін кепілдендірілген несиелер береді және бұндай несиенің мepзiмi әдетте лизингтік келісім-шарттың мерзімімен толық сәйкес келеді.
2. Банктер лизингтік
компанияларға кез-келген
Көптеген лизингтік компаниялар өз қызметтерін icкe асырудың алғашқы кездерінде ақша қаражаттарын жинақтаудың сыртқы көздеріне, соның ішінде әcipece банктік несиеге көп мөлшерде тәуелді болады. Бұндай жағдай бүгінгі таңда шетелдік тәжірибеде толық түрде дәлелденген. Мысалы, шетелдердегі лизингтік компаниялардың жалпы ресурстарының iшіндегi банктік несиенің үлeci 75%- ке дейін жетеді1.[19.40б].
Сонымен бipгe лизингтік
фирманың банктік несиені көп
мөлшерде пайдалануы сол фирманы
қаржыландырудың осы түріне неғұрлым
көп тәуелді етеді. Сондықтан
банктер мен лизингтік
Бүгінгі таңда eліміздегi отандық лизингтік компаниялардың сырттан қаражаттар тарту мүмкіндігі жылдан-жылға ұлғайып келеді деуге болады. Оны коммерциялық банктерден экономика салаларына бөлініп отырылған несиелер көлемін көруге болады.
8.кесте Коммерциялық банктердің берілген несиелер (млн.теңге)
Көрсеткіштер |
Жылдар | ||||
2002ж |
2003ж |
2004ж |
2005ж |
2006ж | |
Барлығы |
672 407 |
978 128 |
1 484 010 |
2 592 090 |
2 982 403 |
Қысқа мерзімді |
289 014 |
369 775 |
508 596 |
869 136 |
848 913 |
Ұзақ және орта мерзімді |
383 393 |
608 353 |
975 414 |
1 722 953 |
2 133 491 |
Статистикалық бюллетень N 2 (147) АҚПАН 2007 46 бет
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, 2002 жылғы мәліметтер бойынша еліміздің коммерциялық банктерден бөлінген барлық несиелердің 28,5% ғана орта және ұзақ мерзімді сипатта болса, бұл көрсеткіш жылдан-жылға жоғарлап, сәйкесінше 2002 ж. - 49,3%, 2003ж. - 48,1%, 2004 ж. - 50,7%, 2005 ж. - 57%, 2006 жылдың қыркүйек айында 62,4% құраған. Бұдан, қaзіргi уақытта экономика салаларына банктік сектордан бөлініп отырған орта және ұзақ мерзімді несиелердің қысқа мерзімді несиелермен салыстырғанда үлес салмағының жоғарылауы еліміздің экономикалық өcyiнe әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады.
Коммерциялық банктердің берген несиелерін 1-графикте көрсетейік.
1-график. Коммерциялық банктердің берілген несиелері
1-график бойынша коммерциялық банктердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелері 2002-2006 жылдар аралығында көрсетілген.
Сонымен бipгe, лизингтік операциялардың ұзақ мерзімді сипатта болатындығын ескерсек, онда бүгінгі таңда лизингтік компаниялардың коммерциялық қызметінде және отандық лизингтік нарықтың стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруда банктік несиелердің маңыздылығы артуда. Бұндай жағдай лизингтік компанияның банк алдындағы төлемдік міндеттемелерін өз уақытында орындауын және өтімділік деңгейін қамтамасыз етуін талап етеді.
Лизингтік компаниялардың несиелік қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып коммерциялық банктер лизингтік операциялардың көлеміне, бағытталуына және оның нақты түрлерінің дамуына әсер етуге мүмкіндіктер алады.
Американдық экономист Х.Хеймел лизинг туралы өз еңбектерінде: «лизингтік компания лизингтік несиелеуге тікелей қатысуды қаламайды, ол тек банктің қолы ретінде қызмет етуді қалайды" - дейді2. Сондықтан лизингтік компанияның өзін қаржыландыратын банктік мекемелерге тәуелділігінің нәтижесінде банктік капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының жанама әдіci пайда болады. [19.45б]
Ол өндірістi
компанияларға көп шығын
Көптеген экономикалық әдебиеттерде лизингтің келесідей артықшылықтары айтылады:
- лизинг берушілердің тәуекелдтіктері төмен. Ceбeбi, лизинг oбъeктici келісімге кепіл болады. Яғни, лизинг беруші лизингке берілген мүлікке меншік құқығын сақтайды;