Қаржы құқығы негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 21:32, реферат

Краткое описание

Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Қаржы құқығы негіздері.docx

— 27.99 Кб (Скачать файл)

                                  Қаржы құқығы негіздері

      Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 
      Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады.      Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі. 
      Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі ідстерпдің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. 
Ал, керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалй қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды. 
      Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінгі қардыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. 
      Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:

1) бақлыау субъектісі;

2) бақылау объектісі;

3) бақылау заты (тақырыбы);

4) бақылаудың максаты;

5) бақылауды іске асырудың әдістері. 

      Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады. 
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:

1) мемлекеттік органдар;

2) мемлекеттік заңды тұлғалар;

3) мемлелкеттік емес заңды тұлғалар;

4)азаматтар жатады. 

Бюджеттік құқық негіздері 
      Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлелкеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. 
      Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды. 
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне:

1) түзетілген бюджет;

2) бекітілген бюджет;

3) нақтыланған бюджет;

4) мемлекеттік бюджет;

5) жергілікті бюджеттер жатады.

 
Түзетілген бюджет – тиісінше Қазақстан Республкасының Парламентінде Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет. 
Бекітілген бюджет – тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет. 
Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет. 
Мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. 
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті. 
      Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қатамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлелкеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі аквтитері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. 
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарамен жүргізіледі. 
Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

 
Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері 
      Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. 
Салықтың түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көрсететін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады. 
Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы сатылған тауардың құнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық төлеуші тауар сатушыдан, тауарды сатып алушыға көшіп отыр. 
Салықты есептеп шығару тәсіліне байланысты еңбекақыға салынатын және еңбекақыдан тыс салынатын салық болып бөлінеді. Еңбекақыға салынатын салық, салық органы әрбір салық төлеушіге жеке-жеке төленетін салықтың мөлшері көрсетілген өкім бергеннен кейін төлену міндеттілігі күшіне енетін салық. Еңбекақыдан тыс салынатын салық төлеушінің өзі есепттеп шығарып, өзі тілейді. Салық органдары салықтың дұрыс есептеп шығарылуын және төленуін тексереді, бақылайды. 
      Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. Заңды тұлғалардың тапқан кірісінен оның шығыны шығарылып тасталып нәтижесінде түскен пайданың оннан отызға дейінгі пайызы корпоративті салық ретінде мемлекет бюджетіне төленеді. 
Жеке табыс салығын төлеушілер салын салынатын табысы бар жеке тұлғалар (резидент және резидент емес) болып табылады. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:

1) қызметкерджің табысы;

2) біржолғы төлемдерден  алынған табыс;

3) жинақтаушы зейнетақы  қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру  шарттары бойынша табысы жатады.

Жеке еңбек табысының көлеміне байланысты салық мөлшері 5-20 пайызға дейінгі ставкалар қолданылу арқылы есептеп шығарылады. 

Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуы, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымы білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. 
Салық салу объектілер:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады. 

Акциздер. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, оның ішінде: спирттің барлық түрлеріне; алкоголь өніміне; темекі бұйымдарына; құрамында темекі бар басқа бұйымдарға; бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына; жеңіл автомобильдерге (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); шикі мұнай, газ конденсатына және қызметтің төмендегідей түрлеріне: ойын бизнесі; лотореяны ұйымдастыру мен өткізуге акциздер салынады. 
    

Үстеме пайда салығы. Өнімді бөлу туралы келісімшарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушілер болып табылады. 
Көлік құралдары салығы. Егер заңнамада басқадай көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – заңды тұлғалар) көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. 
Мүлік салығы. Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының  аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының  аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. Сол сияқты заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық слау объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті

 

 

 

 

           Реферат

    «Қаржы құқығының негіздері»

     

 

 

                                                 Тексерген: аға-оқытушы, з.т.магистрі

                                                                                           Амантай А.А.

                                                   Орындаған: Ю-31к тобының студенті

                                                                                   Ардақұлы Әлихан

 

 

 

                                   

                            Қарағанды – 2015 жыл

 

 

                                                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қаржы құқығы негіздері