Бағаналы жасушалар туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:49, реферат

Краткое описание

Діңгекті жасушалар (стволовые клетки); (cytos trunci; лат. truncus — бағана, діңгек; грек, kytos — жасуша) - маманданбаған, сирек бөліну арқылы сан тұрақтылығы өздігінен реттеліп отыратын жас жасушалар популяциясы. Бұл жасушалардың ұрпақтары белгілі бір микроортада әртүрлі бағытта жетіліп, бір-бірінен құрылыс айырмашылықтары бойынша ажырап, әртүрлі жасушаларға айналады. Жануарлар эмбриогенезінде діңгекті жасушалар сарыуыз қапшығының қабырғасындағы мезенхима жасушаларынан дамып жетіліп, көпмүмкіндікті (полипотентті) жасушаларға айналады. Діңгекті жасушалар — жануарлар организмінің жасына қарамастан, әр уақытта бөлінуге қабілеттілігін жоғалтпайды, яғни бөлінуге бейім; бірнеше бағытта жетіліп, ұрпақтары әр - түрлі жасушаларға айналады. Діңгекті жасушалардан сүйектің қызыл кемігінде қанның әртүрлі жасушалары дамиды. Лимфоциттер — сүйек кемігінен басқа қан жасау мүшелеріне өтіп, көбейіп, маманданып, эффекторлы жасушаларға айналады. Діңгекті жасушаларға қан капиллярларының (қылтамырлардың) адвентициальды жасушалары да жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

Бағаналы жасушалар туралы түсінік.docx

— 31.35 Кб (Скачать файл)

 

2005 жылы бағаналы жасушаларды  трансплантациялау арқылы бірқатар  ауруларды емдеуде ғалымдар оң  жетістіктерге жетті. Бұндай аурулар қатарында түрлі ісік аурулары, лейкоздың әр түрлі кезеңі және басқа да қан аурулары бірінші кезекте тұр. Сонымен қатар жүрек және жүйке ауруларын емдеуде бағаналы жасушаларды трансплантациялау оң нәтижелерді береді. Түрлі зерттеу орталықтарында миокард инфрактісін және басқа да жүрек ауруларын емдеуде бағаналы жасушалардың қолданылуы зерттелуде. Склерозды емдеуде халықаралық протокол құрастырылды. Инсульт, Паркинсон және Альцгеймер ауруларын емдеуде түрлі әдіс-тәсілдер ойластырылуда.

2006 жылдың тамызында Сеll журналында К. Тахакаси мен

С. Яманака ашқан жаңалығын  жария етті, яғни бұл жаңалықтың негізінде дифференциацияланған жасушалардың қайта плюрипотентті күйге оралуы жайлы мәліметтер жатыр. Осыдан бастап плюрипотентті бағаналы жасушалардың дәуірі басталады.

2007 жылы қаңтарда Уэйк Форест университетінің профессоры Энтони Аталамен бастаған топ амниотикалық сұйықтықтарда бағаналы жасушалардың жаңа түрін ашты. Олардың пікірінше, бағаналы жасушалардың бұл түрі эмбриондық бағаналы жасушаларды алмастыра алады, сол себепті оларды түрлі зерттеу жұмыстарында қолдануға болады.

2008 жылы қаңтарда Роберт Ланза және оның Калифорниялық университеттегі әріптестері ең алғаш болып адам эмбрионын зақымдамай эмбриондық бағаналы жасушаларды бөліп алады.

2008 жылы 30 қазанда адамның  шашынан эмбриондық бағаналы  жасушаларға ұқсас жасушалар  бөлініп алынды.

2013 жылы 16 мамырда АҚШ-тың  халықаралық зерттеу тобы ағзаның  тұтас ағзаның жасушаларын клондау  арқылы бағаналы жасушалардың  жаңа түрін алды.

Қорыта келгенде, бағаналық  жасушалар – әр түрлі бағыттағы  дамудың потенциалын сақтайтын  жасушалар. Бағаналық жасушалардан тері, жүйке, қан және т.б. жасушалар  пайда бола алады. Немесе «көлемдірек» айтатын болсам, бағаналық жасушалар  бірегей жасуша популяциясы болып  табылады, бір уақытта өзіндік  жаңаруға және арнайы жасушалық типтің дифференцировкасына қабілетті.

      Қабылданған  көрініске сай, бағаналық жасушалар  – дифференциалданбаған жасушалардың  негізгі тобы, екі негізгі қасиетке  ие: жаңадан өзіндік өндірілуге  және арнайы тіндерде дифференцировка  жасауға қабілетті. Сонымен қатар,  бағаналық жасушалардың негізгі  қасиетіне пролиферативті потенциалды  жатқызуға болады, көп бөлінуге  және өмір бойы ағзаның популяциясында  сақталып қалуына мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Бағаналы жасушалар — Википедия;
    2. http://kaznmu.kz – бағаналы жасушалардың қолданылуы;
    3. http://bes-asyl.kz – бағаналы жасушалардың маңызы;
    4. dic.academic.ru - Стволовые клетки;
    5. http://portal.agun.kz/e - бағаналы жасушалар.

 


Информация о работе Бағаналы жасушалар туралы түсінік