Биопрепараттар технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 11:45, курсовая работа

Краткое описание

Залалсыздандыру – әр түрлі факторлардың әсерімен патогенді микроорганизмдер мен олардың спораларын жою іс-шаралары.
Биопрепараттар - жұқпалы ауруларды анықтау, олардың алдын алу, емдеу және балау мақсатында қолданылатын препараттар. Олар емдік, алдын алу және балау мақсатында қолданылатын препараттар.
Стерилизация - микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.

Содержание

Кіріспе 6
Негізгі бөлім 8
1. Реактивтердің түрлері, маңызы және олардың қолданылуы 8
2. Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері 13
2.1 Стерилизациялаудың түсінігі мен әдістері 13
2.2 Стерилизациялау параметрлері 18
2.3 Ыдыстарды зарарсыздандыруға қойылатын талаптар 20
2.4 Жуылған ыдыстың тазалық дәрежесiн анықтау 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

Вложенные файлы: 1 файл

Бека_курсовая печать.docx

— 413.89 Кб (Скачать файл)

Жуу құралы бар 3% сутегі пероксид ерiтiндiсiн  су құбыры суында дайындайды. 10 л сутегі пероксидiнің 3% ерітіндісін дайындау үшiн оны судың тиiстi мөлшеріне  қоса отырып, 1200 мл пергидроль алады. Осы  ерiтiндiде ыдысты сексен минут бойы ұстайды. Дайындалған дезинфекциялау ерiтiндiлерін сақтау жиырма төрт сағаттан артық болуы тиіс. 
Бiр ерiтiндiнi қайталап пайдалануға жол берiлмейдi.

Жуылған ыдыстың сапасын бақылауды  бөгде заттың болмауын және сауыттың бүйiрлерiнен оны шайғаннан кейiн  судың бiркелкi ағуын көзбен шолу арқылы жүргiзедi.

Қажет болған жағдайда синтетикалық жуу және жуу, дезинфекциялау құралдарының толық  жуылғанын рН шамасы бойынша потенциометриялық  тәсiлмен анықтайды (ыдысты соңғы шайғаннан  кейiнгi судың рН бастапқы судың рН сәйкес болуы тиіс).

Шайғаннан кейiн оның ластануын болдырмау  үшiн әрбiр сауытты немесе шөлмекті алюминий фальгамен жауып қояды.

Сыналатын жуылған сауытты тазартылған  сумен шаяды (сауытты сумен толық  толтырады). Жуған сумен мақта  тампонын сулайды, оған фенолфталеиннiң  спирттi ерiтiндiсiнiң бір-екі тамшысын тамызады. 
      Жуу құралдарының қалдығының болуы мақта тампонын қызғылт түске бояйды.

 

1-схема. Ыдыстарды залалсыздандыру реттілігі

 

Қолданылған               механикалық тазарту              сабынды су


     ыдыс                                                                            ерітіндісі

                   

    кептіру                Дистилденген суда шаю                    Ағынды              


                                                                                              суда шаю

 

       құралдарды стерилизацияға              автоклавтау               Сынама 


                     даярлау                                                                       жүргізу                       

2.3 Ыдыстарды  зарарсыздандыруға қойылатын талаптар

 

Зарарсыздандыру дәрмектерімен жұмыс істегенде: құрғақ дәрмектерді бөлгенде, олардан  жұмысшы ерітіндісін дайындағанда мынандай сақтану шаралары орындалуы  тиіс:

1) зарарсыздандыру  жұмыстарының барлық түрін халат  немесе комбинезон, резеңке қолғап, көзге көзілдірік киіп, алжапқыш  байлап, дем алу ағзаларын респиратормен  қорғау;

2) жұмыстан  соң беті мен қолын сабынды  сумен мұқият жуып, зарарсыздандырғыш  дәрмекке берілген әдістемелік  нұсқауға сай, көздің шырышты  қабатына, ауыздың шырынды қабатына  дәрмек тиген жағдайда ол жерлерді  таза судың немесе арнайы ерітінділердің  мол мөлшерімен шаю.

Стерилизация жасау алдындағы  тазалау жұмысы атқарылған кезде  жуғыш заттар, ингибиторлар және басқа  да қоспалар қолданылуына жол беріледі.

Стерилизация жасау алдындағы  тазалау жұмысы, берілген құрылымның жабдықталуы туралы нұсқауға сай  қолмен немесе механикалық әдіспен  жуғыш заттарды қолдану арқылы жүргізіледі. Бөлшектері бір-бірінен ағытылып алынатын бұйымдарға стерилизация жасау алдындағы  тазалау жұмысы, оларды бөлшектеп  алынғаннан кейін жүргізілуі тиіс.

Бу және ауа арқылы стерилизациядан  өткізгенде, оған химиялық, биологиялық  тестілерді және термохимиялық индикаторларды қолдана отырып, оларға физикалық, химиялық және бактериологиялық әдістер арқылы бақылау жүргізіледі.

Бу және ауа арқылы стерилизациялау  циклын өткізгенде, оның жұмыс тәртібінің параметріне физикалық, химиялық әдістермен бақылау жасалынады; бактериологиялық жолмен стерилизатор жұмысының тиімділігі анықталады.

Стерилизациялық құрал-жабдықтардың өлшем құралдары заңнамамен белгіленген тәртіпте тексерілуі тиіс.

Аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен стерилизациялаудың тиімділігін анықтау үшін іріктеу  арқылы бақылау жасалынады.

Температуралық бақылау жұмыстарын жүргізгенде, тестке (химиялық, биохимиялық  тесттер, термохимиялық индикатор) арналған материалдарды орайтын  қағаз пакеттерге стерилизациядан  өткізетін материалдармен бірге  салып, стерилизатордың бақылау  жасайтын нүктелеріне сәйкес орналастырады.

Стерилизаторлардың паспорттары, техникалық жағдайын тексерілген, стерилизацияның  тиімділігін көрсететін актілер  мен хаттамалар ауруханалық ұйымның  стерилизация 3/4-ін жауапты тұлғада  сақталады.  
      Стерилизаторлардың жұмысына бақылау жүргізетін физикалық әдіс температураны, қысымды, өлшейтін құралдар (термометр, үлкен термометр, манометр) арқылы жүргізіліп, стерилизация жүргізілген уақыт өлшенеді. Стерилизаторлардың жұмыс тәртібінің параметрі, аппараттың паспортында көрсетілген талаптарға сай, стерилизация циклы жүргізілген барлық уақытта тексерілуі тиіс.

Стерилизацияға химиялық әдіспен  бақылау жасау химиялық тесттердің көмегімен, термоуақыт және термохимиялық  индикаторлар арқылы жүргізіледі. Стерилизацияның  аяқталғандығы индикатор түсінің  өзгеруіне қарап анықталады.

Бактериологиялық әдіс - микробтар  спораларының дозаланған санын құрайтын биологиялық тесттердің көмегімен  жүргізіледі. Биологиялық тесттер  санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бактериологиялық зертханаларымен, басқармаларымен  немесе санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мекемелерімен дайындалуы тиіс [11].

Стерилизациялау жұмысы біткеннен кейін, биологиялық  тест полиэтиленді қапшыққа салынып, сол  күні ілеспе құжатпен бірге бактериологиялық зертханаға жеткізіледі.

Стерилизациядан өткізу үшін сүзгіші жоқ қораптарда немесе сүзгіші бар қораптарға салып  немесе жұмсақ бөзге немесе пергаментке  екі рет оралған, қапшық тігетін  қағазға, ылғал өткізбейтін затпен өңделмеген қапшық тігетін қағазға, Е маркалы автоматта орау заттарын дайындайтын және бумен жұмыс  істейтін стерилизаторларда жұмыс  атқаруға арналған қатты қағаздарға орайды.

Стерилизациядан өткен бұйымдардың сақтау мерзімі: сүзгілі қораптарда стерилизациядан  өткендер үшін - жиырма тәулік, ал басқалары  үшін - үш тәулік.

Қапшық  тігетін қағаздан, ылғал өткізбейтін  қағаздан, Е маркалы автоматта  орау заттарын дайындайтын және жоғарғы  сападағы қатты қағаздан, екі қабатты  қатты қағаздан жасалған орамда ыстық  ауаны қолдану арқылы құрғақ өнімдерді стерилизациядан өткізу үшін ашық ыдысты қолданады.

Орамасыз  стерилизациядан өткен өнімдер  стерилизациядан өтісімен пайдаланылып, ал оралған күйде стерилизациядан  өткен бұйымдар үш тәуліктің ішінде қолданылады.

Стерилизациядан өткізу үшін екі қабатталған қалыңдығы  
0,06-0,2 милиметр полиэтиленді пленкамен, пергаментте, сіңірмейтін қапшықтық қағазда, ылғалға төзімді қапшықтық қағазда, Е маркалы автоматта өнімдерді орауға арналған қағазда, жоғары төзімді орайтын қағазда, қатталған қағазда, тұрақты газ стерилизаторында, микроанаэростатында, портативті құралдарда өткізеді.

Полиэтиленді  пленкаға оралған стерилизациядан  өткен бұйымдардың сақталу мерзімі - бес жыл, ал басқа оралымдағылар  үшін - жиырма күн.

Бұйымдар  стерилизациядан өткеннен соң желденетін бөлмелерде, темір мен шыныдан  жасалған бұйымдар үшін бір тәулік, пластмасса және резеңкеден жасалғандар  үшін - бес-он үш тәулік, шырышты қабатпен, түтінмен, қанмен жанасатын (отыз минуттан аса) барлық бұйымдар үшін он төрт тәулік, балаларға арналған полимерден жасалған бұйымдар үшін - жиырма бір тәулік.

Формалиннің буымен стерилизациялау арнайы стерилизаторларда жүргізіледі. Стерилизациялау тәртібі аяқталғаннан соң формалиннің қалдықтарының әсерін бейтараптандыру үшін, олар 60 минут бойы аммиакпен өңделуі тиіс.

 

2.4 Жуылған ыдыстың тазалық дәрежесін  анықтау.

 

Стерилизацияланған  ыдыстарға, құралдарға азопиран, амидопирин және фенолфталейн сынамасы өткізіледі.

Азопиран сынамасы: ыдыста гемоглобин, қышқыл, хлор тектес заттар, жуғыш ұнтақ, таттың бар жоғын анықтайды.

Азопирам  құрамы: 100мл амидопирин, 1мл тұзқышқылды  анилин; осы аталған заттарды құрғақ ыдыста араластырып, көлемін 1л дейін 96% спиртпен келтіреміз. Қоспаны таяқшамен  құрамындағы заттардың бәрі ерігенше араластырамыз. Мұқият жабылған шөлмекте +4С (тоңазытқыш) 2 ай, +18-тан 4-20С  1ай сақтау керек. ЕСКЕРТУ! Сақтау уақытында ерітіндіде тұнбасыз сарғыш түстің пайда болуы  оның жұмыс қабілетін төмендетпейді. Тазалық дәрежесін анықтауда  жұмыс ерітіндісін (2 сағатқа дейін  сақтау) даярлаймыз. Ол үшін бірдей көлемде  азопирам және 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін араластырып, аталған  қоспадан даярланған ерітіндіні құралға  тамызамыз да 1 минут бақылаймыз. Реакция нәтижесі оң болса:

-күлгін  көк түсті- қанның бар екендігін

-қоңыр-  хлор тектес заттың,таттың бар  екендігін

-ақшыл  қызыл- жуғыш заттың бар екндігін анықтайды [18].

 

 

Амидопирин сынамасы – залалсыздандырылған заттарда қан жұғындысының бар жоғы анықтайтын әдіс.

Қоспа құрамы:

- 5% амидопириннің  спирттік ерітіндісі,

- 30% сірке  қышұылы ерітіндісі,

-3% сутегі  асқын тотығы ерітіндісі.

Аталған компоненттерді бөлек ыдысқа салып  араластырып,қоспаны құралдың биоматериалмен жанасқан бөлігіне тамызамыз. Реакция  нәтижесі 1 минут ішінде анықталады, 2 минутта анықталған нәтиже есепке алынбайды. Егер нәтиже оң болса күлгін (көк-жасыл)түс пайда болады. Жұмыс  ерітіндісі жұмыс алдында даярланады. ЕСКЕРТУ! Амидопирин немесе азопирин сынамалары оң нәтиже көрсетсе, барлық заттар ағынды су астында шайылып, жуғыш ерітіндіде жуылып, қайта стерилизацияланады [18].

 

Фенолфталейн сынамасы.

 

Ыдыстардың беткейін жууға арналған белсенді заттарды фенолфталейн сынамасымен анықтайды. Құралға 2-3 тамшы тамызып, нәтижені бақылайды. Қызғылт түстің пайда болуы, онда жуғыш заттың бар екендігін білдіреді. Мұндай жағдайда құралдарды ағынды судың астында сосын дистилденген сумен шаю керек [19].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Биопрепараттар  технологиясында залалсыздандыру  жұмыстары залалсыздандыру обьектісіне  байланысты түрлі химиялық препараттар  көмегімен және аппараттармен жүргізіледі. Реактивтердің басым бөлігі екі  не үш сипаттамалар бойынша, ал кейбіреулері, мысалы, биология мен спектрлік зерттеулерде қолданылатын реактивтер 20-дан аса сипаттамалар бойынша анықталады. Реактивтердің қолданбалы және арнаулы түрі болады. Реактивтердің тиімділігі, әсері оның құрамына, экспозициясына, концентрациясына баланысты.

Биопрепараттар технологиясында  бұйымдар қолданғаннан кейін дереу  толығымен жұмыс ерітіндісіне салынады.

Алынбалы-салынбалы бұйымдар ерітіндіге ажыратылған түрде салынады. Ілгекті бөлігі бар бұйымдар ашық түрде, ілгек маңындағы қиын жерлерге ерітіндінің жақсы енуі үшін бірнеше қозғалыс жасап, матырылады.

Бұйымдардағы арналар  мен қуыстарға ауа қалмайтындай етіп ерітінді толтырылады.

Заты ерітіндісі кем  дегенде 1см асып тұруы қажет.

Жұмыс ерітіндісінің температурасы +18°С болуы тиіс.

Дезинфекциялық өңдеуден кейін  бұйымдар сыйымдылықтан алып, заттек қалдықтарын ағын ауызсумен 3 мин  бойы шаю қажет, арналарды шаюға  аса назар аудару қажет (шприц  немесе электрсорғыш көмегімен). Ағын суында шайып, дистилденген сумен жуылады. Зертханалық ыдыстар, құралдар түрлеріне  байланысты автоклав, кептіргіш шкафта стерильденеді.

Залалсыздандыру жұмыстарын тиянақты, ережеге сай жүргізу өндірістік жұмысты ақырына дейін жеткізіп, нысанды таза өнім алып, мақсатқа жетуге себепкер болады. Стерильді ыдыс, құрал-жабдық, құрылғы және құрамы дұрыс құрастырылған  реагентті қолдану  биопрепараттар технологиясының міндеттемесі болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

2. Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы. 2006. – 176 б.

3. Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

4. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

5.  Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

6. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

7. Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

8. Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.

9. Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

Информация о работе Биопрепараттар технологиясы