Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:39, реферат
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
«Жұқпалы емес аурулар және
Реферат
Тақырыбы: « Жүрек қантамыр жүйесінің функционалдық қабілттілігі»
Орындағандар: ВС-31 топ студенттері
Куанышкалиев Д.С, Кожахметова Н.А.
Орал, 2013
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.
Қарыншаға қарағанда
құлақшаның қабырғасы
Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың. Өйткені сол қарыншадан бүкіл денеге тарайтын қолқа қан тамыры басталады. Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді) қақпақшалар жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалардың жиегіне қарыншалардың ішінде орналасқан емізік тәрізді бұлшық еттер бекіп, жақтаулы қақпақшаларды қарыншаларға қарай ашады. Ж-тің қарыншалары мен олардан басталатын артериялық қантамырлардың арасында үш жарты тәрізді қақпақшалар бар. Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады. Ж-тің миокард қабаты да көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады, оның қаңқа бұлшық ет ұлпасынан айырмашылығы – Ж-тің бұлшық ет талшықтары торланып орналасқан жән
Жүректің ішкі қабының аурулары
Жүректің ішкі қабының қабынуы (Endocarditis – эндокардит). Өтуі боййынша жіті (endocarditis acuta) және созылмалы (endocarditis chronica), орналасуы бойынша – қақпақшалардағы және қабырғалардағы, аурудың сипаты бойынша – сүйелді (endocarditis verrucosa) және жаралы (endocarditis ulceroan) түрлерге бөлінеді.
Себептері. Эндокаридия
– ылғида, індетті-уланудан болатын
қосалқы ауру. Жүректің ішкі қабының
қабынуы оның етінің
Дамуы. Эндокардиттің
дамуында қабыну мен қатар
шіру (некроз) және бұзылу процестері
де жүріп жатады. Ауруға, көбінесе
жүректің қақпақшалары
Микроорганизмдердің қозғыштық қабілеттеріне байланысты сүйелді не жаралы эндокардит түрлерінде дамулары мүмкін. Сүйелді эндокардитте, ауру бет қабатының қабынуы түрінде өтіп, бет қабатын өзгертіп, азғындатып, шірітуге дейін апарады. Сонымен қақпақшалардың бетінде фибрин, тромбоциттер, лейкоциттер жиылып қабаттанады, сонан соң жиылған заттар бірігіп, дөңгеленіп, түрлері сүйелге ұқсап өседі де көбінесе қақпақшалардың бір-біріне өсіп бітісіп кетуі мүмкін. Осының барлығы қақпақшалардың формаларын өзгертіп, қызметтерін бұзады, соның нәтижесінде қан айналысы да қатты бұзылады. Ауру көбінесе жүрек ақауларына әкеліп соғады. Осы сияқты ауытқу процестері қабырғада орналасқан эндокардитте де кездеседі.
Жаралы эндокардитте
борпылдаған фибрин
Жіті қабынудың белгілері
басылыңқырап, қоздырушы микроорганизмдер
мен уыттар эндокардқа ұзақ
уақыт бәсеңқарқынмен әсер
Қорытынды
Қорыта келгенде, жүрек
қан тамырлары ауруы ауыл шаруашылық
экономикасына көптеген зиян келтіретіні
белгілі. Соның үшін жүрек қан
тамырлары ауруларын болдырмау
шараларын жақсы меңгеру керек.
Осы аурулармен ауырған жануарларды
жылдам және нәтижелі емдеу керек. Менің
өзімнің ойыммен айтқанда жүрек
қан тамырлары аурулары жұқпалы
емес болғандықтан, көбірек сақтандыру
шараларына көңіл бөлу керек. Сақтандыру
шараларын нәтижелі жүргізетін болсақ,
бұл ауруды болдырмауға болады. Бұл
қан тамыр аурулары көбірек азықтандырудан,
уланудан, жарақаттардан және суық
тигеннен келіп шығатындығы белгілі.
Сол үшін осы шараларды ветеринарлық-
Пайдаланылған әдебиеттер
1. М.Қожабаев, Ш.М.Қаратаев. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. Шымкент, 2006.
2. Акатов В. А., Париков
В. А. Ультразвук и его
3. Институт Биофизики
АН СССР. Использование
4. Медведев И. Д. Физические методы лечения животных. М„ «Колос», 1964.
5. Белоусов В. Е. Математическая электрокардиология. Минск, «Беларусь», 1969.
6. Гутира Ф. и др. Частная патология и терапия домашних животных, т. II. М., Издат. с.-х. лит.журналов и плакатов, 1963.
Информация о работе Жүрек қантамыр жүйесінің функционалдық қабілттілігі