Инфекциялық аурулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2015 в 15:19, реферат

Краткое описание

1. Құтырудың белгілері
2. Тырысқақтың белгілері
3. Алдын алу іс-шаралары
4. Аурулардың әлемдегі жағдайы

Вложенные файлы: 1 файл

Құтыру реферат.docx

— 29.59 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

 

 

«Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасы

 

 

Реферат

Тақырыбы: «Инфекциялық аурулар»

 

 

 

Дайындаған: ВМ-31 топ студенті

                           Тажигулов.Т.А

Тексерген: о. Жумагалиева Г.К.

 

 

 

 

 

Орал, 2015

Мазмұны:

  1. Құтырудың белгілері
  2. Тырысқақтың белгілері
  3. Алдын алу іс-шаралары
  4. Аурулардың әлемдегі жағдайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құтырма (адамда - гидрофобия) – барлық жылы қанды жануарлар-хайуанаттарда кездесетін ауру, ол тістеу арқылы, сілекеймен қанға беріледі, яғни жұғады. Құтырма энцефалит (бас миының қабынуы), сал ауруы, құрысқақ түрінде шығады. Аурудың соңы өлім-жітімге әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Құтырма Құтырма (гидрофобия) – ауруды жұқтырған жануарлардың тістеуінен, тырнауынан және сілекейлеуінен дамитын адамдар мен жануарлардың табиғи ошақты ауруы. Құтырма ауруының вирусы ауру жануардың сілекейімен көп мөлшерде бөлінеді. Құтыру - адамның ми жасушаларын қатты зақымдайтын жыртқыштар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болатын вирустық зоонозды жұқпа.

  Бұл дерт көз жұмуға  әкеп соғатын жүйке жүйесінің  тозу белгілері: қозушылық, агрессиялық, ой қабілетінің төмендеуімен  сипатталады. Алғашқы құтыру ауруын  Авл Корнелий Цельс сипаттаған(біздің  дәуірге дейінгі I - ғасыр), ол оны  судан үрей деп атаған. Құтыру  ауруы адамдарға көбінесе, үй  хайуанаттарынан – иттерден, мысықтардан (сирек кездеседі), сондай - ақ ет  қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі) тарайды. 1885 жылы Луи Пастер адамды аурудан  сақтайтын антирабиялық вакцина  ойлап тапқан. 
 
Аурудың қоздырғышы вирус болып табылады, ал жұқпа көзі және жұқпа қоры – жұқтырылған мал. Вирус ауру басталғанша дейін 8 - 10 күннің ішінде жұқпалы сілекеймен білінеді. Вирус қаңғыма иттерде айналып, мысықтар мен ауыл шаруашылық малдарында таралады. Таралу механизмі – қарым - қатынас арқылы, адам әдеттегідей мал қапқан кезде, құтыру ауруымен ауыратын науқастардың сілекейінен таралады. Аэрогенді таралу жолы да ықтимал (жарғанаттар мекендейтін үңгірлерде, зертхана ішіндегі жұқтыру), тамақтан және трансмиссивтік – жәндіктердің шағуы арқылы. Дәрігерлерге кеш қаралу, егу тәртібінің бұзылуы, егулердің аяқталмау салдарынан құтыру ауруы белең алады. 
 
Клиникалық түрде 3 кезең белгіленеді: бастапқы (депрессиялық), қозушылық және сал аурулар кезеңі. Ауру алдындағы белгілер бұрыннан жазылған жара орны солқылдап аурады және күйдіріп ашиды, шаққан жер қызарып, іседі. Дене қызуы орташа немесе субфебрильді. 
 
Алдын алу шаралары - алдын алу егулер, қаңғыма және құтырма иттерді жою, үй жануарларын дұрыс ұстау ережелерін сақтау ҚР және басқа елдерде үй жануарларының тасымалдануын бақылау арқылы мал арасында жүйелі түрдегі жоспарлы күрес. 
Елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау, тіркеу және есепке алу тәртібін жергілікті әкімшілік белгілейді. 
 
Белгілі кәсіптегі тұлғалар арасында (ит аулаушылар, ветеринарлық зертхана қызметкерлері, аңшылар) құтыру ауруының жұқтырылуына жол бермеу үшін алдын алу егу курсын жүргізеді. Мал тістеген немесе тырнағанға ұшыраған науқастарды дереу травматологиялық бөлімшеге, ал ол болмаған жағдайда егу тағайындап, жасау үшін хирургия бөлімшесіне жібереді. Құтыруға қарсы жүргізілетін вакцинация курсы ит қапқаннан кейін 14 күнін кешіктірмей бастағанда ғана тиімді.

Көптеген жағдайларда инфекцияның көзі иттер мен мысықтар болып табылады. Құтырманың табиғи ошағы қасқырдан, түлкілерден және басқа да жануарлардан болып, олардан инфекция қаңғыбас иттер мен үй ануарларына жұғады. Ағзаның орталық жүйке жүйесі зақымдалып, көбінесе өліммен аяқталады. Вирус ағзаны зақымдаған сәттен және ауру басталғанға дейін 12 күннен бір жылға дейінгі уақытқа созылуы мүмкін. Құтырманың алдын-алу шаралары: Жануардан зақым алған жағдайда – қаланың травматологиялық пункттеріне медициналық көмекке уақытында қаралыңыз. Құтырмаға қарсы алдын алу екпелерін дәрігердің тағайындауы бойынша мезгілімен қабылдаңыз. Құтармаға қарсы екпелер тегін жүргізіледі. Қандай да жағдайда болмасын жануарды өлтіруге болмайды, ветеринарлық қызмет құтырма ауруын жою үшін 10 күн бақылауды анықтаған.

 

Құтырма – малдың орталық жүйке жүйесінің зақымдануын аңғартатын вирустық ауру түрі. Қоздырғыш ауруға шалдыққан жануардың сілекейі арқылы беріледі. Құтырма вирусы сыртқы ортада қайнату барысында 2 минуттан соң, дезинфекциялағыш ерітінділер көмегімен 3-5 минуттан соң жойылады. Олар кепкен және қатырылған (мұздатылған) күйде ұзақ сақталады. Сонымен қатар құрал-саймандарға, қондырғыларға, бөлме-жайларға т.б. дезинфекциялау шараларын жүргізу қажет.

Құтырманың асқыну немесе көбею барысы 30-90 күнге дейін жалғасады. Алайда, ол 7 күннен 1 жылға дейін созылуы да мүмкін. Құтырманың жалпы клиникалық бейнесі көпшілікке танымал. Науқас көбінесе жағымсыз күйлерден басталады. Тіс батқан жер ауырады. Мұның арты лихорадкаға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар адамнан ұйқысы қашып, көңіл-күйі болмайды, қорқыныш, шаршау сезімі мен түрлі дыбыстар мен бейнелерге түршігіп тұрады. Сондай-ақ, тыныс жолдары мен жұтынуы қиындап, ақыл-есі бұзылып, сандырақтауы мүмкін.

Осы күнге дейін құтырманы емдеудің тиімді жолдары бар. Аурудың асқынуы адамды өлімге алып келеді. Өлім-жітімге әкеп соқтыру ертеректегі уақыттағыдай 100 %. Осыған байланысты жануарлар тістеп алған жағдайда бұл аурудың асқынып кету қаупінің алдын алуға бағытталған шараларға үлкен назар аударылады. Құтырманың асқынып кетпеуінің өзіндік жолы да бар, ол — уақытылы антирабикалық вакцинаны егу. Бұл жануарлар тістеген жағдайларда ауруханаға қаралу кезінде антирабикалық иммуноглобулин егіледі.

Мына кеңестерді білу қажет: жануар тістеп алған жағдайда, жедел түрде травпунктке барып, антирабикалық көмек алу қажет. Антирабикалық көмек жарақат орнын өңдеуден (жарақат орнын сабынды сумен мұқият тазалау), антирабикалық вакцинаны немесе антирабикалық иммуноглобулин (АИГ) мен антирабикалық вакцинаны қатар салудан тұрады. Емдік курс жалпы 6 екпеден (0-күн, 3-күн, 7-күн, 14-күн, 30-күн, 90-күн, бұл егер тістеп алған жануар белгісіз болса, немесе өліп қалса) тұрады. Белгілі жануар тістеп алған жағдайда ветеринарға бұл жануарды тексерту қажет. Жануарды асырауға алған адам оның денсаулығы мен күтіміне жауап беру керек. Соңғы кездері белгісіз егеуқұйрықтар тістеп алған жағдайлар тіркеліп жүргенін ескерте кеткенді жөн көріп отырмыз.

Жануарлар тістеп алған жағдайда дәрігерлік көмекке көңіл бөліп қарау керек және құтырмаға қарсы екпелердің толық профилактикалық курстарынан өтуі қажет.


 

Құтырудың белгілері:Хайуандарда

  • Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;
  • Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды;
  • Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін.
  • Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

 

Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3—7 аптадан кейін) байқалады. Емдеудіалғашқыбелгілерібілінгенгедейінбастаукерек. Ал олбелгілеркөрінгенненкейінештеңе де, тіпті осы заманғы медицина да адамөмірінқұтқара ала алмайды.

Алдын алу:

  • Құтырды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз);
  • Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;
  • Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан бала-ларды аулақ үстаңыз.

Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады.

Тырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.

Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.

Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.

Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.

Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.

Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.

 

Әлемдегі жағдайы:

Көптеген елдерде тырысқақ адамдардың денсаулығына төнген қауіп болып отыр. 2010 жылғы шілде айының басына жер шарында тырысқақтың 9655 жағдайы тіркелген. Тырысқақтың бұрқ етуінің ең жоғарғы қаупі көшпелі қоғамдарда және қашқындар лагерлерінде сақталуда, көп жағдайда, себеп - санитария деңгейінің төмен болуы және қауіпті ауыз судың жоқтығы. Сіз баруға жоспарлаған елде тырысқақ ауруы бойынша жағдай туралы ақпаратты алу үшін денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына баруға болады. ДДҰ мәліметтері бойынша 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша келесі елдерде тырысқақ тіреклген:

  • Африка: Ангола, Замбия, Зимбабве, Кения, Мозамбик, Нигерия, Судан, Уганда, Ангола;
  • Азия: Бангладеш, Вьетнам, Гонконг, Индия, Камбоджа, Республика Корея, Папуа-Новая Гвинея, Тайланд.

Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.

Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:

  • эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,
  • емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,
  • арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен,, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,
  • этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,
  • халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.

Жеке қорғаныс шаралары:

Аурушаңдықтың қаупі жоғары аудандарда тұратын немесе сапарға шығатын адамдар өздерін жіті ішек ауруларынан, соның ішінде тырысқақтан гигиена мен тамақты дұрыс дайындаудың мына ережелерін орындай отырып, сақтана алады:

  • Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.
  • Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз. Ыстық шай не кофе, шарап, сыра, газдалған су немесе алкогольсіз сусындар, және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар әдетте қауіпсіз саналады.
  • Егер қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, мұзды пайдаланудан бас тартыңыз.
  • Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз (қайнатылған, пісірілген/қуырылған, ыстық сумен жуылған (жеміс, көкеніс) немесе қабығынан аршылған, т.б.).Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.
  • Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз.
  • Пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.
  • Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медицианлық көмекке жүгініңіз. Медициналық көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, мысалы, сорпа ішкен жөн.

 

Тырысқақ қалай жұғады:

Тырысқақтың жұғу жолдары - тырысқақ вибрионын тасымалдаушылармен тығыз қарым-қатынаста болғанда, , науқас адамды күту кезінде, жеке бас гигиенасының сақталмауы, тырысқақ қоздырғыштарымен ластанған ашық су көздерінде шомылу, сол лас су көздерін ауыз су ретінде пайдалану жағдайларында, сондай-ақ тырысқақ қоздырғыштарымен ластаған тамақ өнімдерін пайдаланған кезде жұғады.

Алдын алу жолдары:

- көкөністер мен жеміс-жидектерді  таза суға жуып пайдаланған  аса маңызды; 

- жеке бас гигиенасын  әсіресе балалар арасында қатаң  сақтау қажет;

- ауыз суды міндетті  түрде қайңатып ішіңіз;

- дайындаған тағамдарды  ашық қалдырмаңыз;

- жылдам бұзылатын тағамдарды  тоңазытқышта сақтаңыз;

- үйдегі қоқысты уақытылы  шығарыңыз;

- ас ішер алдында, дәретханадан  кейін қолдарыңызды сабындап  жуыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, I том
  2. http://www.kazakzaman.kz/
  3. http://baq.kz/
  4. http://med-kz.ucoz.com/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Инфекциялық аурулар