Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 18:02, контрольная работа
Қазіргі кезеңдегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бір қатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің рейтінгісін анықтауға кірісіп, оның теориялық тұжырымдамалары жасалып жатыр.Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономиканың өсуі мен дамуы білім және ғылым жүйелерінің жаңаруымен тікелей байланыстылығын байқаймыз.
1. Әскери-патриоттық тәрбиені алғашқы әскери дайындық пәні арқылы іске асыру жолдары.
2. Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиттық тәрбие беру және оқыту іс- тәжірибемнен.
3. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жаңа үлгісі.
Жоспар:
1. Әскери-патриоттық тәрбиені алғашқы
әскери дайындық пәні арқылы іске
2. Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиттық тәрбие беру және оқыту іс- тәжірибемнен.
3. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жаңа үлгісі.
1. Әскери-патриоттық тәрбиені алғашқы әскери дайындық пәні арқы іске асыру жолдары.
Қазіргі кезеңдегі шапшаң
жүріп жатқан жаһандану үрдісі
әлемдік бәсекелестікті
Ұрпақ
тәрбиелеуде мынадай нақты
интернационализмге, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік пен Отанға, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әкереи борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Жастарға ұлттық-потриоттық тәрбие берудің бір мақсатты жастардың бойындағы игілікті құлшыныстар мен сезімді ояту, жандандыру, адамның ар-ожданына, абройына, ерік-жігеріне, парасатына ықпал ету, адам бойындағы басты сезім-парыз сезімін ұштап тәрбиелеу.
2. Алғашқы әскери дайындық
пәнінде патроиттық тәрбие
Отанымызды қорғау ісі —
Қазақстан Республикасынның
Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышы тұтар аяулы ұлдары-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіріов сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны потриотизм рухнада тәрбиелеудің темір қазығы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу-білім берудің мектепке дейінгі жүйесін жоғары оқу орнына орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқатынан, наным-сенімінен туындайды. Отанға деген сүйіспеншілік бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патротизм элементері ерте заманнан бастап қалыптаса бастады. «Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек. Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деп аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген және ол сезімнен қуат алған, ел қорғаны болған перзенттері бар елдің алар асуы мен шығар белесі әлі алда. Олай болса, осы жерді жан тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар да-отансүйгіштік рухта тәрбиеленген жастар болып табылады.
Біздің ата-бабаларымыз
Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа
дейінгі ұлан-ғайыр мол жерді
талай ғасырлар бойы
«Біздің
басты мақсатымыз-Қазақстанның
3. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жаңа үлгісі.
Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күн талабы. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогокалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,-деп К.Д.Ушинский айтқандай, оқытушылар заман көшінен қалмай, жаңалықтардың жаршысы болуы керек. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңдейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Алғашқы әскери дайындық пәні математика, физика,, тарих, т.б. пәні сияқты оқыту үрдісінің негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық әдістерді мақсатты, жүйелі түрді пайдаланып, оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қамту, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты білім жүиесінен шығармашыл, техникада, экономикада жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеу талап етіледі. Оқу ианымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қомай, олардың қабілеті мен шығармашыл ойлауы да дамытылады. Қазіргі АӘД оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің арақатынасын анықтай түсіуде, ол оқушының дербестігін, қажеттілігін, интеллектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Мен сондықтан әскери тәртіпке үйретуді басты назарда ұстаймын.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында. «Ұлан туралы білеміз бе?» атты пікір сайыс өткіздім. Онда Ұланның Президенттің Жарлығымен 1992 жылы 16 наурызда құрылғанын, оның қарулы күштердің құрамына кірмейтінін, аса маңызды обектілерді күзетумен айналысатынын, бұған алынатын жастардың бойы 178см болуы керек екенін оқушылар толықтай біледі.Оқушыларға әскери өмірдің қыр-сырын түгелге жуық іс жүзінде өзім көрсетемін. Саптық жүріс, пәрмендерге бағыну, турникке тартылу, граната лақтыру, кедергілерден өту сияқты әскери өмірге қажетті нәрселердің барлығын оқушылар іс жүзінде көреді. Биылғы мектеп бітіруші Базарбаев Алдаберген жоғарғы әскери оқу орнына баруға тілек білдіріп отыр. Мектебіміздің түлегі Көшімов Айболат Ресейдің Омскі қаласында әскери академияда оқып жүр. Осы оқушыларымның офицерлік мамандықты таңдап отырғанны немесе оқып қызымет етіп жатқанын әскери-патриоттық тәрбиенің дұрыс жолға қойылуы деп есептеймін.
Республиканың қауіпсіздігін
- Әскери-патриоттық
тәрбиені жалпы мектептегі оқу-
- Әскери-патриоттық
тәрбиені оқушылардың жас
- Әскери-патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу.
- Әскери-патриоттық
тәрбиеде оқушылардың
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жаңа үлгісі