Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны береді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 21:08, реферат

Краткое описание

«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.
Терроризм –мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Вложенные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx

— 174.59 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының <<Терроризмге қарсы күрес туралы>> заңы

Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны береді.

Терроризм

 

    • «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.
    • Терроризм –мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Терроризм актiсi, террористiк ұйым

 

    • Терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау.
    • Террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады.

Террористік іс әрекет

 

    •  Террористік сипаттағы қылмыстарды  жасауға бағытталған    әрекеттер                                                                 

           Халықаралық іс-әрекет        

    • Бір мемлекеттің шегінен шығатын террористік іс әрекет     

          Террорист 

    •   Террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам                                                                  

Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл:

 

    • 1) террористік іс-әрекетті анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, терроризм профилактикасы, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою;
    •        2) жеке адамды, қоғамды және мемлекеттi терроризмнен қорғау;
    •        3) террористік iс-әрекеттi жүзеге асыруға жәрдемдесетiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.

 

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мыналар болып табылады:

 

       1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

       2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

       3) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;

       4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

       5) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті           органы;

       6) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган.

Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және  
жолын кесу

 

    • 1. Қазақстан Республикасының аумағында:                                                                                                                1) терроризмді насихаттауға;

        2) террористік ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендірілген құралымдардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынады.

    •        2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік іс-әрекетке қатысқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құқығы бар.
    •        3. Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары террористік іс-әрекеттің алдын алу мақсатында мынадай:
    •        1) өткізу режимін қажетті дәрежеде ұстау, объектілерді қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру;
    •        2) персоналды үй-жайларды тексеру техникасына үйрету, жарылғыш құрылғылар орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша жалпы профилактикалық және оқыту іс-шараларын өткізу;
    •        3) жасалған терроризм актісі салдарынан туындаған табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерді жою жоспарлары мен пысықталған іс-қимылдардың болуы;
    •        4) объектінің ақпараттық желісін қорғауды ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының орындалуы үшін іс-шараларды іске асыруға міндетті.
    •        Терроризм актісі жасалған жағдайда террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен қызметкерлері терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды жасалған терроризм актісі мен оның зардаптары туралы дереу хабардар етуге және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.

Террористік iс-әрекеттi анықтау

 

 1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары террористік iс-әрекеттi анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзедi.

       2. Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, террористік iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарға хабарлауға мiндеттi.

Терроризмге жол жок


Информация о работе Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны береді