Ұлттық тәрбиенің міндеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 21:33, реферат

Краткое описание

Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Вложенные файлы: 1 файл

Ұлттық тәрбиенің мақсаты.docx

— 47.63 Кб (Скачать файл)

Қысқаша айтқанда, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ  маман жастарды тәрбиелеуге негізделген  білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық  құндылықтарды өзара ұштастыра  алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің индустриялық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Қазір өкінішке орай, тәрбиеде сондай үрдістің жүріп жатқанын ащы да болса мойындауға тура келеді. Біздіңше, кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.

Жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін жинақтай келе, Президентіміздің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына орай оқыған дәрісіндегі мына ой-пікірге назар аудара кеткеніміз жөн болар: “Біз дамыған елдерден озық технологияларды тартып, бірлескен өндірістер құрудамыз, инновациялық жобаларға қолдау көрсетілуде.

Бірақ, біз экономикасы  тұрақты дамыған елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз. Оның сыртында аса озық технологияларын бізге ешкім де әншейін бере салмайды. Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет”. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының осы бір ой-толғамы түйіндеп отырғандай, бүгінгі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды, оның жаңа ұрпағын қалыптастыруда интеллектуалдық секіріс сөзсіз қажет. Олай болса, сол интеллектуалдықтың өзі ұлттық тәрбиемен келетін жеміс екенін ұмытпағанымыз абзал.

( Серік ПІРӘЛИЕВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор)


Информация о работе Ұлттық тәрбиенің міндеті