1627-1636 жылдардағы Маньчжур әскери жорықтары.Кореяның Маньжурлық Цин әулетіне бағынуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:38, реферат

Краткое описание

Корей мен қытай әскері бірлесіп Кореяға шабуылдап жатқан жапон әскеріне тойтарыс беру кезінде қазіргі Маньчжурия жерінде Қытай мен Кореяға бірдей қауіп төндіретін жаңа күш пайда болды.Чжурчжэндық маньчжу,суксухэ, хуньхэ тайпаларынан құрылған маньчжур халқы Нурхаци билігінің(1559-1626) астына шоғырланды.1580 жылы маньчжурлықтардың мемлекеттік басқару құрылымы қалыптаса бастап,1590жылы маньчжур тайпаларын біріктіру аяқталды.

Вложенные файлы: 1 файл

10 тарау.1627-1636жылдардағы маньчжур әскерінің Кореяға жорықтары..docx

— 24.66 Кб (Скачать файл)

 

  

3.Кореяны «кішкентай  Қытай» ретінде қарастыру құрылысының  басы

   Қазіргі оңтүстік Корея тарихы бойынша XII ғасырдан ,Ким Бусик өзінің «Үш мемлекеттің тарихи жазбаларын» жазып бастау мезгілінен  бастап болсын Корея өзін «кішкентай Қытай» , «кішкентай Орта мемлекет» ;жер көлемі жөнінен де кішкентай болса да «Үлкен Қытай» мәдениетінен қалып қоймайтын өзіндік мәдениеті мен тамыры бар деп біледі.Маньчжурлықтардың Қытайда орнығуы кәрістердің енді конфуцийшілдктің негізгі ұстанушылары Корея мемлекеті ғана деген  ой миларына сіңіп қалды.Қытайды жабайылар биледі,ал Жапония Корея үшін әрқашанда дәреже бойынша 1 саты төмен тұрды.

  Бірақ  «нағыз Орта мемлекетті Кореяға  көшіру» жайлы ойлар Мин әулеті құлаған соң бірден пайда болған жоқ.XVII ғасырда Кореяның қиыр шығыс әлеміндегі орны қандай екені өздерінің тарихи шығу тектерін Қытайдыкі секілді көне деп қолдау немесе кері шығару сатысында болды.1667жылы «Оңтүстік партия» мүшесі Хо Мок(1595-1682) ,маньчжурлардың Кореяға екі әскери жорығын көрген куә «Корея оқиғалары» деген кітап жазып шығады.Ол Корея тарихин ежелгі Чосон мемлекеті кезінен бастап жазады.Оның ойынша,ежелгі Корея тарихы мифтердің жиынтығы емес,шынымен болған оқиға.Осылай Корея тарихы да Қытайдікі секілді ежелден бері келе жатыр деген ой қалыптасады.Екіншіден, Хо Мактың ойынша ежелде жабайы және Орта мемлекет деп бөлу қолайсыз болған.Оған қоса Конфуцийдің өзі де «жабайы халықтардың» салт жораларын үйренген.

  Айта  кететін жайт ,маньчжурлық кезеңдегі  барлық кәріс ғалымдарының ойы  бір жерден шықпайды.Мысалы, 1711жылы  «Корея тарихынан маңызды жиынтықтар»  еңбегін жазып бітірген  Лим Сандок (1683-1719) Корея тарихы біріккен Силла кезеңінен басталады деп ойлайды.

  Корея  үшін XVII ғасыр қоғамдық ой мен идеология жағынан ғана емес,қоғамдық және экономикалық  даму жағынан да күрт өзгеріске толы болды.Бұл Корея үшін ортағасыр мен жаңа заманның шекаралық ғасыры болды.

 


Информация о работе 1627-1636 жылдардағы Маньчжур әскери жорықтары.Кореяның Маньжурлық Цин әулетіне бағынуы