Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 20:31, лекция
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды.
Глоссарии
Демографиялық
саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне
грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы
халық санын реттеуге бағытталған
мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы.
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.
Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады: экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.); әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.); қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.
Адамзат
өз дамуының қазіргі кезеңінде
Қазір әдеттен тыс жағдай қалыптасып отыр.
Халық санының тым артуы қорқушылықтың
еш негізі болмағанымен, бүгінде әлемдегі
халық санының тым арту мәселесі алаңдаушылық
туғызып отыр.
ХІХ ғасырдың басында Т.Мальтус 25 жылдан
кейін жер шары халқының екі есе ұлғаятынын
болжаған еді. ХХ ғасырда оның болжамы
алаңдаушылықтың жеткілікті себебі болды,
өйткені халық саны шынында да күрт өсе
түсті. Жер шарының екі миллиардыншы тұрғыны
1925 жылы, алты миллиардыншы тұрғыны 1999
жылы туды. Халық санының тым артуы проблемасына
алаңдаушылық білдірген «Мальтузианшілер»
қозғалысы өз пікірінен айнымай отыр.
Алайда, елдік демографиялық моделді зерделеу
кезінде адами ресурстардың жетіспеушілік
үрдісі байқалады, мемлекеттердің халқы
қартаю үстінде. Әлемде, әсіресе оның дамыған
бөлігіндегі негізгі проблема – бұл бала
туудың төмендеуі. Дегенмен, мейілінше
аз дамыған елдерде керісінше ахуал басым
– онда халық саны төмендемей, керісінше
өсіп келеді және егер табиғи халық өсімі
төмен негізінен Еуропа елдері бірінші
ондыққа кірсе, ал халық санының өсімі
барынша жоғары елдер ондығына аса кедей
африка елдері кіреді.
Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы процесінде
демографиялық проблемаларды шешудегі
шетел тәжірибесін зерделеу аса маңызды
болып табылады. Шетел мемлекеттері жинақтаған
тәжірибені пайдалану отандық реттеу
институттарын жетілдіруге, тәжірибеде
өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді
моделдер мен жолдарды қолдануға ықпал
етеді.
Шетелдердегі демографиялық
ахуал
Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы
проблемасы айрықша өзекті болып отыр.
Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде
Андорра (Франция мен Испания аралығындағы
Пернейде орналасқан мемлекет, орташа
өмір ұзақтағы 83,5 жылға дейін) көш бастап
келеді. Ел екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін айтарлықтай гүлденді, бұған дейін
ол оқшау және кедейлік жағдайында болған
еді.
Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік
ауданы), Сан-Марино мен Сингапурда өмір
ұзақтығы жоғары.
Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан
Африка елдеріндегі адамдар ең аз өмір
сүреді. ЖҚТБ ауруы, аштық пен азамат соғыстары
халықтың 35 жасқа жетпей өлуіне әкелді.
Свазиленде елінде адамдар тым ерте өледі,
ондағы орташа өмір ұзақтығы 34,1 жылды
құрайды. Замбия, Ангола, Либерия және
Зимбабвадағы ахуал бұдан сәл жақсы.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі
кезге дейін Ресейде халық санының күрт
төмендеуі байқалып отыр. РФ Мемлекеттік
статистика комитеті мен демограф Е. Андреевтің
болжамы бойынша халық санының азаю серпіні
мынадай: 2010 ж. – 138,7 млн. адам; 2020 ж. – 131,2;
2030 ж. – 121,1; 2040 ж. – 108,3; 2050 ж. – 93,8 млн. адам.
РФ денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі
бойынша 2011 жылға халық санының құлдырауын
143 млн. деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда.
Әр жыл сайын Ресей халқы 700–150 мың адамға
азайып отыр. Халық санын 2011 жылы 143 млн.
адам деңгейінде ұстау арқылы тұрақтандырудың
негізі жоқ. Бірқатар себептер бойынша,
ең бірінші Ресей халқы санының мониторингі
деректері бойынша қазіргі кездегі халық
саны 143 млн. адам, яғни 2011 жылы азаю саны
және 3 млн. адамды құрайды. Осылайша, үміттене
отырып есептегеннің өзінде 2011 жылы Ресейліктер
саны 140 млн. адамды құрайды.
2050 жылға дейінгі Ресей халқының өсім
серпінін болжаудың барлық нұсқалары,
тіптен бала туудың және халықтың өлімінің
ең ілгерінді өзгерісі кезінде оның жастық
құрылымының ерекшеліктері салдарынан
(халық құрамында жастар үлесінің аз болуы
және жасы үлкен топтардың жоғары болуы)
халықтың табиғи өлімінің болмай қоймайтынын
көрсетіп отыр.
Сондықтан Ресей халқының санын қазіргі
143 млн. адам деңгейінде сақтау үшін халықты
шетелден тарту есебінен халықтың көші-қон
санын айтарлықтай ұлғайтуды қажет етеді.
РФ Федералдық мемлекеттік статистика
қызметінің болжамдық бағаларына сәйкес,
халықтың табиғи қозғалысы болжамының
көрсеткіші бойынша 50 жыл ішіндегі иммиграциялық
сальдо кемінде 43 млн. адамды құрауы тиіс,
яғни ілгерінді демографиялық серпінді
сақтау үшін жыл сайын Ресейге 900 мың адам
келуі тиіс.
Қазіргі кездің өзінде еңбек ресурсі Ресейде
ең маңызды мәселе болып отыр. 2010 жылға
дейін жинақталған жұмыссыздықтың (жасырын
жұмыссыздықты қоса алғанда) қысқаруы
және зейнеткерлік жасты ықтимал арттыру
есебінен еңбек ресурстарының азаюы күшті
сезілмеуі мүмкін.
Бірақ, егер Ресейде жұмыс күшіне қажеттілік
өсетін болса, онда жақын келешекте еңбек
ресурстарын толықтырудың жалғыз, нақты
көзі иммиграция ғана болмақ. Бұл жағдайда
Ресей үшін әлеуметтік игіліктер Ресеймен
салыстырғанда төменгі деңгейдегі бұрынғы
кеңес елдері жалғыз демографиялық көз
болмақ.
Дамыған Германияда да демографиялық
ахуал қиын. Демография жөніндегі мамандардың
айтуынша халық санының азаюы себебі бала
тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің
әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып
отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы
тым кейіндеп және сиреп барады. ГФР статистика
ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа
дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі
балалары жоқ.
Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде.
Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік
және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында
өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін,
ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда,
сонымен қатар бала туу төмендеп кетті.
Германиядағы бала туушылық коэффициенті
1,3 құрайды, бұл халық санын толықтыру
үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін
кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының
саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай
67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни
елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан
асатын болады.
Бүгінде әрбір зейнеткер неміске әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін тек
үш жұмыс істейтін тиесілі. 20 жылдан кейін
бұл қатынас екіге бір болмақ. Кельн Экономикалық
зерттеулер институтының директоры Михаэль
Хютердің пікірі бойынша ГФР-дегі бала
туудың төмендеуі германия өнеркәсібінің
бәсекеге қабілеттігіне күйрете соққы
беріп, уақыт өте келе экономика өсімін
тоқтатады.
Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда
да ұлттың қартаюы мен гендерлік баланстың
(гендерлік асимметрия) сияқты айтылу
демографиялық проблемалар бар. Мәселен,
неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден
18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат
және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік
комитеттің деректері бойынша ауылдық
аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы
қатынас 122,85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық
көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45
жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда
30 млн. адамға астам болады деп болжануда.
Қазіргі кезде орта есеппен Қытай бойынша
халық тығыздығы бір шаршы километрге
140 адамды құрайды.
Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының
кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші
мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне
келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Гендерлік баланстың бұзылуы дамыған
өңірлердегі ерлер әйелдер санынан астам
болып отырған Үндістанда да байқалып
отыр. Бұл құбылыстың себебі жыныстық
белгі бойынша бала алдыру тәжірибесінің
таралуында жатыр.
Lancet белгілі
канадалық медицина журналының
деректер бойынша жыл сайын
Үндістанда 500 мыңға таяу аборт жасалады.
Сонымен қатар «Үнді медицина қауымдастығы»
бұл құбылыстың шынайы ауқымы канадалық
басылымда келтірілген деректерден 10
есе көп деп болжайды, яғни баланың жынысына
орай жылына 5 млн. аборт жасалады деген
сөз. Мысалы, ультрадыбыстық диагностикаға
барынша қол жетімділік басым және ол
кеңінен етек алған Нью-Дели қаласында
1000 еркекке 800 әйел келеді.
Жапонияда да ұлттың қартаюы проблемасы
алаңдаушылық туғызып отыр. Болжау деректері
бойынша әлеуметтік қамтамасыз етілуге
құқықты болатын 65 жастан астам азаматтардың
саны 2025 жылы қазіргі 13%-дан 19%-ға дейін
өсіп, оларға кететін шығыстар 78 триллион
иеннен ($750 миллиардқа таяу) 155 триллион
иенге дейін ($1,2 триллионға таяу) ұлғаймақ.
Жапония демографиясындағы келеңсіз ахуалдың
басты себебі, мамандардың есебінше кеш
некелесу болып табылады. Мәселен, әйелдер
бүгінде тұрмысқа 28 жаста шығады, ал 1988
жылы тұрмысқа шығудың орташа жасы 26 жасты
құраған болатын.
Тіптен көптеген жапондықтар отбасын
құру идеясының өзіне үрке қарайды. Демографтардың
болжамы бойынша халықтың бұлай азаю қарқыны
кезінде жүз жылдан соң қазіргі 127 млн.
жапоннан 40 млн. қалмақ.
Шығыс Еуропа елдерінде 2025 жылға қарай
халықтың 20-дан 25-ке дейінгі пайызы 65 жаста
және одан жоғары болмақ. Бұл туралы Бүкіләлемдік
банктің өңірдегі демографиялық үрдістер
туралы баяндамасында айтылады. Мәселен,
болжамдар бойынша Словенияда 47 жас орташа
жасты құрамақ. Сөйтіп, Словения әлемдегі
ең «кәрі» елдің бірі болады.
Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) тұрып
жатқан төрт миллион жергілікті тұрғындардың
825 мың адамы генетикалық аурулар проблемасына
кезікті. Генетикалық аурулар БАӘ-де жақын
туыстар арасындағы некелердің таралуынан
туындап отыр, қазіргі кезде ол барлық
неке санының 3,5%-ын құрайды. БАӘ-де тіптен
олар мұсылман болса да, шетелдіктермен
некеге тұруды мемлекет қолдамайды. Туыстық
некелердің барлық келеңсіздіктеріне
қарамастан жергілікті медиктер қалыптасқан
жағдайды қиын деп бағалап отырған жоқ.
Олардың пікірінше гендерлік аурулар
пайызы салыстырмалы түрде аз, ал егер
медициналық мекемелер тарапынан тиісті
назар аударылатын болса мұндай аурулар
санын барынша азайтуға болады.
Сингапур бала туудың төменгі деңгейіне
және жас білікті мамандардың елден кетуіне
байланысты демографиялық дағдарыс қарсаңында
тұр.
Арал қала – мемлекеттің халқы 4,5 миллион
адамды құрайды, олардың 76%-ы 15-тен 64 жас
аралығында. 4,2 млн. адам шегінде халықты
толықтыруға арналған қажетті бала туушылық
– жылына 50 мың нәрестені құрайды. Қазіргі
кезде өсім 36 мың нәресте шегінде.
2050 жылға қарай Еуропадағы ең кәрі ел Испания
болмақ, бұл Еурокомиссияның Eurostat статистикалық
қызметі жариялаған есепте айтылған. Ғасыр
ортасында Испанияның әрбір үшінші тұрғыны
зейнеткерлік жаста болмақ. Бала туудың
және ұзақ өмір сүрудің төменгі деңгейі,
испандықтардың 37,5%-ы 65 жастан жоғары болуына
әкеледі. Қазір орташа өмір ұзақтығы ерлерде
81,8 жас, әйелдерде – 85,7 жасты құрайды.
Люксембург тұрғындары 27 елдің ішінде
ең жас ел болмақ; 2050 жылға қарай бұл ел
халқының тек 22,1%-ы 65 жастан жоғары болады.
Греция мен Португалия халқының да зейнеткерлік
жастағы пайызы жоғары болады: тиісінше
32,5 және 31,9%.
Халық саны 300 млн. адамнан астам болып
отырған АҚШ-та демографиялық ахуал қолайлы.
АҚШ-тың халық санағы бюросының (US Census
Bureau) деректері бойынша АҚШ-та әрбір 7 секундта
бір нәресте дүниеге келсе, әрбір 13 секундта
өлім тіркеліп, әрбір 31 секундта елге жаңа
эмигрант келеді. Осылайша ғалымдардың
есебінше АҚШ халқы әрбір 11 секундта бір
адамға толығып отырады.
АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан
кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі
халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы
жалғыз ел болып саналады. Мәселен, 100 млн.
тұрғын 1913 жылы тіркелсе, екінші 100 миллионыншы
кезеңге 52 жыл, үшіншісіне 39 жыл қажет
болды. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық
саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.
Халықтың қартаюы мен бала туудың төмендеуімен
байланысты жалпы әлемдік демографиялық
үрдіс елдің даму деңгейіне қарай әртүрлі
болады.
Демографиялық
проблемаларды шешудің
елдік моделі
Пайда болған демографиялық проблемаларды
шешу үшін мемлекеттер халық өсімін ынталандыратын
белгілі бір шаралар қабылдау үстінде.
Мәселен, Ресейде арнайы ұлттық жоба қабылданып,
2010 жылдан бастап туу туралы сертификат
қолданыла бастайды. Жұмыс істемейтін
жас аналарға арналған жаңа жәрдемақы
пайда болды. 2010 жылға қарай туу туралы
сертификат құны уәде етілген 250 мың рубль
емес, 307 мың рубльді құрайды. Иммиграция
ынталандырылады, атап айтқанда бұрынғы
КСРО азаматтары үшін өңірлерге қарай
Ресей азаматтығын алу рәсімі жеңілдетіледі.
РФ өңірлерінде көп балалы отбасыларды
танымал етудің дербес саясаты жүргізілуде,
мәселен Мәскеуде көп балалы отбасыларына
арналған коттедждер салу басталмақ.
Германияда, мәселенің елеулі екенін мойындаған
неміс саясатшылары демографиялық проблеманы
шешуді қолға алды. 2007 жылдың басынан нәресте
күтетін анаға немесе әкеге соңғы жалақысының
67%-ы, ең көбі 1800 евроға дейінгі мөлшерде
жәрдемақы төлейді. Жұмыстан амалсыз кеткені
үшін өтемақы ретіндегі жәрдемақыны жыл
бойы алуға болады. Одан соң ол отбасындағы
әрбір бара үшін 300 евроға дейін қысқартылады.
Ата-аналарды материалдық ынталандырудан
басқа Ангель Меркель басшылық еткен «үлкен
коалиция» бюджеттік миллиардтарды қажетті
инфрақұрылымдар: ясли, балалар бақшасы,
ұзартылған күні бар мектептерды ұлғайтуға
жіберуде. Германияда негізінен бала туу
мен бала күту еңбек қызметі мен мансаптық
өсуге қарай отбасының екі мүшесіне де
қатысты болады.
Франция өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан
бастап бала тууды жоғарлатуға бағытталған
белсенді демографиялық саясат жүргізіп
келеді. Тіптен 1967 жылға дейін контрацептивтерді
сатуға, 1975 жылға дейін аборт жасатуға
тыйым салынды.
1946 жылы Францияда бірінші, екінші және
әсіресе үшінші баланың тууын (пронаталистік
саясат) көтермелеуге бағытталған отбасыларға
ақшалай төлемдер мен салық жеңілдіктер
жүйесі кеңінен тәжірибеге енгізілді.
Нәтижесінде 80-ші жылдардың ортасында
Батыс Еуропа елдерінің ішінде Франция
бала туудың ең жоғары – 1,8 – 1,9 жиынтық
коэффициентіне ие болды (орташа алғанда
бір әйелге келетін бала саны). Халық саны
жыл сайын 0,3 - 0,4%-ға ұлғайып отырды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында, 1946 - 1974
жылдар ішінде Франция халқы 12,1 млн. адамға,
оның ішінде 8,5 млн. халықтың табиғи өсімі
есебінен, 1,2 млн. француздардың бұрынғы
отар елдерден оралуы есебінен ұлғайды.
Францияның пронаталистік демографиялық
саясатының қазіргі заманғы шаралары
балалары бар отбасыларының материалдық
жағдайына айтарлықтай ықпал етеді.
Балаға базалық жәрдемақы Францияда тұратын
және елде өмір сүретін 20 жасқа дейінгі
баланың азаматтығына қарай кемінде екі
баласы бар барлық адамдарға тағайындалады.
Жәрдемақы мөлшері бала санынан қарай
сараланады: екі балаға айына 107 евро, үш
балаға 244, төрт балаға 382, бес балаға –
519, алты балаға 656 евро төленеді. 11 жастан
асқан балаларға – 30 евро және 16 жасқан
асқандарға 54 евро мөлшерінде үстемақы
және төленеді. Мұндай үстемақы екі баласы
бар отбасылардың бірінші баласына төленбейді.
Отбасының табысы бұл жәрдемақының мөлшеріне
әсер етпейді.
Отбасы табысына қарай мынадай қосымша
жәрдемақылар төленеді:
Бұдан
өзге мүгедек балаларға оқуға
арналған жәрдемақы (айына 107 евро), балалары
бар отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы
белгіленген.
Үйде болатын 6 жасқа дейінгі баланы күтуге
де жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері
отбасының табысына байланысты болады.
Жәрдемақының барынша көп мөлшері жылдық
табысы 33658 евродан, балаларының жасы 3-тен
аспайтын отбасыларына тоқсанына 1500 евроны
құрайды. 3-тен 6-ға дейінгі жастаға балаларға
арналған жәрдемақы тоқсанына 500 евродан
аспайды. 6 жастан кіші балалар үшін бала
күтуші жалдайтын отбасыларына да жәрдемақы
төленеді.
Баланың ауыр науқасына орай жұмысты тоқтатуға
немесе жұмыста болуын қысқартуға мәжбүр
ата-аналарға баланың қасында болуға арналған
жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері
қалған пайдаға байланысты болады. Жалғызілікті
ата-аналарға үстемақы көзделген. Жетім
балаларға 100 евро мөлшерінде ай сайынғы
жәрдемақы тағайындалады.
Соңғы жылдары Францияда бірінші балаға
базалық жалақының 260 %-ы және одан кейінгі
әрбір балаға 717 % сомасында баланың тууына
арналған бір мезгілдік жәрдемақы да енгізілді,
ал жүктілікке байланысты демалыс еңбек
ақының 90 %-ы мөлшерінде төленеді.
Швецияда халық өсімі байқалады. Мұның
себебі жүргізіліп отырған демографиялық
саясатқа байланысты болып отыр, оған
сәйкес отбасылық жәрдемақы иммигранттарды
қоса алғанда, бәріне төленеді.
Халықаралық стандарттар бойынша Швеция
барынша тең құқылы ел болып табылады.
Солтүстік елдердің гендерлік саясатының
моделі – бұл теңдік, тең құқықтық, құқықтар
мен мүмкіндіктердің тең болуы. Бұл принциптер
Швецияның демографиялық саясатында да
іске асырылады.
Швеция Үкіметінің саясаты некедегі әйелдердің
экономикалық дербестігін құруға бағытталған
- әрбір әйелдің еңбекақы табудың нақты
мүмкіндіктеріне ие.
Швед мамандарының пікірі бойынша жұмысбастылық
саласындағы әйелдердің еңбек құқықтарын
қорғау тең құқықтар мен мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету саясатының ең проблемалық
саласы болып табылады. Еңбек нарығындағы
тең құқықтық мәселелері жөніндегі Омбудсменнің
заң қызметіне түсетін өтініштердің көбі
келісім-шарт бойынша жұмысқа орналасқан
кезде және босаған кездегі жүкті әйелдердің
құқықтарын қорғауға қатысты. Барлық жанжалдар
әйелдер мүддесіне шешіледі.
Жұмыс істейтін ата-аналар үшін мектепке
дейінгі балалар мекемелерінінен қажетті
орын саны қамтамасыз етіледі. Жұмыс істейтін
ата-аналардың бала бір жасқа жеткенге
дейін оны күту жөніндегі демалысқа құқылы
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап – 13 ай, оның
ішінде әкені баланың жас кезіндегі тәрбиесіне
қатысуы мақсатында 2 ай демалысты пайдалана
алады). 18 жастағы әрбір балаға айына 800
швед кроны (80 доллар) мөлшерінде жәрдемақы,
жоғары оқу орындарында оқитындарға 200
швед кроны мөлшеріндегі степендия төленеді
және 20 жылға айына 5000 швед кроны мөлшерінде
жеңілдік кредиті беріледі.
Канада иммигранттар арқасында бір жағынан
төменгі бала туу проблемасын, екінші
жағынан «қартайған» халық проблемасын
шешеді. Елде тұрақты тұру үшін келуге
арналған квота ұлғайтылды. Канада өкіметі
жыл сайын 300 мыңнан астам адамды қабылдауға
ниет білдіріп отыр.
Шығыс еуропа мемлекеттерінің үкіметтері
ТМД елдерінің жұмыс күшін белсенді тартуда.
Қытай халық санының өсімін күтуде. Бірқатар
провинцияларда бір отбасына бір баладан
артық баланың болмауына арналған бұрынғы
тыйымды алып тастағаны үстіне бала тууды
барынша ынталандыратыны туралы мәлімдеді.
Қытайда бала тууды шектеу бір жағынан
көтермеленеді, өйткені қоғам халық құрылымының
гендерлік теңсіздігіне кез болды, яғни
ұл балалардың саны қыз балалардың санынан
айтарлықтай басым. Мұның себебі халықтың
мәдени дәстүрінде жатыр. Отбасы үшін
ең бастысы қызды емес ұлды өсіру керек,
халық арасында ұл баланың жоқтығын үлкен
бақытсыздық санайды. Тиісінше еркек жынысты
ұрпақтың жоқтығы дәстүрлі отбасында
айтарлықтай психологиялық проблемаларды
туғызады. Осыған сәйкес жыныстық белгісі
бойынша аборттар саны күрт өсті.
2001 жылдан
бастап «қыз өмірдің қызығы»
екенін адамдарға жеткізуге
Насихаттан өзге материалдық көтермелеу
жүйесі де жұмыс істейді: өз ата-аналарының
жалғыз баласы құрған және екі қызы бар
шаруа отбасылары өкіметтен адам басына
600 юаннан ($75) алады. Қазір мұндай материалдық
көмекті елде 500 мың отбасы алады, тіптен
бірқатар дамыған өңірлерде бұл субсидия
адам басына 800-100 юанға ($100–125) жеткен.
Сингапурде демографиялық проблема қатерлі
сипат ала қойған жоқ, алайда үкімет елге
мыңдаған иммигранттарды тарта отырып,
бұл проблеманы күнілгері шешіп жатыр.
Үкімет басшысы Ли Сянь Лун шетелде жұмыс
істейтін ел азаматтарын отанға тез оралуын,
ал отбасы жұптарына мүмкіндігінше көп
бала тәрбиелеуге шақырды.
Жапонияда елдегі демографиялық жағдайды
жақсарту мақсатында демографиялық проблемаларды
шешудің дәстүрлі және дәстүрлі емес тәсілдерін
іздеу үстінде.
Мәселен, дәстүрлі емес тәсілге токио
темір жол вокзалында жүкті әйелдерге
кеуде белгілерін тарататынын жатқызуға
болады, мұндағы мақсат астананың адам
толы поездарында басқа жолаушылардың
оларға орын беруіне мұрындық болу.
Жапон өкіметі неке агенттіктерінің тележарнамасы
арқылы келеңсіз үрдісті еңсермек. «Тастанды
балалардың» өлімін азайтуға талпыну
үшін Жапонияда оларды қабылдауға арналған
арнайы орындар ашылған. Бұл ретте құпиялық
сақталады. Мысалы, оңтүстік Кумамото
қаласындағы клиникада «Ләйлек бесігі»
деп аталатын бөлме ашылған, оған ауруханаға
кірмей-ақ сырттан еніп, баланы тастап
кетуге болады. Бұл өзінің жаңа туған балаларынан
бас тартқысы келетін және бұл туралы
біреудің білгенін қаламайтын ата-аналарға
арнайы жасалған. «Бесік» тәулік бойы
ашық тұрады, бұл ретте оның терезелері
іштегі адамның жүзі көрінбейтіндей арнайы
көлеңкелі шынымен жабдықталған. Бұл үй-жайда
кішкентай керует тұр, ауа температурасы
36 градус деңгейінде ұсталады. Бөлме есігі
ашылған бойда аурухананың екінші қабатындағы
тәулік бойы қызметкерлер кезекшілік
ететін арнайы бөлмесіндегі дабыл жүйесі
іске қосылып, олар нәрестені дереу алып
кетеді.
Сонымен демографиялық проблемаларды
шешу жолдарын таңдау қандай да бір мемлекеттің
мәдени деңгейіне байланысты болады. Билік
көп жағдайда бала тууды материалдық ынталандыруды
жөн санайды.
Демографиялық дағдарыстың
ықтимал салдарлары:
теориялық-әдіснамалық
құрылым
Депопуляцияның геосаяси
қатері
Халық тығыздығының төмендігі кез келген
елді көрші елдердің басып алуына қызығушылығын
тудырады. Бұл ретте басып алудың әскери
әрекеттермен болуы міндетті емес. Сірә,
ол жойылып бара жатқан халық орнын иммигранттармен
толтыру арқылы тыныш және байқаусыз өтпек.
Ресей осындай жағдайға кезігіп отыр.
Демографтар мен БАҚ бұл проблеманы белсенді
түрде талқылауда, ол әсіресе ҚХР тұрғындар
саны үнемі өсіп отырған қиыр шығыс өңірінде
тым өзекті болып отыр.
Экономикалық қатер
Ұлттың қартаюы, халық санының аздығы
елдің экономикалық әл-ауқатына қатер
төндіреді. Халық санының төмендеуі экономикалық
инфрақұрылымның одан әрі өсу үшін әлеуетінің
болмауына әкеледі. Тұтынушылық құны жоғары
тауарлар өндірісі мен жалпы өндіріс өсімі
халықтың тұтынушылық әлеуетінің әлсіздігіне
байланысты қиындыққа тап болады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
АХУАЛ
Халық саны проблемасының Қазақстан үшін
айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы
республика бойынша тұтастай алғанда
бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды.
Мысалы, Қытайда бұл көрсеткіш бір шаршы
метрге 140 адам.
Қазақстан Республикасының Статистика
агенттігінің деректері бойынша 2007 жылдың
1 қаңтарына ел халқы 15 394,6 мың адамды құрады,
оның ішінде 8838,1 мың адам (57,4%) - қала халқы,
6 556,5 мың адам (42,6%) – ауыл халқы, 2008 жылдың
1 қаңтарына - 15 565 647 адам, оның ішінде: 8
230 319 (52,8%) адам қалада тұрса; 7 335 328 (47%) адам
ауылда тұрады*.
2007 жылдың 1 қаңтарына республика халқының
жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі
балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі
адамдар - 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар
барлық халық санының 7,8%-ын құраған. 2006
жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда
0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 0,2%-ға
ұлғайған. 15-64 жастағы және 65 пен одан жоғары
жастағылар саны тиісінше 1,5% және 1,2%-ға
ұлғайған.
Қазақстанда әйел жыныстылар санының
басым болуынан көрінетін гендерлік асимметрия
қалыптасты. 1000 еркекке 1078 әйел келеді.
2007 жылдың 1 қаңтарына ерлер саны 7407,8 (7324,8)
адам нмесе барлық халықтың 48,1%-ын, әйелдер
тиісінше 7986,8 (7894,5) адамды немесе 51,9%-ды
құраған. 15-64 жастағы әрбір қайтыс болатын
100 әйелге осы жас тобының қайтыс болатын
246 ер адамның келуі жағдайды қиындата
түсіп тұр.
15–64 жастағы ерлер өлімінің жоғары пайызы
мен өмір ұзақтығының аз болуы дағдарысқа
әкелетін қазіргі әлеуметтік-экономикалық
қатынастар проблемасымен астасып жатыр.
2007 жылы республика халқының табиғи өсімі
157 891 адамды ( 2006 жылы 141 876) құрады. Табиғи
өсімнің 1000 тұрғынға жалпы коэффициенті
2008 жылдың 1 қаңтарына 10,2 (9,3) адамды құраған.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі өлген
адамдар саны 158 931 (157 357) адамды құраған,
оның ішінде 92 81 (92 425) адам қала халқы, 66
050 (64 932) ауыл халқы. Осы кезең ішінде 90
760 ер адам және 68 171 әйел адам өлген, немесе
100 әйелге 133 еркек. 1000 адамға жалпы өлім
коэффициенті 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан
деңгейінде қалды және өлген адамдардың
10,3 санын құрады.
2003 жылдан бастап елде жылына шамамен
250 нәресте дүниеге келеді, 2006 жылы бұл
көрсеткіш 300 мыңға жетті, алайда нәресте
өлім-жітімінің деңгейі өте жоғары болып
отыр. Бұл көбінесе 30%-дан аспайтын бала
туатын жастағы әйелдердің денсаулық
индексінің төмен деңгейімен байланысты
болып отыр. Халықтың ұрпақ берушілігі
төменгі деңгейде, бүгінде елде 450 мың
отбасының баласы жоқ. Сонымен қатар Қазақстанда
жыл сайын 170 мың аборт жасалады.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде елде
4561 (4172) 1 жасқа дейінгі балалардың өлімі
тіркелген, оның ішінде 2701 (2406) – ұл балалар
және 1860 (1766) қыз балалар. Нәрестелер өлім-жітімі
коэффициенті 1000 туған балаға 14,5 (14,1) құраған.
Нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің
негізгі себебі жатырда өсу кезеңінде
пайда болған жағдайға байланысты болып
отыр, бұдан 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда
2169 (2063) нәресте өлген немесе барлық нәресте
өлім-жітімінің 47,6%-ын (49,4%) құрайды.
Демографиялық ахуалды жақсартуда денсаулық
сақтау саласы үлкен рөл атқарады. Әлсіз
және көбіне қағаз жүзіндегі жұмыстар,
коммерциялану деңгейінің жоғарылығы
аналардың жүктілікке нашар дайындалуына
әкеледі.
Халықтың көші-қонының оң сальдосы әлі
сақталып отыр, 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда
ол 10878 (33 472) адамды құрады, оның ішінде
ТМД елдерімен 2989 (26 778). Республикаға келген
адамдар саны 53 309 (67 386), одан тысқары кеткендер
42431 (33914) адамды құраған.
Қазақстанға келушілер арасында қазақтардың
басым салмағы 78,2% (73,1%), орыстар – 12,5% (14%),
немістер – 1,0% (0,9%) құраған. Қазақстаннан
тысқары кеткендер ішінде орыстар үлесіне
– 69,5% (67,5%), немістер – 7,1% (7,3%), қазақтар
– 5,3% (6,7%) тиесілі.
Статистка агенттігінің деректері бойынша
2008 жылғы 1 қаңтарда жастар (15–29 жастағылар)
саны халық құрылымы ішінде 4 288 387 адамды
құрайды, пайыздық қатынас бойынша бұл
үлес 27,8%. Олардың ішінде ерлері 2 168 347 адам,
әйелдер – 2 120 040 адам.
Экономикада жұмыс істейтін жастар саны
2 730 951, оның ішінде 15–24 жастағылар 1577355
адам, 25–29 жастағылар 1 153 596 адамды құрайды.
Республика бойынша экономикалық белсенді
жастар саны 2 961 644 адамды құрайды, оның
ішінде 15–24 жастағылар 1 710 600 адам, 25–29
жастағылар 1 251 044 адам.
Осы статистикаға орай жастардың 60%-ы халықтың
экономикалық белсенді бөлігін, 30%-ы оқушылар
мен студенттер және 10%-ы жұмысшылар.
Республика бойынша барлық жұмыс істемейтін
жастар саны 264 652 адамды құрайды немесе
9,6 %, олардың ішінде 15–24 жастағылар 183
610 адам немесе 10,7 %, 25–29 жастағылар 81 042
адам немесе 6,5 %.
Елдің барлық қалаларында жалпы жұмссыздық
деңгейінен жастар арасындағы жұмыссыздық
деңгейі жоғары. Бұл жергілікті еңбек
нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың
сәйкессіздігі және ауыл жастарының қалаға
кетуі салдарынан болып отыр, олар көбіне
біліктілігінің төмендігі немесе мүлде
жоқтығына орай жұмысқа орналаса алмайды.
Қала мен ауылдағы кедейлік деңгейіндегі
айырма сақталып отыр және қиындай түсуде,
бұл да жастардың кетуіне әкеледі. Ауылдағы
кедей халық деңгейі 21,2%-ды, қалада – 5,5%-ды
құрап отыр.
Сонымен статистика 15-29 жас аралығындағы
жастар саны Қазақстанның барлық халқының
28%-ын құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте
жастар үшін қоғамның барлық проблемалары
тән. Бұл ересектермен салыстырғанда жастар
арасында 2 есеге жоғары болып отырған
жұмыссыздық. Бұл қала жастарымен салыстырғанда
ауыл жастарының кедейлігі. Бұл құқық
бұзушылықтың жалпы статистикасі ішінде
жастар жасайтын қылмыстар үлесінің жоғарлығы.
Демография мәселелерін шешуде экономикалық
ынталандыру келешегін сипаттай отырып,
Қазақстанда нәрестелерге арналған тамақ
өнімі мен тауарлар өндірісі жоқ екенін
атап кету керек. Қазақстанның өнеркәсіп
өндірісі демографиялық проблемаларды
шешуге бағдарланбағанын батыл айтуға
болады. Сонымен қатар, елде балаларды
мектепке дейінгі дайындау мекемелері
жетіспейді, бұл проблема әйелдердің еңбек
әлеуетін не аналар әлеуетін іске асыруға
мүмкіндік бермейді.
Бүгінде халық арасында бала туу өсімінің
үрдісі байқалып отыр. Осының негізінде
кейбір зерттеушілер мұны демографиялық
дағдарыстан шығудың басы деп бағалайды.
Кейбір демографтар мен мемлекеттік билік
органдарының басшылары қазіргі кездегі
демографиялық дағдарысты, ең бастысы
халық санының азаюын барлық өркениетті
елдерге тән әлемдік процесс деп өзін-өзі
жұбатады. Бұл құбылысты демографиялық
өтпелі кезең (өмір сүру деңгейі ең жоғары
елдерде бала туу барынша төмен) деп сипаттайды.
Бұдан екі қорытынды шығады: жалпы әлемдік
үрдістерден қорықпау керек және демографиялық
саясат шаралары көп нәрсені өзгерте алмайды.
Бірақ бұлардың екеуі де қате ұғым.
Ілгерінді демографиялық өтпелі кезеңнің
негізгі құрамдас бөлігі – бұл бала туудың
қат-қабат төмендеуі, ең бастысы өлім-жітімнің
жоғарлауы. Қазақстанда да, бұрынғы кеңестік
елдер кеңістігінде де өлім-жітім өсіп
келеді және орташа өмір сүру ұзақтығы
тым төмен, ол ерлерде 58 жас, әйелдерде
68 жасты құрап отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда бала туу ұлғаюда,
жыл сайын 300 нәресте дүниеге келеді. Алайда
1989 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың
жиынтық саны азайған. Тәуелсіздік алған
жылдары Қазақстанға келген және азаматтық
алған жарты миллилон оралман да демографиялық
ахуалды жақсарта алмай отыр. 1989 жылғы
санақ деректері бойынша сол жылдары Қазақстанда
16 199 154 адам болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш
15 565 647 адам.
Еуропа елдеріндегі демографиялық дағдарысты
ескере отырып, бұл елдер экономиканың
барлық саласына иммигранттарды белсенді
тарта бастайтынын болжау қиын емес, әсіресе
бұл Қазақстан, Ресей, Урнаина мен Белоруссияға
қатысты болатын бұрынғы кеңес елдері
халқының жоғары зиялы әлеуетіне айрықша
назар аударылатын болады. Ресейдегі демографиялық
депопуляция да таяу уақытта иммиграциялық
саясаттың жандануына әкеледі, бұрынғы
КСРО-ның орыс тілінде сөйлейтін халқының
көшуіне негізгі екпін түсірілетін болады.
Бұдан шығатын қорытынды, Шығыс Еуропа,
Канада мен Ресей елдеріне халықтың белсенді
көшуі арқасында таяу арада Қазақстанның
халық санының өсімі үрдісі оң бағыттан
теріс бағытқа ауысып кетуі мүмкін.