Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:54, реферат
Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған.
Дүние жүзінің саны, ұдайы өсуі
Адамзаттың шығу тегі мен жер
шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған
орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар
арасында әлі күнге дейін талас тудырып
келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін
зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың
тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан.
Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың
ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм"
бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес
ататектен тарағандығы туралы пікірді
үстанатын "полигенизм" бағыты бар.
Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы
адамдар Шығыс
Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда
болған. XX ғасырдың 70-жылдарында Кения азаматтары болып есептелетін
әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның
солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері
зинджантроп деп атаған ежелгі адамның
қаңқасын тапты. Оның жасы шамамен, 1,7 млн
жыл деп анықталды. Кейінгі археологиялық
қазба жұмыстары барысында Рудольф көлінің
шығыс жағалауынан табылған қаңқалар
адамның ата- тегінің одан да ерте (шамамен
5 млн жыл бұрын) пайда болғанын дәлелдеді.
Осы зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар
адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка
болған деген қорытындыға келді. Дегенмен
полигенизм бағытын ұстанған ғалымдар
адамзаттың әр нәсілдің жеке дүние бөлігінде
дербес пайда болып, дамығаны туралы болжамдар
келтіреді. Саналы адам (Homo sapiens) осыдан,
шамамен, 50—100 мың жылдай бұрын пайда болған.
(Адамның ататегінің даму сатылары туралы
биология сабақтарынан алған білімдеріңді
еске түсіріңдер.) Ғалымдардың көпшілігі
алғашқы адамдар палеолиттің соңында
Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға,
кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға,
одан соң Мұхит аралдарына таралған деп есептейді
Уақыт өте келе, қоршаған орта жағдайларына
бейімделу нөтижесінде дүние бөліктерінде
тіршілік ететін адамдар әзіндік антропологиялық
ерекшеліктерге ие болды.
Халық саны
туралы нақты ақпарат
Мемлекеттің
әскери және салық саясатына
орай, алғашқы халық санақтары
б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда
және Египетте жүргізілген.
Демографиялық көрсеткіштер.
Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен.
Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен
, жиі болған соғыстармен және жұқпалы
аурулардың кең таралуымен түсіндіруге
болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған
оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы
қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың
тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның
алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы
жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе
XX ғасырда халық санының айрықша жылдам
артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары
халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд,
1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999
жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының
мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс
деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір
жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы
жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз
қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен
1980 жылдардың ортасына қарай халық санының
өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің
күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған
елдердің көпшілігінде халық санының
өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи
өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық
саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы,
жеке елдердегі демографиялық жағдайды
сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы
демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады.
Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи
өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық
өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны
арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық
жағдайларға, мемлекеттің демографиялық
саясатына тікелей байланысты болса, халықтың
көшіп-қонуына экономикалық және саяси
алғышарттар, экологиялық ахуал себепші
болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің
жоғарылауы халық санын арттырса, өлім
мен эмиграция халық санын кемітеді.
Адамның өмір жасының
орташа ұзақтығына елдегі экономикалық
көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық
жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің
қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш
тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге
ұшырап отырған.
Демографиялық саясат.
Адамзаттың үздіксіз жаңарып,
ауысып отыруын қамтамасыз