Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 14:52, реферат
Есімше түрлері, мағынасы мен қызметі.
Есімшенің түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі мен жіктелуі.
Көсемше түрлері, мағынасы мен қызметі, жіктелуі.
Тұйық етістік, түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі.
Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.
Әдебиетер:
Академиялық грамматикада: «Есімше
– етістік пен сын есім арасындағы
аралық категория»,-деп көрсете
Есімшенің етістіктен басқа түрлерінен айырмашылығы – оның атрибуттық, субъектілік мағынасына байланысты. Есімшелер есім тобындағы сөздермен мынадай ерекшеліктері арқылы жақындасып тұтасады:
Есімшелерді етістікпен жақындастыратын белгілер.
Есімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағына білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категориясының (шақ) көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады.
Семантикалық жағынан да, синтаксистік
қызметі жағынан да, тұлғалық жағынан
да тіліміздегі басқа категориялар
Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Есімше етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, етіс, болымсыз етіс тұлғаларына мынадай жұрнақ қосу арқылы жасалады:
1) -қан, -кен, -ған, -ген арқылы өткен шақ есімше жасалады: бар+ған, кел+ген.
2) -ар, -ер, -р, с – болжалды келер шақ: барар.
3) -мақ, -мек – мақсатты келер шақ: бармақ.
4) -атын, -етін - өткен шақ.
Көсемше түрлері, мағынасы мен қызметі.
Көсемшенің грамматикалық
Мысалы: Үйге сөйлей кіріпті. Кіріпті – деген көсемше формасы шақтық мағына білдіріп, жіктеліп келіп етістіктің грамматикалық категориясын (шақ) жасауға негіз болса, «сөйлей» дегенде ондай категориялық мән де, сипат та жоқ, тек –й тұлғасы арқылы ғана бұл сөзді етістіктің көсемше түрі дей аламыз, ал грамматикалық мағынасы да, сөйлемдегі қызметі де бұл жерде етістікке жат. Мысалы: Көре-көре көсем боласың (м).
Көсемше етіс түрлеріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
1) а, е, й – осы шақ.
2) ып, іп, п - өткен шақ.
3) ғалы, гелі – келер шақ.
4) ғанша, генше – келгенше (барғанға дейін).
5) -мастан, -пастан.
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі.
-ғанша, (-генше) жұрнағы етістік негізіне жалғанып, контекске қарай, оған келер шақ мәнін жамайды. Бұл форма арқылы белгілі шекке дейін жүзеге асырылмақшы амал аталады және одан бұрын, әдетте, басқа бір амал жүзеге асады. Мысалы: Таз таранғанша, той тарқайды.
Тілімізде етістік негіздеріне – майынша, (– мейінше) жұрнағы жалғану арқылы да көсемшенің ерекше бір түрі жасалады. Бұл форма Орта ғасыр ескерткіштерінде -мадын, -мазын, -майын тұлғаларында кездеседі. «Тарихи жағынан күрделі: -ма, болымсыз етістігі мен Орхон жазбаларында кездесетін –йын -көсемшесі»,- деп көрсетілген. М.Томанов (ҚТТГ, 227). Соңғы мезгіл мәнін беретін –ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы – Алтын Орда жазбаларында ұшырасады екен. Бұл аффикстің дейін, шейін шылауымен синонимдес екенін ескерсек (келгенше – келгенге шейін, барғанша – барғанға дейін), профессор Исаевтың көрсеткеніндей, «дейін, шейін шылауымен –ша, -ше, аффикстерінің шығу төркіні жақындығы талас тудырмаса керек. Осы жұрнақ арқылы: алмайынша, жазбайынша, төзбейінше, бітпейінше тәрізді көсемшелер көп жасалады.
Сондай-ақ, айт+пастан, келместен дегендегі форма да көсемше формасы ретінде қаралады. (Ак. гр. 183-б) Ысқақов: егер бұл форманы көсемшеге телу керек болса, айтқандай, біткендей, айтқандықтан, біткендіктен, айтатындай, бітетіндей дегендердегі –қандай, -қандықтан, -атындай, -арлықтай формаларын да көсемшеге телу қажет болады. Ендеше, бұл формаларды арнайы тексермейінше, осы категорияға жатқыза қою орынсыз сияқты. (ҚҚТ, 321-б).
ТЕСТ
1.Жіктелмейтін, шақтық мағынаны білдірмейтін етістікті көрсетіңіз:
А.есімше,
В.көсемше
С.етіс
Д.тұйық етістік
2.Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері:
А.рай, шақ, жақ
В.есімше, көсемше, тұйық етістік
С.сабақты, салт, болымсыз, етіс
Д.етістіктің аналитикалық форманттары.
3.Жіктеліп, шақтық мағынасын білдіретін және есімдерше түрленетін етістіктің ерекше түрі.
А.есімше
В.көсемше
С.тұйық етістік
Д.күрделі етістік
4. «Көрмес – түйені де көрмес» мақалында –с қандай қосымша?
А.болжалды келер шақтың болымсыз түрінің жұрнағы.
В.шартты райдың жұрнағы
С.етістік тудыратын жұрнақ
Д. етіс жұрнақтары.
5. Ол ауылға жиі баратын. –атын қандай тұлға?
à) көсемше
b) есімше
ñ) шартты рай
d) жедел өткен шақ
6. Бармаспын дегендегі -с қандай тұлға?
à) есімше
b) көсемше
ñ) шартты рай
d) осы шақ
7. Жіктеліп тұрған сөз:
à) оқуды
â) адамды
ñ) жаздырады
ä) арманды
8. Оқу – білім бұлағы. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі:
а) баяндауыш
в) бастауыш
с) анықтауыш
д) толықтауыш.
9. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Ермек сөзіндегі -мек:
а) көсемше жұрнағы
в) есімше жұрнағы
с) сөз тудырушы жұрнақ
д) сөз түрлендіруші жұрнақ.
10. Күн қызарып
батты. Сөйлемдегі көсемше
а) шақты білдіру
в) жақты білдіру
с) қимылдың сипатын білдіру
д) қимылды білдіру