Жалпыұлттық социал демократиялық партия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 10:01, реферат

Краткое описание

Төрағасы: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның орынбасары: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген. Мүшелерінің саны - 140 000 адам. Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында партияның өз филиалдары бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қойып отыр. Партия әлемдік социал-демократиялық қозғалыстың құндылықтарын, Еркіндік, Әділеттілік, Ынтымақтастық қағидаттарын Қазақстанның саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында дәйекті жұмыс жасауда. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 4.54% дауыс алып, Парламентке өтпеді.

Содержание

1.Кіріспе: Партия жайлы мәлімет

2.Негізгі бөлім: Партияның негізгі мақсаттары

3.Қорытынды:Алдағы жоспарлары,іс-әрекеттері

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.doc

— 136.50 Кб (Скачать файл)

«Астана  Медецина Университеті» АҚ

Кафедра: саясаттану

 

 

 

 Реферат

 

Тақырыбы: Жалпыұлттық социал демократиялық партия

                                       Орындаған:Чаякова А.

                                          Тексерген:Бекжан Канатович

                                          ҚДС 101- топ

                                       

    

                  

                                      Астана- 2011

  Жоспар:

 

1.Кіріспе: Партия жайлы мәлімет

 

2.Негізгі бөлім: Партияның негізгі мақсаттары

 

3.Қорытынды:Алдағы жоспарлары,іс-әрекеттері

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпыұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП)

 

 Төрағасы: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның орынбасары: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген. Мүшелерінің саны - 140 000 адам. Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында партияның өз филиалдары бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қойып отыр. Партия әлемдік социал-демократиялық қозғалыстың құндылықтарын, Еркіндік, Әділеттілік, Ынтымақтастық қағидаттарын Қазақстанның саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында дәйекті жұмыс жасауда. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 4.54% дауыс алып, Парламентке өтпеді.

 

24 қазан 2009 жылы «Азат» ҚДП және ЖСДП Біріктіруші съезде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға тапсырылды. Съездің делегаттарының бірауызды дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов сайланды. Партияның Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды. "Азат" Демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының «Өзекті заң жобаларын ұсыну жайындағы» БІРЛЕСКЕН (ОРТАҚ) ҰСЫНЫСЫ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның  тең төрағасы Болат Әбілов

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның  тең төрағасы Жармахан Тұяқбай.

 

 

 Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі қарсаңында: билік ел ішінде шынайы демократиялық өзгерістер жүргізуге кірісе ме, әлде әдеттегідей көзбояушылық әрекеттен әрі аспай ма деген мәселенің өзектілігі одан әрі арта түседі.

 Осы тұрғыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Қазақстанның «АЗАТ» Демократиялық партиясы төрт түрлі мейлінше өзекті әрі маңызды заң жобасын ұсынады:

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау жөніндегі» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»;

3. «Саяи партиялар  туралы»;

4. «Бейбіт, шеру, митинг, пикет өткізуді ұйымдастыру тәртібі жөнінде».

 Біз әзірлеген заң жобаларының негізгі қағидалары төмендегідей.

 

 

 

 

1. Сайлаушы құқының қорғансыз қалуы (түпкілікті дұрыс қорғалмауы), сайлаушының ерік-ойын жүзеге асыруға кепіл берілмеуі елімізде 2004, 2005, 2007 жылдары өткен сайлау қорытындыларын жаппай бұрмалауға жол беріп, ішкі саяси жағдайдың біршама шиеленісуіне және ел азаматтары мен әлемдік қауымдастық тарапынан қазақстандық билікке деген сенім деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – саяси бейтараптылықты қамтамасыз етуге бағытталған сайлау процесін құқықтық реттеудің тиімді механизмін жасау. Бұл тұрғыда біз заңда шынайы плюрализмге негізделген сайлау комиссияларының саяси тең әрі тәуелсіз статусын бекітуді ұсынып отырмыз.  Біз, сондай-ақ, заңда комиссияның ең аз құрамын 7 адам деп жасақтап, оған сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар мен кандидаттардың өкілдері енуі жөнінде талап енгізу керек деп санаймыз. Сайлаушылардың дауысын «әткеншек» әдісі бойынша «ұрлап, жымқыру» фактілері мен алдын-ала әзірленген бюллетеньдерді пайдалану мүмкіндіктерінің алдын-алу мақсатында сайлау бюллетеньдерін бақылау (үзбелі) талондарымен қоса дайындау жөнінде заң жүзінде талап енгізуді ұсынамыз. Заң жобасында үгіт шараларын өткізуге сайлау процесіне қатысушылардың бәріне бірдей тең жағдай берілуі қамтамасыз етілуі тиіс, оның ішінде үгіт материалдарын орналастыруға міндетті түрде орын бөліну қажеттігі де ескерілуі керек. Сол сияқты, сайлаушылар тізіміне қатысты ақпараттар ашық әрі қол жетімді деңгейде болып, сенім өкілдері мен бақылаушылардың құқықтық мүмкіндіктері кеңеюі тиіс. Саяси партиялардың сайлау блоктарына бірігу құқын қайта енгізіп, Мәжіліске өту межесін бүгінгі қолданыстағы 7 пайыздан 5%-ға дейін төмендету ұсынылады. Бір партиялық Парламент құруға жол бермеу үшін заңға негізделген «тетіктер» енгізіледі. Біз, сайлаушылардың санау барысында ашықтық деңгейін қамтамасыз ете алмай, қоғам сенімінен қалған электронды дауыс беру әдісін алып тастауды талап етеміз.

 

 

 

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекетке қызмет етуі тиіс, Қазақстан Республикасы өзін дәл осы талаптарға сай мемлекет санайтынын да ескерткіміз келеді.

 ҚДП«АЗАТ» және ЖСДП Журналистер Конгресі ұсынған жоба негізінде әзірленген «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасын ұсынады. Біз Конгрес ұсынған жобаға біраз өзгерістер енгізіп, толықтырдық. Біздің ұсыныстарымыз темендегідей:

1) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің басты принципінің бірі ретінде «ел ішіндегі иделогиялық және саяси алуандылықты мойындау» дегенді бекіту;

2) БАҚ-ты монополиялауға заңды тұрғыда кедергі орнату;

3) тұрақты түрде жұмыс істейтін – бұқаралық ақпарат құралдарының мәселесі бойынша тәуелсіз Ұлттық Кеңес құру. Ұлттық Кеңес құрамына журналистік бірлестіктер (ассоциациялар) мен телерадио саласынан, мемлекеттік атқарушы органдардан үш өкілден және де әрбір саяси партиядан бір өкілден енгізу ұсынылады. Ұлттық кеңес құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері (құрылтайшылары), саяси партиялардың басшылары кіре алмайды.

 Ұлттық Кеңестің негізгі міндеті – бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік атаулы қолдау (көмек) көрсету мен радио жиіліктерін бөлу және пайдалану мәселесін жетілдіру жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасына жаңа ұсыныстар әзірлеп ұсыну болып табылады.

 

3. Біз – тұрақты түрдегі партиялық-саяси жүйе құру үшін мемлекеттік басқару сабақтастығын қамтамасыз ететін өркениетті саяси бәсеке мен көппартиялыққа негізделген жағдай жасалу керек деген сенімдеміз. Еліміздегі қолданыстағы заңдарға тиісті өзгертулер енгізбей, бұл мәселені шешу мүмкін емес.

 Осы мақсатта ЖСДП мен «АЗАТ» (ҚДП) партиясы саяси партия құру және тіркеу барысында төмендегідей заң талаптарын белгілеуді ұсынады:

1) партия құру жөніндегі ұсыныс жалпы саны он адамнан аз болмайтын Қазақстан Республикасы азаматтарынан құрылған топтың еншісінде болуы тиіс, бұл топ – саяси партияның ұйымдастыру комитетін құрып, құрылтай съезін (конференциясын) шақыруы тиіс;

2) ұйымдастыру комитеті өкілетті органды саяси партия құратыны жөнінде ескертіп, оның болашақ атауын көрсетуі тиіс;

3) саяси партияның құрылтай съезі, егер оның жұмысында республика облыстарының жартысынан көбінен, Қазақстан Республикасы астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардан делегаттар қатысқан жағдайда құқылы болып саналуы тиіс, ал делегаттардың өкілеттілік нормасын ұйымдастыру комитеті әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасынан үш делегат деген есеппен белгілеуі тиіс (үш делегаттан кем болмауы тиіс);

4) саяси партияны мемлекеттік  тіркеуден өткізу үшін оның құрамында: облыстардың жартысынан көбінде, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасының астанасында жалпы саны 10 адамнан кем болмайтын мүшесі бар құрылымдық бөлімдерді (филиалдар, өкілеттіктер) құрайтын бес мыңнан кем болмайтын мүшесі болуы тиіс. Сол сияқты, жобада саяси партияларды қолдау және саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыру тәртіптерінің жалпыға бірдей жағдайы ұсынылған.

 

4. Азаматтардың жиын, митинг, шеру, пикет сынды бұқара алдында өткізілетін басқа да акциялар мен шараларды ұйымдастыру құқы – сөз бостандығы мен ой еркіндігінің, өз көзқарасы мен ұстанымын ашық білдірудің фундаменталды кепілі болып табылады, бұл – халықтың әлеуметтік және саяси белсенділігін ашып көрсететін маңызды үлгінің бірі деп түсіну керек.  Ал, бүгінгі қолданыстағы «Бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет ұйымдастыру және өткізу тәртібі жөніндегі» заң адам құқының мазмұны мен маңызын аяққа басқан шектеулер мен тыйым түріне жол беріп отыр.  Біз ұсынатын заң жобасының басты ерекшелігі – жобада бұқара алдындағы шара, митинг, шеру, пикет сынды ұғымдарға нақты түсінік беріліп, оларды өткізу принциптері жөнінде айтылған. Бүгінгі қолданыстағы заңмен салыстырғанда біздің жобада жергілікті өкілетті органдар жергілікті жағдайды ескеріп жиын, митинг, шеру, пикет өткізу тәртібін қосымша реттей алады деген норма жоқ, өйткені біз жергілікті жерлерде билік бұл қағиданы адам құқын аяққа басу құралы ретінде белсенді түрде қолданып отырғанын үнемі байқап жүрміз. Оның орнына буқара алдында өтетін шараларды өткізу тәртібін ескертіп хабарлайтын норма енгізіліп отыр.  Бұқара алдына негізделген шараларды өткізуге жарамды қоғамдық ашық орындардың бәрінде ұйымдастыруға болады, тек аталмыш заңға сәйкес мұндай мақсатта қолдануға тыйым салынған, не шектелген бірен-саран орынды есептемегенде.  Ескерту хабарламасын беру мерзімі буқаралық акция өткізілетін күннен 10 күн бұрын емес және 5 күннен кеш емес мерзімде бекіту ұсынылады. Бірақ бірнеше адамнан тұратын топ пикет өткізетін болса, онда өздері белгілеген күннен 3 күннен кеш қалмай ескерту жасауы тиіс. Ал, үш не одан да аз адам пикет ұйымдастыруды мақсат тұтқан болса, бұл үшін билік органдарын алдын-ала ескерту қажет емес. Бүгінгі монопартиялық парламент пен ел үкіметінің біздің ұсыныстарымызды қабылдау не қабылдамауы билік ниетінің қаншалықты шынайы екендігін анықтап беретін объективті көрсеткіш болары хақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖСДП оппозиция атынан сайлауға түсетінін мәлімдеді

 

Жалпыұлттық социап-демократиялық партия кезектен тыс парламент сайлауына оппозиция  атынан жалғыз түскелі отыр. Қарашаның 26-сы күні Алматыдағы съезде 57 адамнан  тұратын партиялық сайлау тізімі бекітілді.

Сенбі күні Алматыдағы "Қазақконцерт" залында 9-шы съезін өткізген Жалпыұлттық социал-демократиялық  партия 2012 жылы қаңтардың 15-іне белгіленген кезектен тыс парламент сайлауына түсетін тұғырнамасын айқындап, 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімін бекітті.

 

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ

ЖСДП  теңтөрағасы Болат Әбілов "Ақорда Қазақстан халқын аяқ-қолынан ұстап Еуразиялық одаққа кіргізбекші болып тәуелсіздікке қатер төндіріп отыр, дәл солай елді Кедендік одаққа апарып тықты, одан Қазақстан зиян ғана шекті" деп мәлімдеді. Бұндайда билік өз халқымен санаспайды, күні кеше Каддафиге кеңес берген Тони Блэр сияқты қайдағы біреулерге құлақ асады деп сын айтты Болат Әбілов.Жиырма жылғы саясат нәтижесінде ат төбеліндей азғана топтың алпауыт байға айналып, халықтың негізгі бөлігі кедейшіліктің қамытынан құтыла алмай келе жатқанын айтқан Болат Әбілов, Қазақстан қоғамында соңғы кездері болған террорлық сипаты бар жарылыстардың негізгі түп-төркіні – әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздіктен шығып отыр деп мәлімдеді.Оппозициялық саясаткер экстремизмнің жаппай таралмауына қазіргі билік сияқты күшке салып басып-жаншумен емес, адам құқықтары қорғалатын, әділ сайлау жүйесі мен сөз бостандығы бар демократиялық, әділетті қоғам орнату арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап көрсетті.

 

Демократиялық оппозиция бiрiктi

 

“Азат” пен  ЖСДП жетекшiлерi қосылып, бiр партия құратынын мәлiмдедi

Қазақстан оппозициялық демократиялық күштерiнiң  бiрiгу қажеттiгi жайында көп айтылды. Сәуiр айында өткен форумда да халық оппозициялық күштердiң бiрiгiп бiр жұдырық болуын талап еткен-дi. Алайда, “коммунистер” мен тiркелмеген “Алға” бiр партия болып бiрiгу идеясынан бас тартып, әрқайсының жолы бөлек екенiн ашық бiлдiрдi. Бұған дейiн екi партия бiрiгiп, “Народовластие” саяси “одағын” құрған болатын. Демократиялық күштердiң жiк-жiкке бөлiнiп, бiр-бiрiмен алауыз болғанын қалың жұртшылық қолдамады.

“Коммунистер”, ЖСДП мен  тiркелмеген “Алға” партиясы бас қосып, 2005 жылы құрылған “Әдiлеттi Қазақстан үшiн” қозғалысын қайта жандандырғанда да, бұған жұртшылық селт етпедi. Ескi әуеннiң “жаңа” сарынымен жүрмек болған қозғалыстың жұмысы әрiге оң нәтижесiн бере қойған жоқ. Жаз айында өзiнiң кезектi құрылтайын өткiзген “Әдiлеттi Қазақстан үшiн” қозғалысының қызметi осымен тоқтағандай әсер қалдырды. Өткен айдың соңында “азаматтық қоғам өкiлдерiн жинап, қарсылық акцияларын өткiземiз” деген жоспар да жасалды. Қозғалыс жетекшiлерiнiң өзi “саяси қадамдарға бармайық, әлеуметтiк мәселемен шектелейiк, билiктiң жазалау науқаны күштi” деп тартыншақтанса, басқаларға не жорық?! “Коммунистер” мен “алғалықтар” бiрiгуден бас тартқан соң, қалың жұртшылықтың назары “Азат” пен ЖСДП-ға бұрылды. Бiрiгiп, бiр партия болудан бас тартпаған – Болат Әбiлев пен Жармахан Тұяқбай ғана едi. “Кеңесiп пiшкен тон келте болмас” демекшi, “Азат” пен ЖСДП басшылары бiрiгудiң барлық шарттары мен негiздерiн әбден талқылап, ақыры бiр тоқтамға келдi. Сейсенбi күнi Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында ЖСДП жетекшiсi Жармахан Тұяқбай, оның бiрiншi орынбасары Әмiржан Қосанов, “Азат” партиясының төрағасы Болат Әбiлев пен оның орынбасары Петр Своик бас қосып, журналистерге арналған жиын өткiздi. Оппозиция қолдаушыларының талап-тiлегi жүзеге асып, қос партия бiрiгетiнiн мәлiмдедi. Жаңарған оппозициялық партияның атауы да нақтыланып, ол Жалпыұлттық социал-демократиялық “Азат” партиясы болып аталады. Бiрiккен оппозициялық партия қайта тiркеуден өткiзiлмейдi. Партияның атауы өзгеруiне ғана байланысты құжаттар есептiк тiркеуге жiберiледi. Қайта тiркеуге қарағанда бұл процестiң әлдеқайда жеңiл екенiн есепке алсақ, демократиялық партияны тiркемей қояды деген күмән келтiруге де негiз жоқ. Журналистерге таратылған баспасөз мәлiмдемесiнде “Азат” пен ЖСДП жетекшiлерi өздерiнiң бiрiгуi туралы былай дейдi: “Авторитарлық режиммен бiрiгiп күрес жүргiзудiң көптеген жылдары “Азат” демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының идеялық-саяси позициясы мен iс жүзiндегi амалдарының бiр-бiрiне ерекше жақындығын көрсеттi. Бiрiгiп жұмыс iстеудiң көп қырлы дәстүрлерi мен формалары қалыптасып, өзiнiң бiрiккен түрде жүзеге асуын талап еткен бiрыңғай әрекеттердiң кең әлеуетiн анықтады. Осы айтылғандардың бәрiн негiзге ала отырып – “Азат” пен ЖСДП партияларының Жалпыұлттық социал-демократиялық “Азат” партиясына бiрiгетiнiн мәлiмдеймiз”. Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбiлев бiрiккен оппозициялық партияның тең төрағасы болады

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жалпыұлттық социал демократиялық партия