Жер. Жердің құрылысы. Тау жыныстары және минералдар. Пайдалы қазбалар туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 06:13, контрольная работа

Краткое описание

Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады.

Вложенные файлы: 1 файл

геология.docx

— 44.12 Кб (Скачать файл)

Тау жыныстарының екінші бір үлкен тобын шөгінді жыныстар құрайды. Олар жер қыртысы массасының 10%-ға жуығын құрап, жер бетінің 75%-ын жауып жатыр. Қалыптасқан орнына қарай оларды: континенттік және теңіздік деп бөледі. Шөгінді жыныстар физикалық, (механикалық), химиялық және биологиялық үгілу нәтижесінде пайда болады. Шөгінді жыныстардың ең көп таралғандары — сазды (50%), құмды және карбонатты жыныстар (45%). Жер шарындағы пайдалы қазбалардың 3/4 белігінің қалыптасуы шөгінді жыныстармен байланысты. Мұнай, табиғи газ, минералды тұздардың кен орындары шөгінді жыныстар таралған аудандарға ғана тән. Сол сияқты темір, марганец, алюминий кендері, шашыранды күйіндегі алтын, платина және алмас та үгілу нәтижесінде шөгінді жыныстар арасында жинақталады.

Жоғары температуралар мен қысым әсерінен магмалық және шөгінді жыныстардың минералдық құрамы мен құрылымы елеулі езгеріске түсіп, олардан метаморфтық жыныстар қалыптасады. Метаморфизм деп аталатын бұл процесс нәтижесінде минералдардың кристалдық торы түгелдей қайта құрылады: гранит қайта кристалданып — гнейске, құмтас — кварцитке, әктас немесе доломит — мәрмәрға айналады. Сондай-ақ өздеріңе таныс таскөмір де ағаш сүрегінің метаморфтық процесс нәтижесінде өзгеруінен пайда болады. Бұл тау жыныстарының түзілуі көптеген бағалы және сирек кездесетін металл кендерінің, алтын, уран, графиттің, құрылыс материалдарының, әсіресе асыл тастардың кен орындарының пайда болуына негіз болады. Ресей жеріндегі Орал тауында метаморфтық жыныстармен байланысты түзілген минералдар кеңінен таралған.

Пайдалы қазбалар туралы түсінік: Пайдалы қазбалар деп, бір минералдан көп жағдайларда бірнеше минералдардың агрегаттарының жиынтығынан тұратын кен көздерін айтамыз. Минералды – шикізаттардың адамзат тұрмыс – тіршілігінде, халық шаруашылығында алатын орны орасан зор. Олар өз кезегінде металдық және бейметалдық болып үлкен екі топқа бөлінеді.

Металдық пайдалы қазбалар түрлеріне алтын, платина, никель, титан, мыс, мырыш, қорғасын, хромит, темір с.с. т.б. кен орындары жатады.

Бейметалдық минералды – шикізат түрлеріне мұнай, газ, көмір, фосфор, күкірт, графит, слюда, ас тұзы, құрылысқа қажетті: гранит, мрамор, глина, құм, кварцты құм және асыл тастар: алмас, топаз, изумруд, рубин с.с. т.б. кен көздері кіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

С. Бәкіров «Геология негіздері»

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80_%28%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D1%88%D0%B0%D1%80%29


Информация о работе Жер. Жердің құрылысы. Тау жыныстары және минералдар. Пайдалы қазбалар туралы түсінік