Италия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 12:55, реферат

Краткое описание

Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар.

Вложенные файлы: 1 файл

Италия.docx

— 139.12 Кб (Скачать файл)

Театр өнері[өңдеу]


Италия театр өнерінің алғашқы элементтері халықтың диқаншылық әдет-ғұрыптары мен ойын-сауықтарында кездеседі. Орта ғасырларда пайда болған литургиялық драма мен мистерияда комедия-сатиралық бағыт басым болды. Қайта өркендеу дәуірінде тың театрлық мәдениет дамыды, драма теориясы дами бастады. 16 ғасырдың ортасында суырып салма Дель арте комедиясы (маска комедиясы) пайда болды. 17 ғасырдың аяғында Италия театры өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтып, маска комедиясы ақсүйек қауымының көңіл көтеретін сауығына айналды. 18 ғасырда Венеция мен Рим театр мәдениетінің ірі орталығына айналды. Әдеби театрмен қатар қуыршақ театры, акробаттардың, дар ойыны бишілері мен жәрмеңке думаншыларының өнері өріс алды. 18 ғасырдың аяғындағы саяси қозғалыс драматург В.Альфьери (1749 – 1803), актерлер А.Доррокези, К.Маркионни, т.б. дамытқан қаhармандық трагедияны туғызды. Жаңа актерлік өнер мектебінің негізін 1830 – 40 жылы актер Г.Медена салды. Оның артистік және қоғамдық ой-арманын шәкірттері А.Ристори (1822 – 1906), Э.Росси (1827 – 96), Т.Сальвини (1820 – 1915) ілгері дамытты. 1870 жылдан кейін мелодрама, тұрмыс-салт тақырыбындағы жеңіл комедиялар театр репертуарынан кең орын алды. Үздік сахна шебері Э.Дузе (1858 – 1924), Сальвинидің сахналық дәстүрін ілгері дамытты. Фашистік диктатура кезінде (1922 – 43) Италия театры мен драматургиясы ауыр күйзеліске ұшырады. Репертуарға көңіл көтеруге арналған жеңіл пьесалар енді, модернистік ағымдар кең етек алды. Тек Римдегі Көркем театр (жетекшісі Л.Пиранделло, 1867 – 1936), Тәуелсіздер театры мен Дель арте (жетекшісі актер әрі драматург А.Дж. Брагальи) театрының өнері назар аударды. Режиссер әрі актер Э.Де Филиппо (1900 – 84) ұйымдастырған Неапольдің Диалектілі театры ерекше орынға ие болды. 1947 жылы Миланда Пикколо-театры М.Горькийдің “Шыңырау түбінде” пьесасымен шымылдық ашты. 20 ғасырдың 60-жылдарының орта шенінен тұрақты театрлар нығая бастады.

Кино өнері[өңдеу]


Италияда алғашқы фильм 1896 жылы түсірілді. 1905 – 06 жылы Туринде, Римде, Миланда көркем фильмдер шығаратын кішігірім кинофирмалар ұйымдастырылды. 1-дүниежүзілік соғыстың алдында Италиякинематографиясы әлемде жетекші орын алды. 1913 жылы жасалған “Помпейдің ақырғы күні” (режиссер Л.Маджи) мен “Кабирия” (режиссер Дж.Пастроне) фильмі көрермендер арасында кеңінен мәлім болды. 20 ғасырдың 30-жылдары белгілі әншілердің қатысуымен музыкалық фильмдер қойылып, кино өнері біршама жандана түсті. 1937 жылы Римде киностудия кешені тұрғызылып, Экспериментті киноорталығы деген атпен киноинститут құрылды. Фашизмнен азат етілгеннен кейін Италия кино өнерінде прогресшіл бағыт айқын байқалды. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері: режиссер Р.Росселлини (1906 – 1977), Л.Висконти (1906 – 1976), В.Де Сика (1901 – 1974), Дж. Де Сантис (1917 жылыт.), П.Джерми (1914 – 1974). Фашизмге қарсы күрестегі Италия халқының бірлігін бейнелеген Росселлинидің “Рим – ашық қала” (1945) фильмі жаңа реализмнің манифесіне айналды. Соғыстан кейін (1946 – 52) “Шуша”, “Велосипед ұрлаушылар”, “Умберто Д” (режиссер Де Сика), “Қайғылы аңшылық”, “Ащы күріш”, “Рим сағат 11-де” (режиссер Де Сантис), “Үміт жолы” (режиссер Джерми), “Неаполь – миллионерлер қаласы” (режиссер Де Филиппо) сияқты фильмдер экранға шықты. 20 ғасырдың 60-жылдары “Неапольдің төрт күні” (режиссер Н.Лоя), “Рокко және оның бауырлары” (режиссер Висконти), “Тәтті өмір”, “Сегіз жарым” (режиссер Ф.Феллини, 1920 – 1993), т.б. қойылды. Дүние жүзіне есімі мәлім режиссер Феллини мен М.Антонионидың (1912 жылы түсірілген) фильмдері қоғамның рухани қайыршылығын өткір сынға алды. 20 ғасырдың 70 – 80-жылдары “ХХ ғасыр” (режиссер Б.Бертолуччи, 1941 жылы түсірілген), “Әке – қожайын”, “Әулие Лоренцо түні” (режиссер ағайынды Тавини), “Құпиялар, құпиялар” (режиссер ДжылыБертоуччи), “Жүрекке соққы” (режиссер Дж.Амелио), “Эчче Бомбо”, “Тәтті түстер”, “Бьянка” (режиссер Н.Моретти), т.б. фильмдер түсірілді. Белгілі актерлері: А.Маньяни (1908 – 1973), Дж.Мазина (1921 – 1994), С.Лорен (1934 жылы түсірілген), Дж.Лоллобриджида (1927 жылы түсірілген), М.Мастроянни (1923 ж.), А.Сорди (1919 ж.), М.Плачидо (1947 ж.), т.б.[4]

Пайдаланған әдебиет[өңдеу]


  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Monthly demographic balance: January–November 2010  (итал.). ISTAT (Үлгі:TranslateDate/it). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 тамыз 2011. Тексерілді, 2 сәуір 2011.

  1. ↑ Мынаған өту:a b c d World Economic Outlook Database, October 2010. International Monetary Fund. Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 тамыз 2011. Тексерілді, 20 ақпан 2011.

  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Human Development Report 2010  (ағыл.). United Nations (2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 тамыз 2011. Тексерілді, 5 қараша 2010.

  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

 


Информация о работе Италия