Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:38, лекция
Картография гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарымен байланысты Гуманитарлық ғылымдарға: экономика, тарих, жаратылыстану ғылымдарға: физикалық география, ландшафттану, осының ішінде салалық ғылымдарға: геология, климатология мен метеорология, топырақтану, ботаника, зоология және нақты ғылымдарға: математика, геодезия, кибернетика, статистика жатады.
1. Географиялық карталарда қолданатын масштабтың түрлерін түсіндіру.
2. Географиялық карталардың жіктелуін және ерекшелігін білу.
3. Топографиялық карта бойынша есептер шығару.
4. Географиялық карта бойынша профильдер түсіру.
5. Географиялық карталар бойынша картографиялық проекцияларды ажырата білу.
Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы тордың квадратының қабырғасы километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан оны километрлік деп атайды.
Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүогізілген километрлік тордың сызықтары зонаның остьік меридианына параллель (Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни Оу осіне) болады. Километрлік тордың көмегімен нүктелерің тікбұрышты координаталары анықталады.
Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады. Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады. Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсетіледі. Рамканың төменгі жағынан мыналар орналасады:
Лекция № 5.
Ұсақ масштабты
карталардың математикалық
1. Географиялық глобус.
2.Ұсақ масштабты карталардағы масштабтың ерекшеліктері.
3.Бұрмаланудың түрлері.
1. Глобус (лат. globus - шар) – Жер шарының неше есе кішірейтіліп берілген бейнесі. Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Оның геометриялық пішіні мен аудандарының ара қатынасы нақты, еш өзгертусіз, яғни бұрмаланусыз беріледі.
Глобусты жасаған кезде
Олар карталар сияқты тақырыбына (жалпыгеографиялық және тақырыптық-саяси, геологиялық және т.б.), масштабына және мақсатына (оқулық, анықтамалық және т.б.) қарай ажыратылады.
Глобус жер шарының моделі, онда географиялық нысандардың пішіні анағұрлым дұрыс бейнеленген. Неміс картографы М.Бехайм XV ғасырда алғашқы глобусты жасаған. Үш түрлі масштабты глобус түрі бар. Үлкен глобус 1:30 000 000, яғни 30 млн есе кішірек, орташа глобус 1:50 000 000, яғни 50 млн есе кішірек, 1:83 000 000 кіші глобус, яғни 83 млн есе кішірейтілген.
Бірінші глобусты б.з.д. 150 ж. Кратет Малльский жасаған болатын.
Картадан айырмашылығы, глобуста бұрмаланулар жоқ, сондықтан глобус материктердің мен мұхиттардың орналасуы туралы жалпы мәлімет алу үшін ыңғайлы болып келеді. Бірақ глобус ұсақ масштабты болып келетіндіктен, белгілі бір жерді толығымен көрсете алмайды.
Әйгілі глобус түрлері:
Италияның Апечо қаласындағы Коломбара аумағында. Глобус ағаштан жасалған, ішіне 600 адам сыйып кетеді.
Глобустың құрылымы және оның ерекшелігі
1. Географиялық карталар Жердің
пішінінің ерекшеліктерін
2. Глобустың беті тегіс болып келеді. Бедерлі глобустар сирек жасалады, кейде жер бетінің белгілі бір аумақтарының ірі масштабтағы үлгісі жасалады. Мысалы, 1:30 000 000 масштабта дүние жүзіндегі ең үлкен тау жүйесі Джомолунгманың (8848 м) биіктігі глобуста 0,34 мм болады. Бұл биіктіктегі айырмашылықты кішкентай шардың бетіне бейнелеу мүмкін болмағандықтан, глобус бетінің тегіс болуы айқындалған.
3. Егер бглобусты шар деп алсақ, оның осьтары барлық бағытта бірдей болады, ал меридиандар мен параллельдер – шеңбер бойымен сәйкес болады. Мұны оңай түсіндіруге болады: шар бетінің кез келген бағыттағы жазықтықпен түйісу сызықтары – шар тәрізді. Егер түйісу жазықтықтағы Жердің ортасы арқылы өтсе, үлкен шеңбер пайда болады. Үлкен шеңберлер болып меридиан және экватор сызықтығы алынған. Барлық меридиандардың радиусы бір-біріне тең болып келеді.
Егер шарды бөлетін жазықтық Жердің ортасы арқылы өтпесе, онда жазықтықпен түйіскен сызықтар кіші шеңбер құрайды. Экватордан басқа параллельден – кіші шеңбер болады. Оның радиустары экватордан полюске таман азая түседі.
4. Меридиан мен параллельдер
арасындағы бұрыштар –
5. Глобус масштабы кез келген
нүктеде бірдей болады, сондықтан
меридиандар арасындағы
6. Бұрмалану жоқ болғандықтан, глобус бетінде кез келген фигураны көрсете алады. Сол себепті глобуста объектілердің пішіндері, бейнесі бұрмаланусыз беріледі – теңіз, материктер, мемлекеттер, ормандар т.б.
7. Глобустағы кез келген
Глобусты пайдалану бүкіл Жер бетін көруге ыңғайлы. Глобустан көрінгендіктен материктер мен мұхиттардың байланысы, олардың орналасуы, өлшемдерінің ұқсастығы, полюстер мен экватордан қашықтығын есептеуге болады.
2. Ұсақ масштабты карталарда үлкен аумақтағы территориялар бейнеленеді. Бірақ Жер – геоид – қиындықтарға тап боламыз.
Егер Жердің глобусын кез келген бөліктерге кесіп алсақ, әрқайсысы сфераның бір бөлігі болады.
Ұсақ масштабты карталарда міндетті түрде сандық масштаб беріледі (мысалы, 1:4000000). Масштабтардың басқа түрлері – атаулы және сызықтық – берілмесе де болады.
Сандық масштаб – алымы бір санды, ал бөлімі жергілікті ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызығын картада қанша есе азаюына сәйкес болып келетін дұрыс бөлшек.
Сызықтық масштаб – қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктерге бөлінген санды масштаб атауының түзу сызықты графиктік кескіні болып табылады.
Ұсақ масштабты карталардың картографиялық шартты белгілері шынайы жағдайын көрсетумен қатар, құбылыстың (елді мекендер, мен олардың дамуы) абстрактілі мінездемесін береді. Белгілер екі негізгі функцияны орындайды:
- біріншіден, кеңістіктегі нысандардың
немесе құбылыстардың
- нысандардың түрін көрсетеді, олардың сапалық және сандық мінездемесін (мысалы, елді мекендер, ондағы халық саны, әкімшіліктік мәні, қала немесе ауылдық мекендерге бөлінуі, өндіріс салаларының дамуы және т.б.).
Ұсақ масштабты картададағы шартты белгілер топографиялық картадан айырмашылығы, оның стандартты еместігі. Алайда, кейбір шартты белгілерді нысандар мен құбылыстар тобына пайдалануда шектеулер болады. Әрбір нысандар тобына өзіне сәйкес шартты белгілер тобы болады. Елді мекендер, шартты түрде дөңгелекпен, темір жолдар – қызыл сызықтармен, жолдар – қара сызықпен, өзендер – көк сызықпен белгіленеді.
Ұсақ масштабты карталар топографиялық карталарға қарағанда жер бедерін толық көрсете алмайды. Бұл карталар жер бедерінің негізгі және жалпы құрылысын, оның үлкен формасын ғана көрсетеді.
Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталардан үлкен кеңістіктегі құрлықтар мен мұхиттарды, елдер мен теңіздерді, обьектілердің қашықтығы мен ауданын, таулар мен жазықтарды, үстірттерді, ірі өзендердің су жинақтаушы бассейндерін көруге болады.
Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар төмендегідей мәселелерді шешуге негізделген:
жергілікті жердің жалпы географиясын оқыту
табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды орнату үшін жалпы географиялық және тақырыптық элементтерді байланыстыра отырып, жергілікті жерді тереңдетіп оқыту
географиялық негіздегі
Ұсақ масштабты жалпы
географиялық карталар өз
Дүние жүзінің картасы
үшін мұхиттар мен теңіздердің,
Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды жасау барысында безендірілуі мен эстетикалық сапасына көңіл бөледі. Көркем рамкалар қолданылады. Өте жақсы безендірілгендері картина тәрізді көрінеді. Мысалы Памир-Тянь-Шань (1:800000) картасы, Кавказ (1:600000) және т.б жоғары мектептерге арналған аймақтық карталарды атауға болады.
Топографиялық карталар
жекелеген шағын аймақтарға
Отандық және халықаралық
картографияның дамуында «
Картаның негізгі міндеттері – жердің табиғи ресурстары бейнеленген тақырыптық карталар сериясына негіз болу. Бұл картаның халықаралық 1:1000000 масштабты картадан өзгешелігі мұнда тек материктер ғана емес, бүкіл әлем қамтылады. Картаның мазмұны екі позицияда:
Сонымен қатар генерализацияны
КСРО-ның 1:2500000 анықтамалық
картасы 1947 жылы жасалғна. Онда
барлыө географиялық
Ұсақ масштабты жалпы
географиялық карталар оқулық
картографиясында кеңінен
мектептегі жалпы географиялық картаның өзіндік ерекшелітері бар:
3. Кез келгенін проекцияда бұрмаланулар болады, олар төрт түрге бөлінеді:
Ұзындықтардың бұрмалануы - негізгі бұрмалану түрі. Қалған бұрмаланулар осыдан шығады. Масштабтың нүктеден нүктеге өзгеруінен, кейде бағытына байланысты бір нүктенің шегінде өзгеріп отыруынан, тегіс бетте ұзындықтардың бұрмалану масштабының тұрақсыздығын көреміз.