Картография туралы тусник

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 14:30, доклад

Краткое описание

Картография – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым.

Мұхаммед ал-ЫдырысРоджер II-ге арнап жасаған, 1154 жыл

Вложенные файлы: 1 файл

Картография туралы тусиник.docx

— 92.74 Кб (Скачать файл)

Картография туралы тусник

Ежелгі римдіктердің картасы

Картография – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым.

Мұхаммед ал-ЫдырысРоджер II-ге арнап жасаған, 1154 жыл


Картография табиғат пен қоғам  құбылыстарының үйлесуі мен өзара  байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық  ұғымдарға – аспан денелері мен  жұлдызды аспанның карталары, глобустар  мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.

Көркемделген карта.

Комитеның негізгі салалары:

  1. Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;
  2. Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
  3. картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері);
  4. карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
  5. карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.

Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің  көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу  сатысынан өтуде. комитеның жалпы  теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен  шұғылданады. Картография теориясының  негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын  әзірлейді, картографиялық тор құрудың  әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды  талдайды. Картаны құру және жобалау  пәні картаны әзірлеу әдісі мен  оның лабораториялық технологиясын  зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін  құру әдісі мен теориясын, картаны  көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика  шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару – картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді. Картографиялық топонимика – географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К. салаларын нысанға қарап та жіктейді.

Мысалы, Жер бетін (құрлықтар мен  мұхиттарды), планеталық және астрон. картографиялау. Тақырыбына байланысты К. мынадай түрлерге ажыратылады: жалпыгеографиял және топографиялық, тақырыптық (табиғат, халық, шаруашылық, т. б.), арнайы. Әдісіне қарай  жердегі, аэроғарыштағы және су астын  картографиялау; масштабына қарай –  ірі масштабты, орта масштабты және ұсақ масштабты деп ажыратады.

Пайдаланылған Әдебиеттер:

Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы



Информация о работе Картография туралы тусник