Каспийдің экологиялық ахуалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 17:12, реферат

Краткое описание

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында теңіздің су деңгейі көтерілген.

Вложенные файлы: 1 файл

Каспийдің экологиялық ахуалы.doc

— 47.50 Кб (Скачать файл)
  1. Каспийдің  экологиялық  ахуалы

 

Каспий  теңізінің  экологиялық  жағдайы  соңғы  жылдары  су  деңгейінің  көтерілуімен  байланысты. Каспий  теңізінің  бірде  көтеріліп, бірде  тартылуы  жердің  табиғи-тарихи  эволюциясына  байланысты. Тарихи  деректер  бойынша  1820-1930  жылдар  аралығында  теңіздің  су  деңгейі  көтерілген. Оның  себептерін  ауа  райының  құрылысымен  және  антропогендік  факторлармен  түсіндіруге  болады. Еділ  өзені  теңізге  құятын  барлық  судың  80 % құрайды. Сондықтан  теңіз  суының толысуы Еділ  өзенімен  тығыз байланыста  болады. Соңғы жылдары теңізден  Қарабұғазкөл  шығанағын бірде бөліп, бірде қосу  адам  баласының Каспий  экожүйесіне батыл араласуы  еді. Осы әрекетердің бәрі  Каспий  теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи  тепе-теңдігін  бұзған  адамның  теріс  іс-әрекеттері  ретінде  қабылданды. Теңіз  суының  ырғақты  ауытқуы  табиғаттың  заңдылығы  екенін  адам  баласы  кейін  түсінді. Мәселен, 1940-1950  жылдардағы  теңіз  деңгейінің  төмен  түсуін  антропогендік  факторларға жатқызады. Оның  да  себебі  бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын  су  мөлшері Еділде  12%-ке,  Жайықтан  24%-ке,  ал Теректен  60%-ке  төмендеген. Осы факторларды ескеріп,  теңіз суының  деңгейінің  азаюын  тежеу мақсатымен  1980  жылдары Қарабұғазкөлді  теңізден  бөлу  үшін  ұзындығы  100  метр  табиғи  бөгет салынды. Бөгет салынған  бұғаздың  суы небәрі  үш-ақ  жылдың  ішінде  кеуіп кетіп, айналасына  теңіз тұзы  аралас  шаң-тозаңдар  тарады. Әсіресе теңіздің  түбінен  тұз  өндірушілерге  қиындық  туды, тұздың  сапасы  төмендеп  кетті. Өйткені  Қарабұғазкөл  елімізде  тұз  өндіретін  бірден-бір  ірі  Қарабұғазсульфат  комбинатымен  әлемге  әйгілі  еді. 1978  жылдан  бастап  теңіз  деңгейі  өздігінен  көтеріле  бастады.  Ғасырдың  аяғында  оның  деңгейі  3  метрге  жуық  көтерілді.  Судың  көтерілуінен  жүзден  астам  мұнай  бұрғылары, ондағы  мұнай  қоймалары, 6  мұнай-газ  кешені,  жүздеген  елді  мекендер  коммуникациялық  желілер,  өнеркәсіп  орындары  су  астында қалды.

 Барлық  ластағыш  заттар  мен  мұнай  теңіз  суына   араласып,  оның  аймағы  300 мың   гектарға  жетті. Кейінгі  жылдары   теңіз  суының  көтерілуінің  табиғи  процесс  екендігі  дәлелденді.

Каспий  теңізінің  көтерілуі  оның  маңындағы  мемлекеттерге  көптеген  проблемалар  туғызып  отыр. Оның  бастысы – экологиялық  жағдайлар. Біріншіден, су  деңгейінің  көтерілуі  теңіз  жағалауындағы  табиғи  жайылымдардың  көлемін  тарылтып, құстар  мен  жануарлардың  мекенін  басып  алды. Суға  тосқауыл  үшін  соғылған  бөгеттер  жағалаудың  фаунасы  мен  флорасына  зор  шығын  келтірді. Балықтардың  уылдырық  шашу  аясы  мен  құстардың  ұя  салу  тығыздығы  кеміп, биокөптүрліліктің  азайып  кету  проблемасын  туғызып  отыр.

Екіншіден,  теңіз  деңгейінің  көтерілуі  судың, ауа мен  топырақтың  ластануына,  одан  әрі  экологиялық  апатқа  апарады.  Судың  мұнай  өнімдерімен  ластануы  1980  жылдан  бастап  күшейе  түсті. Су  құрамында  пестицид  және  ауыр  металдардың  көбеюі  бекіре  сияқты  бағалы  балықтар,  теңіз  мысығы, құстардың  жаппай  ауруға  ұшырап, қырылып  қалу  фактілерін  жиелетті.  Соңғы  мәліметтер  бойынша  бекіре  балықтарын  аулау  40%-ке  азайды.

Үшіншіден,  су  деңгейінің  көтерілуі  теңіз  жағалауларындағы  мұнай  ұнғыларын, мұнай  қоймаларын, мұнай  өңдейтін  өнеркәсіп  орындарын, балық  комбинаттарын, елді  мекендерді  су  басып, орасан  зор  шығын  келтіре  бастады.

Төртіншіден, мұнай  игеруге  шетелдік  инвесторларды  тарту. Каспий  теңізінің  экологиясын  одан  әрі  шиеленістіре  түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе  газдардың көтерілуі аймақтың  ауа ағынында  зиянды  газдар  үлесін  көбейтіп  отыр.  Теңіз жағалауларының  тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың  шөлге айналуына себепші болып отыр.

        Каспий  проблемасы  бүгінгі   таңда  күрделі  аймақтық  экологиялық  проблемаға  айналды.  Каспий  мұнайын  игеру  жоғары  қарқынмен  жүргізіліп,  ұзақ  жылдарға  жоспарлануда.

     Бұл  проблема  тек  Қазақстан  ғана  емес  Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан  және  Иран  республикаларына  да  тән  ортақ  іс. Ең  бастысы  Каспий  теңізінің  фаунасы  мен  флорасының  әртүрлігін  сақтап  қалу. Каспий  проблемасы  БҰҰ  деңгейінде  көтерілуде. Соның  бірі  1999  жылы  Көкшетау  қаласында «Каспий  теңізінің биокөптүрлігін  сақтаудың белсенділігін бағалау»  тақырыбында өткен бірінші аймақтық  семинар болды. Мемлекет  аралық  деңгейде  өткен кеңестің  мақсаты – Каспий  жағалауларындағы  мемлекеттермен  бірге отырып, Каспий  теңізінің экологиялық проблемаларын  шешудің  ең  тиімді  жолдарын  қарастыру. Теңіз  экожүйесінде  туындап  отырған  проблемаларды  саралап  және  баға  бере  отырып, экологиялық  аппараттарға  жол  бермеуге  және  оны  тез  арада  шешуге  мақсат  қойылды. Бұл  игі  істер  адам  баласының  дүниежүзілік  маңызы  бар  Каспий  сияқты  су  айдынын  сақтап  қалу  шараларының  бастамасы.

        Егер  Каспийде  үлкен  экологиялық   апат  болса,  халықаралық  сот   теңізді  негізгі  бүлдіруші   ретінде  Қазақстанды  айыптайды.  Теңіз  тіршілігі  қалпына  келгенге  дейін  айып  пұл  салынады. Ал  ол  айыптың  мөлшері  теңіздің  Қазақстан  жоқ  бөлігіндегі  тіршілік  құнына  байланысты. Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  есебі  бойынша  ол  5  миллиард  доллардың  үстінде  екен.  Демек, бұл  жыл  сайын Қазақстанға сондай  мөлшерде айып  пұл салынады  деген сөз.  Ал  теңіздегі тіршілік  қанша уақытта қалпына келуі мүмкін ?  Оны есептеу өте қиын  мәселе. Өлкемізде қазіргі қалыптасып  отырған ауыр  экологиялық дағдарыстардың  зиянды  зардабы денеге  жабысқан  дерт  секілді  біртіндеп  жан-жағына  жайылып, аймақтық  шеңберден  шығып  бара  жатқан  бүкіл  Республиканы  алаңдатып  отырғаны  анық.

 

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі  бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап  Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер  көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз  пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз  түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал апатына себеп болған факторлар:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Балқаш проблемасы

Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.


Информация о работе Каспийдің экологиялық ахуалы