Көлік қозғалысының қоршаған ортаға кері әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 14:00, реферат

Краткое описание

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін. Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера мезосфера термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Вложенные файлы: 1 файл

көлік экологиясыWord.doc

— 1.25 Мб (Скачать файл)

Табиғи жағдайлар - халықтың өмір сүру жағдайларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам өмір сүруі үшін табиғат жағдайлары қолайлы болып келетін аумақтар Қазақстан жерінің 1/3 бөлігін ғана алып жатыр. Ол жерлерге сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі, қыстың жұмсақ, жаздың жылы болуы тән. Ол жерлерде халық тығыз орналасқан. Құрғақ, су тапшы ішкі аудандар өмір сүруге қолайсыз. Соған қарамастан бұл жерлерге 1,5 млн Қазақстандыктар немесе халықтын, 1/10 белігі қоныстанған.

Табиғи ресурстар - табиғат компоненттері болып саналады. Мысалы, пайдалы қазбалар, су, топырақ, орман, шалғын өсімдіктері мен жайылымдықтар. Табиғи ресурстар тікелей шаруашылықта пайдаланылады. Олар экономиканың шикізаттық және энергетикалық базасын құрайды.

Маңыздылығына байланысты табиғи ресурстарды ұлттық (жалпы мемлекеттік), аймақтың және жергілікті маңызы бар деп бөледі. Қолданылуына байланысты ресурсты:

  1. өндірістің материалдық игілігі үшін (минералдық, жер, су, гидроэнергетикалық, орман);
  2. дем алуға арналған (рекреациялық) ресурстар (су, орман, тау) деп бөледі. Бұдан басқа, барлық ресурстар таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.

Осы айырмашылықтар табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі жолдарын анықтайды. Таусылатын ресурстар (кейбіреуі болмаса) қайта қалпына келмейді. Оларды тиімді пайдалану дегеніміз:

  1. барлық пайдалы компоненттерін алу;
  2. шығынды азайту;
  3. қалдықтарды сақтап, қайта өңдеу.

Таусылмайтын ресурстар қайта қалпына келеді. Оларды тиімді пайдаланудың бірқатар шаралары бар. Биологиялық және жер ресурстары үшін бұл - шаруашылық жұмыстарына шектеу қою. Содан соң - жасанды түрде қалпына келтіру (ағаш отырғызу, балық өсіру). Ауа мен су үшін қолданылатын шаралар - оларды ластанудан сақтау болып табылады.

Табиғи ресурстарға шаруашылық (экономикалық) баға беру:

  1. ресурсқа деген қажеттілікті;
  2. олардың географиялық орнын;
  3. көлемі мен сапасын қарастырады.

Осыған байланысты игерудің тиімділігі: яғни қанша шығын жұмсалатындығы, шығынның қайтарымдылық жылдамдығы есептеледі.

Табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімінің (ТРАҮ) үлкен маңызы бар. Олар аумақтарды кешенді түрде игеру үшін қолайлы. Мысалы, Кенді Алтайдағы мырыш өндірісі полиметалл кендері мен су қуаты ресурстарының үйлесімділігі арқасында пайда болды.

Еліміздің ең басты байлығы - минералдық және жер ресурстары. Онымен қамтамасыз етілуі жөнінен әлемдегі алдыңғы орындарды алады.

Қазақстан - барланған пайдалы қазбалар ресурсы жөнінен әлемдегі 6-шы мемлекет. Олардың негізгі ерекшеліктері толық құрамдылығы мен ірі масштабтылығында. Еліміздің жер қойнауында уранның әлемдік ресурсының 1/4-і, хромның 1/7-і, қорғасын мен мырыштың 1/10-і орналасқан. Осы және басқа да пайдалы қазбалардың түрі бойынша Қазақстан Республикасы алдыңғы қатардағы мемлекеттер «ондығына» кіреді.

Қазақстанның қуатты минералдық-шикізат базасы басты бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Бірақ оның дамуына объективті қиыншылықтардың әсері бар. Өндірудің кен-геологиялық жағдайы мен шикізат санасы нашарлап келеді. Пайдалы қазбалар кен орындары да біркелкі таралмаған. Пайдалы қазбалардың бай кен орындары тұруға қолайсыз аймақтарда орналаскан. Оларды игеру жаңа тәсілдер мен технологияны қажет етеді.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан.

Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым (1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеу негiзiнен – орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропиктік өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде – Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде – Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғыз (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың шаршы шақырым. Халқы – 16 млн. 675 мың адам (2012 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет). Оның 9 млн-нан астамы немесе 63%-ы – қазақтар. Республикада 130 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік-аумақтың құрылымы бойынша 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады.

Халық

Халық саны - 16, 6 млн. адам. Халықтың тығыздығы: 1 шаршы метрге – 5,9 адам.

Астанасы – Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан). Халық саны 697,0 мың адам.

Қазақстанда 14 облыс, 86 қала (оның 41-і – республикалық және облыстық маңызда), 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.

Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, мемлекеттік мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен тең қолданылады.

Ұлттық мерекелер: 30 тамыз – Конституция Күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік Күні

Ақша бірлігі – теңге, 1 теңге = 100 тиын. 1993 жылғы 15 қарашада енгізілген.

Мемлекеттiк құрылысы

Қазақстан 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша, өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан құралады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi 7 мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын Республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемлекеттік басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.

Табиғи-ресурстық әлеует

Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделееев кестесінің 105 элементінің 99-ы табылған, 70-і бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.

Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кен орны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша – бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша  – екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша – төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.

Қазақстан пайдалы қазбалар қорларының көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында хром кендері және қорғасын бойынша – бірінші, мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфорлы шикізат қорлары бойынша –  екінші, газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орында тұр.

Республика күмісті, хромитті, қорғасынды және мыршты өндіру бойынша – бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфатты шикізатты өндіру  бойынша  – екінші орында, алтын өндіру бойынша үшінші орында тұр. Қазақстан республиканы әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін,  батыс өңірінде шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай қорларына ие.

Қазақстанның бар пайдалы қазбалар қорларын геологиялық-экономикалық бағалау нәтижесі бойынша, экономикалық маңызы бойынша көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромиттер, алтын, марганецтің ең үлкен салмағы бар.

Республиканың көліктік және коммуникациялық кешенінде темір жол, әуе, теңіз, өзен жолдарының көлігі, автомобиль жолдарының желісі және телекоммуникациялық жүйелері бар.

Темір жолдардың жалпы ұзындығы 14,2 мың км.

Жүктердің көбі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. (2010 жылдың 8 айында 170,8 млн. тонна жүк тасымалданды).

Ортақ пайдаланатын авто жолдардың ұзындығы 93 мың км асады, соның ішінде республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 23,5 мың км.

Теңіз кеме қатынасы Каспий теңізі арқылы жүзеге асады.

Негізі теңіз порттары – Ақтау және Баутино, олар арқылы Иран және Әзірбайжан елдеріне тікелей өтуге болады.

Республиканың әуе кеңістігінде «Эйр Қазақстан» Ұлттық акционерлік авиакомпаниясы және басқа әуе компанияларының ұшақтары жолаушы тасымалдайды. Түркия, Қытай, Индия, Германия, Австрия және басқа елдермен тұрақты әуе қатынастары ретке келтірілді.

Қазақстанның телекоммуникация жүйелерін «Қазақтелеком» Ұлттық акционерлік компаниясы және басқа көптеген компаниялар танытады.

 

 

Логистика

Логистика — тұтынушыларға шикізатпен жабдықтаушылардан тауарлар мен қызмет көрсетулерді алға бастырудың тиімді процесін ұйымдастыру, өнімдер, тауарлар, қызмет көрсетулер саласының жұмыс істеу, тауар қорларын басқару, тауар қозғалысының инфрақұрылымын жасау мәнін білдіретін мамандық. Логистиканың барынша кең таралған атауы оны әртүрлі жүйлердегі материалдық, ақпараттық және қаржылық ресурстар қозғалысын жоспарлау, басқару және бақылау туралы ғылым ретінде түсіндіреді. Ұйымдастыру менеджменті тұрғысынан логистиканы материалдар, бөлшектер және дайын керек-жарақты (техники және басқасы) сатып алу, жабдықтау, тасымалдау, сату және сақтау процесіндегі материалдық ағындарды стратегиялық басқару ретінде қарастыруға болады. Түсінік сондай-ақ тиісті ақпарат ағындарын, қаржылық ақпаратты басқаруды қамтиды. Логистика бір кәсіпорын шеңберіндегі сияқты, сондай-ақ кәсіпорындар тобы үшін де сервисті жасау, өткізу және сүйемелдеу процесін жаңартуға және кедергілерді оңтайландыруға бағытталған. Логист күні – 10-қаңтар.

Терминнің шығуы

Термин бастапқыда интендандтты Қарулы күштер қызметінде пайда болды. «Логистика» терминінің өзі «есептеу өнерін» білдіретін грек тілінің λογιστική сөзінен шыққан. Византия императоры Арыстан VI (865—912) әскери шеберлік бойынша трактатында алғаш рет қолданылады.

Византия империясында император сарайында міндеттеріне тамақ өнімдері бөлу кіретін «логистиктер» болды. Наполеонның өз әскерінде логистикалық ұстанымдарды қолданғаны туралы мәліметтер бар.

Логистика терминін XIX ғасырдың басында орыс тіліне француз әскери маманы Антуан Жомини әкелген.

Логистика теориясы

Логистиканың ғылым ретіндегі мазмұны материалдық және ақпараттық ағындарды басқарудың тиімді ұйымдастыру нысандары мен әдістерін практикада айқындау және жүзег асыру мақсатында, тауар қозғалысының процесіне тән заңдылықтарды және себеп-сладар байланыстарны белгілеу болып табылады.

Бизнес-логистика

Компания қызметінің ерекшелігіне байланысты, әртүрлі логистикалық жүйелер қолданылады. Логистикалық жүйе — негізгіні орындау үшін құрылған логистикалық тізбекке қатысушылар (өндіруші-кәсіпорындар, көлік, сауда ұйымдары, дүкендер және басқалар) әрекеттерінің жинытығы.

Логистика міндеттері.

Логистикалық жүйелер кәсіпорын қызметін қамту бойынша өте әрқилы (және заманауи ресейлік менеджмент түсінігі бойынша да). Кейбіреулер үшін логистика бұл жай ғана деректер базасымен жұмыс істей білу болса, кейбіреулері үшін — жабдықтау немесе қоймалық қызмет. Бірақ өз тағайындалымдары бойынша (ал оның басты тағайындалымы — жоспарлық тапсырмаларды орындау жағдайы кезінде шығындаорды азайту, демек, өндірістік қызмет тиімділігін арттыру) логистикалық жүйелер іс жүзінде барлық қызмет бағыттарын қамтуға тиіс (бухгалтерлік, кадрлық және т.с.с. қоспағанда). Жалпыға танымал логистикалық жүйелер және басқару тұжырымдамалары бұдан әрі

Just In Time: MRP берілген—Materials requirements planning, DRP (distribution requirements planning), MRPII —Manufacturing resource planning, ERP — Enterprise resource planning;

LEAN PRODUCTION:CSRP — Customer Synchronized Resource Planning, ROP, QR, CR, AR;

EOQ МОДЕЛЬ;

Екі деңгейлі жүйе;

Қосбункерлі сызбанұсқа;

Тұрақты тапсырыс кезеңділігіндегі модель;

АВС әдісі;

Қорларды Тұрақты емес және стохастикалық басқару модельдері.

Компаниялар өзінің логистикалық бөлімшелерін дамыта, сондай-ақ жеткізу, қоймалау және жабдықтау мәселелерін шешу үшін көлік-логистикалық ұйымдарды тарта алады. Логистикада бизнес-тапсырмаларды шешу үшін тәуелсіз компанияларды тарту деңгейіне байланысты әртүрлі деңгейлер ерекшеленеді:

1PL —  ағылш. «first-partylogistics» — ұйымдар логистикалық мәселелерді өз бетінше шешетін тәсіл;

3PL ағылш. «third-party logistics» — жеткізу және мекенжайлық сақтаудан бастап тапсырыстарды басқару және тауарлар қозғалысын қадағалауға дейінгі логистикалық қызмет көрсетулердің толық кешені көлік-логистиука ұйымының тарапына берілетін тәсіл.

Мұндай 3PL-провайдер функциясына тасымалдауды ұйымдастыру және басқару, қорларды есепке алу және басқару, импорттық-экспорттық және фрахталық құжаттаманы дайындау, қоймалық сақтау, жүкті өңдеу, түпкі тұтынушыға жеткізу кіреді. Практикада логистиканы басқару міндеті «logistics mix» деп аталатын бірнеше құрауыштармен басқаруға келтіріледі:

қойма ғимараттары (жекелеген қоймалық құрылымдар, дистрибьютерлік орталықтар, дүкенмен қатар салынған қоймалық үй-жайлар);

қорлар (әрбір атаулары бойынша қорлар көлемі, қордың орналасқан орны);

тасымалдау (көлік түрлері, мерзімдері, ыдыс түрлері, жүргізушілердің болуы және т.с.с.);

жиынтықтау және буып-түю (сатып алушылар белсенділігіне болатын бір мезгілдегі әсерді сақтаудың логистикалық тұрғысынан қызмет көрсету қарапайымдылығы мен оңайлығы);

байланыс (тауар қозғалысы кезінде түпкі сияқты, аралық ақпаратты алу мүмкіндігі).

Логистика мынадай түрлерге бөлінеді: сатып алу, көліктік, қоймалық, өндірістік, ақпараттық логистика және басқасы.


Информация о работе Көлік қозғалысының қоршаған ортаға кері әсері