Лекция по "Географии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 13:23, лекция

Краткое описание

Топырақтың ауыр металдармен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 миллиард тоннаға жетті. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 миллион тоннаға жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары.

Вложенные файлы: 1 файл

Топырақтың.docx

— 18.61 Кб (Скачать файл)

Топырақтың  ауыр металдармен  ластануы  барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 миллиард тоннаға жетті. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 миллион тоннаға жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс сияқты ауыр металдармен ластанған. Бар деректер бойынша Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен. Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз тағы басқа өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшыраған. Семей өңірінің ауыр металдармен ластануы  өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың тонна улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель 50 РЗШ, тағы басқа ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.

Ауыр  металдардың топырақта таралуы  көптеген факторға байланысты,   негізінен, метеорологиялық жағдайға, ластаушы көздің табиғаты мен топырақтың геохимиялық қасиеттеріне әсер етеді. 2009 және 2010 жылдың мамыр айында қалдық сақтау орнының төрт жағынан (оңтүстік, солтүстік, шығыс және батыс) алынған топырақ сынамаларындағы ауыр металдардың мөлшері   кесте 1 келтірілген.

Кесте 1 - Қазақстан  топырағының ластану мөлшері (мг/кг) 

 

Ауыр металдар

Қалдық сақтау орны, мамыр айы

ШМК, (мг/кг)

Шығыс

Солтүстік

Батыс

Оңтүстік

2009

2010

2009

2010

2009

2010

2009

2010

Pb2+

65,6

67,5

76,2

83,1

65,9

67,8

98,4

100,2

30,0

Zn2+

165,8

172,1

206,8

211,3

208,7

211,1

219,2

221,2

100,0

Cd2+

0,068

0,072

0,05

0,09

0,068

0,071

0,05

0,07

0,05

Cu2+

53,6

58,2

68,1

73,2

54,3

56,5

65,4

67,5

40,0


 
 

 

Ескерту: Қазақстан  топырағының ластану мөлшері (мг/кг) 2010, [8] 

 

Қалдық  сақтау орны маңайының ауыр металдармен  қаншалықты ластанғаны кестеде көрсетілген. Мысалы, қорғасынды алсақ шығыс жағында (2007 ж) ең төменгісі 65,6±0,02 мг/кг ал, ең жоғарғысы оңтүстігінде 98,4±0,02 мг/кг, бұл көрсеткіш ШМК-дан 2,18±0,2 есе, ал оңтүстігінде 3,28±0,2 есе артық екендігін көрсетеді. Бұндай нәтижелер барлық элементтерге тән екендігін кестеден көруге болады.

Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен  ластану, ауыр металдардың жинақталуы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 миллион га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен жылдам жүруде. Жүргізілген зерттеу жұмысы бойынша, Қазақстан өңірінің әр түрлі аймақтарындағы  топырақта  токсиканттардың жинақталуы әр түрлі болатынын көрсетті.

Зерттелген жылдар бойына  топырақта  металл иондарының мөлшері өзгеретіндігін көрсетті. 2008 жылы  топырақта қорғасын иондарының мөлшері ОА - 15,78±1,21 мг/кг, ҚҚ - 9,09±0,88 мг/кг және СА - 6,42±0,54 мг/кг тең болып, ШРК (ШРК=20,0 мг/кг) төмен болды. Талдау жұмысында топырақтағы қорғасын ионының ШРК жоғары болған жағдайы тіркелген жоқ. Қазақстан өңірінің аймақтарына жүргізілген зерттеу жұмысында  топырақта кадмий иондары бойынша ШРК (ШРК=1,0 мг/кг) жоғары болған жағдайлар анықталған жоқ. Сонда, 2008 жылы СА (0,60±0,04 мг/кг), ҚҚ (0,52±0,03 мг/кг), ОА (0,47±0,03 мг/кг) тең болды Зерттеу жұмысы барысында топырақта  мыс иондарының (ШРК=3,0 мг/кг) және мырыш (ШРК=20,0 мг/кг) иондарының ШРК концентрациясы анағұрлым жоғары болғаны анықталды.

Зерттеу жұмысы басында (2007 ж) СА, ҚҚ және ОА топырақтарындағы мыс иондарының концентрациясы 23,25±1,96, 12,19±1,35 және 9,23±0,71 мг/кг, ал мырыш иондары 86,00±5,12, 68,92±3,96 және 70,21±3,77 мг/кг тең болып, келесі жылдары айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.

2009 жылы жүргізілген зерттеулерде Қазақстан өңірінің үш аймақтарындағы  топырақта  токсиканттардың маусымдық нақты динамикасы көрсетілген.  Топырақта  қорғасын катиондарының төменгі мөлшері қыста тіркелді және ол СА - 17,09±0,97 мг/кг, ҚҚ - 9,09±0,68 мг/кг және ОА - 6,45±0,34 мг/кг тең болды. Көктемде барлық үш аймақта да топырақтағы қорғасын иондарының мөлшері артты, бірақ қыста тіркелген көрсеткіштен жоғары болды. Қыс мезгілінде топырақтағы кадмий иондарының мөлшері төменгі шамаға, СА - 0,63±0,03 мг/кг, ҚҚ - 0,52±0,03 мг/кг, ОА - 0,47±0,02 мг/кг тең болды. Мыс және мырыш иондарының мөлшерінің динамикасы қорғасын және кадмий иондарымен ұқсас болды. 2010 жылы арнайы жүргізілген зерттеу жұмысында Қазақстан өңірінің  топырақ  құрамындағы бірқатар аниондарда айырмашылықтар байқалды. 2008-2010 жылдары Қазақстан өңірінің әр түрлі аймақтарындағы  топырақта  мыс (Cu, ШРК=3 мг/кг ) және мырыш (Zn, ШРК=20 мг/кг) иондарының мөлшерінің өзгерістері байқалуда. 

 

 


Информация о работе Лекция по "Географии"