Мексика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:44, реферат

Краткое описание

Мексика Құрама Штаты — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км². Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Мексикада дүниежүзінің ең ірі агломерациясының бірі – Мехико қаласы орналасқан. Мексика ұлы тарихымен ерекшелентін мемлекет.

Содержание

І. Кіріспе
Мемлекеттің тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық-географиялық жағдайы
2. Табиғат жағдайы мен байлықтары
3. Мемлекеттік құрылысы
4. Халқы:
а) Халқының динамикалық өсімі
б) Этникалық құрылымы
в) Тілі
г) Діні
д) Нәсілі
е) Орналасуы мен таралуы
5. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
в) көлік қатынасы
6. Халықаралық байланыстары
7. Туризм, экологиясы

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Мексика СРС.docx

— 391.70 Кб (Скачать файл)

Мексика транспортының маңызызды түрі – темір жолдары. Олардың жалпы ұзындығы 21 000 км, оның 1/3 бөлігі электрленген. Темір жол бағытымен жолаушылардың 98%-ы, ал жүктің 80 %-ы тасымалданады. Елдің көптеген ірі қалалары бір-бірімен 280 км \caғ жылдамдықпен жүретін  ICE ("Интерсити — Экспресс") пойыздары қатынайтын ұшқыр темір жолдар арқылы байланысқан. Ірі қалалардың арасындағы тұрақты авиарейстер бір сағаттан сәл астам уақытты алады.

Тынық мұхиты және Кариб теңізі жағалауларындағы 49 теңіз порттары арқылы экпорт тауарларының 86 %-ы шетелге шығарылады. Елде 12 порт бар, олардың ең ірілері: Веракрус, Акапулько, Косумель, Мансанильо.

Мексиканың астанасы Мехико қаласында метрополитеннің 9 желісі жұмыс жасайды.

Көлік Мексикада негізінен тасжол, теңіз жолы және әуе жолдары жақсы дамыған. Басты байланыс автокөлікпен жүреді. Ал экспорт және импорт тауарларын шығаруда теңіз көлігінің маңызы зор./6/

 

 

6. Халықаралық байланыстары

Біріккен Ұлттар Ұйымына 1945 жылдан, Америка мемлекеттері ұйымына, АМҰ-ға 1948 жылдан мүше.

Мексика Солтүстік Американың еркін саудасына кіреді (NAFTA). Қазіргі таңда НАФТА құрамындағы Канада мемлектімен қарым-қатынасы бұрынғыдай емес. Мексика өзінің сауда байланыстарын Тынақ мұхит аудандары елдерімен жақсарта түсуде. Солардың ішіндегі- Жапония мемлекетімен. Қазіргі таңда Жапония Мексиканың екінші сауда серіктесі, АҚШ-тан кейінгі. Және де Ресей мемлекетімен де байланысы өте жақсы қарқында дамып келуде.

ECO - Экономикалық келісім  ұйымына (1985 жылы). 1980 жылдары Мексика  экономикасы жақсы дамып келе  жатқан алдыңғы қатарлы елдермен  сыртқы байланысын реттеуге кірісті. Мысалы, Шығыс Азия елдерімен, Жапониямен, Оңтүстік Кореямен.

Мексика мен Қазақстан экономикалық қатынастары. 1992 жылы 16 қаңтарда Мексика Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. 1992 жылы 7 сәуірде Қазақстан мен Мексиканың арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. 2000 жылдың 11 ақпанынан бастап Алматыда Мексиканың құрметті консулдығы жұмыс істейді. 2001 жылдың шілдесінде олимпиада жеңімпазы В.Смирнов Мексикадағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы болып тағайындалды. 1994 жылы 23-25 наурызда Алматы қаласында “Қазақстандағы Мексика күндері” өткізілді.

Мексика мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2000 жылы 66,5 млн. АҚШ долларын құраса, бұл көрсеткіш 2002 жылы 66,1 млн-ға тең болды. Мексикадағы ұлттық табысты жан басына шаққандағы жылдық көрсеткіш

24 000 АҚШ долларына тең (2003). Мексика сыртқа машиналар  мен құрал-жабдықтар, қағаз, химикаттар, металдар, темір кентастарын шығарады. Сырттан көліктік құрал-жабдықтар, минералдық отындар, тоқыма, киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік өнімдерін  әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Ұлыбритания, Норвегия, АҚШ, Дания, Франция. /9/

 

7. Туризмі

Мексиканың туризмі оның экономикасының жақсы дамыған салаларының бірі. Мексика дүниежүзіндегі туристер ең көп баратын елдердің бірі. Туристердің Мексикаға қызығушылығының артуына көптеген факторлар әсер етеді: елдің ерекше мәдениеті, мәдени фестивальдер, испан колониялық дәуірінде соғылған қалаларының ерекше архитектурасы, ежелгі ортаамерикалық қалаларынан қалған мәдени ескерткіштері, табиғи резерваттарының көптігі, адамға жайлы климат және жағажай курорттардың молдығы.

                       

         Елдегі туристердің көптеп келетін мезгілі – желтоқсан айынан бастап, жаздың ортасына дейін. Сонымен қатар көктем мезгілінде АҚШ-тан демалыс кезінде білімгерлердің келетін уақыты.

Мексикаға саяхаттап баратын туристердің көп бөлігі АҚШ және Канада елдерінің азаматтары. Сонымен қатар Еуропадан, Азиядан және Латын Америкасынан да туристер көптеп Мексикаға қыдырып барады. Елдің ішінде ішкі туризммен қатар сыртқы туризм де қарқынды дамуда. Мексиканың орташа топқа жататын халқы елдің ішінде демалса, ал елдің жоғарғы топтағы азаматтары шетелдерге шығуды жөн көреді екен.

2011 жылғы Travel and Tourism Competitiveness Report (TTCI)-дің  мәліметі бойынша  Мексика дүниежүзі бойынша туристерді  тарту дәрежесі бойынша 43-орынды  алады. Сонымен қатар Мексиканың  халқының даму деңгейі бойынша 13-орынды алады, табиғат ресурстарынан 10-орында, ал мәдени мұралары бойынша 19-орында. TTCI-дің есебінде Мексиканың  туризмінің дамуына елдің транспорт  инфраструктурасының баяу дамуы  кедергі туғызып отырғандығы  айтылған. Ел трансортының дамуы  бойынша дүние жүзінде 79-орынды  алады. Медицина мен гигиеналық  жағдайы бойынша 64-орынды, қауіпсіздігі  жағынан 128-орында.

Негізгі туристік қалалары. Елдің астанасы – Мехико қаласы – ежелгі үнді Теотиуакан қаласына баратын жолдың торабында орналасқан. Ол ежелгі қалада Күн мен Ай пирамидалары орналасқан. Мехико қаласында ірі-ірі сауда саттық аудандар орналасқан.Қалада әлемдегі ең үлкен орталық алаң Зокало, әлемдегі ең ірі корридаға арналған арена - Плаза де Торос, Монтесум срайының орнына салынған Ұлттық сарай  орналасқан. Сонымен қатар елдің бас қаласында дүние жүзіндегі ең үлкен Ұлттық антропология мен тарих мұражайы орналасқан.

Халық ең көп қоныстанған Мексиканың екінші қаласы – Гвадалахара. Бұл қала Мексикадағы ең белгілі салт-дәстүрлерінің отаны болып табылады. Мысалы, текила, мариачи мен чаррос әуендері. Бұл қалада Канкун, Акапулько жағажайлы курорттары орналасқан. Гвадалахара қаласы Мексикадағы халық ең көп баратын қала болып табылады. Қалада ең көп мұражайлар, сурет галереялары мен театрлар орналасқан. Гвадалахарада үнемі жыл сайын маңызды оқиғалар орын алады. Әлемде маңыздылығы жөнінен екінші, ал испан тілді елдер үшін бірінші орынға ие халықаралық кітап көрмесі жыл сайын өтеді. Қала электронды музыкасының және андеграудының дамуы бойынша белгілі. Қаланың ерекше көркем архитектуралық құрылыстары көзге түседі. Олар: кафедралық собор, Degollado театры мен Кабаньяс ауруханасы. Жоғарыда айтылған құрылыстар ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасына кіретін нысандар.  Гвадалахара қаласы мен оның маңындағы Тлакепаке, Пуэрто-Вальярта және басқа қалаларында сауда саттық орталықтары көп орналасқан, сонымен қатар табиғи нысандар: Barranca de Oblatos шатқалы бар.

Нуэво-Леон штатында XVI ғасырда негізі қаланған Монтеррей қаласы өзінің мұражайларымен әйгілі: Мексиканың тарих мұражайы, қазіргі заманғы өнер мұражайы, Метрополитен – Монтеррея мұражайы мен Үкімет Сарайы. Santa Lucia жасанды каналы ұзындығы 2,5 км, АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио каналына ұқсайды және Фундидора саябағын Macroplaza-мен – Монтеррея басты орталық алаңын байланыстырады.

Морелия қаласы – Мичоакан штатының астанасы. Қаланың тарихи орталығында 1000-нан астам тарихи ескерткіштер, акведуктер мен кафедралық соборлар орналасқан.

Мексиканың басқа да қалалары туристік орындарымен ерекшеленеді. Мексиканың жағалаулары жағажайларымен белгілі. Ол жағажайлардың ең әйгілілері мына аймақтарда орналасқан: Акапулько, Кабо-Сан-Лукас, Канкун, Энсенада (Төменгі Калифорния), Гуаймас, Пуэрто-Пеньяско, Санта-Мария-Уатулько, Икстапа, Мансанильо, Масатлан, Прогресо, Плая-дель-Кармен, Пуэрто-Эскондидо, Пуэрто-Вальярта, Сан-Хосе-дель-Кабо.

Юкатан түбегінде Мексиканың ең әйгілі жағажай курорттарының бірі – Канкун орналасқан. Канкун жағажайы әсіресе жоғарғы оқу орындарының білімгерлерінің көктем мезгілінде көптеп баратын жері болып табылады. Жағажайға жақын жерде Исла-Мухерес және Хольбош аралдары орналасқан. /8/

                            

         Мексикада туризм экономиканың ең дамыған салаларының бірі болып табылады. Мексика әлемдегі ең аралды елдердің бірі. Көптеген факторлардың комбинациясы туристер үшін маңызды. Мексика тартымдылығы: бірегей мәдениет, мәдени фестивальдар, испан отарлық үстемдік қаласы сәулет, ежелгі Мезоамериканского қалаларының күйреген орындары болып саналады. Бұның бәрі қолайлы климатына табиғи қорықтар мен жағажай курорттарының қатысуымен үйлеседі. Елде туристік маусым - желтоқсаннан бастап жазға дейін, Пасха және көктемгі мерекелер қарсаңында болады.

         Мексикаға баратын ең көп туристер - Америка Құрама Штаттары және Канада азаматтары. Ең аз Еуропа, Азия және Латын Америкасы туристері. Сондай-ақ, ішкі туризм өсуде - Мексикада төменгі орта тап өз елінде демалғанды жөн көреді, ал бай секторлар шетелге саяхат қалайды.

         2011 жылғы есеп бойынша Мексика әлемдегі туристер қабылдау бойынша 43-ші орында тұр. Мексикаданың туристік тартуының басты кемшілігі көлік инфрақұрылымында (әлемде 79-орын), гигиена және медицина (64 орын) деңгейінде және қауіпсіздік (128-ші) даму деңгейі болып табылады.

 

 Экологиясы

  Мексика халқы бүкіл табиғат ресурстарына, қоршаған ортаға келіп жатқан зиянды, экологияны ластап жатқандарын түсінген дүниежүзіндегі бірден-бір мемлекет. 1972 жылы Мехико қаласында ең алғашқы өткен БҰҰ-ның "Қоршаған ортаны қорғау" конференциясын мексикандықтар ұйымдастырған болатын. Ал қазіргі жағдайда  Мексика үкіметінің экологиялық саясаты (ұлтаралық және халықаралық деңгейде) келер ұрпаққа экологиялық шешілмеген мәселелерді қалдырмау болып отыр. Мексика парламенті мен үкіметі 16 экологиялық бағыт, ұстаным қабылдаған. Бұл бағыт бойынша мақсатқа жету 2020 жылдарға көзделген. Бұл бағыт бойынша таза ауаны сақтау, климатқа аз әсер ету, көл мен теңіздің тазалығы, бай биоалуантүрлілік пен кесілмеген орман, қоршаған ортаның тазалығын сақтау көзделген.  

Мексикада әсіресе қоршаған ортаға ең үлкен зиян келтіріп отырған, ол - ауаға парникті газдың көп шығуы. 1990 жылдан бастап Мексика атмосфераға қалдық шығаруды азайтуда. Олар мұнай-газ жанармайына емес биологиялық және жылы насостарды көптеп қолдануда. Соның нәтижесінде 2011 жылы Мексика Америка  елдерінің ішінде атмосфераға ең аз қалдық шығарған мемлекет болды. 2001 жылы қатты зиян химиялық заттарды шығаруды азайту туралы Мехико қаласында өткен конференциясы қабылданған болатын.

Жүз жылдан бері Мексикада ұлттық парктер жұмыс істейді, сонымен қатар халқының табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгерген. Әсіресе орманды алқаптарды олар қатты бағалайды. Мексиканың өз территориясының аумағында экологияны жақсартуға бағытталған шаралары нәтижелі болғанымен жаһандық мәселені шешуде басқа да мемлекеттердің қатысуы міндетті. /7/

 

Қорытынды

Мексика өзінің бірнеше экономикалық артықшылығымен Латын Америкасы мемлекеттерінен ерекшеленеді. Жалпы ішкі өнім жөнінен Мексика Латын Америкасында 2 орынды алады (Бразилиядан кейін). Мексика мемлекеті  жалғыз радикалды аграрлы реформа ұстанған мемлекет. Мексика шетелдік мемлекеттері ішінде алғашқы мұнайды өндірген мемлекеттердің бірі, және Латын Америкасындағы КСРО мен дипломатиялық келісім жасаған мемлекет. Мұнай, табиғи газ, темір рудаларын, күміс, сурьма және графит өнімдерін өндіреді. Мұнай Мексика шығанағымен Юкатан түбегінде көптеп шоғырланған. 1980 жылы Мексикада үлкен дағдарыс орын алған, бұл дағдарыс елдің барша экономикалық жағдайын нашарлатқан. Мексика БҰҰ-на мүше ел. Мексиканың НАФТА-ға кіруі оның дағдарыстан шығуына үлкен септігін тигізді.

Қорытындылай келе қысқаша айтатын болсақ Мехикано — Мексиканың негізгі халқы. Жалпы саны 91 миллион, оның 78 миллиондайы Мексикада, 12 миллионы Америка Құрама Штаттарында, 25 мыңы Канадада, шағын бөлігі Латын Америкасы мен Испанияда тұрады. Негізінен — метистер. Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді. Діні — католик. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал ш. (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығы (пуэбло) тұрады. Орталыққа шіркеу, тоғай, құдық, фонтан, ауылдық басқару үйі, мектеп орналасқан алаң енеді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінесе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгілеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері — сомбреро. Әйел киімдері: мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді. Тағамдарына ас бұршақ пен жүгеріні көп қолданады. Малды аудандарда сүт тағамдары басым. Мексикалықтарда ән мен би өнері жақсы дамыған. Атақты корридос-лирикадық және саяси мазмұнды өлеңдер, халықтық шекті аспаптар оркестрі — марьячи кең тараған. Мекcика соғысы, америка-мексика соғысы (1846 — 1848), Америка Құрама Штаттары мен Мексика арасында Техас және Калифорния штаттары үшін болған. Соғысты ресми түрде Америка Құрама Штаттары жариялады. Соғыс барысында Мексика халқы басқыншыларға қарсы ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен (Рио-Гранде өз-нен солтүстікке қарай жатқан жерлер) айырылуға мәжбүр болды.

Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде — Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 — 20°С-қа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15— 30°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче.

         Қазіргі таңда Мексика мұнай өндіруден және экспортқа шығарудан дүние жүзіндегі ондық елдердің қатарына кіреді. Жиі табиғи ресурстарды пайдаланады, бірнеше геотермальды станциялары бар. Уран қорынан да алдағы елдер қатарында.

Мексиканың экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды.

Мексика мемлекетінің жылдық экспорт және импорт көрсеткіштері.

Экспорт — 230 млрд долл. (2009  жыл) — өнеркәсіп тауарлары, мұнай және мұнай өнімдері, күміс, жеміс, көкөніс, кофе, мақта. Басты сатып алушы мемлекеттер—АҚШ 80,5 %, Канада 3,6 %, Германия 1,4 %.

Импорт — 234 млрд долл. (2009 жыл) — өнеркәсіп тауарлары, авиа техникалары, автомавиль бөлшектері. Басты сатушы елдер— АҚШ  48 %, Кытай 13,5 %, Жапония  4,8 %, Оңтүстік Корея 4,6 %, Германия 4,1 %.

Елде туризм қарқынды дамуда. Дүние жүзі елдерінің ішінде туристтерді өзіне тартуы бойынша Мексика 43-орынды алады (2011 жылғы мәлімет).

Соңғы 10 жылда Мексиканың жеткен жетістіктерінің бірі - халқының өмір сүру сапасының артуы.  Әсіресе білім деңгейінің артуы, денсаулық сақтау саласының артуы және халықтың жұмыспен түгелдей қамтылуы көзге түседі. Бұл нәтижелерге қарамастан Мексика басқа елдерден көптеген параметрлерімен салыстырғанда артта қалуда. Халқының жұмыспен қамтылуына келер болсақ, 15 жастан 64 жас аралығындағы халқының 60%-ы жалақы төленетін жұмыспен қамтылған. Мексикалықтар жылына 2250 сағат жұмыс жасайды екен. Бұл көрсеткіш дамыған елдердегі халықтарының жұмыс жасау уақытысынан (олар 1776 сағат) әлдеқайда көп. Халықтың жоғарғы білім алуы – мемлекеттің экономикасының көтерілуіне апаратын басты жол.  Мексика 16 мен 64 жас аралығындағы халқының тек 36%-ы ғана жалпы орта білім алған.

Информация о работе Мексика