Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 11:41, реферат
Мексика, Мексика Құрама Штаттары — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитыАтлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр. Халқы 105 миллион адам (2004). Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады. Астанасы — Мехико қаласы Ресми тілі — испан тілі. Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер. Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент.
Мексика
Мексика, Мексика Құрама Штаттары — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитыАтлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр. Халқы 105 миллион адам (2004). Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады. Астанасы — Мехико қаласы Ресми тілі — испан тілі. Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер. Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын өлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Америка Құрама Штаттары бірлігі — песо.Мазмұны
Табиғаты
Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде — Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 — 20°С-қа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15— 30°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче.
Тарихы
Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшті, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды. Б.з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майя тайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті). 15 ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитлан қаласының (қазіргі Мехико) негізін қалады. 1519 жылы Э.Кортес бастаған испан отаршылары Мексикаға ішкерілей еніп, басқыншылық соғыс жүргізе бастады. Куаутемок басшылық еткен үндістер басқыншыларға қарсы табанды қарсылық көрсетті, бірақ 1521 жылы испандар Теночтитланды басып алды. 16 ғасырдың соңына қарай испандар Мексика жерін негізінен бағындырып болды. Байырғы халықтар жерлерінен айырылып, ауыр қанауға, аштыққа ұшырады. 25 миллионға жуық үндістердің 1605 жылы 1 миллионнан астамы ғана қалды. 1624, 1692 жылы Мехикода, 1660 жылы Оахакиде, 1761 жылы Юкатанда, 1767 жылы Мичоаканда үндістердің испан үстемдігіне қарсы ірі көтерілістері болды. Мексиканы отарлау барысында түрлі этникалық топтардың (еуропалықтар, үндістер, Африкадан әкелінген құл-негрлер) араласуы нәтижесінде 17 — 18 ғасырларда халықтың ортақ тілі мен діні қалыптасты. Отаршыларға қарсы жиі-жиі азаттық қозғалысы болып тұрды. 1810 жылы 16 қаңтарда діни қызметкер М.Идальго мен оның ізбасары Х.М. Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді. Соңында А.Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ елде азамат соғысы басталды. 1824 жылы қазан айында конгресс конституция қабылдап, Мексиканы республика деп жариялады. 1833 жылы өкімет басына келген А.Санта-Ана конституцияға тыйым салып, елде диктатура орнатты. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Америка Құрама Штаттары Техасты отарлауға кірісті. 1846 жылы Америка Құрама Штаттары Мексикаға қарсы соғыс жариялады. Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен айырылып қалды. 1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке келді. 1857 жылы жаңа конституция қабылданды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі. 1910 — 17 жылы төңкеріс нәтижесінде елде демократиялық өзгерістер болды. 2-дүниежүзілік соғыс барысында Мексика үкіметі бейтарап саясат ұстанатындығын мәлімдеді. Бірақ фашистік қауіптің күшеюіне байланысты, 1942 жылы мамырда антигитлерлік коалицияның құрамына енді. Соғыстан кейінгі кезеңде Мексикада экономиканы дамыту мен демократиялық бостандықтар, әлеуметтік құқықтарды кеңейту жолында бірқатар прогресшіл шаралар жүзеге асырылды.
Экономикасы
Мексика — Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.
Мексикалықтар
Мехикано — Мексиканың негізгі халқы. Жалпы саны 91 миллион, оның 78 миллиондайы Мексикада, 12 миллионы Америка Құрама Штаттарында, 25 мыңы Канадада, шағын бөлігі Латын Америкасы мен Испанияда тұрады. Негізінен — метистер. Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді. Діні — католик. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал ш. (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығы (пуэбло) тұрады. Орталыққа шіркеу, тоғай, құдық, фонтан, ауылдық басқару үйі, мектеп орналасқан алаң енеді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінесе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгілеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері — сомбреро. Әйел киімдері: мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді. Тағамдарына ас бұршақ пен жүгеріні көп қолданады. Малды аудандарда сүт тағамдары басым. Мексикалықтарда ән мен би өнері жақсы дамыған. Атақты корридос-лирикадық және саяси мазмұнды өлеңдер, халықтық шекті аспаптар оркестрі — марьячи кең тараған. Мекcика соғысы, америка-мексика соғысы (1846 — 1848), Америка Құрама Штаттары мен Мексика арасында Техас және Калифорния штаттары үшін болған. Соғысты ресми түрде Америка Құрама Штаттары жариялады. Соғыс барысында Мексика халқы басқыншыларға қарсы ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен (Рио-Гранде өз-нен солтүстікке қарай жатқан жерлер) айырылуға мәжбүр болды.
Мекика таулы қыраты
Солтүстік Американың оңтүстігіндегі Мексика жерінің көпшілік бөлігін алып жатқан таулы өңір. Солтүстігінде біртіндеп Колорадо үстірті мен өлы жазыққа ұласады. Ауданы 1,2 миллион километр квадрат. Көпшілік бөлігінің биіктігі 1000 — 2000 метр. Мекика таулы қыратының шығысында Шығыс Сьерра-Мадре (4054 метр), батысында Батыс Сьерра-Мадре (3150 метр), оңтүстігінде көлденең Жанартаулық Сьерра жоталарымен қоршалған. Сөнбеген жанартаулар — Орисаба (5700 метр — Мекика тауының және Мексиканың ең биік жері), Колима, Попокатепетль. Мекика таулы қыраты негізінен әктас, құмтас, мергель және лавалық тұнбалардан құралған. Күміс, қорғасын, сүрме, мырыш, сынап, темір және марганец кентастары, алтын, мыс, тағы басқа пайдалы қазбалар өндіріледі. Климаты негізінен тропиктік, континентті. Жылдық орташа температурасы қаңтарда 1400 метр биіктікке дейін 9 — 140С, негізінен қыста солтүстігінен солтүстік суық ағыстың өтуіне байланысты мұнда температура – 200С-қа төмендейді, ал шілдеде 15 — 200С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 200 — 400 миллиметр, сыртқы таулы аудандарында 2000 — 3000 миллиметр. Құрғақ климатты солтүстік бөлігінде өзен торы жоқтың қасы (тек Рио-Гранденің оң саласы Кончос өтеді). Оңтүстігінде өзендер біршама жиі, суы мол (Лерма, Бальсас); мұнда тектоникалық көлдер (Чапала, Куицео, тағы басқа) кездеседі. Өсімдік дүниесі негізінен суккулентті; кактустың 500, агаваның 140 түрі өседі. Тауларда қарағайлы ормандар мен субальпілік шалғындар бар. Жануарлардан бұғы, кемірушілерден тиін, егеуқұйрық, жыртқыштардан сілеусін, пума, қасқыр, түлкі; құстардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері мекендейді;
Мексика шығанағы(Gulf of Mexіco; Golfo de Mexіco)
Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс (Атлант мұхиты) жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы шағын теңіз. Ауданы 1555 мың километр квадрат, суының көл. 2332 мың километр куб. Миссисипи, Рио-Гранде тағы басқа өзендері құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 — 31°С; қыста 18 — 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 — 36,9‰. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98‰) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 — 200 сантиметр/секунд. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр/секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары: Жаңа Орлеан (Америка Құрама Штаттары), Хьюстон (Америка Құрама Штаттары), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба).