Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:11, реферат
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады.
Қазақстан жеріне орманды дала
зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп
кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар
өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс
Сібір жазығы мен Жалпы
Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып
жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды
дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын
ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін
көл алып жатыр.Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала
зонасының климаты басқа зоналарға карағанда
біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның
орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда
жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа
температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық,
кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы
-51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың
орташа температурасы -17°-19°С.
Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. Ертістің, Жайықтың,
Қайың
Өсімдік жамылғысы
жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын
қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды
өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты
боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді
қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып
жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын
түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары
гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір
жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер
өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында
жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке,
қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып
біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында
өсетін бұталарға: тал, долана, итмұры
Қоян
Орманды даланың
өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды.
Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай:
сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар,
аққіс, қояндар (ақ
қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ
карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы
жылдарда мұнда солтүстік ормандардан
бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған.
Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік
маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен
жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі
(жорғалауыш және тірі туатын), сары бас
және улы сұр
жыландар кездеседі. Орманды да