Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 21:46, реферат
Саяси режим ұғымы батыс еуропалық ғылыми әдебиеттерде XIX-XX ғасырлар тоғысында тарады. Қазіргі кезде бұл ұғым ғылыми, оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ ауызекі тілде де кеңінен қолданылады. Бұл саяси өмірлің және тұтас алғанда қоғамдағы саяси жүйенің құбылысы. Осы ұғымға байланысты саяси режимнің жинақталған сипаты бар. Нақ осы режимді талдау адамның билік құрылымдарымен өзара қатынастарындағы оның шын мүмкіндіктері жөнінде барабар пікір айтуға мүмкіндік береді. Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық салаларына шексіз бақылау қоюға ұмтылумен, адамның саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағынумен сипатталады.
Саяси режим – бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің мәнін, мазмұнын анықтау арқылы саяси жүйенің сипаты мен типін дәлме-дәл және пәндік бағалауға мүмкіндік туады. Бұл тұрғыдағы талдаудың өте маңызды саясаттанулық проблема болып табылатындылығы да міне, сондықтан. Өйткені, саяси режимдердің мәні мен мазмұнын түсіну үшін, ең алдымен саяси режим түсінігін ұғыну қажет.
Саяси режим ұғымы батыс еуропалық ғылыми әдебиеттерде XIX-XX ғасырлар тоғысында тарады. Қазіргі кезде бұл ұғым ғылыми, оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ ауызекі тілде де кеңінен қолданылады. Бұл саяси өмірлің және тұтас алғанда қоғамдағы саяси жүйенің құбылысы. Осы ұғымға байланысты саяси режимнің жинақталған сипаты бар. Нақ осы режимді талдау адамның билік құрылымдарымен өзара қатынастарындағы оның шын мүмкіндіктері жөнінде барабар пікір айтуға мүмкіндік береді. Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық салаларына шексіз бақылау қоюға ұмтылумен, адамның саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағынумен сипатталады. Мемлекет барлық қоғамды және нақты адамды жұтып жібереді. Осыған сәйкес билік, бір адам және басқарушы элита адамдарының санаулы топтары арқылы, әдетте барлық деңгейлерде жабық түрде қалыптасады. Тоталитаризм XX ғасырда пайда болған, ол диктатураның ерекше жаңа формасы.
Диктатура(лат.тілінен dictatura-“шексіз билік”) – басқарылатындар тарапынан бақылау қойылмайтын, бір адамның немесе бір жетекші басшылық ететін адамдар тобының басқару тәртібі. Ол ерте пайда болған және өзінің көрінуінің көптеген тарихи формалары бодған. Диктатуралар іштей тұрақсыз болатын режимдер, оларды тек диктатордың еркі ғана нығайтады. Диктатор құқыққа бағынбайды, халықтың алдында есеп бермейді және заңды өзінің мүддесіне қарай өзгертіп отырады. “Тоталитаризм” ұғымы латынның “totalis” деген сөзінен шыққан, бүкіл, тұтас дегенді білдіреді. Оны XX ғасырдың басында айналымға енгізген итальян идеологі Дж.Дженгиле. Бұл түсінік алғаш рет 1925 жылы итальян парламентінде айтылды. Итальян жетекшісі Б.Муссолини оны саяси сөз қорына енгізді. Жаңа саяси режим Б.Муссолини тоталитаризмнің мәнін былайша тұжырымдады: “барлығыда мемлекетте, мемлекеттен тыс ештеңе жоқ, мемлекетке ештеңе қарсы емес.” Кейінірек бұл ұғымды неміс және американ саясаттанушылары қолданды. Ф.Хайектің “Дорога к рабству”(1944), Х.Арендтің “Истоки тоталитаризма”(1951), К.Фридрихтің “Тоталитаризм”(1954), К.Фридрих пен З.Бзежинскидің “Тоталитарная диктатура и автократия”(1956), Р.Аронның “Демократия и тоталитаризм”(1958) атты еңбектерінде бұл құбылыстың тұжырымдамалық жағынан жете зерттелуіне қол жеткізілді.
Тоталитаризм тек XX ғасырда ғана шындыққа айналғанымен, оның идеялық қайнар кездері ежелден бастау алады. Көртеген тоталитарлық идеялар Шан Янның, Платонның, Т.Мордың, Т.Кампанелланың, Г.Бабевтың, Р.Оуэннің және т.б шығармаларында да болды. Алайда, саяси режим ретіндегі тоталитаризм идеялары тек XX ғасырда ғана кеңінен тарап, тәжірибеге енді. Тоталитарлық саяси режимнің пайда болуына XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы объективті процестер мүмкіндік берді. Тоталитаризмнің алғышарттары көп түрлі және қоғамдық өмірдің шаруашылық, саяси, әлеуметтік салаларынан шығады. Олардың негізінде дүниетанымдық алғышарттар мен психологиялық факторлар жатыр.
Осыған байланысты тоталитарлық саяси режим пайда болған және дамыған елдердің әрқайсысынан өзіндік ерекшеліктері болғанын атап айтқан жөн. Сонымен бірге, тоталитарлық саяси режимдердің барлық түрлеріне тән және оның мәнін көрсететін ортақ белгілерде бар. Олар мыналар:
Жоғарыда аталған және кейбір басқа да ортақ сипатты белгілер аз немесе көп деңгейде болсын, барлық тоталитарлық режимдерге тән, сонымен қатар, оларды тоталитаризм деп аталатын бір топқа біріктіруге негіз болады.
Сонымен бірге аталмыш топта
тоталитарлық саяси режимнің
солшыл және оншыл деп
КСРО-дағы тоталитарлық саяси режимнің өмір сүруінің уақыттық шеңбері саяси ғылымдағы айтыс тудыратын мәселе болып отыр. Бір саясаттанушылар бүкіл кеңестік кезеңді тоталитарлық саяси режим деп атауға болады деп есептейді. Басқалары – тоталитарлық саяси режим деп Сталиннің басқаруы кезеңінде қалыптасқан тәртіпті атайды, ол қайтыс болғаннан кейінгі тәртіпті посттоталитарлық режим ретінде анықтайды.
Ұлтшыл-социалистік идеологияның басты басты ережелері мынадай: біріншіден, германдақ рейхтың жаңғыруына; екіншіден, неміс нәсілінің тазалығы үшін күреске; үшіншіден, барлық бөтен элементтерді қырып-жоюға; төртіншіден, антикоммунизм; бесіншіден, капитализмді шектеу. Оңшыл тоталитарлық саяси режимнің әлеуметтік негізі экстремистікке бағытталған қоғамның орта жіктері болып табылады. Герман фшизмі ірі капиталдан да қолдау тапты, өйткені ол көпшіліктің революциялық қозғалысымен және коммунист идеологиямен салыстырғанда одан көп жамандық көрмейді.
Марксизм-ленинизмге қарағанда ұлтшыл-социализм таптық ортаның және біріңғай ұлттық дәстүрлер негізінде “халықтық қауымдастықтың” идеяларын жақтады. Ұлтшыл-социализм идеологиясы коммунизмнің, еврейлердің, католиктік шіркеулері жауынның бейнесін белсенді түрде насихаттады. Олармен күресу үшін және ұлттың аман қалуы үшін террор мен репрессияны қолдануға дейін жол берді. Кез келген дәрменсіздік неміс ұлтына төнген қауіп-қатер ретінде қабылданды.
Айта кеткен жөн, тоталитарлық
саяси режимдер осы тәртіп
үстемдік еткен елдерде
Қорыта айтқанда, тоталитаризм – қоғамдық жүйе ұжымдық мақсатқа, көсемнің нұрына бас ұрып, ресми идеологияға бас ұрған қоғам және жеке адамға билік тұтқасы тарапынан тырп еткізбейтін қатаң бақылау қойылған мемлекеттік құрылыс. Тоталитарлық режим жағдайында мемлекеттің бүкіл билігікөсем бастаған ат төбеліндей аз ғана топтың қолына өтеді, демократия принциптері аласталып, азаматтық қоғам жойылады, адамдардың құқығы мен бостандығы аяққа тапталады, күштеу, қорқыту, үрейлендіру бұйыру тәсілдері арқылы адамдар рухани езгіге салынып жанышталады. Қоғамның барлық саласы түгел, оның ішінде әрі адамның жеке тіршілігі, отбасы бәрі бар, мемлекеттің “ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында” болады.
Қазіргі саяси ғылымда саяси
режим түсінігін елдегі саяси
өмірдің сипатын, еркіндік
Коммерциалық емес акционерлік қоғам
«Алматы энергетика және
Тақырып: XX ғасырдағы тоталитарлық саяси режим