Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 08:54, лекция
Солтүстік Америка жер беті ағын суларына бай. Мұнда дүние жүзіндегі ең ұзын өзен жүйесі (Миссисипи және Миссури) мен тұщы судың көп шоғырланған аймағы (Ұлы көлдер) орналасқан. Өзендердің орташа жылдық ағын мөлш. 8200 км3. Құрлықта өзен торы біркелкі таралмаған. Өзендердің көпшілігі (Миссисипи, Рио-Гранде, Әулие Лаврентий, т.б.) Атлант мұхиты алабына жатады.
Солтүстік Америка жер беті ағын суларына бай. Мұнда дүние жүзіндегі ең ұзын өзен жүйесі (Миссисипи және Миссури) мен тұщы судың көп шоғырланған аймағы (Ұлы көлдер) орналасқан. Өзендердің орташа жылдық ағын мөлш. 8200 км3. Құрлықта өзен торы біркелкі таралмаған. Өзендердің көпшілігі (Миссисипи, Рио-Гранде, Әулие Лаврентий, т.б.) Атлант мұхиты алабына жатады. Тынық мұхиты алабындағы өзендер (Юкон, Колумбия, Колорадо, т.б.) қысқа, суы мол болып келеді. Солт. Мұзды мұхит алабындағы өзен торлары толық жетілмеген, көлдер мен батпақтар көп. Қрі өзен жүйесі – Финли – Пис-Ривер – Еріксіздер – Макензи. Құрлықтың мұз басқан солт. бөлігі мұздық-тектоник. көлдерге бай: Ұлы көлдер, Виннипег, Виннипегосис, Манитоба, Үлкен Еріксіздер көлі, Үлкен Аюлы көлі, Бұғылы көлі, т.б. орт. Америкада (Никарагуа қолатында) ірі тектоник. көлдер – Никарагуа және Манагуа орналасқан. Үлкен Алап үстіртінде ылғалды плейстоцен дәуірінен қалған Үлкен Тұзды көл бар. Жағалық ойпаттарда лагуналық, Кордильерада жанартаулық көлдер кездеседі.