Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 19:35, доклад
Тараз - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V ғасырдан бері емес.Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земарх ауызға алады. Бірнеше он жыл өткен соң, 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды, Тараздың ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Бұл қала хақындағы мәліметтер барлық уақытта да тоқталмапты. VIII ғасырда Тараз Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім.
Тараз - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V ғасырдан бері емес.Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земарх ауызға алады. Бірнеше он жыл өткен соң, 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды, Тараздың ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Бұл қала хақындағы мәліметтер барлық уақытта да тоқталмапты. VIII ғасырда Тараз Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім.
Тараз қолөнер өндірісі жақсы дамыған бекіністік сауда қаласы болды. X ғасырдағы араб геогрофы Әл-Макдиси былай деп жазды: “Тараз-бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр”.
Ежелгі Таразды қазу нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай жатқан бес мәдениет қабаты анықталды. Бірінші қабат-осы заманғы: екіншісі XIII-XV ғғ. сәйкес келеді: үшіншісі қаланың XI-XII ғғ. өмір сүргенін куәландыратын қалдықтардан тұрады: төртіншісі VIII-X ғғ. Түргеш қарлұқ кезеңіне қатысты: бесіншісінде V-VII ғғ. мәдениетінің іздері табылды. Соның ішінде X-XII ғғ. Тараздың тамаша көркейгені жөнінде сыр шертетін үшінші қабат орасан бай олжа болып шықты. Үшінші қабат керамикасына тән сипат қара және қоңыр түстермен ұштасқан күңгірт –қызыл боялардың басымдығы болып табылады.
Қаланың архитиктуралық – жоспарлау тұрғысындағы құрылымы қиылысқан магистральдарда тұтастырылған. Тараздың тұрғын үй кварталдары, қоғамдық ғимараттарға қарағанда, тым ұсақ өлшемде, ал бұл жайлар тура сызықты бағытта, тұрақты түрде салынғаны туралы айтар еді. Төселген тротуарлар көптігі, шошақ пішінді қыш құбырлардан тұратын сумен жабдықтау жүйелері Тараз қаласының жақсы өте жоғары деңгейге жеткенін паш етеді.
XI-XII ғғ. салынып, өзіндік
жоспарлармен ерекшеленген
Қалашықтың жалпы аумағы 90 гектарға жуық жерді құрайды, шаһарстанның қираған орны 7,5 гектар көлемді алып жатыр. Мұнарлары қамал қабырғаларының қалдықтар да сақталған. Архиологиялық қазбалар кезінде зороастрийзмге тән жерлеу табылды. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі (Х-ХІ ғғ.) секілді ортағасырлық ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған. Тараздың оңтүстік-батысына таман 18 км жерде Айша-Бибі (ХІ-ХІІ ғғ.) және Бабаша-Қатын (Х-ХІ ғғ.) мавзолейлері сияқты ескерткіштер бар.
Ежелгі Тараз тарихи оқиғаларға бай. Өзі өмір сүрген VI-IX ғғ. алғашқы кезеңінде қала қарлұқтарға қарады, ал Исмаил Ахмет жаулап алғаннан кейін ІХ ғ. соңында Саманидтер әулеті иеліктерінің құрамына енді. Х ғ. аяғы мен ХІ басы ғасырда Тараз Қараханидтер мемлекетінің астанасы болады. ХІ ғасырдың ғұлама ғалымы Махмұд Қашқари Тараз тұрғындары түрік және соғды тілдерінде сөйлегенін тілге тиек етеді. ХІғ. Таразда ақша сарайы жұмыс істеген. Көптеген Шығыс елдеріндегі архиологиялық қазбалар кезінде Таразда соғылған күміс дирхемдер табылды. Тараз Дех, Адахкес, Бехлу, Шелжі, Сус, Нужикес, Хамукат, Жікіл секілді шаһарлары бар үлкен аймақтың орталығы болды. Өзінің көп ғасырлық тарихында Тараз әлденеше рет қирауға ұшырады.
1207-1210 жж., оны Хорезм шахы Мұхаммед, ал 1219-1220 жж. Монғолдар, 1307 ж. Шағатайлықтар жермен жексен етті. XVI ғ. біржолата қиратылды. Әмір-Темір заманында Тараз қаласы Жаңа Талас аталады да, XV ғ. соңында мүлде құлдырайды.
XV- XVII ғғ. қалада аздаған үйлер сақталып, ХІХ ғ. оның орнына Әулиеата шаһары салынады. 1936-1938 жж.-Мирзоян қаласы.
1938-1997 жж. Жамбыл қаласы
аталып, 1997 жылы ғана ежелгі тарихи
«Тараз» аты қалпына
Қытай жылнамаларындағы үйсін сөздерін талдап оқыған синолог Я.Бичурин мына төмендегі сөздер мен атауларды үйсін тіліне тән деп қарайды. Олар: тархан, темір, ақа, жосы, аран, ши, сойыс, та, нор, (жалпы есімдер): Чаян,Бури, Күңгел, Темірлік, Нарын, Долос, Талас, Қарқара, Ақсай, (жер -су аттары). Күнбег, Өңгбай, Шеригбай, Эршак, Еркін (кісі аттары):, т,б Атаудың мағынасы жайлы нақты пікір айту өте қиын. Алайда Тараз, Тархан, Тарғап, Дараты сияқты топонимдердің бірінші компоненттеріндегі тар\дар сөздері түбірлес әрі мәндес болуы мүмкін. Олардың екінші компононттерндегі аз/ас, хан, ғап, аты сөздерінің де семантикасы бар жеке сөздердің де семантикасы жеке сөздер екені анық. Тараз атаының дәл, анық айты, тап баспағанымызбен ғалымдардың пікірлерін Талас атауы туралы мақалада келтірдік. Онда Талас және Тараз атауларының негізі бір деген пікір айтылған. Ал ғалым Ғ.Ақпанбектің пікірнше: «Тарихи аты қайтарылған Тараз қаласы да аспан әлемімен байланысты. «Тараз сөзінің мәні әдеміліктің үлгісі» келеді. «Тараз қыз»-«тал бойлы талдырмаш қыз» (І. Кеңесбаев. «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі»,1977ж.494б.) Сол сияқты, «Тараз-«үлгі,жүйе» деген мағынада. Ғылым мен мәдениеті өркендеген көрікті қала. Қаланың үлгісі, әсемдік пен сұлулықтың эталоны, стандартындай деп танылған