Уран кен орындары және экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:02, доклад

Краткое описание

Уран жеңіл және арзан тасымалданатын энергияның жоғары концентратты көзі болып табылады.Табиғи уранның 1кг- нан көмірдің осындай санына қарағанда 20000 есе көп энергия алуға болады.Урандық кен орны пластикалық тотығу зонасының жергілікті қорымен байланысты.Жалпы қоры мен ресурстар Қазақстанның жалпы қорының 50% құрайды. қазіргі кезде көптеген елдер энергияны АЭС есебінен өндіреді мысалы Ресей 17,6%, АҚШ- 19,2%, Ал Франция болса 77,7 % энергия алады. Қазақстан аумағындағы уран кен орнын барлау және жедел iздестiру қырқыншы жылдардың ортасында басталып және 1951 жылы аяқталды.

Содержание

I.Кіріспе̣.......................................................................................................................2
II.Негізгі бөлім
Қазақстандағы уран өндіріс орындары...................................................................3
Жерасты ұңғымалы-шаймалау әдісі туралы..........................................................5
Уран кен орындарының қазіргі экологиялық жағдайы........................................6
III.Қорытынды.....................................................................................................8
IV.Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................9

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстандағы кен орындары.docx

— 68.97 Кб (Скачать файл)

   Қазіргі уақытқа  дейін уран және оның қоспаларының  адам организміне әсеріне кешенді  бағалау жүргізілмеген. Яғни, халық  уран радионуклидімен торийден  қаншалықты радиация дозасын  қабылдайтыны жайлы, пайда болатын  аурулардың түрі және  деңгейі  туралы мәлімет жоқ. Дегенмен  медициналық-патологиялық аурулардың  көпшілігі уран өндіретін аудандарда  байқалатыны айтылып жүр.  Мысалы,Республикадағы  ең көп сәбилер өлімі көрсеткіші  1000баланың 75-і  ОҚО Созақ  ауданында тіркелген.  Сонымен қатар уран өндіретін кәсіпорындарға жақын елді-мекендерде патологиялық аурулардың көп болуы, инфекциялық аурулардың санының өсуі, қауіпті ісікті аурулардың асқынуы, бронхты астманың пайда болуы уран радиациясының қауіптілігін айқын көрсетеді.

  Осыған байланысты  ҚР Үкіметі және Қазатомпром АҚ тарапынан радиоэкологиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізілген. Олардың мақсаты бұрынғы уран шығарған кәсiпорындардың  радиациялық қалдықтарының әсерiнен халықты қорғау; радиациялық қауiптi объектiлердi түгендеу және олардың қауiптiлiк   дәрежесiне қарай жерлердi қалпына келтiру;пайдаланудағы иондаушы сәуле құтылық көздерiн есепке алу мен сақтауды және  таусылғандарын көмудi жүйелеу;шұғыл оңалту жұмыстарының түрлерi мен көлемiн және қажеттi қаржы қаражатын анықтау болатын.

Олар  мынадай  нәтижеге  қол  жеткiздi:  
      - радиогидрохимиялық аумақты суретке түсiру 1:1 000 000 орындалған жұмыстар 615 мың км2 атқарылды, 150 мың км2 алаңдарда радиоактивтiк ластану анықталды (Семей сынақ полигоны қызметiнiң нәтижесi), бұл алаңдар ауыр металдармен және органикалық қосындылармен  ластанған болатын;  
      - Шу-Сарысу уран-руда өндiру жерлерiнде жердiң бетi табиғи радонның сәулелерiмен зақымданғаны анықталды, оның зақымдануы 16  800  Бк/кг;  
      - ірi масштабты радиометрикалық суретке түсiруден 18 облыс орталықтары, 60 өндiрiстiк тораптар, елдi мекендер мен көпшiлiк демалатын орындар зерттелдi. Зерттелгендердiң 10 мың км2 алаңында, оның iшiнде 2,7 мың км2 алаңында Батыс Қазақстандағы мұнай өндiру жұмыстарының кезегi; мұнда 509 радиоактивтiк оқиғалар тексерiлдi, оның iшiнде 279-ы бiлiктi радиоактивтi техногендiк учаскелерде өңдеу жұмыстарымен атқарылды.  
      8 қалада 18 бақыланбаған немесе зерттелмеген көздер анықталды. 1000 мектептердегi алаңдарды зерттегенде мектепке дейінгi және өзге мекемелерде 607 радиоактивтiк көздер анықталды. Бұлар алғашқы жүздiктен 35  000  мкр/сағ.  дейiн  болды.  
Осы залалдарды жою үшін  Үкімет тарапынан адамдар еңбегін қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздікке жалпы сомасы 335 446 350 теңге қаржы бөлді.

Соның ішінде

- еңбекті қорғау және  өнеркәсіп қауіпсіздігіне 298 486 600 теңге;

- қоршаған ортаны қорғау  және радиациялық қауіпсіздікке  61 626 750 теңге;

- қоршаған орта эмиссиясына 15 333 000 теңге аударылған.

 

 

                           

 

                                                 

 

                                              

 

 

Қорытынды

    Қорытындылайтын  болсақ, әлемдегі электр энергиясының 15-17 пайызы атом энергетикасы есебінен өндіріліп жатыр. Көбі  дамыған мемлекеттер. Олар қолданыстағы атом энергиясынан бас тарта алмайды. Оның тек 5 пайызынан бас тарту ел экономикасын құрдымға жібереді.  
Бұл арадағы басты мақсат – экологиялық залалды мейлінше жойып, экономикалық тиімділікті мейлінше арттыру. Мысалы, уран өндірісінің өзіндік құнын 30-40 пайызға кеміту керек.  Сөйтіп, баға бәсекелестігін арттыруға қол жеткізу. Бұл мықты көрсеткіш болар еді. Қазір халықаралық нарықтағы уранның бір фунты – 44 доллар. Бірнеше жыл бұрын бұл баға 1,5-2 есеге қымбат еді. Яғни баға қымбаттаса, әлемдік нарықта ойыншылар көбейе түседі. Ал қазіргідей арзандағанда, көбі ат басын тартып тұр. Яғни біздің басты артықшылығымыз осында: жергілікті уран өндірісінің өзіндік құны онша қымбат емес. Оны тағы да арзандата түсу керек.

   2012 жылдың қорытындысы бойынша, «Қазатомпром» ұлттық компаниясы өз тарихында бірінші рет 20 900 тонна уран өндірді, халықаралық нарықтағы Қазақстанның үлесі алғашқы рет 37 пайызға артты. Бұл – мақтанарлық деңгей, көшбасшыға лайық көрсеткіш. Міне, осы дүниежүзілік нарықтағы көшбасшылығымызды ұстап тұру шарт. Ғалымдардың болжауынша, алдағы 70 жылда әлемдегі мұнай-газ қоры таусылуы мүмкін. Одан кейін көмірді пайдаланып энергия көздерін алуымызға, атом энергиясын қосуымызға, жел, күн энергиясын көптеп тұтынуға тура келеді. Олар – жаңартылған энергия көздері, бірақ мәселені түпкілікті шеше алмайды. Өйткені олар өте қымбатқа түседі және жер бетіндегі адамзатты ары кетсе 20-25 пайызға ғана энергиямен қамтамасыз ете алады. Ал 75-80 пайызға жуық энергия көздерін көмір не болмаса уран энергиясы баса алады екен. Осы жағынан алғанда, таяу болашақта талай жаңа технология табылып, атом энергиясын пайдалану тіпті қауіпсіз болуы әбден мүмкін.

  Қазір жұмыс істеп тұрған 400 атом реакторына таяуда 57-сі келіп қосылады, 151жоба жобалау барысында, 350 жоба мақұлдауға берілген. Негізі, 2030 жылға

дейінгі Қазақстанның атом энергетикасының барлық потенциалын  зерттей келе, мамандар 550 жаңа реактор  салу қажет деген қорытындыға  келіп отыр. Біздің атом нарығы мамандарының есебі бойынша 1,5 триллион АҚШ долларына  бағаланып отыр. Бізде уранның  қоры өте көп. Жылына тауып отырғанымыз  15-20 мыңның маңайында. Бұл қор кемінде 50-60 жылға жетеді. Негізі, уран өндірісі бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін  әлемде көшбасшыға айнала алады. Ал оған дейін жаңа нарықтарға шығу үшін бізге  технологиялық жағынан дамуды қамтамасыз ету 

керек.  Яғни Қазақстан 15-20жыл ішіндн әлемдік уран рыногінде көшбасшыға айнала алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Бровин К.Г., Грабовников В.А., Шумилин М.В., Язиков В.Г. Прогноз, поиски, разведка и промышленная оценка месторождений урана для отработки подземным выщелачиванием. Алматы, Ғылым, 1997. – 383 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Уран кен орындары және экологиясы