Халықтың саны және ұдайы өсуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 12:23, реферат

Краткое описание

Барлық елді мекендердің халқына мәдени-сауықтық қызмет көрсетуді дамыту және сапасын арттыру
Елбасы Н.Назарбаевтың ауылды қолдау арқасында мәдениет саласында да көптеген жақсы өзгерістер болуда. Бүгінгі күнде аудан көлеміндегі мәдениет нысандарының саны - 71, атап айтсақ 40 кітапхана, оның ішінде 22 модельді кітапхана, 28 мемлекеттік клуб мекемелері, 2 өзге тізімдегі клубтар, 1 аудандық тарихи- өлкетану музейі және 2 «Зерде» бейнемобилі.
Біз осылардың біразын республикамыздың экономикасы ауыр соққан жылдардың өзінде мүмкіндігімізше іргесін бұзбай сақтап қалуға тырыстық. Әрине, бұл ретте аудан, ауыл әкімдеріне, түрлі шаруашылық басшыларына және жергілікті халыққа алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бір-бірімізбен мәдениет саласын өркендетуге ортақ тіл табысып, жұмыс істеуге тура келді.

Вложенные файлы: 1 файл

Мәдениет.docx

— 18.24 Кб (Скачать файл)

Мәдениет

Барлық елді мекендердің  халқына мәдени-сауықтық қызмет көрсетуді  дамыту және сапасын арттыру 
Елбасы Н.Назарбаевтың ауылды қолдау арқасында мәдениет саласында да көптеген жақсы өзгерістер болуда. Бүгінгі күнде аудан көлеміндегі мәдениет нысандарының саны - 71, атап айтсақ 40 кітапхана, оның ішінде 22 модельді кітапхана, 28 мемлекеттік клуб мекемелері,  2 өзге тізімдегі клубтар, 1 аудандық тарихи- өлкетану музейі және 2 «Зерде» бейнемобилі. 
Біз осылардың біразын республикамыздың экономикасы ауыр соққан жылдардың өзінде мүмкіндігімізше іргесін бұзбай сақтап қалуға тырыстық. Әрине, бұл ретте аудан, ауыл әкімдеріне, түрлі шаруашылық басшыларына және жергілікті халыққа алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бір-бірімізбен мәдениет саласын өркендетуге ортақ тіл табысып, жұмыс істеуге тура келді. Мысалы, «Айхан» шаруашылығының басшысы Айханбай Құдабаев - Самарқанд, «Пролетарский» ӨК төрағасы Серік Өскенбаев Шешенқара ауылдарының мәдениет үйлерін өз ұжымдарымен біріге отырып, мәдениет ошақтарын жақсы сақтап қалғандарына қалай қуанбасқа? Ал, кішкентай ғана Төрткөл, Шалқар ауылдарының халқына қалай риза болмасқа, ауылдық клубтарын бұзбай сақтап қалғанымен коймай, өз көмектерін аямаған. 
Ауданымыздың 68 елді мекенінде  41 мәдени ошақтары бар, бұл 60,4 % пайызды құрайды. 24-де клуб пен кітапхана бар, 2-де кітапхана–клуб (Доскей, Үштобе), 10-да кітапхана болса, 5-де клуб бар. 
Мәдени ошақтары жоқ 27 ауылдың 18-де бөлімге қарасты Ж. Елжанов басқарған «Зерде» бейнемобилі қызмет көрсетіп келсе, қазан айынан бастап Мәдениет үйінің «Зерде» бейнемобилі де мәдени ошақтары жоқ ауылдарға шығып жүр және ауылдық клубтар мен  кітапханалар өз қызметтерін көрсетуде. 
Менің ерекше тәнті болатыным, мәдениет саласындағы тәжірибелі қызметкерлер жалақылары көп болмаса да таңдап алған мамандықтарын тастап кеткен жоқ, 0,25, 0,5 бірлікпен жұмыс істеп, тіпті қаншама ай жалақы алмаса да, өз ісіне адал болды. Тіпті күзетші, еден жуушы, от жағушы қысқартылып қалған кездің өзінде осының барлығына түсіністікпен қарап, клубтың кітапханасының жұмысын тоқтатпауға тырысты. Оларды мен қашанда мақтан етемін.  Бұған тәуба дейік, еліміздің экономикасының дамуымен бірге мәдениетіміздің де жағдайы жақсаруда. 
Соңғы 2007-2010 жылдар ішінде 6 кітапхана, 15 клуб ашылды. 22 модельді кітапхананың 16-на осы дәреже берілді. 
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қоры 386325 дана, оның ішінде қазақ тілінде 125700 дана. Кітап қоры 2007 жылмен салыстырғанда 8156 данаға көбейді. Кітапханаларға 2010 жылы 4318 дана жергілікті бюджет қаражатынан 3 млн 156 м.т. соммамен жаңа кітаптар сатып алынды. Кітапханалар 69 түрлі газет –журналдармен қамтамасыз етілген, оның ішінде: қазақ тіліндегі 55,1 кітапханаға 30 түрлі газет –журналдардан келеді. 
«Жол  картасы» бағдарламасы бойынша 2009 жылы 12 мәдени нысанға: 11 клуб және  Ғ.Мұстафин кентінің модельді кітапханасына 113 млн 340 м.т. соммамен ағымды жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен Дубовка СМҮ – 8 млн, Новоузенка СК 8 млн 500 м.т. қаражат бөлініп, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал 2010  жылы «Жол  картасы»  бойынша 8 мәдениет  нысандарына  күрделі  жөндеу жұмыстарына  99856 м.т. бөлінді. 
  Аудандық кітапхана (мәдениет  үйінің сол қанатында орналасқан), Ақтөбе СК, Ақбел СК, Урожайное СК, Центральный СК , Шалқар СК, Мұстафин кенттік  кітапханаға, Бұқар жырау  Мавзолейі  мен  Мемориалдық  кешен ағымдағы  жөндеу  жұмыстары  бекітілген  кесте  бойынша аяқталды.  
Жалпы  «Жол картасы»  аясында  жөндеу  жұмыстары  жүргізілген  мәдениет  орындарының жұмыстары жанданып,  жергілікті халықтың  көңіл-күйі  жақсарғанын  атап айтқым келеді. 
«Село мәдениетінің дамуы» бағдарламасының іске асырылуы бойынша мәдениет департаменті толық жабдықталған музыкалық аппаратураларды қайтарымсыз клубтарға табыс етті, 23 селолық клуб музыкалық аппаратуралармен жабдықталған, Ақтөбе, Тұзды, Ақбел, Шалқар, Ақжар селолық клубтарында музыкалық аппаратуралар жоқ.      
Биылғы жылы  аудандық мәдениет үйіне  9млн. 600м.т. жаңа креслолар алынды. Селолық 4 клуб: аудандық Мәдениет үйі, Тоғызқұдық, Дубовка, Самарқанд селолары  7 компьютермен жабдықталған. 13 клуб пен мәдениет үйлерінің сахналары безендірілген, 3 мәдениет үйінің  көркемөнерпаздар ұжымдары сахналық киімдермен қамтамасыз етілген: (Аудандық Мәдениет үйі Ботақара к, Ғ.Мұстафин МҮ, Шешенқара СМҮ). 
«Халықтық»  Доскей ауылдық халықтық  ұлт аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі Қанат Оспановтың өнеріне облыс көлемінде сүйіспеншілікпен қарайтындар көп. Әттең-ай, осы ұжымның басқа облысқа, тіпті шет елге шығып, қазақ өнерін, ауданымыздың атын асқақтатуға ақшалай мүмкіндік бере алмай отырғанымыз, маған қатты батады. Бұл ұжым облыс көлемінде жалғыз ғана әуесқой оркестр. Мұстафин  кентінде «Эдельвейс» «Үлгілі» атағы бар би  ұжымы, биыл 15 жылдық  мерейтойын  лайықты атап  өтті. Бұл  ретте ұжымға  мүше  балалардың ата –аналарының үлкен  қамқорлығы, қолдауы,  әр  қойылымға  тіккізген киімнің  құнын  көтерудегі  ерекшеліктерін  атап  өткім  келеді. Әрине, бұл  - ұжым жетекшісі Наталья Боцманның  сіңірген  еңбегінің  жемісі. 
Клубтарда 11 ұлттық –мәдени бірлестіктер бар, олар: орыс-украин «Славяне», «Сударушка», «Березка», «Сударушка», «Гарни девчата», «Верба», «Дружба», «Даймохк», «Вайнах», «Дослық» бірлестіктері. Ауданның клуб мекемелеріндегі көркемөнерпаздар үйірмесінің саны - 230,  оған  қатысушылардың  саны – 2230.   
Ауданда 1 тарихи-өлкетану музейі жұмыс атқарады, филиалы Ғ.Мұстафин кентінің Мәдениет үйінің бір бөлмесінде ұйымдастырылған. Жалпы музейдің қоры 4243, биылғы жылы 328 жәдігерлер жиналды, 251 экскурсия өткізіліп, 2768 адам қатысты.  
  «Зерде»  бейнемобилі  өз  қызметін бекітілген  кесте  бойынша мәдениет  ошақтары  жоқ  елді мекендерге  түрлі  мәдени  ойын –сауық бағдарламаларын  ұсынады. Сонымен  қатар,  жыл сайынғы  Елбасының  Қазақстан  халқына  дәстүрлі  Жолдауын  насихаттау  мақсатында  әңгіме, газет –журналдарға шолу өткізеді. Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында       «Ардагерлер  ерлігі –ұрпақтар өмірі» атты  Акциямен  аудан көлеміндегі  соғыс ардагерлерін  аралап (Қушоқы, Мұстафин к.), бөлімнің «Алғыс хаты» мен әр ардагерге (40 ардагер) жеке үн таспа таратып, үлкен қызмет  атқарды. 
Клубтары жоқ елді мекендерде балалардың  жазғы  сауықтыру  орындарында «Қуыр, қуыр –қуырмаш»  қызықты  ойынында жұмбақтар  жасырып, мақал –мәтелден  жарыстар өткізілді. «Білгенге  маржан», «7 сұрақ», «42 Әріп»  танымдық  ойындар, әдеби сазды бағдарламалар мен мультфильмдер көрсетілді. 
«Зерде»  бейнемобилі  өз  қызметін бекітілген  кесте  бойынша мәдениет  ошақтары  жоқ  елді мекендерге  түрлі  мәдени  ойын –сауық бағдарламаларын  ұсынады. Сонымен  қатар,  жыл сайынғы  Елбасының  Қазақстан  халқына  дәстүрлі  Жолдауын  насихаттау  мақсатында  әңгіме, газет –журналдарға шолу өткізеді. Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында       «Ардагерлер  ерлігі –ұрпақтар өмірі» атты  Акциямен  аудан көлеміндегі  соғыс ардагерлерін  аралап (Қушоқы, Мұстафин к.), бөлімнің «Алғыс хаты» мен әр ардагерге (40 ардагер) жеке үн таспа таратып, үлкен қызмет  атқарды.. 
40 кітапхананың 39-ы телефондандырылды, тек Суықсу селосының кітапханасына орнату қалды.  Кітапханаларды компьютерлермен жабдықтау  95 % пайызды құрайды, 34 кітапхана ғаламторға қосылған, жалпы санына бөлгенде 85 % пайызды құрайды. 
2000  жылдан  бастап  аудандық  көркемөнерпаздардың бәсекелестігін арттыру,  шығармашылығын  жандандыру  мақсатында  жыл  сайын  байқаулар  өткізіліп  тұрады.  Биылғы  байқау – ұлы  Жеңістің 65,  Ата  Заңның 15 жылдықтарына   арналды, байқауға Суықсу  селолық  округінен  басқа  29  селолық, кенттік округтан 2000-ға жуық  адам  қатысты. 
Бүгінгі  күнде  орындаушылығы  жоғары, кәсіби  деңгейі  өскен,  жаңашылдық  байқатқан  округтерге  тоқтап өтейін. Олар: Қушоқы, Самарканд, Шешенқара, Доскей, Үміткер, Қаражар, Үштөбе, Ақөре, Ботақара кенті. 
Ауданда  «Шырқа  көп,  үнді  тіліміз» атты  фестивалі жылда тілдер мерекесі қарсаңында  өткізіліп тұрады, бұған  этностық  бірлестіктер, өнерпаздар ұжымдары қатысып, салт- дәстүрлер  көрсетеді, әр ұлттың әндерін орындап, көрме ұйымдастырылды. 
Соңғы кезде  С. Коробейников басқарған  Ботақара  селосының  «Шабыт»  хоры,  Ботақара  кентінің  «Дәурен-ай» ардагерлер хоры, «Рябинушка» орыс ансамблі,  Б.Ермухамбетов  басқарған  «Ботақара  баурайында» фольклорлық  ансамблі, Ростовка мектебінің  директоры Н.М. Өмірбаевтың қолдауымен құрылған Т.Чичагина басқаратын  бишілер  тобы,  Үміткер селосының  Б.Советова құрған бишілер  тобы, аудандық  Мәдениет Үйінің  өнерпаздары Н. Адаменко, К. Талашев, А. Амантайұлы,  т.б. көптеген  өнерпаздар, ұжымдар жақсы өнер көрсетуде. Біздің өнерпаздар көптеген облыстық, республикалық, халықтық байқауларға қатысып тұрады. 2010 жылы аудандық Мәдениет үйінің Р.Ақшалова басқарған «Гүлдер» би ансамблі, ақтөбелік жас өнерпаз Д.Бөген, қобызда өнер көрсеткен Ботақара кентінен М.Шибаева Астана қаласында өткен халықаралық «Ақ көгершін» балалар конкурсының дипломанты деген атақтарына ие болды. 
Мұның барлығы ауылды жерлерде жұмыс істейтін мәдениет қызметкерлерінің, үйірме жетекшілерінің еңбегі дер едім.  
Облыстық «Жас қанат» 2010 байқауында Үштөбе ауылынан Ф.Сапан ІІ орынды иеленсе, І облыстық соғыс тақырыбындағы әндер фестивалінің «Ең жарқын номер» атағын Керней селосының «Три танкиста» әнін орындаған триосы алды, шілде айында өткен халықаралық түркі музыкасы мерекесіне Доскей ауылының халықтық ұлт аспаптары оркестрі қатысып, өнерлерін көрсетіп, мақтау қағазына ие болды. 
Мәдениет саласында өз мамандығын сүйетін, өз жұмысына ұқыпты, тиянақты қарайтын мамандар көп, бірақ өкінішке орай, жұмысына немқұрайлы қарайтын мамандар да баршылық, олармен жұмыс жасау - біздің міндетіміз.  


Информация о работе Халықтың саны және ұдайы өсуі