Халық санының ұдайы өсуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 15:17, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды.

Вложенные файлы: 1 файл

халық санының ұдайы өсуі реферат.docx

— 24.41 Кб (Скачать файл)

          Еуразия гуманитарлық институтының колледжі

 

 

 

 

 

   

  РЕФЕРАТ

            Тақырыбы: Халық санының ұдайы өсуі

                                                 

                                                           

                                                           Тексерген:Қасен Г.А

                                                        Орындаған:Муканова А.Б.

         

 

 

 

 

 

 

                                АСТАНА-2013

                         “ Қазақстан Республикасының халқы”

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады.

Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген.

Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi.

1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.

Одақтық үкiметтiң 1943 ж. күзде қабылдаған шешiмi бойынша келесi жылдың көктемi мен күзiнде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшiрiлдi. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелiндi. Л.Берияның “Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтердi тазарту туралы” 1944 ж. 13 сәуiрдегi бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректердi көшiру науқаны жүргiзiлдi.

 Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қоныс тептi. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тiнiң қаулысымен Грузиядан көшiрiлетiн арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкiметiне өкiм берiлдi. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттiк түрiктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейiн Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшiп келуi тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiнде (1954 — 56 ж.) және өнеркәсiп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 — 65) көбейдi.

 Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергiлiктi халық саналатын қазақтардың үлесi ең төм. деңгейге жеттi (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерi тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшiп келушiлер мөлшерi бiршама азайып, жыл сайынғы мөлшерi 60 — 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екiншi жартысынан, әсiресе, 1990 жылдан кейiн Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшiп кетушiлер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жеттi (қ. 4-кесте). 1990 жылға дейiн Қазақстан халқының демогр. жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.

1990 жылдан кейiнгi кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз елiне қоныс аударуы көбейiп, республика халқы едәуiр азайды, қазақ және басқа түркi тектес халықтардың үлесi артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты iшкi көшi-қонның әсерiмен қала тұрғындарының саны өсе бастады. Төңкерiске дейiн Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды.


Информация о работе Халық санының ұдайы өсуі