Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2014 в 19:00, реферат
Циклон (гр. kyklon — айналушы, айналым) — атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Атмосфера әрекетінің орталықтарының бірі. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Солтүстік жарты шарда сағат тілінің айналу бағытына қарсы, Оңтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен қозғалады. Синоптик. картада бұл құбылыс жинақталған тұйық изобарлар түрінде бейнеленеді. Циклон көбіне атмосфераның жер бетіндегі қабатының ауа ағындарын параллель жылы және суық ауаға бөліп тұратын тұрақты атмосфера шебі үстінде қалыптасады.[1] Бұл шептен жоғары биіктік шеп зонасы орналасады.
Циклон
Циклондар — орталығында қысымы төмен облыспен бірге атмосфераның құйынды қозғалуы. Циклондар облысы едәуір кеңістікті, кейде бірнеше мың квадрат километрлік алапты қамтиды. Жердің өз осінде айналғанда қысымның әр түрлі болуына байланысты орталыққа карай ағылған ауа массалары Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқиды да, жоғары көтеріледі. Циклондардың орташа қозғалу жылдамдығы сағатына 35 км шамасында болады. Батыс Еуропа мемлекеттері мен бұрынғы КСРО елдеріне олар Атлант мұхиты жағынан келеді, ал оның жылжуы оңтүстік-батыс және батыс бағыттардан болып тұрады. Циклондар ауа райына көп әсер етеді де, көбінесе оңтүстік секторда бұлттар мен жауын-шашынды ала жүреді. Олардың жақындағанын:
Циклондар орталығы өткеннен кейін барометрлік қысым жоғарылайды да, жаңбырлы ауа райы ашық күндермен ауысады. Қыста олардың алдыңғы жағында температура жоғарылап, жазда төмендейді де, ал соңғы жағында керісінше болады. Циклондардың жылжуы қоңыржай ендіктердегі атмосфераның жоғарғы қабаттарында басым болып келетін шығыс бағытnағы желдердің әсерінен болады. Бьеркнестің пікірі бойынша, циклондар ауа фронттарынан, яғни әртүрлі ауа массаларының арасында бөлу бетінің болып тұруынан пайда болады. Бұл бөлу беттері батыстан шығыс0а қарай ауысып отыратын бұрылыстар және толқын тәріздес ауытқулар жасап отырады. Солтүстік жарты шарда жылы ауа массалары солтүстікке қарай жылжитын жерінде — циклондар, ал оңтүстікке қарай бұрылыс жасаған жерінде — антициклондар құрайды.
Catarina циклоны