Іле - Балқаш аумағының қазіргі экологиядық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 22:52, курсовая работа

Краткое описание

Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген.

Содержание

І.Кіріспе………………………………………………………………………..3

ІІ. Негізгі бөлім

І- тарау. Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы.………..4

1.1Балқаш көлі алабының құрылымы………………………..……………….......7

1.2. Балқаш –Алакөл алабы……………………………………………………........9

ІІ – тарау. Іле -Балқаш аймағының экономикалық экологиялық

проблемасы....................................................................................................................13

2.1 Нұра өзені алабында пайда болған антропогендік факторлардың

дамуы және олардың табиғи кешендерге әсері........................................................17



Қорытынды………………………………………………………………...............20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....……………………………………………22

Вложенные файлы: 1 файл

Балкаш.doc

— 358.00 Кб (Скачать файл)

        Таудан шыққаннан  кейін өзері 213 кмқ қашыңтықта жазықты бойлап, құмды шөлдердің аралығымен өтеді.

        Қаратал аралас қоректенетін өзендердің типіне жатады. Өзен апрельдің аяғынан июньнің соңына дейін тасиды. Жаз айларында ол таудағы қар мен мұздықтың күшті еруіне байланысты жоғары деңгейін сақ тайды.

       Аякөз өзені Балқашқа солтүстік және солтүстік-шығысынан келіп құятын өзендердің ішіндегі ең ірісі. Оның ұзындығы 500 -дей, бассейнінің ауданы 11000 кв км. Аякөз Шығыстау, Қалба және Тарбағатай басталатын бірнеше салалардан құралады. Ол көпшілік жерінде белесті-төбелі жазықты бойлай ағады. Су апрельдің аяғында тасиды, төмен деңгей жаздың аяң кезінде болады.

       Балқаштың солтүстік және батыс жағалаулары  биік, жарқабақ келеді, маусымдық және уақытша ағатын суларға байланысты көптеген аңғарлармен және сайлармен тілімденген. Оңтүстік және шығыс жағалау көлдің біртіндеп шегінген кезінде қалдырған шөгінділерінен тұратын аккумулятивті құмды жазық құрайды. Бұл жағалаудың кей жерлерінде қамыс қопалар өскен. Көлдің орташа тереңдігі 6 ж-дей, оның батыс бөлігінде тереңдік 5—6 ж-ден 10—12 м-ге дейін, шығысында одан біраз артық, солтүстік-шығысында 26 ж-ге дейін жетеді Балқаштың су балансы оған келіп құятын өзендерге (Іле мен Қаратал) және көл бетінен булануға байланысты. Грунт суының маңызы онша емес. Көлдің батыс және шығыс бөліктеріне келетін беткі ағынның мөлшері бір-бірінен үлкен айырма жасайды. Егер көлдің батыс бөлігіне келетін ағынды 100% деп алсақ, онда шығыс бөлігінде батыспен салыстырғанда 23% болады. Осындай айырмашылыңңа байланысты суының сапасы да батыс және шығыс бөліктерінде бір-бірінен айырма жасайды. Көлде ағыс екі түрде көрінеді:

  1. Ағынды ағыс — Іле өзенінің суының келіп қосылуынан пайда болып, көлдің батыс бөлігінде өтеді, ол сағат тілінің айналу бағытына сәйкес келеді.
  2. Жел ағысы — солтүстік-батыс желдердің әсерінен пайда болады және қатты желдердің кезінде айқын көрінеді.

     Басқа көлдер сияқты Балқаштың да деңгейі шұғыл-ауытқып тұрады. Оның ауытқуы ең алдымен көп жылғы кезеңде байқалады.

     Маусымдық ауытқу да анық көрінеді. Көлдің деңгейі әдетте келіп қосылатын ағынның артуына байланысты көктемде көтеріліп, июль айына дейін созылады. Бұдан кейін күздің аяғына дейін деңгей төмендей береді. Мұнан соң қысқы уақыттарда буланудың азаюына байланысты келдің деңгейі бірсыпыра көтеріледі.

        Климаттың шұғыл континенттігіне байланысты көл суының температурасы қыста төмен, жазда жоғары болады. Беткі судың температурасы жазда 20—24°, кейде 27°-қа дейін жетеді. Қыста ол 0°-тан төмен. Көл ноябрьден бастап қата бастайды. Мұздың қалыңдығы 70 см-те дейін жетеді. Ол 120—140 күнге дейін жатады. Көл мұздан апрельдің алғашқы жартысында-ақ арыла бастайды. Қыс аса жылы болған жылдары мұз желдің бетін түгелдей жаппайды. Жалпы алғанда Балқаш тұзды көлдердің типіне жатады, бірақ тұздылық онда біркелкі емес. Оның батыс бөлігі онша тұзды болмайды, ал ірі өзендер — Іле, Қараталдың сағасы тұ-сында суы тұщы, шығыс жағы тұзды.

     Судың минералдануы жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп тұрады. Ең көп минералданатын кезі ұыс, өйткені бұл кезде өзен суының ағыны әжептәуір азаяды, аз минералданатын көзі — июль. 
 
 
 
 
 
 

ІІ  тарау.  Іле -Балқаш  аймағының экономикалық экологиялық

проблемасы

     Іле-Балқаш алабы Қазақстанның оңтүстік шығысында  және Қытайдың  солтүстік батысында  аумақты территорияны алып жатыр. Оның ауданы 413 мың шаршы шақырым алады, алаптың бүкіл территориясының 85 процентін алып жатқан 353 мың шаршы  километрі Қазақстанға кіреді, аймақтың  басты су артериясы болып саналатын Іле өзені Балқаш көліне шамамен 75 процент суын құяды. Іле өзенінің жалпы ұзындығы -1439 км, ал оның Қазақстан территорриясындағы ұзындығы 815 км.

     Іле өзені алабының негізгі ағынын түзетін  бөлігі Қытайда орналасқан. Қазақстан территориясында оған ондаған тау өзендері қосылады, атап айтқанда Хоргос, Шарын, Шелек, Түрген, Талғар, Қаскелең.

      Іле- Балқаш аймағының тіршілігінің өту  негіздері су ресурстары болып табылады.Алапты шаруашылығы жағынан игеру  жасанды су қоймаларының пайда болуына алып келеді. Іле өзенінде – Қапшағай су қоймасы , Шелек өзенінде Үлкен Алматы каналы салынған. Бортоғай су қоймасы және Күрті өзенінде – Күрті су қоймасы.

      Ластаушы  көздерге негізінен өндіріс орындары әсіресе, Балқаш тау- металлургиялық комбинаты, онымен қатар колекторлы- дренажды және Алматы қаласымен басқа да қала , ауылдардың тұрмыстық ағын сулары жатады.

      Іле өзеніндегі ластанулар Қытай территориясынанда  келеді. Су қайнар көздерінің санитарлық күйінің төмендеуі, су сапасының нашарлауы күріш егу, жат түрлердің инпродукциясы бәрі-бәрі балық қорларының едәуір азаюына әкеп соқты. Жер беті суларының ластануы бір қатар жергілікті жерде және бұрынғы шаруашылық бөлімшелерде ауыз су тапшылығының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Су және жылу энергетикасына арналған күшті ресурсты  потенциалы бола тұра, Іле-Балқаш аймағы өз-өзін электр энергиясымен қамтамасыз ете алмайды.  Болжамға сәйкес, су арылатын жер көлемі жоспарлы түрде кеңейтуге байланысты Қытайдағы су тапшылығы жылдан- жылға арта бермек. Мамандардың есебі бойынша Іле өзенінен оның жалпы көлемінен 10-15 процент суды қосымша іркіп алу Балқаштың тұздануына, сарқылуына және  күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелері көп Арал тәрізді экологиялық апатқа алып келуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда өзіміздің жеке су ресурстарымызды үнемді рационалды пайдалану үшін жедел зерттеулер жүргізу қажет. 80 жылдардың соңында жасалған Іле-Балқаш алабының су ресурстарының кешенді пайдалану сызбасын Қытай Халық Республикасы мүмкін болатын жоспарларына сай жаңарту қажет. Сонымен қатар, 1992 жылы КХР мен бірге бастаған, яғни Хоргос транс шекаралық өзенінің су ресурстарын басқару мәселесін шешетін «Хоргос өзенінде біріккен гидро түйін жобасын »  нақты іс жүзінде асыру жөніндегі жұмыстарды жаңарту мүмкіндігін меңгерту керек.  Қорыта келгенде, Балқаш көлі алабының өзендер ағыны ресурстарының экологиялық бағасы және Іле-Балқаш аймағындағы жер асты сулары ресурстарын пайдалану перспективаларының бағамдары: Қазақстан мен Қытай  Халық Республикасы арасындағы транс шекаралық өзендерді тиімді пайдаланып, Балқаш көлінің деңгейі төмендеп құрғап кетпеуіне барынша мүмкіндік жасау біздің ең басты мәселеміз болып табылады.  Іле-Балқаш аймағындағы суармалы жер шаруашылығының үлесіне  тұтынылатын барлық судың 82 проценті келеді. Ластаушы көздерге негізінен өндіріс орындары әсіресе, Балқаш тау- металлургиялық комбинаты, онымен қатар колекторлы- дренажды және Алматы қаласымен басқа да қала , ауылдардың тұрмыстық ағын сулары жатады.  
 
 
 
 
 
 
 

2.1. Нұра өзені алабында пайда болған антропогендік факторлардың

дамуы және  олардың  табиғи кешендерге әсері 

     Нұра  өзені- Қарағанды ,Астана облыстарының жері арқылы ағатын өзен, ұзындығы 978 км, су жиналатын  алқабы 55100 км2  Өзен Сарыарқадағы Қарқаралы тауының батыс сілімдеріндегі бұлақтардан басталады, Теңіз көліне құяды. Бұл өзен Қарағанды Теміртау қалаларындағы өнеркәсіп орындарын су мен қамтамасыз етеді. Нұра өзені алабында қазіргі өндіріс саласының экономикалық ерекшелігіне сәйкес келетін антропогендік факторлардың барлық түрі дамыған.

      Нұра  өзенінің ластануы Теміртауда осыдан 50 жылдам астам уақыт бұрын синтетикалық каучук зауытын салудан бастау алды. Ластандырушы көздерден Нұра өзені  алабына жел бағыттары арқылы зиянды қалдықтар таралуы байқалады. Ластандырушы көздерден Нұра өзені алабына жел бағыттары арқылы зиянды қалдықтар негізінен қыс айларында алысқа жеткізіліп, көктем,жаз,күз айларында

қашықтығы бойынша біртіндеп азаятын құбылыс.Атмосферадағы  көтерілген өндіріс қалдықтарының  ауысу мөлшері  ауа ылғалдылығына  тікелей  байланысты болады. Егер ылғалдылық мол болса шаңның жылжу қарқындылығы азаяды және таралу күші кемиді. Сондықтан осы аймақтарда ауаның ылғалдылығыда ластанушылардың алыс-жақынға таралуына өз үлесін қосады. Жаз айларында түскен қалдықтар биогенді компоненттермен жанасып әсер етеді, оларда аккумуляцияланып, қалдықтар шіріген кезде топырақтың құрамына енеді, ал топырақтың өзіне сіңгіш ластандырушы элементтер биогенді бөгеттердің әсерінен  эрозиялық және эолдық  процестерге ұшырамай көпшілігі сол орында қалуы тиіс деп болжауға болады.Нұра өзеніне сол жерде орналасқан  өндіріс орындарынан атмосфераға газ тәрізді заттар, яғни күкіртті ангидрит, күкірт сутегі, көміртегі тотығы, фенол амиак, форматигид,  көмір сутек және тағы басқа улы химиялық заттар тасталынады.

      Нұра  өзені алабының ластануына және ластаушы заттар болып табылатын табиғи ластаушы көздер  Нұра өзенінің келесі секцияларында  орналасқан: Өзеннің жоғарғы ағысының учаскесі- Самарқанд су қоймасы Ертіс  Қарағанды каналы мен тоғысу  жеріне дейін өзеннің орта ағысы учаскесі- Ертіс Қарағанды каналынан Қарағанды Теміртау өнеркәсібі учаскесімен қоса Интумақ су қоймасына дейін төменгі ағысының учаскесі- Интумақ су қоймасынан Нұра-Есіл каналына және Теңіз- Қорғалжын      көлдеріне дейін.

     Ауыл  шаруашылық құрылыстарының көбі бүкіл Нұра өзені аңғарымымен оның салаларының бойында орналасқан. Көптеген ауыл шаруашылық әрекетімен байланыстағы компоненттер ластану көздері болуы мүмкін, яғни қатты қалдықтар, қидың қалдықтары тыңайтқыштардың, токсикалық пестицидтер гербицидтер қалдықтар орындары.

      Өнеркәсіптік  көздерге индустриалды аймақтардың  өнеркәсіп  қалдықтары  және  қалалық  аймақтардың  тұрмыстық  қалдықтары, өнеркәсіп  және  селитепті зоналарының  ластанған  территорияларынан,  өнеркәсіп  полигондарының  қалдықтарынан  бетті  ағысы, атмосфераға  жіберілетін  және  жіберілмейтін  қалдықтардың  түсуі,  кейін  олардың  топыраққа  беткі  және грунт  суларына  өтуі,  яғни  миграциясы  жатады.  Өнеркәсіп  кешендерінің  үлкен  аймақтық  мөлшері  Нұра  өзені  аңғарында  әсіресе орта  бөлігінде  шоғырланған  Нұра  өзені  аңғары мен  жағдайымен  дамуына  әсер  ететін  антрпогендік  факторлардың кейбір  түрлері  толық  зерттелмеген.  Су  объектілеріне  әсер ететін теріс  экологиялық  жағдайлардың  төмендету  үшін  мыналарды  ескеру  қажет: өнеркәсіп және тұрмыстық  комуналдық  секторларда  суды  қорғау  технологияларын  шығаруда  арттыру ағындық  қалдық  суларды  тазартуда  неғұрлым  физикалық,  химиялық  және  биологиялық  әдістерін  жоғары  дәрежеде  қолдану, көмірді  өндіруде  неғұрлым  қолайлы  ұтымды  әдістерді  талдап  барып  қолдану территорияның  көбі  тау  кен байыту  өнеркәсібінде  қолданғандықтан  фитомелиорациясы  және  рекультивациялық  жұмыстарды  өткізуді  қажет  етеді.

    Суды  дұрыс  пайдалану  табиғатты  қорғау  шараларын атқару 
     

     Қорытынды

      Қорыта  айтқанда, бүгінгі күні Қазақстанда  тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары  жасалған және  біз нақты экологиялық  мәселелерді нық шешуге кіріскенімізді нық сеніммен айтуға болады.

      Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа мемлекеттік экологиялық саясат жасалып нақты іс жүзінде асырылуда, оның мәні- экономикалық, заң орындары және жалпы қоғам сияқты ықпал ету мен өмір әрекетестігінің бір қатар салаларын экологизациялау арқылы еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу. Қазіргі кезеңде Қытай Халық Республикасы транс шекаралық өзендерді бірігіп пайдалану және қорғау жөніндегі бір келісімге қол қойылды.Қазақстандық, Қытайлық жұмыс тобы құрылып, ары қарай серіктестік етуге .Балқаш тау металлургиялық комбинатының экологиялық бағдарламасы жасалып, нақты іс жүзінде асырылуда. Оның басты шарасы қалдық газдарды негізінен қорғасын диоксидін бейтараптандыруға арналған кешен тұрғызу. Сонымен қатар, Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайын жан-жақты қарастыру болып табылады.     Балқаш фаунаға өте кедей, молюскілер мен шаян тәрізділердің кейбір түрлері бар. Балықтардан: балқаш алабұғасы, ақ балықтың екі түрі және сазан, губач, сибирь елеңі кездеседі, қолдан табан балық, теңге балық, ұсақ бәкіре жіберілген.

   Алакөл үлкендігі жөнінен Балқаш-Алакөл ойысындағы көл. Оның ауданы 2 076 кв км. Алакөл маңайындағы Сасык көл, ¥ялы және Жалаңаш көлдерімен бір кезде жалғасып жатқан, ал қазір олар бөлек топ құрайды. Ертеде ол Балқашпен қосылып жатқан. Барлық топ Балқаш-Алакөл ойысының оңтүстік-шығысында жатыр.

        Топтағы ең үлкені Алакөл. Оның солтүстік, солтүстік-батыс жағалауы аласа және аккумулятивті типке жатады. Мұнда құм шағылдар мен ұсақ қойнаулар көп. Қазіргі уақытта қойнаулардың біразы қамыс, қоға өскен сортаңға айналған.

            Оңтүстік батыс және батыс жағалаулары биік және көлге тік жар жасап құлаңды. Көл қазан шұңқырында алты терраса бар, олардың биіктігі 2 ж-ден 65 ж-ге дейін болады. Бұл террасалардың және оларға іргелес жатқан көл шегінділерінен тұратын бірсыпыра кең сортаңды жазықтардың болуы, таяудағы өткен кездерде көлдердің аумағының қазіргіден үлкен болғандығын және ойыстың терең бөлігінде сақталған осы  көл  дәлелдейді.

                           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланыған  әдебиеттер  

1. Соседов И. С. и др. Методика территориальных водно-балансовых обобщений в горах.- Алматы: Наука КазССР, 1976..

2. Соседов И. С. и др. Водный баланс и водные ресурсы северного склона Джунгарского Алатау. Алматы: Наука КазССР, 1984..

3. Токмагамбетов Г. А. Ледники Заилийского Алатау - Алматы: Наука КазССР 1976..

4. Мачерет Ю. Я., Черкасов П. А., Боброва Л. И. Толщина объем леднив Джунгарского Алатауподаннымаэрорадиозондироеания. - МГИ, 1988. С. 59-71.

5. География  және табиғат –2006,N 2.

6. Коринский  В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В.  – Материктер мен мұхиттар  географиясы. Алматы,2001.

7. Төкенов  Б.Географияны оқыту әдістері  –География және табиғат. 2003, 8.Сейсенов  А.  Географиялық карталарды оқыту.  География окружающая среда 2005 , N 3 .

    9. Қазақстанның физикалық герграфиясы.-Алматы,1999.  
 
 


Информация о работе Іле - Балқаш аумағының қазіргі экологиядық жағдайы