Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 22:39, реферат
Жергiлiктi жер туралы ақпарат республика экономикасының, қорғаныстың көптеген саласының маңызды құрамы болып табылады, осыған байланысты геодезиялық және картографиялық өнiмнiң сапалы қызметiне сұраныс өсiп келедi, және көп жағдайда осы өнiмдер заңды құжат болып табылады. БҰҰ деректерi бойынша басқарушы шешiмдердi қабылдауды қолдау жүйесiндегi кеңiстiктiк ақпараттың еншiсiне осы жүйедегi ақпараттың жалпы көлемiнен 80% дейiн құрайды.
Кіріспе...............................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасында геодезиялық қызметті ұйымдастырудың тәртібі................................................................................................................4
2. Мемлекеттік геодезиялық тораптар..........................................................5-6
Қорытынды.........................................................................................................7
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................8
Кіріспе.......................
1. Қазақстан Республикасында
геодезиялық қызметті ұйымдастырудың
тәртібі.......................
2. Мемлекеттік геодезиялық тораптар......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Жергiлiктi жер туралы ақпарат
республика экономикасының, қорғаныстың
көптеген саласының маңызды құрамы болып
табылады, осыған байланысты геодезиялық
және картографиялық өнiмнiң сапалы қызметiне
сұраныс өсiп келедi, және көп жағдайда
осы өнiмдер заңды құжат болып табылады.
БҰҰ деректерi бойынша басқарушы шешiмдердi
қабылдауды қолдау жүйесiндегi кеңiстiктiк
ақпараттың еншiсiне осы жүйедегi ақпараттың
жалпы көлемiнен 80% дейiн құрайды.
Республиканың топографиялық-геодезиялық
және картографиялық зерделенуi мемлекеттiк
геодезиялық жүйенi құрайды, оның құрамына
Қазақстан Республикасының координаталық
негiзi болып табылатын ұзындығы 76 000 текше
км құрайтын 155 мың нүктелер және нивелирлi
жүйелер және масштабы 1:25 000-1:1 000 000 болатын
мемлекеттiк топографиялық карталардың
43 575 парағы енедi.
Бюджеттiк қаржыландырудың ұлғаюына байланысты
республиканың жалпы көлемiнен 10 %, аэротүсiрiлiм
жүргiзiлдi; мемлекеттiк геодезиялық желiлерi
нүктелерiнiң жалпы санына 0,9 % көлемi зерттелдi,
жалпы нивелирлiк желi ұзындығынан 3 % нивелирлендi,
барлық масштабтық реттегi мемлекеттiк
топографиялық карталар парағы санынан
7 % жаңартылды.
Тұтастай алғанда геодезия және картография
саласында жағымды алғы шарттар туындады,
сонымен қатар басты шешiлмеген мәселелерге
келесiлердi жатқызуға болады.
1. Картография негiзi болып табылатын
мемлекеттiк геодезиялық желi жартылай
жойылған және көп жағдайда қайтадан қалпына
келтiрiлмейдi, соның нәтижесiнде оған қойылатын
талаптарға толығымен жауап бере алмайды.
2. Жер серiктiк технологиялардың дамуына
және топографиялық геодезиялық өндiрiстiң
жер серiктiк координаталық анықтаудың
жеке әдiсiне көшуiне байланысты республиканың
жаңа координаталық негiзiн құру және дамыту
мәселесi тұр.
3. Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық
және картографиялық қамтамасыз етiлу
жағдайы ерекше алаңдатушылық тудырады,
карталардың уақытқа сай келу деңгейi
10-20 жылды құрайды.
4. Сейсмобелсендi аумақпен Қазақстанның
Каспий маңы аумағының жоғары нақты геодезиялық
өлшемдермен толық қамтылмауы.
5. Агенттiкке ведомстволық бағынысты
кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық артта қалуы.
6. Жеткiлiктi дәрежеде жас мамандардың
жоқ болуы және мамандарды дайындау, қайта
дайындау сапасы қазiргi уақыттағы техника
және технология талаптарына сәйкес келмейдi.
7. Нарықты нақты емес геодезиялық және
картографиялық өнiмдерден қорғау, олардың
пайдаланылуы мемлекетке және тұтынушыларға
залал келтiруi мүмкiн.
Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау
тұрғысына байланысты Қазақстанның жағдайымен
байланысты басқа да мәселелер бар. Қазiргi
кезде Жаһандану республикада болып жатқан
барлық дерлiк процестерге ақырындап әсерiн
тигiзуде, Қазақстанның ақпараттың кеңiстiгi
бiрегей ақпараттық кеңiстiкке ене түсуде.
Қазiргi жағдайдың сараптамасын ескере
отырып және Қазақстанның әлемнiң бәсекеге
қабiлеттi 50 елдiң қатарына енуi және тұрақтандыру
бойынша қойған тапсырманы ескере отырып,
жер ресурстарын басқару, геодезия және
картография салаларының стратегиялық
бағыттары анықталды, бұл
өз кезегiнде жер ресурстары туралы
нақты ақпаратпен қамтамасыз етуге,
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасында
геодезиялық қызметті ұйымдастырудың
тәртібі. Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми
деңгейде, аса жаңа техникалық базада
дамып, халық шаруашылығының барлық саласының
мұқтаждарын қанағаттандыруда. 1925 жылдан
бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар
жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру
қолданылды. Ал ол бүгінгі күндері жердің
бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі
болып табылады. Ал геодезия жұмыстары
үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде
(1945 жылға дейін) бұрынғы ТМД территориясының
1:1000000 масштабтағы топографиялық карталарын
жасауға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі
кезендегі геодезиялық қызметтің елеулі
жетістігі 1954 жылға қарай 1:100000 масштабтағы
карталар жасау болды. Қазіргі кезең 1:25000
ірі масштабтағы карталарды жасаумен
сипатталады. Топографиялық-геодезиялық
жұмыстардың және картография өндірісінің
мұнан әрі алға қарай дамуы ғарыш техникасын
қолданумен тікелей байланысты болып
отыр.
Келешекте халық шаруашылығының шұғыл
өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке
түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің
өзінде-ақ жасалған ғарыштық борттық аппаратуралардың
мүмкіндіктері сондай орбитадан қабылданған
бейне-ақпараты өзіне қойылған міндетті
шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген
масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға
мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды
масштабтағы карталарды тікелей даярлауға
жағдай туғызып отыр деуге болады. 1974 жылдан
бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға
түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің
беті координаталар мен биіктіктердің
бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз
түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке
түсірген сияқты теңіз түбінің сурет карталары
мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі
заманғы техникалық кұралдар жасалды.
Қазақстанда топографиялық - геодезиялық
және картографиялық қызметті Республикамыздың
жер ресурстарын басқару Агенттігі басқарады.
Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы
жағдай жасалды деуге болады. Оған
1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда ұйымдастырылган
геодезиялык отрядтардың қазіргі танда
"Оңтүстікгеодезия", "Астанатопография",
"Алматыгеокарта", "Солтүстікгеодезия"
сияқты ірі мемлекеттік өнеркэсіпке айналып,
Қазақстан Республикасы әскери күштерін
геодезиялық- ақпараттармен қамтамасыз
ететін Орталықтың ашылуымен қатар, Қазақстанда
геодезиядан мамандар дайындауда Қ.И.
Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық
университеттің, т.б. еңбектері айқын дәлел.
Жоғарыда айтылған мекемелердің негізгі
өндірістік міндеттері мыналар:
3. Әртүрлі мекемелерге
геодезиялык және
Мемлекеттік геодезиялық
тораптар жиілету және түсіріс торларын
одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс,
құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге
орналастыру, т.б., көптеген инженерліқ
есептерді шешудің негізі болып табылады.
Сондықтан, геодезиялык торапта
Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігі Мемлекет Басшысы алдымызға қойған мақсаттарға жету қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызметтің негізгі бағыттарын келешекке жалғау үшін өзінің басты мақсаты ретінде - халықаралық талаптарға сай келетін және мемлекеттің күнде өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ететін жоғары дәлдікті спутниктік геодезиялық желілер мен заманауи бәсекелестікке сай геодезиялық және картографиялық өнімдер жасауға бағытталған заманауи техника мен прогрессивті технологияларды қолдана отырып геодезия және картография саласын одан әрі дамытуды қолға алды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
2. Нұрпеиісова М.Б. Геодезия - Оқулық. Алматы: «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005.
Информация о работе Қазақстан Республикасында геодезиялық қызметті ұйымдастырудың тәртібі