Дүниежүзінің табиғат ресурстары ресурстарға шаруашылық баға беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 17:08, доклад

Краткое описание

Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оныңпайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

мұнайгаз ресурстары мен қорлары.docx

— 31.97 Кб (Скачать файл)

Дүниежүзінің  табиғат ресурстары ресурстарға 

 шаруашылық баға беру.

Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оныңпайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан.

Энергетикалық ресурстар. XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байкалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. 

Қазіргі замандағы жалпы  дүниежүзілік отын корлары бірінші кезекте көмір корынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ьша дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады. Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқадай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артык. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мұнай корының 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ коры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газкорының 41%-ы тиесілі.

Ал British Petroleum (BP) компаниясының көрсеткіштері бойынша «қара алтыннын» әлемдік қоры 1 трлн 258 млрд баррел немесе 170,8 млрд т- ны құрайды. Олардың айтуынша бұл қор қазіргі мұнай өндіру жылдамдығымен 40-45 жылға жетеді деп есептеледі. ОЭСР құрамына кіретін елдер мұнайдын 88,9 млрд т баррел немесе 12,0 млрд т (7,1% әлемдік қорының)  қорына ие. Ал ОПЕК, ОСЭН ұйымдарына кірігетін елдердін қордан 955,8 млрд баррел нмесе 129,8 млрд т (76%). ОПЕК- ке кірікпейтін елдер 174,4 млрд беррел немесе 23,6 млрд т (14). Ал бұрынғы Кеңес Одағының мемлекеттері 127,8 млрд баррел немесе 17,4 млрд т ( 10,2) қорына ие. Мұнайдың әлемдік қорларын  аймақтарға бөліп тастау статистикасы бойынша негізгі мұнай қоры Таяу Шығыста шоғырланған – 754,1 млрд баррел немесе 102 млрд т. Еуропа және Орта Азияда 142,2 млрд баррел, немесе 19,2 млрд т мұнай; соның ішіндегі 39,8 млрд баррел немесе  5,3 млрд т - сы Қазақстан аумағына тиесілі. Африка елдерінде 125,6 млрд баррел немесе 16,6 млрд т; Оңтүстік және Орталық Америка елдерінде – 123,2 млрд баррел немесе 17,6 млрд т; Солтүстік Америка – 70,9 млрд баррел немесе 9,7 млрд т ; Қиыр Шығыс және Мұхиттық аумақтағы елдерге – 42,0 млрд баррел немесе 5,6 млрд т- ға ие.

Бұл көрсеткіштер тек дәлелденген  кен орындардын мәндерімен алынған  мәліметтер. Мұнай, газ, конденсат және іліспе құрамдастардың қорлары зерттелу дәрежесі бойынша дәлелденгендерге - А, В, С санаттары және алдын ала бағаланғандарға (барланбағандарға) - С санаты - болып бөлінеді.  
      1) Дәлелденгендер ішінде өндірілетіндері (А және В санаты) және барланғандары (С санаты) қорлары бөлінеді. 

 А санаты - шоғыр құрылысын,  жинауыштар мен оларды қанықтыратын  флюидтердің шама-шарттарын, сондай-ақ  шоғырдың өнімділігін және мұнай,  газ, конденсаттың шығарып алу  коэффициенттерін негіздеуді көрсететін  шама-шарттарды толық сипаттаумен  қатар, жеке жинауыш қабаттар  мен өндіру элементтері шегінде  қорлары шығарып алуды анықтайтын  шама-шарттар бойынша қорларды  жіктеп бағалау мүмкіншілігін  қамтамасыз ететіндей мұқияттықпен  зерттелген кен көзін игерудегі  шоғырдың (оның бөлігінің) қоры. 

А санатының қорлары кен  орнын игерудің бекітілген жобасына сәйкес бұрғыланған шоғыр (оның бөлігі) бойынша есептеледі де мұнай, газ  және конденсат қорларын шығарып  алу ісі мен жүйесін жетілдіріп ұтымды ету үшін негіз болады.

А категориясы қорларының шекарасын А категориясының және басқа категориялардың қорлары  бар ұңғымалардың арасындағы ортасы арқылы немесе радиусы пайдаланылатын ұңғымалардың арасындағы шоғырдың арақашықтығының  жартысына тең шеңбер арқылы жүргізеді  
      2) В санаты - шоғыр құрылысын, жинауыштар мен оларды қанықтыратын флюидтердің шама-шарттарын, сондай-ақ шоғырдың өнімділігін және мұнай, газ және конденсат шығарып алу коэффициенттерін негіздеуді көрсететін шама-шарттарды сенімді сипаттаумен қатар, қорлардың құрылымын бағалауға мүмкін ететіндей мұқияттықпен зерттелген кен көзін игерудегі шоғырдың (оның бөлігінің) қоры. 

В санатының қорлары мұнай  кен орнын игерудің бекітілген технологиялық  мазмұнына немесе, газ кен орнын  тәжірибелік игерудің жобасына сәйкес бұрғыланған шоғыр (оның бөлігі) бойынша есептеледі және кен орнын игерудің жобасын жасауға негіз болады.

В категориясы қорларының шекарасын В категориясының және басқа категориялардың қорлары  бар ұңғымалардың арасындағы ортасы арқылы немесе радиусы пайдаланылатын ұңғымалардың арасындағы шоғырдың арақашықтығының  жартысына тең шеңбер арқылы жүргізеді 

3) С санаты - газ-мұнайлы ұңғылар мұнай, газ және конденсаттың өндірістік өнімі негізінде және сынамаланбаған ұңғыларда жүргізілген геологиялық және геофизикалық зерттеулердің оң нәтижелі деректері негізінде бағаланған шоғырдың (оның бөлігінің) қоры.

Шоғырдың түрі, нысаны және мөлшері, мұнайлы және газды қабаттардың  кеңістікте орналасу жағдайлары ұңғыларды  бұрғылау нәтижесінде және осы аумақта  тексеруден өткен геологиялық және геофизикалық зерттеу әдістерімен  анықталған. Өнімді қабаттардың литологиялық құрамы, жинауыш жыныс түрі, жинауыштық қасиеттері, мұнай мен газға қаныққан қалыңдықтан алынған тасбаған және ұңғыларда жүргізілген геофизикалық зерттеулердің материалдары бойынша  зерделенген. Мұнай, газ және конденсаттың жер қабатындағы және қалыпты  жағдайдағы құрамы мен қасиеттері ұңғыларды  сынамалау деректері бойынша  зерделенген. Газды-мұнайлы шоғырлар бойынша мұнайлы бөліктің өнеркәсіптік құндылығы анықталған. Ұңғылардың өнімділігі, қабаттың су өткізгіштігі, қысым өткізгіштігі, қабаттық қысымы, температурасы, ал мұнай, газ және конденсаттың шығуы ұңғыларды  сынау және зерттеу нәтижелері бойынша  зерделенген. Гидрогеологиялық жағдайлары ұңғыларды бұрғылау нәтижелері және барланған іргелес кен орындарына ұқсастығы анықталған. 

С санатындағы қорлар геологиялық барлау жұмыстары және өндіру үшін бұрғылау нәтижесінде есептеледі, олар мұнай кен орнын игерудің технологиялық схемасын немесе газ кен орнын игерудің тәжірибелік-өнеркәсіптік жобасын жасау үшін алғашқы деректер алуды қамтамасыз ететіндей дәрежеде зерттелуі тиіс. 

Шоғырдың зерттелмеген тегін  бөлігінің С санатындағы қоры ұңғыларды игерудің технологиялық схемасында, не жобасында белгіленген ұңғыаралық қашықтықтан екі есе алшақтықта жүргізілген шекарада бөлінеді.

С санатындағы қорлар бірен-саран ұңғыларды бұрғылау және сынаудан алынған деректер бойынша, оларда мұнай немесе газдың өндірістік құйылысы алынған жағдайда жаңа алаңда айқындалуы мүмкін. С санаты қор есептелетін үлестің шекарасына ұқсас кен орындарында қабылданған ұңғыаралық қашықтықтан екі есе радиуспен жүргізіледі;

С санатындағы қорлар - бар екендігі геологиялық және геофизикалық зерттеулердің деректерімен негізделген шоғыр (оның бөлігінің) қоры. 

Шоғырдың кескіні мен  аумағы, жер қойнауында орналасу жағдайлары, қабаттардың қалыңдығы мен жинауыштық қасиеттері, мұнай, газ және конденсаттың қасиеттері геологиялық және геофизикалық зерттеулер немесе барланған кен  орындарына ұқсастығы бойынша, шоғырдың дәйектірек зерделенген бөлігіндегі  деректерді ескере отырып, жалпы сипатта  анықталған. 

С санатындағы қорлар жоғарырақ санатты қорлары бар үлестермен ұштасып жатқан барланған шоғыр бөліктерінде, барланған кен орындарында өнеркәсіптік-геофизикалық оң нәтижелі сипаттамасы бар, екеуі аралығында жоғары және төмен жатқан сыналмаған қабаттарда есептеледі.

 С санатындағы қорлар кен орнының болашағын анықтау, геологиялық барлау жұмыстарын немесе ұңғыларды жоғарғы қабаттарға ауыстырғанда өнеркәсіптік-геологиялық зерттеуді жоспарлау және ішінара кен орындарын игеруді жобалау үшін пайдаланылады.

Мұнай, газ және конденсат  ресурстары олардың негізделу және икемделе орналасу дәрежесіне қарай  ықтималдарға - С санаты және болжамдықтарға - Д , Д және Д санаттарына - ажыратылады. 

С санатындағы қорлар - іздеу мақсатымен бұрғылауға даярланған жер үлестерінің болашақ ресурстары. 

Шоғырдың кескіні, мөлшері  және жер қойнауында орналасу жағдайлары геологиялық және геофизикалық зерттеу  нәтижесінде жорамалданады, ал қабаттардың  қалыңдығы, жинауыштық қасиеттері, мұнай  немесе газдың қасиеттері барланған  кен орындарымен ұқсастығымен қабылданылады. 

С санатындағы ресурстар мұнайлы-газды аудандар шегінде орналасқан және осы ауданда тексерілген геологиялық және геофизикалық зерттеулер әдістерімен шеттеліп терең бұрғылауға даярланған аудандарда, сондай-ақ барланған кен орындарындағы бұрғыланып ашылмаған, ал өнімділігі осы аудандардағы басқа кен орындарында анықталған қабаттарда есептеледі. 

Болашақ ресурстар іздестіру  жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады. 

Д санаты - айқындалған ықшамды объектілердің (оқшауланған) болжам ресурстары. Жорамалданған шоғырлардың кескіні, мөлшерлері және қойнауында орналасу жағдайлары геофизикалық (геологиялық) зерттеулер нәтижесінде жалпы сипатта анықталған, ал қабаттардың жинауыштық қасиеттері, мұнай, газ және конденсаттың қасиеттері барланған кен орындарымен ұқсастығымен қабылданылады. 

Д санатты ресурстар Д санатты ресурстары бар аймақ шегінде айқындалған ықшам объектілерде есептеледі және құрылымды іздестіру үшін, бұрғылауға дайындау мақсатымен геофизикалық іздестіру жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады. 

Д санаты - өнеркәсіптік мұнай-газдылығы дәлелденген ірі аймақтық құрылымдар шегінде бағаланатын литологиялық-стратиграфикалық кешендердің болжам ресурстары. 

Д санатына жататын болжам ресурстардың мөлшерін бағалау аймақтық геологиялық-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде қабылданған шама-шарттар бойынша және бағаланып отырған аймақ шегінде барланған кен орындармен ұқсастығымен жүргізіледі. 

Д санаты - өнеркәсіптік мұнай-газдылығы әлі дәлелденбеген кен аймақтық құрылымдар шегінде бағаланатын литологиялық-стратиграфиялық кешендердің болжам ресурстары. Бұл кешендердің мұнай-газдылығы тұрғысынан болашағы геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулер деректері негізінде жорамалданады. 

Д санатты болжамдық ресурстардың мөлшерін бағалау жалпы геологиялық көзқарастар негізінде жорамалданған шама-шарттарымен және мұнай мен газдың барланған кен орындары бар дәйектірек зерттелген аймақтармен ұқсастығымен жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын  сыныптау Қазақстан  мен АҚШ-да пайдаланатын "қорлар" мен "ресурстар" ұғымдарын салыстыру

Қазақстан Республикасы

АҚШ

1. А, В, С -санаттық қорлар (дәлелденген)

1. Дәлелденген  қорлар (рrоvеd rеsеrvеs)

2. А, В -санатты қорлар (дәлелденген)

2. Игерілген қорлар (developed rеsеrvеs)

3. А, В-санатты  қорлар (пайдаланудағы шоғыр)

3. Өндірілудегі қорлар (producing rеsеrvеs)

4. А, В-санатты  қорлар (консервациядағы шоғыр)

4. Өндірілмейтін қорлар (nonproducing rеsеrvеs)

5. С -санатты қорлар

3. Игерілмеген  қорлар (undeveloped rеsеrvеs)

6. С -санатты қорлар (алдынала бағаланған)  
С 3  санатты ресурстар (болашақ)  
Д , Д , Д санатты ресурстар (болжам)

6. Дәлелденбеген  қорлар (unрrоvеd rеsеrvеs)

7. С -санатты қорлар (алдын ала бағаланған)

7. Ықтимал қорлар (рrоbable rеsеrvеs)

8. С -санатты қорлар (болжам)  
Д , Д , Д -санатты қорлар (болашақ)

8. Қисынды қорлар (рossible rеsеrvеs)


 

 

 

 

 

 

 

Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын,перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау

Мұнай, газ және конденсат кен орындары  бойынша шығарып алынатын қорлардың мөлшері

Шығарып алынатын қорлардың мөлшері бойынша кен  орындардың кластары

мұнай+конденсат  млн.т

Газ млрд.м 3

алып кен орындары

300 млн.т. астам

300 млрд. м астам

өте ірі кен орындары

100,1-300

100,1-300

ірі кен орындары

30,1-100

30,1-100

орташа кен  орындары

10,1-30

10,1-30

шағын кен орындары

3,1-10

3,1-10

ұсақ кен орындары

1-3

1-3

өте ұсақ кен орындары

1-ге дейін

1-ге дейін

Информация о работе Дүниежүзінің табиғат ресурстары ресурстарға шаруашылық баға беру