Жер асты суларының физикалық — химиялық қасиеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 12:05, реферат

Краткое описание

Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1 Су айналымы................................................................................................4
2 Жер асты сулары...........................................................................................5
3 Жер асты суларының физикалық — химиялық қасиеттері............... 10
Қорытынды .......................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................................13

Вложенные файлы: 1 файл

жер асты сулары.docx

— 200.87 Кб (Скачать файл)

 Тереңдігі 20 метрге  жетпейтін, су көтеруге насос  пайдаланылмайтын су көтергіш  ұңғыларды пайдаланғаны үшін, сол  сияқты қазба құдықтардан су  алу үшін, судың көлемі тәуелігіне 50 текше метрден аспайтын жағдайда  «Арнайы су пайдалану Рұқсатын»  алудың керегі жоқ. Бүған орталықтандырылған  сумен жабдықтау жүйесі жатпайды.

 

              

 

 

3.Жер асты суларының  физикалық — химиялық қасиеттері

 Дүние жүзінің ¾ бөлігі су. Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ тер.ауданынан 2,5 есе артық. Жалпы көлемі 1455 млн км3. Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық ж/ә физ.-хим. қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді :физ. күйіне байл.-ерімейтін коллоитты,еритін,табиғатына қарай-минералды органикалық биологиялық немесе бактериялық. Минералды компонентерге анорганикалық қосылыстар,яғни еритін және онда молекулалық пен иодық түрде болатын заттектер жатады.Табиғи суларда еріген түрде әр түрлі газдар (оттек азот көміртек диоксиді күкірті газ т.б. ) сонымен қатар еріген тұздар (натрийдікі калийдікі кальцийдікі темірдікі т.б.)болады. Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге бактериялар вирустар балдырлар ең төменгі сатылы жәндіктер құрттар микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б.кіреді.Суды негізінен ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестициттері тыңайтқыштары т.б.) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шар.ағындылары, су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай,мұнайды өңдеу ,химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар және ауыр металдар алу өндірістері болып табылады. Теңізге төгілген 1 тонна мұнай ,2,6 км аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұрады. Суға жайылғанда атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады. Ағаштарды сумен тасымалдау кезінде де судың ластануы байқалады. Терең емес өзендерде ағаштарды тасымалдағанда 10-30 % жуығы батып кетеді. Бұл балық шаруашылығына зиян келтіреді. Электростанцияларды салу нәтижесінде көп алқапты алып жататын бірақ онша терең емес су қоймалары пайда болады. Бұл су қоймаларда өте көп мөлшерде балдырлар пайда болады бұл өсімдіктер халық шаруашылығына бірқатар залалын тигізуде. Көкжасыл балдырлардың 9 түрі суды өте қатты ластандыруда. Жер бетіндегі және жер астындағы суларға қосылатын заттар ды,микроорганизімдерді-ластаушы көздер су сапасының нормасын бұзатын заттарды -ластаушы заттар деп аталады. Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне мыналар жатады: өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар; тұрмыстық, тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар; тыңайтқыштар, пестицидтер және де химиялық заттар қолданылатын аш салалары; жер асты сулары байланыстағы жер бетіндегі обьектілер; су көзіне жалғасқан лас орындар; жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар; өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б. Жер асты сулары микробтар мен және химиялық заттармен ластануы мүмкін. Жер асты суларында кейбір патогенді бактериялар мен вирустар тіршілік әрекетін ұзақ сақтайды. Егер топырақ қабаты өзінің тазарту сүзгі қабілетін жоғалтса, онда жер асты суларына әртүрлі сарқынды сулар қосылумен қатар, оларды құрамындағы әртүрлі қоқыс заттармен ластайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 Сонымен, жер асты  сулары деп жер қыртысында  кезігетін барлық физикалық күйдегі  суларды айтамыз. Қоректену көздері  белгілі болған жағдайда жер  қыртысындағы су көздері негізінен  алаптық геологиялық құрылысымен  анықталады.Жер қыртысында су  өткізетін және су өткізбейтін  қабаттардың кезектесіп келіп  отыруы әдетте, су өткізбейтін  қабаттың үстіне орналасқан су  өткізетін топырақ қабаттарында  бос сұйық сулардың жиналуына  жағдай жасайды. Жер қыртысындағы  барлық қуыстарында су толық  жиналатын топырақ-жер қабатын  сулы қабат,ал оның астына орналасқан  су өткізбейтін қабат — сутірегіш  деп аталады. Егер сулы қабатты  бұрғылау жолымен немесе құдық  қазу арқылы ашқан,ондағы судың  деңгейі өзгеріссіз қалса,онда  жер асты суларын тегеурінсіз,  ал деңгейді-жер асты суларының  деңгейі дейді. Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады. Орналасу сипатына, режиміне, қалыптасу жағдайына, қозғалуына және жер үсті суларымен өзара байланысының сипатына қарай жер асты сулары тегеурінді және тегеурінсіз деп атайды. Тегеурінсіз жер асты суларына топырақ, топырақ-жер және қыртысындағы сулар жатады. Топырақ суларының өзінен төмен орналасқан жер қыртысында сулармен гидравликалық байланысы болмайды. Топырақ-жер сулары деп су өткізбейтін қабаты жер қыртысында орналасқан, ал деңгейі тұрақты немесе тұрақсыз түрде топырақ қабатында болатын жер асты суларын айтамыз.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Дүйсенов С. Қ. Географиялық  белдеулер –ХБГ, 2001, N 4.

 2. Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.

3. Госпадинов В. Г. Топография  – Москва 1974 г. 

4. Түсіпбекова Г. Географиялық  карта туралы жалпы мәліметтер.-

5. География және табиғат  –2006,N 2.

6. Коринский В.А., Щенев  В. А. , Душина И. В. – Материктер  мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.

7. Төкенов Б.Географияны  оқыту әдістері –География және табиғат. 2003,

8. Сейсенов А. Географиялық  карталарды оқыту. География окружающая 

 среда 2005 , N 3 .

9. Қазақстанның физикалық  герграфиясы.-Алматы,1999.

10. География және табиғат  –2005, N 3.

 


Информация о работе Жер асты суларының физикалық — химиялық қасиеттер