Адам және құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 13:23, реферат

Краткое описание

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді. Соның айқын бір көрінісі Конститу­циямыздың 1-бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30-бап түгелдей азамат­тардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналды. Бұл демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

АДАМ ЖАНЕ КУКЫК.docx

— 21.67 Кб (Скачать файл)

Адам және құқық

 

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді. Соның айқын бір көрінісі Конститу­циямыздың 1-бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30-бап түгелдей азамат­тардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналды. Бұл демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау тетіктерін іске асыруға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге Елбасымыздың сара саясатының арқасында ерекше назар аударылды. Ал бұл мәселелердің шын мәнінде қалай жүзеге асып жатқандығын Президент жанындағы Адам құқықтары жөнін­дегі комиссия жұмысынан байқауға болады. Ол еліміздегі адам құқықтары жөніндегі алғашқы мамандандырылған ұлттық мекеме болып табылады.

 

1994 жылғы 12 ақпанда Елбасы Адам құқықтары жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы кезден бастап Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа ережесі бекітілгеннен кейін ол Мемлекет басшысының жанында жұмыс істейтін болды. Бұл оның мәртебесінің маңыздылығын көрсетеді, сол себепті комиссияға іс-қимыл жасауға жеткілікті түрде құқық та берілген.

 

Комиссияның жоғары мәртебесі  және оның уәкілетті органдар мен  үкіметтік емес сектор арасындағы «жалғастырушы  тетік» рөлі тек адам құқықтары саласының түйткілді нүктелерін тез табуға ғана емес, олардың арасында конструктивтік диалогтың дамуына да мүмкіндік туғызады. Комиссия қоғамдық пікірді, қолданыстағы заңнаманы зерттеп, Мемлекет басшысына адам құқықтары саласындағы жағдай, азаматтық қоғамның сұраныстары туралы мәлімет береді. Сонымен қатар, комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге белсенді атсалысады, осы салада халықаралық ынтымақтастықтың күшейтілуіне көмектеседі.

 

Адам құқықтары жөніндегі  комиссия адам құқықтарын қорғаудың  мемлекеттік тетігін жетілдіруге  бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануына өз үлесін қосты деп нық сеніммен айта аламын. Бұл Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларына және БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілеріне қосылуы, халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру, Білім және ғылым министрлігінде Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің құрылуы болып табылады. Бұған Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) институтының құрылуын, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларын Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беруді, өлім жазасына мораторий енгізуді, Көші-қон полициясының жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкес жақсартуды, «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын байланыс қызметінің тарифін төмендету мен қол жетімдігін қамтамасыз етуді жатқызуға болады.

 

Қазіргі кезде Комиссия ратификацияланған  халықаралық келісімдерді іске асыру  өзекті мәселелерімен, қамауда ұстайтын орындарда қинаудың алдын-алу, тәуелсіз ұлттық превентивтік тетіктерін құрумен, Омбудсмен институтының заңнамалық базасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жетілдірумен, 2009-2012 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асырудың мониторингімен, азаматтық қоғамның институт­тарымен, халықаралық ұйымдармен, шетелдік елшіліктерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірумен, құқық қорғау қызметінде мемлекеттің оң имиджін құруына көмектесумен айналысады.

 

Жыл сайын Комиссия хатшылығына 1000-нан астам азаматтардан жазбаша  шағым хаттар келіп түседі. Келіп түскен арыздар Комиссияның тиісті ұсынымдарымен не болмаса қорытын­дыларымен уәкілетті мемлекеттік органдарға: прокуратура, сот, орталық және жергілікті ат­қарушы билік органдарына қарауға жіберіледі. Конституция қағидаларына, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілер нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар, ұйымдар өз құқықтарын қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен Комиссияға шағымдануға құқылы. Тек Адам құқықтары жөніндегі комиссия қарау тәртібі, негізінен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамамен, қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамаларымен шешілетін азаматтардың шағымдарын қарамайтынын атап өткім келеді.

 

2010-2011 жылдар бойы Комиссия  мемлекеттік органдар, қоғамдық  ұйымдар және халықаралық сарапшылармен  өзара іс-қимыл жасау арқылы елімізде адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына мониторинг жүргізді, оның қорытындылары 2010 жылғы Қазақстан Республикасында адам құқықтарының ахуалы туралы баяндамада өзінің орнын тапты. Ал 2011 жылы Комиссия өзінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдар, үкімет­тік емес ұйымдар, оның ішінде халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметтеріне, сондай-ақ Комиссия және оның хатшылығының арнайы зерттеулерінің қорытындыларына негізделген «2010 жылғы Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы» атты жыл сайынғы баяндама жобасының тұсауын кесті.

 

Онда, ең алдымен, елдегі адам құқықтары ахуалы көрсетілді. Баяндама құқық қорғау орган­дарының жұмысы туралы деректерге толы, осы саладағы ұлттық заңнаманы көрсетеді, оны  халықаралық құқықтық актілермен салыстырады  және т.б. Алғашқы тергеу-тексеру  бары­сында адам құқықтарын сақтау, құқық  қорғау органдарының кейбір лауазымды тұлғалармен қинауды қолданудың алдын-алу жолдары бойынша, сондай-ақ ақпарат алуға азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұсыныстар берілді.

 

Адам өз құқықтары мен  бостандықтарын, оларды қалай қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтық тетіктердің тиімділігі туралы айтудың  мағынасы болмайды. 2005 жылы комиссия адам құқықтарының түйінді мәселелері бойынша 3 жинақ шығарды. 2004-2006 жылдары жеке жинақпен Мемлекет басшысының атына «Қазақстан Республикасында адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау туралы» 2003, 2004, 2005 жылдардағы комиссияның баяндамалары жарияланды.

 

ЮНЕСКО-нің кластерлік бюросының  және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) көмегімен құрылған адам құқықтары  жөніндегі цифрлы кітапхана халықты  құқықтық ағартуда ең көрнекті құралдардың  бірі болып табылады. Оған ұқсас кітапхана ТМД және Балтика елдерінде жоқ. Нормативтік құқықтық актілерді Интернеттегі http://hrc.nabrk.kz мекен-жай бойынша алуға болады. Құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жарияланған. Интернетке қосылмай цифрлы кітапханаға тікелей кіру үшін офф-лайн режимі қолданылады, бұл аз қамтылған азаматтар үшін өте маңызды.

 

2006 жылғы қыркүйек айынан  бастап Комиссияның веб-сайты,  сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде  адам құқықтары жөніндегі нормативтік  құқықтық актілердің, құқық қорғау  тақырыбында ақпараттық-анықтамалық  материалдардың электрондық кітапханасы  қызмет етеді. ЮНЕСКО-нің кластерлік  бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен Алматы қаласының, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдік­терінде ұқсас цифрлік кітапханалар құрылған.

 

Бүгінде ұлттық заңнамаға, құқық қолдану практикасына адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі бүкіл барлық деңгейлерде және құқық қорғау форумдарында талқылануда. Оның үстіне бұл мәселе Қазақстанның ЕЫҚҰ-да төрағалық етуіне байланысты өзекті мәселеге айналды. Ұлттық жоспардың кейбір қағидалары Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясат жөніндегі тұжырымдамасында өз орнын тапты. Осыған орай Ұлттық жоспардың кейбір ұсынымдарын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар бірқатар нормативтік актілерді қабылдады. Мәселен, заңдарды жетілдіруге, қоғамды ақпараттандыруға, құқық қорғау органдарының кәсіптілігін жоғарылату­ға бағытталған 2010-2020 жылдарға арналған БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, азаптау және қатыгездікке байланысты т.б. арыздарды тексеру туралы нұсқаулық бекіді.

 

Әрине, мемлекеттік және құқық  қорғау органдарының қызметінде адам құқықтары әлі де сөзсіз басымдыққа ие болған жоқ, мемлекеттік органдар және басқа ұйымдар қызметінде көбінесе тар ведомстволық және корпоративтік мүдделерді алға қояды. Адам құқықтарын сақ­тау жөніндегі түйінді мәселелерді шешу – бұл қорытындысы барлығының және әр қайсы­сының күш салуына байланысты кешенді, көп еңбекті қажет ететін, мақсатты міндет. Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы мемлекеттік институттардың және үкіметтік емес құқық қорғау органдарының жұмысы әрқашанда жүйелі емес. Өкінішке орай, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары әлі де кең таралған, олар Комиссияның баяндамасында жіті баяндалады. Бұқаралық ақпарат құралдарында да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы ақпарат көп.

 

Негізгі себептердің ішінде – патернализм және құқықтық нигилизм дәстүрлері арқылы көрсетілетін қоғамдық сана-сезімнің инерциясы, азаматтарға өз құқықтарын және бостандықтарын жүзеге асыруға кедергі жасайтын заңнамадағы және құқық қолдану практи­касындағы кемшіліктер дейміз. Өйткені, адам құқықтарын және бостандықтарын жүзеге асыру үшін құқықтық тетіктер мен процедуралардың бірыңғай, дәл үйлестірілген жүйесі керек. Осыған байланысты, бірыңғай стратегия ендіру, Қазақстандағы адам құқықтары сала­­сындағы жағдайды жақсарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күштерін біріктіру арқылы Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау бойынша тұжырымдаманы әзірлеу негізгі мақсат.

 

Құқық қорғау саласында ҮЕҰ-мен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін жетілдіру қажет, мемлекеттің құқықтық саясатын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды іске асыру бойынша алдымен адам құқықтарының сақталуына мониторингке, талдамалық зерттеулерге, білім беру бағдарламаларына қатысу керек. Мемлекет басшысы 2008 жылғы 26 қаңтарда өткен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшесі деп айтты. Біз барлық халықаралық құқық жөніндегі көпшілікке танылған актілерге қосылдық. Осыған байланысты, біз ешкімге Конституциямен және заңдармен бекітілген адам құқықтарын бұзуға және елдің имиджін төмендетуге жол бермеуіміз керек.

 

Түскен өтініштерді талдау бойынша елімізде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы жалғасып жатыр. Олардың ішінде: негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту және соттау, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартпау, лаузымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалануы, бостандықтан айыру орындарда ұстау режімін бұзу, дәлелсіз тұтқынға алу, қылмыстық істер бойынша дәлелдерді фальсификация­­лау, тергеу жүргізудің және қылмыстық және азаматтық істерді соттарда қарау мерзімдердің ұзақтығы, заңсыз жұмыстан босату, тұрғын үй, зейнеткерлік құқықтарын және медициналық қамтамасыз ету құқығын бұзу және т.б. Комиссия алғашқы тергеу органдардың заңдылығын сақтауды бақылау жүргізетін орган емес екенін және түскен өтініштер бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ екенін есепке алып, осы өтініштер зерттеліп және қорытынды жасал­ған соң прокуратура органдарына қарау үшін жолданады.

 

Адам құқықтары жөніндегі  комиссия үкіметтік емес ұйымдарды  өзінің тең дәрежедегі әріптесі ретінде танитынын баса айтқым келеді. Елбасының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырым­дамасын» Комиссия күнделікті қызметінде кеңінен қолданады.

 

Біз үкіметтік емес ұйымдармен өз ынтымақтастығымызды одан әрі жандандыра түспекпіз. Конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, отырыстар өткізу, тергеу изоля­торлары мен түзеу мекемелеріне, құрылыс объектілеріне және әлеуметтік саланың басқа да мекемелеріне бірге бару шеңберіндегі кездесулер кеңінен тараған.

 

Комиссия өкілдерінің  өзі де үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары өткізетін іс-шараларға  түрлі әдістемелік және ақпараттық көмек көрсете отырып, белсене  қатысады. Өзара екі жақты тиімді келісім бойынша үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарына келіп түскен азамат­тардың күрделі шағымдарын қарау тәжірибеге енгізілген. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және оның сараптамалық кеңесінің құрамына кіреді. Азаматтық қоғам институттарымен адам құқықтары саласындағы әріптестік қатынастарды дамыту үшін Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына азаматтық қоғамның барынша танымал және беделді өкілдерін енгізе отырып, сапалы түрде өзгерту ұйғарылды.

 

Адам құқықтарын қорғаудың  ұлттық жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табылатын үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдар да өз тараптарынан Комиссияның жұмысына оң бағаларын беріп, әрдайым өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдіріп отырады. Комиссия өз тарапынан үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру туралы ұсынымдарын Мемлекет басшысына, Парламентке және Үкіметке жібереді.

 

Қазіргі замандағы адам құқықтары  – жалпыадамзаттық мәдениеттің  қуатты бөлігі. Ал дипломатия мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыруда ғана емес, адам құқықтары саласындағы халықаралық  ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда  да шешуші рөл ат­қарады. Сондықтан бүгінгі қолданылып жүрген адам құқықтарын қорғаудың халықаралық әмбебап және өңірлік тетіктері нақ осы дипломатиялық өнердің арқасында сәтті әзірленген. Демек, сөзімді қорытындылай келе, адам құқықтарының мәнісін мен мынандай формуламен анықтаған болар едім: «Адам құқықтары – жоғары құндылық, оны құрметтеу, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті».


Информация о работе Адам және құқық